en
Feedback
Аспандияр Нұрмұхаммед

Аспандияр Нұрмұхаммед

Open in Telegram

✅Бұл каналда менің ойларым, кітаптан түртіп алғаным және тағы да басқа пайдалы дүниелер болады... ✅Канал жұрт пайдасына жараса, мақсаттың орындалғаны, ал қажет етпесе өз сөзім өзіме....

Show more
293
Subscribers
No data24 hours
+17 days
-230 days

Data loading in progress...

Tags Cloud
No data
Any problems? Please refresh the page or contact our support manager.
Incoming and Outgoing Mentions
---
---
---
---
---
---
Attracting Subscribers
January '25
January '25
+15
in 0 channels
December '24
+22
in 0 channels
Get PRO
November '24
+35
in 1 channels
Get PRO
October '24
+38
in 2 channels
Get PRO
September '24
+53
in 0 channels
Get PRO
August '24
+32
in 0 channels
Get PRO
July '24
+237
in 1 channels
Date
Subscriber Growth
Mentions
Channels
20 January0
19 January0
18 January+2
17 January0
16 January0
15 January+1
14 January+3
13 January0
12 January+1
11 January+2
10 January0
09 January0
08 January0
07 January+2
06 January0
05 January0
04 January+3
03 January0
02 January+1
01 January0
Channel Posts
Жалынды ақын-жазушыны, жиырма-отыз (талпа) адамның арасынан, түрін, бет-бейнесін білмей-ақ, сырттан бақылап оңай тауып аласың!… #жазылмағанкітап

2
Ұйықтап қалдыңыздар ма?
47
3
Нақты-нақты шешім қабылдап, тәуекел етер уақыт келмеді ме?! Достым?….
244
4
Бір сөйлемдер миымда құралып жүрген, бірақ, сол сөздерге айнымас, мағыналас тіркестерді Пауло Коэльоның “Алимигінен” көріп қалдым!… Ол кітап бүкіл әлемдік бестселлер болған. Сәл-пәл қиялға жақын болған мен, ақиқаты көп! Не керек, үлкен жазушы жазған сөйлемдер, менің ойыма да келген соң ба, кісі боп өзіншелеу болып қалдым!… 😅
300
5
Мінез дұрысталып жақсы болды ма десем, қайдағы, бірден көтеріліп кетіп жүрмін!… Қарасам, болмайтын істерге… Аса бір маңызы жоқ, өзгеріссіз қалатын дүниелерге… Неге сонша жүйкемді құртатынымды түсінбеймін. Ерте қартайғым келмесе, бұл гәп мінезді тастауым керек! Өте биязы, салмақты, салқынқанды болайыншы! Әмин деп қойшы, досым!… 🤍🐝♾️
230
6
Мешітке кіріп алып, енді сыртқа шыққым келмей тұр… 🌊🌊🌊🌊
198
7
Әділдік танытсаң өзің үшін, жұрттың бәрінен оны талап етем деп, өзің қиналып қалма! Өмір сүре алмай қаласың! Ол өзі үшін жауап береді, сен өзің үшін… Қатты терлей берме, шалынып түсесің… Мадияр бұл сөзді мешіт ішінде, тыныштықта өз-өзіне айтып отыр!…
196
8
Бір уақытта үш-төрт кітапты қатар оқи беруге болады. Бірақ, кей кітаптар болады, оған басқа кітаптарды араластыра алмайсың. Жеке өзін ғана оқу керек. Ондай кітаптар аз… Сондықтан, қазіргі уақыттары бір оқыған да үш-төрт емес, бес-алты кітапты қатар қарай беруге көшіп кеттік!… Ал кітапты енді оқып жүрген оқырмандарға бұл әдісті қолданбаған жөн! Уақыты келеді әрбір істің…
178
9
Қалайсыздар? Көңіл-күй жақсы ма? Кім не оқып жүр? Дәл қазіргі сәттегі оқып отырған кітабым осы. Сіздікі ше?
Қалайсыздар? Көңіл-күй жақсы ма? Кім не оқып жүр? Дәл қазіргі сәттегі оқып отырған кітабым осы. Сіздікі ше?
169
10
Бату қателескен еді, Алтын Орда тәрізді, озбыршыл, қиянатшыл, құр сойыл мен қамшының күшімен мемлекет құрып, өзі оның жаназасын күні бұрын оқығанды. Мұндай халық қоштамаған, тек уақытша әскери үстемдігіне сенген, қоғамдық өндіргіш күші өркендей алмайтын хандықтың өмірі ұзақ болмаса керекті. Бату, шынын айтсақ, шала-жансар бала тудырған еді... 📚 І.Есенберлин “Алтын Орда”
165
11
ТАҒДЫРМЕН БЕТПЕ-БЕТ… Хабар жоқ саған кеткен елшілерден, Ей, Тағдыр! Сөйлесейік, келші бермен. Қаншама соқпақтарға бастасаң да, Сенімен сөйлесуді ерсі көрмен. Білесің бе? Мен саған бағынбаймын! Бар ма тағы беретін зарың, қайғың?! Көлденеңдеп жолымда тау боп тұрсың. Мен мұнартқан басында сағымдаймын! Сондықтан да жібер деп жалынбаймын. Неге жаның ашымай тірі адамға, Неге сала бересің бұралаңға? Өз тағдырым - өзіме ана емес пе ең, Жұбатпайсың неге сен жылағанда? Жақсылықтың қимайсың қалдығын да, Қарғысың ба, қалдырған жарлығың ба? Мен дегенде жыландай жиырылып, Керісінше істейсің барлығын да... 📚 Мұқағали Мақатаев
212
12
"Мен сен үшін босқа ескек ескенімді "сен" басқа кемеге мінгенде байқадым". (Тунжел Куртиз)
"Мен сен үшін босқа ескек ескенімді "сен" басқа кемеге мінгенде байқадым". (Тунжел Куртиз)
214
13
Жазған сөздерімді қарап отырмын, жүйелеп… Баспаға дайындап жатырмын!… Қалай жүрегім тоқтап қалмай мынаның бәрін жазып шыққаныма таңданып отырмын… Енді тек тірі қалпымда, кітаптың баспадан шығып, халыққа тарағанын көрер күнге жетсем екен, ин ша Алла!… ♾️
196
14
Абайдың көңілінен Тоғжан ұмытылған жоқ… Абайға ол әкелген ғашықтық, ол ұсынған жүрек, ол берген нәзік ләззат бұл дүниеде қайта оралып келместей. Онымен тең жан тумастай, табылмастай еді.. 📚 М.Әуезов “Абай жолы” 1-кітап…
300
15
Абайдың көз алдына Тоғжанмен ең соңғы айрылысар шағы соншалық ап-ашық, айдай айқын боп келді. Қақ қасында тұрғандай, жаңа ғана болып өткен хал сияқты. Тоғжан сол бір желсіз, тыныш кеште, жым-жырт сайда ымырт жабылар шақта Абайды өзі іздеп келді. «Жетсін!» деп шақыртқан да өзі болатын. Күйеуі соңғы рет келіп, алып кетерінің алды. Бүгін-ертең құда, күйеу жетеді деп отырған кез болатын. Бұл күнге шейін соншалық арлы, ұялшақ болған, нәзік қорғаншақ болған Тоғжан, дәл сол кеште бір түрлі өсіп, бекіп келді. Жалынды, арманды сөздерін шешен қып айтты. Көзінде жас, денесі дірілдей түсіп айтқан-ды. Әр кездегі үйреншікті ерке әдеті бойынша Абайдың төсіне бетін басып тұрған-ды. Бауырына кіріп, құшақтай тұрып, нелер айтпады?.. Екеуінің сүйіскен жылдары ұзақ. Бірақ көріскен қызығы, кездескен рақат шақтары, тіпті аз екен. Тоғжан сол үшін өкінгенін, қатты күйіп назаланғанын айтқан, өмірге, тағдырға, зорлық құдіретке ренішін айтқан. Жылап, өксіп, назаланып келген кезінде, арман асқан шағында, сол кеште лағынет те айтқан. Абай Тоғжанды жұбата алмай, ет жүрегі елжіреп қайтқан. Көз алдында жылап кетіп бара жатқан Тоғжан тұр. Басына жамылған қара жібек шапаны мен ақ көйлегінің етегі де есінде. Шапан астынан тұншыға сылдыраған шолпысының да мөлдір үні құлақта тұр. Әлі өшкен жоқ... Абай тағы да бір күрсінді де: - Есіл Тоғжан, ұмытпаспын... ұмытпаспын! - деді. 📚 М.Әуезов “Абай жолы” бірінші кітап..
265
16
Кейінгі уақыттары, ауылға келсем болғаны, кең даладан Абай мен Тоғжанды іздейтін болыппын…
Кейінгі уақыттары, ауылға келсем болғаны, кең даладан Абай мен Тоғжанды іздейтін болыппын…
200
17
Кім қолдасын, кім қолдамасын, кім көмек берсін, бермесін, шығу керек шыңға Хақ рақымымен шығатын боламыз! Бар мүмкіндікті пайдаланып, тек жұмыс жасау керек!… Айдың жарығын бүркеуші бар ма? Қара бұлт уақытша ғана бүркей алмақ. Ай - түнгі шамшырақ. Қызметі сол, өз шыңына жетіп тұр ол… Сені де Хақ Тағала бір шыңға жетуіңді қалайды. Әркімнің шығар биігі, өз жолы бар! Тырысу бізден, толыққанды қадам жасасақ болды. Ешкім кедергісін жасай алмайды, достым… Күндестерге сәлем айт! 🙂
228
18
Мұқағали жалғандықты, мүләйім жағымпаздықты, әдебиеттегі саудагерлікті, жалақорлықты, бәлеқорлықты жек көрген ақын. ©️Шерхан Мұртаза
191
19
Әзілдегенсіп, жаны ашып, жақын тартқансып, ақыл айтқансып, арыңа тікенектей қадалатын әріптестерімнен түңіле де, құтыла да алмай-ақ қойдым. Байқағаным - менің ардың-күрдің, қызынып жүретінімді қалайды екен бұлар. Сау жүрсем, сақтана бастайды. Әсіресе, Х... Ой, зұлым-ай! Неғылған іші тар еді! Аңдып-ақ жүргені, сәл адаса қалсам, аяйтын түрі жоқ. Оңашада сырласқан болады да, екі адамның басы қосылса, көзімді бақырайтып қойып, әзілдегенсіп, білдірмей жамандай бастайды. Бассыз-ай, мен соны түсінбейді деп ойлайды-ау, шамасы... Несіне сонша зұлымданасың?! 🗂Мұқағали күнделігінен 19 желтоқсан, 1973 жыл
190
20
Адам өмірінің бақыты - балалық шақ. Балалық шақ бақытсыздық пен өтсе, санасы бар пенденің бүкіл ғұмырына ақау түскені!… ©️М.Мақатаев 1973 жыл, 9 сәуір..
178