ИХИЯ • Қысқа уағыздар
Open in Telegram
✅ Ассаламуалайкум жамағат! Бұл каналда Ерсін Әміре ұстаздың "Ихия Улумиддин" кітабы бойынша өткен дәрістерінің әр сабағынан қысқа үзінділері жарияланып отырады. Дәрістердің толық нұсқасын @yersin_ihya2 каналынан тыңдап, жүктей аласыздар!
Show more8 725
Subscribers
No data24 hours
-137 days
-14430 days
Data loading in progress...
Similar Channels
Tags Cloud
No data
Any problems? Please refresh the page or contact our support manager.
Incoming and Outgoing Mentions
---
---
---
---
---
---
Attracting Subscribers
January '25
January '25
+6
in 0 channels
December '24
+107
in 0 channels
Get PRO
November '24
+6
in 0 channels
Get PRO
October '24
+1
in 0 channels
Get PRO
September '24
+460
in 0 channels
Get PRO
August '24
+4 161
in 0 channels
Get PRO
July '240
in 0 channels
Get PRO
June '240
in 1 channels
Get PRO
May '240
in 0 channels
Get PRO
April '240
in 0 channels
Get PRO
March '24
+1 390
in 0 channels
Get PRO
February '240
in 0 channels
Get PRO
January '240
in 1 channels
Get PRO
December '230
in 2 channels
Get PRO
November '230
in 1 channels
Get PRO
October '230
in 1 channels
Get PRO
September '23
+308
in 0 channels
Get PRO
August '23
+153
in 0 channels
Get PRO
July '23
+126
in 0 channels
Get PRO
June '23
+148
in 0 channels
Get PRO
May '23
+127
in 0 channels
Get PRO
April '23
+322
in 0 channels
Get PRO
March '23
+309
in 0 channels
Get PRO
February '23
+274
in 0 channels
Get PRO
January '23
+201
in 0 channels
Get PRO
December '22
+714
in 0 channels
Get PRO
November '220
in 0 channels
Get PRO
October '220
in 0 channels
Get PRO
September '220
in 0 channels
Get PRO
August '220
in 0 channels
Get PRO
July '220
in 0 channels
Get PRO
June '22
+340
in 0 channels
Get PRO
May '220
in 0 channels
Get PRO
April '220
in 0 channels
Get PRO
March '220
in 0 channels
Get PRO
February '220
in 0 channels
Get PRO
January '220
in 0 channels
Get PRO
December '210
in 0 channels
Get PRO
November '210
in 0 channels
Get PRO
October '210
in 0 channels
Get PRO
September '210
in 0 channels
Get PRO
August '210
in 0 channels
Get PRO
July '210
in 0 channels
Get PRO
June '210
in 0 channels
Get PRO
May '210
in 0 channels
Get PRO
April '210
in 0 channels
Get PRO
March '21
+17
in 0 channels
Get PRO
February '21
+28
in 0 channels
Get PRO
January '21
+21
in 0 channels
Get PRO
December '20
+1 830
in 0 channels
| Date | Subscriber Growth | Mentions | Channels | |
| 03 January | 0 | |||
| 02 January | +3 | |||
| 01 January | +3 |
Channel Posts
| 2 | ✅ Рияның үкімі [құлшылықта және дүниелік істерде]
Рия құлшылықпен немесе құлшылық болмаған істерде болуы мүмкін. Құлшылықпен болмайтын болса, оның үкімі - ақша табудың үкімі сияқты. Адам рияны не үшін жасайды? Адамдар құрметтесін, мақтасын деп жасайды. Егер жасап жатқан ісі құлшылық болмайтын болса, оған рұқсат етіледі. Бірақ өзінде жоқ нәрсені көрсетіп адамдарды алдамау керек. Ал құлшылықпен рия жасап жатқан болса - ол харам. Себебі құлшылық тек Алланың өзіне ғана жасалыну керек.
Үйден шығарда үсті-басыңызды дұрыстап, жақсы киіммен шығуыңыз негізінде рия. Себебі сіз үйде тізесі шығып кеткен трикомен, үтіктелмеген футболкамен де жүре бересіз. Бірақ бұл харам болып саналмайды, себебі бұл құлшылық емес.
Бірде пайғамбарымыз с.а.с. сахабаларына бара жатып, шелектегі суға қарап сәлдесін дұрыстады. Айша анамыз: "Я расулаллаһ, сен де солай жасайсың ба?" деді. Пайғамбарымыз сол кезде: "Аллаһ тағала пендесінің достарына шыққан кезде, әдеміленіп шыққанын жақсы көреді" деді. Пайғамбарымыздың жағдайында бұл құлшылық болған болуы да мүмкін, себебі ол дінді жеткізуге бұйырылған. Ал адамдар біреуді қарсы алған кезде, бірінші киіміне қарап күтіп алады. Пайғамбарымыздың киімінің әдемі болуы - дағуатқа тартады. Ғұламаларымыз айтқан: "Елшілер адамдарды жиіркендіретін, қашыратын аурумен ауырмайды, себебі олар Алланың дінін жеткізуге бұйырылды". | 7 380 |
| 3 | Риякершілік_Ерсін_Әміре_Нәпсіні_тәрбиелеуанықтамасы,түрлері.mp3 | 11 874 |
| 4 | ✅ Нәпсіні тәрбиелеу: Рия [шариғи анықтамасы, рукіндері, түрлері] (жалғасы)
Бұл жердегі негізгі мәселе - рия ниетінде жасалынып жатқан амал. Жалпы адамдар (дін иелері де, дүние иелері де) амал мәселесіне келген кезде 5 нәрседе рия жасайды екен:
1️⃣ Денедегі рия
Дін иелері: өзінің түрін тақуа, құлшылық жасап жүрген қылып көрсетуге тырысады [адамдардың жанында есінеп, түні бойы құлшылық жасаған деген ой қалдыру үшін, ораза кезінде түрін әбіржітіп, маңдайында сәжденің ізі көрініп тұрсын деп әдейілеп қаттырақ жерде сәжде жасау т.с.с]. Құранда айтылған "сәжденің әсері олардың жүзінде көрініп тұрады" аятын олар шекедегі із деп ойлайды. Негізі ғалымдар: "Бұл аяттағы әсер - Алланың адамның жүзіне беретін нұры, ал шекедегі із адамның терісінің қалыңдығына байланысты", деп айтады.
Дүние иелері: бастық болатын болса қарнын шығарып, жас жігіттер/қыздар жаттығу жасап бұлшық еттерін өсіріп/дене бітімін әдемілеп, соны көрсететіндей киім киюлері т.с.с.
2️⃣ Киімдегі рия
Дін иелері: Молда екен, білімді екен деп айтсын, құрметтесін деген ниетпен шапан киіп, сәлде орап жүру. Бір риуаятта келеді: "Имам Абу Ханифа [раһимаһуллаһ] мәжілісінде ая,ын созып, сүйеніп отырса, шапаны, ұзын киімі бар, сәлдесін ораған, мисуағы қалтасынан көрініп тұрған түрі маңызды бір адам кіріп келген екен. Имам өзін сәл ыңғайсыз сезініп, "Бұл қай елден келген ғалым екен" деп жиналып отырыпты. Сол кезде адам имамның алдына отырып "Рамазан айы қажылықтың уақытына сәйкес келіп қалса..." деп сұрақ қойған екен. Бұл мүмкін емес жағдай, сол кезде имам күліп "Әбу Ханифаға аяғын созып отыра берсе болады екен" деп, қайта аяғын созып алыпты. Бұл жерде әлгі адамды сыртынан көргендер ғалым, шейх деп ойлайды". Кейбіреулер достарынан ұялып, әңгіме айтпасын деп балағын қысқартып алуы мүмкін. [бұоар біреудің ниетіне күмән келтіру емес, жалпылама мысалдар]
Дүние иелері: басқаларға байлығын көрсету ниетінде қымбат киім кию, кейін мақтанып айту үшін қымбат жерден алуға тырысу т.с.с
3️⃣ Сөзбен рия
Дін иелері: Мысалы пайғамбарымыздың [оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын] хадистерін сәнәдімен жаттап алып, адамдардың ортасында бұл хадис пәленшеден келген деп айтып, адамдардан бұл адам тек хадис емес, оны жеткізгендер тізбегін де жаттап алыпты деген сияқты мақтау есту. Бір мәселеге байланысты затты жаттап алып, адамдардың арасына келгенде соны ортаға тастайды, сол мәселе бойынша жаттағанын айту үшін. Ниет бұл жерде адамдардың оны оқыған екен, ғалым екен деп айтуы.
Дүние иелері: Философтардың, ойшылдардың сөздерін, өлең шумақтарын жаттап, айтып жүру арқылы адамдардан өзін жоғары көрсетіп, көзі ашық, көкірегі ояу екен деп айтсын деген ниетте болу.
4️⃣ Амалдағы рия
Дін иелері: Мысалы құлшылығын әдемі жасайды, адамдардың арасында намазын ұзақ, көркем оқиды, көшеде жалғыз жүрсе жан жағын көзімен бақылап, ал достарымен жүргенде олар маа шаа Аллаһ тақуа екен деп ойласын деп, немесе қарайды екен деп ойлап қалмасын, мен жайлы жаман ойлап қалмасын деп көзін жерден алмай жүреді. Яғни бұл жерде ол Алланың көріп тұрғанын қанағат тұтып тұрған жоқ, жанындағы адамдардың қарағанын сезініп тұр.
Дүние иелері: Мысалы белгілі түсініктерді қалыптастырып алған адамдар, басқаларға мәдениетті, аристократ көріну үшін оң қолға пышақ, сол қолға шанышқы алып, сол қолмен тамақтану. Жүргенде такаппарланып жүру (Аллаһ тағала әрбір даңдайсыған мақтаншақты жақсы көрмейді [4:36, 31:18, 57:23]).
5️⃣ Өзінің араласатын адамдарымен рия
Дін иелері: Мысалы бір адам кейін басқаларға айтып мақтану үшін ғалымдармен, шейхтармен кездесуге, болса солармен суретке түсуге тырысады. Адамдардың көзінше оған жақын екенін көрсетуге тырысады [мысалы шейхтың жанына барып құлағына сыбырлап].
Дүние иелері: Мысалы танымал адамдармен мақтан үшін суретке түсіп, мықтылармен араласуға тырысу. | 12 026 |
| 5 | ✅ Нәпсіні тәрбиелеу: Рия [шариғи анықтамасы, рукіндері, түрлері]
Рия сөзі - ар ру'ия (көру) сөзінен шыққан, адам амал жасағандағы ниетінің Аллаһ разылығы үшін емес, адамдардың көруі және ол жерде болмағандардың естуі болуы. Жалпы тілдік мағынасы: адамдардың мақтауы үшін және оларға жағу мақсатында бір істі көрсетіп жасауды білдіреді. Ал шариғаттағы мағынасы: адамдарға Алланың құлшылығын жасау арқылы жағуды, абыройлы болуды қалау.
Рияның рукіндері бар:
1️⃣ Рия жасаушы адам
2️⃣ Рия ниетінде жасалынған істі көруші адамдар
3️⃣ Жасалынып жатқан амал
4️⃣ Жасаудағы ниет | 8 068 |
| 6 | Риякершілік_Ерсін_Әміре_Нәпсіні_тәрбиелеу_сахабалардан_2б.mp3 | 8 659 |
| 7 | ✅ Нәпсіні тәрбиелеу: Риякершілік жайлы сахабалар мен табиғиндерден (2-ші бөлім)
🔹Хасан [радиаллаһу анһу] айтады: "Рия жасаушы адам Аллаһ субһанака уа таъаланың тағдырын жеңгісі келеді. Негізінде өзі жаман адам бола тұра, адамдардың оны жақсы адам деп айтқанын қалайды. Адамдар қалай оны мақтасын? Аллаһ оны сол амалын жек көріп тұр ғой және мүміндердің жүрегі бұны, әлбетте, сезеді".
🔹Имам Қатада [раһимаһуллаһ] айтады: "Егер пенде рия жасайтын болса, Аллаһ: "Мына пендеме қараңдаршы. Мені келемеждеп жатыр" деп айтады"
🔹Малик ибн Динар [раһимаһуллаһ] айтады: "Құранды жаттаған, оқушы адамдар 3 түрлі болады: 1) Раһманның қарилары: Аллаһ үшін жаттап, Аллаһ үшін үйрететіндер, 2) Дүниені талап етіп Құранды жаттайтындар 3) Патшалардың қарилары: патшалардың бұлбұлына айналған, олардың көңілінен шығу үшін жасайтындар"
🔹Мухаммад ибн аль Мубарак [раһимаһуллаһ] айтады: "Сен өзіңнің тақуалығыңды түнде көрсет. Түнде көрсеткен тақуалығың күндіз көрсеткен тақуалығыңнан күшті, себебі түнгі тақуалығың Аллаһ үшін, күндізгі тақуалығың адамдар үшін".
🔹Ибраһим ибн Адһам [раһимаһуллаһ] айтады: "Кімде-кім аты шығуын қаласа - ол адам Алламен мәмілесінде шыншыл адам емес".
🔈Оқимыз және бөлісеміз↩️
▶️https://t.me/yersin_ihya | 10 112 |
| 8 | Риякершілік_Ерсін_Әміре_Нәпсіні_тәрбиелеуу_Segment_1.mp3 | 9 857 |
| 9 | ✅ Нәпсіні тәрбиелеу: Риякершілік жайлы сахабалар мен табиғиндерден
🔹Али [радиаллаһу анһу]дан келеді:
Рия етуші адамның белгілері:
❗️ Жалғыз болса ерінеді, адамдардың арасында болған кезде өзін ширақ сезінеді.
❗️ Адамдар мақтаса амалын көбейтеді, адамдар жамандаса амалын азатады.
🔹Бірде Убада ибн ас-Самит [радиаллаһу анһу]ға бір кісі келіп: "Мен қылышымды қолыма алып соғысамын. Алланың маған сауап бергенін және адамдардың мені мақтағанын қалаймын" - дейді. Сонда Убада ибн ас-Самит [радиаллаһу анһу]: "Саған ешнәрсе жоқ" - дейді. Әлгі кісі екінші рет сұрады, екінші рет те тура солай жауап берді. Үшінші рет сұрағанда, тағы да солай жауап берді де, артынша: "Аллаһ субһанака уа таъала: мен серік қосушыларға мұқтаж емеспін деп айтқан" дейді.
🔹Саъид ибн аль-Мусаййибке [табиғиндерден] бір кісі келіп: "Біздерден біріміз жақсы амал жасайды, мақталуды және сауапқа кенелуді қалайды" - дегенде: "Алланың ашуына қалуды қалайсың ба?" деген екен. "Жоқ" деген кезде: "Егер Аллаһ үшін бір амал жасасаң, ықыласпен, бір Алланың разылығы үшін жаса" - деген екен.
🔹Аль-Фудайль ибн Ийяд [радиаллаһу анһу] өзінің кезіндегі адамдардың хәлін сипаттап айтады: "Алдыңғы рия жасаушы адамдар өздерінде бар, жасап жүрген амалдарын көрсетіп рия жасайтын еді. Қазіргі күннің рия жасайтындары өзінде жоқ нәрсені корсетіп рия жасайды, істемейтін амалдарын істейтін болып көрінгісі келеді" - дейді.
🔹Икрима [раһимаһуллаһ] айтады: "Аллаһ субһанака уа таъала адамның ниетіне амалына бермеген сауапты береді. Себебі ниетте рия жоқ". Ниетті сіз ешкімге көрсете алмайсыз, себебі ниет - жүректің амалы болып табылады.
🔈Оқимыз және бөлісеміз↩️
▶️https://t.me/yersin_ihya | 12 466 |
| 10 | Атақ_құмарлық_және_Рияхадисте_Ерсін_Әміре_нәпсіні_тәрбиелеу.mp3 | 21 092 |
| 11 | ✅ Нәпсіні тәрбиелеу: Риякершілік жайлы Құран мен хадистерде [2 бөлім]
Рияның зияндығы жайлы хадистерде көптеп келеді:
Әбу Хурайрадан [р.а] жеткен хадисте Қиямет күні 3 түрлі адам келтіріледі:
🔹 «Қиямет күні шейіт болып өлген адам Тәңірдің құзырына әкелінеді. Алла Тағала оған (пәни жалғанда) берген игіліктерін, нығметтерін есіне салады. Ол да еске түсіріп, сол игіліктерге қол жеткізгенін айтады. Хақ Тағала сонда:
– Жарайды, осыларға қол жеткізу үшін не тындырдың? – деп сұрайды.
Әлгі адам:
– Шейіт болып, жанымды бергенше, сенің жолыңда аянбай күрестім емес пе?!», – деп жауап береді.
Хақ Тағала:
– Өтірік, жалған айтып отырсың! Сен ел-жұрт «Неткен батыр адам!» деп айтсын деп соғыстың. Солай айтылды да, – дейді. Содан кейін ол адамды бет-жүзімен сүйретілген күйі жәһаннамға лақтыруға бұйрық беріледі.
Келесісі болып, ғылым, білім үйренген әрі Құран оқыған адам әкелінеді. Алла Тағала оған да өзінің берген игіліктерін есіне салады. Ол адам да еске түсіріп, мойындайды.
Алла Тағала:
– Жақсы, осы нығметтерге жету үшін не істеп едің? – деп сұрайды.
Әлгі адам:
– Ғылым үйрендім, (өзгеге) үйреттім және сенің ризалығыңа ие болу үшін Құран оқыдым, – деп жауап береді.
Хақ Тағала сол кезде:
– Жалған айтып отырсың! Сен: «Ғалым адам» деп айтсын деп ғылым үйрендің ғой. «Құранды қандай тамаша оқиды!» десін деп Құран оқыдың. Сен туралы ол сөздер айтылды да. Содан кейін ол адамды да ет-бетімен сүйретілген бойда тозаққа лақтыруға бұйрық беріледі.
Содан кейін мал-мүлік пен әр түрлі мүмкіншіліктер берген бір адам әкелінеді. Алла Тағала өзінің оған берген игіліктерін есіне салады. Ол кісі де өзіне берілген иігіліктерді есіне алып, мойындайды.
Хақ Тағала:
– Ал жарайды, сен сол игіліктерге ие болу үшін не жасадың? – деп сұрайды.
Әлгі пенде:
– Сен бер деген жерден, сен риза болатын еш жерден аянып қалмадым ғой, тек сенің ризалығыңды табу үшін бердім ғой, – дейді.
– Айтып отырғаның жалған! Сен бар жасаған тірлігіңді «Мынау неткен жомарт адам!» десін деп жасадың. Сен жайлы ондай сөз айтылып та қойды, – дейді. Сөйтіп оны да жәһаннамға етбетімен сүйретілген күйі лақытыруға бұйрық беріледі.
Ибн Омар [р.а] келтірген хадисте айтылады:
🔹 «Кім адамдар мақтасын, көрсін деп рия үшін бір істі істейтін болса, Алла оның жаман жағын адамдарға көрестіп қояды».
🔹 Бір күні ардақты Пайғамбарымыз (Алланың салауаты мен сәлемі болсын):
– Сендерді ойлап, қатты қорқатыным – кіші серік қосу еді, – деді.
Жанындағылар:
– Кіші серік қосу дегеніңіз не, уа Алланың елшісі? – деп сұрады.
Алла елшісі (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай жауап берді:
– Рия, яғни сырт көзге көрсетіп жасау. Қиямет күні адамдар өз амалдарының игілігін көріп жатқанда, Алла Тағала риякер адамдарға:
– Пәни жалғанда амалдарыңды адамдарыңа көрсетуге құштар едіңдер ғой! Көрейік, олардан көмек таба алар ма екенсіңдер? – дейді.
Құдси хадис:
🔹«Кімде-кім мен үшін амал істесе, бірақ амалында маған басқа нәрсені серік ететін болса, онда ол амал сол қосқан серігіне. Мен Ол істен аулақпын, Мен серікке мұқтаж болмағандардың ең ұлысымын».
Алдыңғы кітаптарда келеді:
🔹«Бір адам ораза ұстағанында өзіне мұқият қарасын және үсті-басын ретке келтірсін! Түрінен оразаның ізі байқалмасын!»
Шаддад ибн Аус [р.а]: «Пайғамбарымыз жылағанын көрдім, сонда осы сөздерді айтқан еді» дейді:
🔹«Үмбетімнің серік қосуынан қорқамын, нәпсілік қалауына бағынып кететініне қатты уайымдаймын. Олар күнге, айға, тасқа, пұтқа табынбайды, тек адамдар өз құлшылықтарын өзгелер көрсін деп жасайтын болады».
🔈Оқимыз және бөлісеміз↩️
▶️https://t.me/yersin_ihya | 22 637 |
| 12 | Атақ_құмарлық_және_Рия_Ерсін_Әміре_нәпсіні_тәрбиелеу.mp3 | 13 635 |
| 13 | ✅ Нәпсіні тәрбиелеу: Риякершілік жайлы Құран мен хадистерде [1 бөлім]
Атаққұмарлық дертіне шалдыққан адамның істейтін амалы - Рия.
Рия- адамның ақыретіне зиян келтіретін, сауаптарын күйдіретін үлкен дерт.
Рияның зияндығы жайлы Құран мен хадистерде көптеп келеді:
🔹"Ықылассыз намаз оқушыларға нендей қасірет. Олар намаздарында немқұрайлы. Сондай ақ (амалдарын) басқаларға көрсету үшін жасайды." (107 сүре, 4-6 аяттар)
🔹 Олар: «Шын мәнінде біз сендерді Алланың разлығы үшін тамақтандырамыз. Сендерден сый да, алғыс та қаламаймыз. Ақиқатында, біз Раббымыздан болатын түнерген, ауыр бір Күннен қорқамыз» дейді. («Инсан» сүресі, 9-10 аят). Яғни бұл адамдар абзал, мақталған болса, сый және алғыс үшін жақсылық жасайтындар - жаман адамдар.
🔹 "Айлакерлікпен жамандық істейтіндерге ауыр азап бар. Олардың жамандықтары құриды". Имам Мужахид (рахимахуллаһ) бұл аятта айтылғандар рия жасаушылар деп түсірдірген.
🔹 «Ендеше, кімде-кім Раббысымен қауышуды үміт етіп, қаласа, жақсы амалдар жасасын және амалында Оған ешкімді (ешнәрсені) серік етіп қоспасын...» («Кәхф» сүресі, 110-аят). Бұл аят "Мен бір істі Алла разылығы және адамдар мақтауы үшін, жақсы екен деуі үшін істеймін" деген ойда болған адамдарға қатсыты түскен.
🔹 «(Алла) өлім мен өмірді, қайсыларыңның амалдарың жақсырақ болады деп сынау үшін жаратты» (Мүлік сүресі, 2-аят). Имамдарымыз: "Амалдардың ең жақсысы, Алланың алдында қабыл болатыны - Алла разылығы үшін және шариғатқа сай болғаны" дейді. Яғни бірінші шарты - ықыласпен, Алла разылығы үшін болуы керек, ниетіңіз басқа болса, ол амалыңыз жақсы амалдардың қатарына кірмейді.
🔈Оқимыз және бөлісеміз↩️
▶️https://t.me/yersin_ihya | 17 483 |
| 14 | ✅ Нәпсіні тәрбиелеу: Риякершілік
Аллаһ субһанака уа Таъала: “Айлакерлік пен жамандық істейтіндерге ауыр азап бар, және олардың жамандықтары құриды” дейді. Имам Мужаһид (раһимаһуллаһ): “Бұл-рия жасаушылар” деген. Басқа бір аятта: “Кімде кім Алламен қауышуды қаласа, ол адам ізгі іс істесін және ешкімді серік қоспасын” деді. Бұл аят “мен бір істі Аллаһ разылығы үшін және адамдар мақтауы үшін істеймін” деген адамға қатысты түскен. Құранда тағы айтылады: “Аллаһ өлім мен өмірді сынау үшін жаратты”. Яғни қайсысың амалды жақсырақ жасайсыңдар соны білу үшін. Имамдар: “амалдың Алланың алдында қабыл болатыны - ықыласпен Аллаһ разылығы үшін жасалған және шариғатқа сай жасалынған амал” деген. Басқа ниет болса - амалыңыз жақса амал қатарына кірмейді.
🔈Оқимыз және бөлісеміз↩️
▶️https://t.me/yersin_ihya | 5 133 |
| 15 | ✅ Құранды түсініп, пайда алуға кедергі болатын нәрселер
Адамның Құранды түсінуіне тосық болатын 4 нәрсе бар:
1. Құранды дұрыс оқимын, әріптерді дұрыс шығарамын деген әрекетте уәсуәс ауыруына түсуі.
Кей адамдар бұл мәселеге негізгі деңгейінен артық көңіл бөліп, Құран оқыған кезде ойының барлығы тек қана "осы әрібім дұрыс шықса...мәд муттасыйлым 4 әріпке созылды ма?..." деген сияқты осы мәселеде шектен шығады. Негзінде Құранды дұрыс тәджуидпен оқу әр адам үшін парыз ъайн болып есептеледі. Құранның ақысын беріп оқу керек. Ал кейбір адамдар осы мәселеде уәсуәсқа түсіп қалады да, Құран оқыған кезде ойының барлығы тек әріптерде болады, мағынасына бас қатырмайды. Негізінде Құран оқылған кезде оның мағынасын ұғынып, әсерленуі керек еді.
2. Дүрыс емес ақида.
Мысалы Құранда "Яһудилер Алланың қолы байлаулы деп айтты" делінеді, яғни Алла сараң деді. Алла оларға жауап беріп жатыр: "Алла тағаланың екі қолы ашық" деді. Осы аятты тәпсірлегенде ғұламалар Алла тағала екі түрлі нығметінің де [дін және дүние] ашық екенін айтып жатыр дейді. Ал бұл аяттағы екі қол деген сөзді ағза мағынасында түсінген адам аяттан пайда ала алмайды, екі түрлі нығмет жайлы ойлана алмайды. Осылайша кей білімдер адамды ақиқаттан тосады.
3. Адамның бойындағы күнәлары.
Күнделікті күнә істеу, жүрегінде оған деген немқұрайлық болу, тәкәппарлық болуы, шаһуаттың құлына айналуы - адамды Құранды түсінуден тосатын нәрселер. Құранда Алла тағала: "Жер бетінде даңдайсып, тәкәппарланып жүретіндерден мен аяттарымды тосып қоямын" деді. Әр күнә жасаған сайын адамның жүрегіне қара дақ түсетіні жайлы хадис те бар.
4. Жақсылыққа бұйырып, жамандықтан тыюды тастайтын болсаңдар - уахидің берекесінен, Құранның нұрынан мақрұм боласыңдар.
Құран тақуалар үшін тура жол болады..
Құраннан ақыл иелері пайда ала алады..
🔈Оқимыз және бөлісеміз↩️
▶️https://t.me/yersin_ihya | 5 654 |
| 16 | ✅ Құранды түсініп пайда алуға кедергі болатын нәрселер
Адамның Құранды түсінуіне тосық болатын 4 нәрсе бар:
1.
🔈Тыңдаймыз және бөлісеміз↩️
▶️https://t.me/yersin_ihya | 1 |
| 17 | ✅ Құранның әдептері
1. Оқыған құран адамға шапағатшы болуы үшін, пайдасын тигізуі үшін, ең бірінші, адамның бойында табылуы керек болған сипат - бұл бүкіл әлемнің жаратушысы болған Аллаһ тағаланың өзіне және сөзіне ұлықтау сезімінің болуы.
Сахаба Икрима р.а құран оқыған кезде есінен танып қалатын болған екен. Одан "Не болды?" деп сұраған кезде: "Бұл менің Раббымның сөзі ғой, бұл менің жаратушымның сөзі ғой" деп айтатын еді.
Аллаһ тағала өзінің сөзін ұлық етті: ол сөзді таза емес жүректерден сақтады. Құранды тек таза болған (бой дәреті болған) жандар ұстай алғаны секілді, оның терең мағынасына тек таза болған жүректер жете алады, ұғына алады.
2. Адам құран оқыған кезде ойы басқа жақта болмастан, көңілі де пікірі де құранмен болуы қажет. Одан кейін, сол оқығанын пікірлеу керек болады. Қалай пікірлейміз?
Жалпы Аллаһ тағаланың жаратылысқа қатысты "пікір жүргізіңдер", "қараңдар" деген аяттары бар. Ол аяттарды оқыған кезде адам жаратылысқа үңіліп, пікір жүргізіп Аллаһ тағаланың ұлықтығын сезіну керек болады. Ғалымдардың аяттарға берген түсініктемелеріне жүгіну керек.
Әли р.а. риуаят етілген мынандай сөз бар: "Фикхпен жасалмаған құлшылықта хайыр жоқ, пікірлеумен оқылмаған құранда хайыр жоқ".
🔈Тыңдаймыз және бөлісеміз↩️
▶️https://t.me/yersin_ihya | 5 434 |
| 18 | Пайғамбарымыз (ﷺ): – Мінберге көтерілгенімде маған Жәбірейіл (ғ.с.) періште келіп: «Рамазанға жете тұра ораза ұстап күнәдан тазармаған адам оңбасын», – деді. Мен «Әмин» дедім. Екінші сатыға шыққанда, «Сенің атыңды ести тұра, салауат айтпаған адам оңбасын», – деді. Мен «Әмин» дедім. Үшінші сатыға шыққанда, «Әке-шешесі қартайғанда, соларды бағып ризалығын ала алмаған адам оңбасын», – деді. Мен тағы да «Әмин» дедім, – деп түсіндірді»
🔈Бөлісеміз↩️
▶️https://t.me/yersin_ihya | 271 |
| 19 | “Адамдарға негізі Құран амал ету үшін түсірілген еді, ал кейбір адамдар Құран оқудың өзін амал етіп алды”. (Абдуллаһ ибн Масхуд)
Яғни ниет тек қана Құранды оқып қоя салу болмау керек, ол біз үшін хидаят екенін, мінез құлықты дұрыстауымызға, амал етуге арналғанын ұмытпау керек.
Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларынан келген сөз бар: “Бір адам құран оқиды.. Құран оқып жатып ол адам өзіне лағнет (қарғыс) айтады”.
“Қалайша?” дегенде, ол кісінің берген жауабы: Құранда “Жалғаншыларға Алланың лағнеті болсын” деген аят бар, “Залымдарға Алланың лағнеті болсын” деген аят бар. Ол адам Құрандағы әлгі аяттарды оқиды, бірақ өзі күнделікті тіршілігінде, саудасында адамдарды алдайды, біреудің ақысын жейді, зұлымдық жасайды.. Яғни өзі жалғаншылардың, залымдардвң қатарына кіріп тұр. Солай ол өзіне қарғыс айтқа болады.
Тағы да алдыңғы ғалымдардан келетін сөз бар: “Бір адам Құран оқи бастайды, және соны оқып біткенше періштелер оған салауат айтып тұрады. Ал екінші бір адам Құран оқып отырады, ол оны оқып біткенше періштелер оған лағінет айтып тұрады. Егер Құранның адал дегенін адал деп біліп, арам дегенін арам деп біліп, соған жараса амал ететін болса, ол адамға періштелер салауат айтады. Ал олай етпесе періштер қарғыс айтады”.
Құран оқу әдептері дәрісінен.
🔈Тыңдаймыз және бөлісеміз↩️
▶️https://t.me/yersin_ihya | 5 605 |
| 20 | “Адамға Құраннан оқыған әрбір әрібіне 10 сауап жазылады. Мен Әлиф Ләм Мим бір әріп деп айтпаймын, Әлиф 1 әріп, Ләм 1 әріп, Мим 1 әріп.“ (Хадис)
Яғни, сіз Әлиф Ләм Мим деген кезде Аллаһ субханаху уа тағала 30 сауап жазады. Адам кейде бос отырған кезде Құранның 1/3-не тең келетін Ықылас сүресін 3 рет оқитын болса…
Біріншіден, Құранды толық оқығандай боласыз. Екіншіден сізге әрбір әрібіне Аллаһ субханаху уа тағала сауап жазады.
Кез келген босай қалған уақытта 5-10 минут жатқа білетін майда сүрелеріңізді оқып шығу арқылы сіз қаншама сауап алып, амал дәптеріңізді толтыра аласыз.
Адам уақытын тиімді пайдаланып, амал дәптерін сауаппен толтыруға әрекет ету керек.
Құран оқу әдептері дәрісінен. | 4 368 |
