en
Feedback
Usbanov ARNASY

Usbanov ARNASY

Open in Telegram

Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады. Арна Mezgil.kz сайтына тиесілі. https://www.facebook.com/share/1BHUa8mdpd/?mibextid=wwXIfr

Show more
3 500
Subscribers
+224 hours
+27 days
-230 days
Posts Archive
+1
Зеленский: - Өткен бір тәулікте Украина Қарулы күштері Ресей аумағындағы бірнеше инфрақұрылымға дөп соққылар жасады. Атап айтқанда: Ямал-Нанецкі автономды аймағындағы МӨЗ-ге, Дағыстандағы, Махачкаладағы теңіз портына, Мәскеу, Воронеж, Астрахан және Браняскі облыстарындағы нысандарға дәл соққылар жасалды, - деді.

Repost from Mezgil.kz
‼АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путиннің 8 қыркүйектегі телефон арқылы сөйлесуі Украинадағы соғысты тоқтатуға қатысты жаңа сигнал берді. ⬇Толық: https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=2&id=8919

Repost from Abai.kz ⚡
‼Ағайынды Краустардың қазақтың хас батырын «адам жегіш» етіп көрсеткен, қазақтың ежелден келе жатқан тәрбие мен танымға бай ертегісін өз ойынша өзгертіп, қазақ мәдениетіне, әдебиетіне, фольклорына, дәстүр-салтына қастық жасаған, анығы - қазақты ашықтан-ашық масқаралаған мультфильмі қайтадан қазақ қоғамының ашуын тудыруда. ⬇Толық: https://abai.kz/post/222641

+1
Ал бұл - Сочи. Украина дрондармен соққылауда…

+4
Түркия: Анталияда алапат өрт. Орман өрті кеулеп, туристер көп баратын Кемерге қауіп төнді!

ПУТИННІҢ ШЫНДЫҚТАН ҚАШУЫ… Путин Ретклиффпен Мәскеуде кездеспек болған. Соңғы сәтте бас тартқан! Әйдік “Financial Times” сөйде
ПУТИННІҢ ШЫНДЫҚТАН ҚАШУЫПутин Ретклиффпен Мәскеуде кездеспек болған. Соңғы сәтте бас тартқан! Әйдік “Financial Times” сөйдеп жазды. АҚШ-тағы ОББ бастығы Мәскеуге Уиткофф пен Кушнерден бұрын барып қайтқан. Сол сапарында Ретклифф Ресейдің күштік құрылым басшыларымен кездесу өткізген. Оны Киев те, Мәскеу де, Уашингтон да растаған. Сол сапарында Ретклифф Мәскеудегілерге: “Майдандағы ахуалдарың мәз емес. Кеш болмай тұрып, келіссөзге келіңдер”, - деп қатал сөйлеп кеткен. Ал бұл әңгіме Путиннің құлағына жетіп, Ретклиффтің өзі де, сөзі де ұнамаған соң, Путин жоспарлы кездесуден бас тартқан. “FT”: “Ақ үй жақында рокировка жасамақ. Дәл осы Ретклиффті Ресеймен келіссөздерге жауапты қылып, Кушнерге Таяу Шығысты жүктемек”, - дейді.

XXI ғасырдың соңына қарай жер бетінің 40 пайыздан астам бөлігін құғақшылық басуы мүмкін! Ғалымдардың дәл осындай зерттеу нәти
XXI ғасырдың соңына қарай жер бетінің 40 пайыздан астам бөлігін құғақшылық басуы мүмкін! Ғалымдардың дәл осындай зерттеу нәтижелері "Environmental Research Letters" журналында жарияланыпты. Қазіргі уақытта шөл, шөлейт және құрғақ далалық аймақтар құрлықтың шамамен 38,6 пайызын алып жатыр. 2071–2100 жылдарға қарай бұл көрсеткіш 39,3–40,3 пайызға дейін өсуі мүмкін. Бұл — қосымша 2,37 млн шаршы шақырым аумақ деген сөз. Зерттеушілердің болжамынша, бұл үдерістің зардабын ең қатты шегетін — Австралия материгі болмақ. Құрғақ аймақтардың ұлғаюы ауыл шаруашылығы жерлерінің қысқаруына, өнімділіктің төмендеуіне және су тапшылығының артуына әкелуі ықтимал. Ауадағы CO₂ концентрациясының өсуі бұл үдерісті ішінара баяулатуы мүмкін, өйткені өсімдіктер суды тиімдірек пайдалана бастайды. Дегенмен, бұл эффектінің әсері шектеулі, ал ғаламдық жылыну шөлдену процесін әрі қарай үдейте береді.

ӘРІ ҚАРАЙ НЕ ІСТЕЙМІЗ? Бүгін ҚР СІМ-інде осы сұрақ талқыланды. Қазақстанның Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағали
ӘРІ ҚАРАЙ НЕ ІСТЕЙМІЗ? Бүгін ҚР СІМ-інде осы сұрақ талқыланды. Қазақстанның Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев Иранның Қазақстандағы елшісі Әли Акбар Жауқарды қабылдады. Тараптар екі елд арасындағы байланыстардың жай-жапсарын талқылады. Тараптар өзара мүдделі салалардағы қазақ-иран ынтымақтастығын одан әрі дамыту перспективаларын талқылады. Сонымен қатар жоғары және ең жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асырудың маңыздылығы атап өтілді. Жауқар Иранның Астанадағы елшісі қызметін 2023 жылдың күзінен бері атқарып келген еді.

Украина Новороссийскідегі «Адмирал Эссен» зымыран тасығыш кемеге соққы жасады... Украина Қорғаныс министрлігінің Бас барлау б
Украина Новороссийскідегі «Адмирал Эссен» зымыран тасығыш кемеге соққы жасады... Украина Қорғаныс министрлігінің Бас барлау басқармасы (ГҮР) Новороссийскідегі РФ әскери-теңіз базасының инфрақұрылымы мен «Адмирал Эссен» фрегатына соққы жасалғанын хабарлады. Шабуыл салдарынан кеменің палубалық қондырғысында өрт шыққан. «Адмирал Эссен» — «Калибр» қанатты зымырандарын тасығыш. Биыл тамыз айында Украина ресейлік «Адмирал Эссен» және «Адмирал Макаров» зымыран тасығыш кемелеріне, сондай-ақ «Василий Быков» патрульдік кемесіне соққы жасаған болатын.

Қытай жастары қайтадан Маоны ұлықтай бастады! Қытай жастары қайтадан Мао Цзэдун мұрасына қызығушылық таныта бастады... Қытай
Қытай жастары қайтадан Маоны ұлықтай бастады! Қытай жастары қайтадан Мао Цзэдун мұрасына қызығушылық таныта бастады... Қытай жастары елдегі заманауи түйткілдерді шешуде Мао Цзэдун идеяларын басты бағдар ретінде көріп, оның мұрасына қайтадан ықылас білдіріп жатыр. Бұл туралы South China Morning Post басылымы жазды. Жас қытайлықтар оның еңбектерін зерттейтін клубтар ашып, дәйексөздері мен видеороликтерін жасанды интеллект көмегімен кеңінен таратуда. Сондай-ақ Маоға арналған мемориалдарға келушілер саны да айтарлықтай өскен. Маоның туған жері — Чаншадағы мемориалдық кешенге келушілер саны соңғы он жылда үш еседен астам артып, 2025 жылы 19 миллион адамға жетті. Сарапшылар бұл үрдісті ұлтшылдықтың өсуімен байланыстырады, алайда Бейжіңнің мұндай бетбұрысқа кәдімгідей сақтықпен қарайтынын атап өтеді. Билік маоизмнің кеңінен насихатталуы Қытай Халық Республикасының қазіргі экономикалық саясатын сынауға ұласуы мүмкін деп қауіптенеді.

Куба президенті: Ешкімнің отарына айналмаймыз! Куба президенті Мигель Диас-Канель бұл елдің ешқашан ешбір империяның отарына
Куба президенті: Ешкімнің отарына айналмаймыз! Куба президенті Мигель Диас-Канель бұл елдің ешқашан ешбір империяның отарына айналмайтынын мәлімдеді. Ол АҚШ Президенті Дональд Трамптың Куба аумағы Америка туының түсіне боялған картаны жариялауына осылай жауап қайтарды. Диас-Канель кубалықтардың тәуелсіздік пен егемендік үшін өте жоғары баға төлегенін атап өтті. Өз кезегінде Куба Сыртқы істер министрі Бруно Родригес Трамптың картасын сынай отырып, Вашингтонның мұндай әрекеттері жақында американдықтардың елдердің, құрлықтардың, тіпті ғаламшардың қайда орналасқанын «ұмытып қалуына» әкелуі мүмкін екенін айтып, келемеж етті. Трамп жариялаған картада Америка туымен Кубадан бөлек Канада, Мексика, Исландия, сондай-ақ Кариб бассейні мен Орталық Американың бірқатар елдері белгіленген.

Жаңа шектеулер: Трамп Канадаға тағы шүйлікті... АҚШ Президенті Дональд Трамп Канададан импортталатын тауарларға жаңа шектеуле
Жаңа шектеулер: Трамп Канадаға тағы шүйлікті... АҚШ Президенті Дональд Трамп Канададан импортталатын тауарларға жаңа шектеулер енгізді... Тыйым салынған тауарлар тізіміне мотоциклдердің кейбір түрлері, алкогольді ішімдіктер мен сүт өнімдері кірді. Атап айтқанда, шектеулер сыра, вино, виски, арақ, сидр, сондай-ақ қозғалтқыш көлемі 800 текше сантиметрден асатын мотоциклдер мен мопедтерге қолданылады. Бұл шаралар 29 қыркүйекте күшіне енеді. Ақ үйдің мәлімдеуінше, мұндай шектеулер Канаданың жауап ретінде енгізген баж салығына қайтарылған жауап болды. Сонымен қатар АҚШ 50 пайыздық тарифтер салынатын тауарлар тізімін де өзгертті. Вашингтон мен Оттава арасындағы сауда қақтығысы бірнеше аптаға созылған келіссөздер нәтижесіз аяқталғаннан кейін ушыға түсті.

Қазақстан - әлемдегі ең жас мемлекеттердің бірі! БҰҰ деректері бойынша, Қазақстан халқының 34,2%-ын 18 жасқа дейінгі балалар
Қазақстан - әлемдегі ең жас мемлекеттердің бірі! БҰҰ деректері бойынша, Қазақстан халқының 34,2%-ын 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер құрайды. Салыстырмалы түрде алсақ: Ресейде — 20,6% Қытайда — 19,1% Германияда — 16,6% Жапонияда — 14% Мұндай демографиялық құрылым — экономика үшін маңызды фактор. Өйткені өсіп келе жатқан жас ұрпақ білімге, баспанаға, тауарлар мен қызметтерге деген сұранысты арттырады. Ал болашақта бұл еңбек нарығының кеңеюіне және ішкі тұтынудың өсуіне ықпал етеді. Бұл — әлем елдеріндегі демографиялық жағдайдың қаншалықты әртүрлі екенін айқын көрсететін қызықты мәлімет.

Қазақстан мен Әзербайжан: Паром қайта жанданады Қазақстан мен Әзербайжан арасында пароммен жолаушылар тасымалы қайта жанданад
Қазақстан мен Әзербайжан: Паром қайта жанданады Қазақстан мен Әзербайжан арасында пароммен жолаушылар тасымалы қайта жанданады. Қазақстан азаматтары жақын арада Каспий теңізі арқылы Әзербайжанға қайтадан пароммен сапарлай алады. Бұл туралы Қазақстанның Әзербайжандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Әлім Байел мәлімдеді. Елшінің айтуынша, екі ел арасындағы теңіз арқылы жолаушылар қатынасын қайта ашу бастамасын Қазақстан тарапы ұсынған. Бастаманы әзербайжандық әріптестер қолдап, қазіргі уақытта екі мемлекеттің көлік ведомстволары жобаны жүзеге асырудың тиісті ұйымдастыру-техникалық жұмыстарына кірісіп кетті.

Repost from Abai.kz ⚡
‼Оның пікірінше, 1989 жылдан бері, 37 жыл ішінде табиғи өсім, қандастардың елге оралуы және басқа да демографиялық факторларды ескерсек, халық саны кемінде 25-30 миллионға жетуі керек. Осы пікірге қатысты Жәнібек Қожық мырзаның өзіне тікелей хабарласып, елдегі қазіргі демографиялық жағдайды қалай бағалайтынын сұрап көрдік. ⬇Толық: https://abai.kz/post/222589

Кремль: Дәл қазір Путин мен Трамп телефон арқылы сөйлесті. Путиннің көмекшісі Юрий Ушаковтың айтуынша, тараптар жуырдағы Уитк
Кремль: Дәл қазір Путин мен Трамп телефон арқылы сөйлесті. Путиннің көмекшісі Юрий Ушаковтың айтуынша, тараптар жуырдағы Уиткофф пен Кушнердің Мәскеуге сапарын, үшжақты келіссөздер мен АҚШ-Ресей қарым-қатынасын талқылаған. Путин Трампқа: "Ресейдің Еуропаға шабуылдау ниеті жоқ", - деп айтқан.

Украина қарулы күштері Лиманның солтүстігіндегі Ресей әскерінің плацдармын толығымен тазартты! Соңғы аптада қалған ресейлік құралымдар Нитриус өзенінің батысындағы бекіністерінен шегініп, одан әрі шығысқа қарай Жеребец өзеніне қарай ойысқан. Қазіргі уақытта Украина күштері Жеребец өзеніне бірнеше бағыттан қарымта шабуылдар ұйымдастыруда... Сонымен бірге, осы қарсы шабуылдың барысында Украина қарулы күштері Новомихайловка ауылын қайтарып, сай бойымен Новолюбовка бағытына қарай ілгерілеп, бақылау аймағын кеңейтіп жатыр. Шағын сарбаздар тобы Луганск облысының шекарасынан өтіп, сондағы ормандардағы кейбір позицияларды басып алуға әрекеттенуде. Сондай-ақ, украиналық күштер Заречное елді мекеніне өту әрекеттерін күшейтіп, солтүстік көшелердегі ұрыс аймақтарын кеңейтіп жатыр. Ендігі кезекте олар Жеребец өзенінен өтіп, Терны балық шаруашылығындағы тірек пункттерін бақылауға қайта алуға тырысуда. Ресейлік бұл плацдармның жойылуымен Лиманды қоршап алу қаупі сейіліп, Славянск пен Бороваяға төнген елеулі қысым бәсеңдеді. Ресей әскерінің бір жылдан аса уақыт бойы жүргізген ілгерілеуі мен шабуыл операциялары толығымен тоқтатылды. Сөйтіп, 151,88 км² аумақ қайтадан Украинаның бақылауына өтті.

photo content

6 қыркүйекте Кабардин-Балқардағы Безенги шатқалында қар көшкіні салдарынан Ресейдің «Витязь» арнайы мақсаттағы элиталық орталығының 13 әскери қызметшісі қаза тапты. Мәліметтерге қарағанда, тағы бір әскери қызметші комада жатыр.

Ресейдің Украинаға қарсы басқыншылық соғысы басталғалы (2022 жылдан бері қарай) әлемде 400-ге жуық ресейлік дипмиссия қызметк
Ресейдің Украинаға қарсы басқыншылық соғысы басталғалы (2022 жылдан бері қарай) әлемде 400-ге жуық ресейлік дипмиссия қызметкері елден қуылыпты. Олардың дені ЕО елдері, АҚШ, Канада мен Жапониядан екен. Ал Ресейдің шетелдегі саяси қызметкерлерін жаппай елден қуу 2022 жылы болған. Сол жылы: Польша - 45, Германия - 40, Словакия - 38, Франция - 35, Словения - 33, Италия - 30, Испания - 25 адамды елден депортацияласа, Бельгия, Нидерланды, Ирландия, Чехия, Эстония, Латвия, Литва, Румыния, Болгария, Греция, Португалия, Швеция, Норвегия, Дания, Жапония т.б. елдерден ондаған ресейлік дипмиссия қызметкерлері қуылған. Оларға көбіне-көп: "дипломатиялық статсуқа сай емес немесе тыңшылық әрекеттер жасады" деген айыптар тағылған.