cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

Usbanov ARNASY

Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады. Арна Mezgil.kz сайтына тиесілі.

Show more
Advertising posts
2 631
Subscribers
-124 hours
+17 days
+830 days
Posting time distributions

Data loading in progress...

Find out who reads your channel

This graph will show you who besides your subscribers reads your channel and learn about other sources of traffic.
Views Sources
Publication analysis
PostsViews
Shares
Views dynamics
01
Татарстанға тағы да дрон шабуылы жасалды. Қазан мен Нижнекамскі әуежайлары уақытша жолаушылар қабылдауды тоқтата тұруға мәжбүр болды. Ал Татарстандағы МӨЗ-дер қызметкерлерін шұғыл эвакуациялады.
5400Loading...
02
Dara президенттік бастамалар Қоры мен Karga Seven Pictures бірлесіп, Жошы хан туралы тарихи сериал түсіруді бастап кетіпті. Бұл документалды драма 6 сериядан тұрады. Ағылшын тілінде түсірілмек. Сериалда Жошы ханның өмірі мен Алтын Орданың даму кезеңдері қамтылмақ. Түсірілім Қазақстанда және Түркияда өтпек. Биыл Жошы ұлысының құрылғанына 800 жыл. Бұл сериал дәл осы датаға орай түсірілмек. Фильм – Қазақстан және ағылшын тілді аудиторияға, Netflix аудиториясына арналған. Мақсаты - сериал арқылы Қазақ мемлекетінің арғы-бергі тарихын насихаттау. Ұзын-құлақтан жеткен хабарға сенсек, бұл сериал мемлекеттік бюджеттен емес, демеушілік қаржыға түсірілмек. Жошы хан - Алтын Орданың атасы, бүкіл Қазақ хандарының бабасы! Жошы хан, оның ұрпақтары қыпшақ даласында шашыраған халықтың басын қосты, мемлекеттік нышандарын қалыптастырды. Олар өздері мемлекет құрған қазақ даласы, қазақ деген ұлт, оның тағдырына адал болды. Адалдығының белгісі Жошы ұрпағының түгелдей дерлік мәйіті қазір қазақ даласында жатқандығы!
5352Loading...
03
АҚШ Мемхатшысы Блинкен Украинаға АҚШ қаруымен Ресей территориясындағы әскери нысандарды соққылауға рұқсат беруді қолдады.
5291Loading...
04
‼️«Мұндай шешім Таяу Шығыстағы бейбітшілікке септігін тигізеді», - деп еуропалық елдердің билігі сөз етті. Израильдің өз басы еуропалықтардың бұл қадамын: «ХАМАС пен Иранның сыйақысы», - деп атады. ▪️ҚҰДЫС ПЕН ИЗРАИЛЬ ҚАҚТЫҒЫСЫ: ЕУРОПА НЕ ДЕЙДІ? ▪️ГАЗАДАҒЫ ҰЗАҚ СОҒЫС ИЗРАИЛЬДІ ҚОЛДАУДАН АЙЫРУДА... ▪️ПАЛАСТИНАНЫ КІМДЕР МОЙЫНДАЙДЫ? Толық: ⬇️ https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=2&id=5431
6190Loading...
05
‼️ Қарбақ соғысындағы сәтсіздік – Пашинян командасы үшін одан ақталудың түрлі сылтауын табуға ұмытылдыруда. Толық: ⬇️ https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=5430
6170Loading...
06
1️⃣БIРIНШI БАЙЛЫҚ – АДАМ 2️⃣ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖЕҢГЕН ЕЛ 3️⃣ӘЛЕМНIҢ ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҚТАРЫН ЖАЛҒАУШЫ Толық: ⬇️ https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=5429
6640Loading...
07
🇰🇿🇸🇬 СИНГАПУР ЖОЛЫ ҚАЗАҚ ЖОЛЫ БОЛА АЛА МА? ‼️Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазір Сингапурде жүр. Сингапур президенті Тарман Шанмугаратнаммен келіссөз жүргізуде. ✅ Бұл 20 жылдан астам уақыт ішінде Қазақстан Президентінің Сингапурға жасаған бірінші сапары екен. Тәуелсіз қазақ саясаты мен қоғамында «Сингапур үлгісі» деген термин ұзақ жылдар бойы қолданылып келеді. Өткен-кеткен саяси кадрлардың аузында: «Қазақстан Орталық Азияның Сингапурына айналады» деген ұранды сөз де аз айтылмады. Сөйткен, Сингапурмен мемлекетаралық әріптестіктің орнағаны кеше-бүгін емес! Азды-кем сауда-саттық орнады. Экономикалық, саяси, мәдени-гуманитарлық байланыстар қалыптасты. Әсіресе, бизнесте, агросекторда, логистика мен қаржы технологиясы т.б. байланыстарда айтарлықтай перспектива бар. Енді солар жайлы сөз шығарайық... ⁉️ Сонымен, Қазақстан мен Сингапурдың арасындағы байланыс қандай? ▪️Бүгінге Қазақстанда 140-тан астам Сингапур компаниясы мен бірлескен кәсіпорындар жұмыс істейді. ▪️Сингапур Қазақстан экономикасына 1,7 млрд доллар инвестиция салған. ▪️Екі ел арасындағы сауда айналымы 2 млрд доллардан асып барады. ▪️Сингапурлық компаниялар отандық инвесторлармен бірге Алматы облысында «G4 City» жобасын іске асыруға қатысып жатыр. Сондай-ақ, «Kazakh Invest» ҰК ақпараты бойынша, Сингапурлық Endorama Corporation компаниясы Қазақстанда Фосфорлы тыңайтқыштар өндірісін ашуды жоспарлап отыр (инвестиция сомасы 1 млрд. АҚШ доллары). Осы жолы ресми тұлғалармен жолығуда 6 маңызды құжатқа қол қойылған. Ресми тұлғалармен жеке-жеке жолығулар аяқталған соң, бизнес форум өтті. Онда Қазақстан тағы 12 құжатқа қол қойды. Осы жолы Қазақстан Сингапурға шикізат пен табиғи ресурстар ұсынды. «2040 жылға қарай сирек кездесетін металдарға деген әлемдік сұраныс төрт есе артатынын ескере отырып, шамамен барланбаған 5000 кен орны бар Қазақстан осы әлеуетті бірлесе дамыту үшін сенімді серіктес бола алады», - деді Тоқаев. ✅ Сингапур кереметі туралы қысқа сөз... ⬇️ 1867 жылдан Британ империясының отарына айналған Сингапурды кезiнде ағылшындар теңiз саудасының тоғысында орналасқан iрi теңiз айлағы және Азиядағы әскери бекiнiсi ретiнде пайдаланып келдi. 1959 жылы өзiн басқару құқығына ие болғанда шағын аралдағы мемлекеттiң әскерi де жоқ едi. Елдiң жалпы iшкi өнiмi жан басына шаққанда бар-жоғы 400 доллардан айналған. Империядан мұраға теңiз айлағы мен әскери база жұрнақтары ғана қалды. Тұрғындарының басым бөлiгi теңiзден аулаған балығын сатумен күн көрдi. ⬇️ 1959 жылғы парламент сайлауының нәтижесiнде «Халық бiрлiгi» партиясының жетекшiсi, қытай ұлтының өкiлi Ли Куан Ю үкiмет басшылығына келдi. Бұл адамды қарсыластары «авторитарлы билiк құрушы» деп айып¬таса, жақтастары «Сингапур кереметiнiң әкесi» ретiнде таниды. Расында да, Ли Куан Ю 31 жыл үздiксiз ел басқарып, премьерлiктi ұлына табыстағаннан кейiн де билiктен қол үзбедi. Осы үшiн айыптағандарға ол үнемi уәж ретiнде қысқа уақытта жемiсiн берген экономикалық саясатын алға тартып келдi. ⬇️ 1965 жылы Малайзия федерациясының құрамынан шыққан соң, Ли Куан Ю үкiметi бiрiншi кезекте елдiң даму жолындағы мүмкiндiктерi мен кемшiн тұстарын саралап алды. Пайдалы қазбалардан Сингапур жұрдай. Құмның өзiн сырттан алдырады. Ауыз суды Малайзиядан тасып iшедi. Табиғи ресурстардан теңiз балығы ғана бар. Дегенмен табиғат бұл елдi мүлдем құралақан қалдырмапты. Теңiздегi тоғыз жолдың торабындағы Сингапур Еуропа мен Азияның ортасындағы теңiз қақпасы iспеттi. Еуропа мен АҚШ-тан шыққан кемелер жанармай құю үшiн аралға соқпай кете алмайды. Бұл жағынан Сингапур «Азияның Суэц арнасына» айналған. Екiншiден, британ отаршылдығы кезiнде ел тұрғындары ағылшын тiлiн үйрендi, батыстық үлгiдегi заң-сот және әкiмшiлiк жүйесi қалыптасты. Ли Куан Ю бұл факторлар Сингапурды қысқа уақытта «үшiншi ел» қатарынан әлемнiң озық мемлекеттерiне қосудың маңызды алғышарттарының бiрiне балайды. Осы жайттарды саралай келе, Сингапур үкiметi бiлiмдi, iскер, жемқорлықтан таза адамдарды елдiң басты «қазба байлығы» ретiнде жариялайды. Шыншылдық пен сенiм – сингапурлық ұлттық идея деп танылды.
7460Loading...
08
Ресей армиясында тағы да тұтқындау: Бұл жолы РФ ҚК Бас штабы басшысының орынбасары Вадим Шамарин тұтқындалды деген ақпарат шықты.
7641Loading...
09
Француздың атақты "Charlie Hebdo" журналы Иран президентінің қазасына қатысты журнал бетінде осындай карикатура жасапты. Онда: "Құдай бар, Ол бізді молдадан құтқарды", - деп жазылған...
1 0552Loading...
10
АҚШ Өкілдер палатасының спикері Майк Жонсон: Украинаға біз берген қаруларды қолданып, Ресей территориясындағы әскери нысандарға соққы жасауға рұқсат беру керек!
1 0300Loading...
11
+21. Қирандыға айналған қала. Көмусіз жатқан мәйіттер. Орыс әлемі келген Волчанскі. Видео: Костянтин Ліберовтікі
1 0330Loading...
12
Армения премьері Пашинян: 2020 жылы Қарабақтағы Арменияға қарсы соғысқа дайындалуға Әзербайжанға ҰҚШҰ (ОДКБ)-ның 2 мемлекеті көмектескен! Пашинян нақты қай 2 мемлекет екенін атап айтпады.
1 0330Loading...
13
Тәжікстанда хиджабқа тыйым салынды ма? Тәжікстан президенті Рахмон не дейді? Айыппұл көлемі қанша ?Толығырақ⬇️ https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=5426
6600Loading...
14
‼️Владимир Зеленскийдің президенттік қызметіне тұп-тураы 5 жыл уақыт толды. Әуелде, Зеленскийдің президенттік өкілеттігі сол күні аяқталуы тиіс-тін. Егер...Егер соғыс болмасы, әрине... ▪️ЗЕЛЕНСКИЙДІҢ 5 ЖЫЛЫ. РЕСЕЙ НЕ ДЕЙДІ? ▪️ЗЕЛЕНСКИЙДІҢ 5 ЖЫЛЫ. БАТЫС НЕ ДЕЙДІ? ▪️УКРАИНА КОНСТИТУЦИЯСЫНДА НЕ ЖАЗЫЛҒАН? ▪️ЗЕЛЕНСКИЙ НЕ ДЕЙДІ? ▪️САЙЛАУДЫҢ БОЛМАУЫНЫҢ 4 СЕБЕБІ ▪️«МАЙДАН-3» ОПЕРАЦИЯСЫ Толық: ⬇️ https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=2&id=5427
1 0241Loading...
15
‼️«Бұл - дискуссиядан қашқандардың, қорыққандардың әрекеті!» «Ақ жол» партиясының оппоненттері партияның желідегі парақшаларына «шабулыдауда». Бұл туралы Мәжіліс депутаты Азат Перуашев мәлімдеді. «Ақ жол» демократиялық партиясының жұмысы мен баяндамалары, депутаттық сауалдары әлдекімдердің шымбайына қатты тиіп жатқанға ұқсайды. Және әр жолы бұл еселеніп жатыр. Егер, осыған дейін Тик-Ток-тағы біздің баяндамаларымыз, сөйлеген сөздеріміз бен депутаттық сауалдарымыздың бейнероликтері ішінара бұғатталып келсе, енді бүгін партияның ресми аккаунты түгел бұғатталды. Біздің кімдердің қан жарасының бетін тырмап, шымбайына батып келеді екенбіз? Сол қызық! Біздің оппоненттеріміз сөзжарысқа шығудан жалтарып, біздің аккаунттарымызға жаппай шағымданып, бұғаттап жатыр», - деп жазды Мәжіліс депутаты, «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашевтың телеграм арнасы.
1 0250Loading...
16
‼️ Испания да ресми түрде Палестина тәуелсіздігін мойындайтынын жария етті!
1 0301Loading...
17
Ирлания да ресми түрде Палестина тәуелсіздігін мойындайтынын жариялады. Бұл туралы Ирландия премьері айтты. Израиль Норвегия мен Ирландия елшілерін шақырып, наразылық білдірді.
1 0320Loading...
18
Норвегия Палестина тәуелсіздігін ресми түрде мойындады. Арнайы қаулы 28 мамырдан бастап күшіне енеді. Осылайша Норвегия Палестина тәуелсіздігін ресми мойындаған Еуропадағы 10-шы мемлекет атанды. Бүгін Испания мен Ирландия да ресми Палестина тәуелсіздігін мойындайтынын жарияламақ!
1 0270Loading...
19
Шетелдік БАҚ: ЕО Грузияны "шетелдік агент" заңы қабылданар болса, ЕО-ға үміткер статусынан айырады!
1 0210Loading...
20
Бішкектегі Манас әуежайына бомба қойылды деген хабар тарап, шұғыл эвакуация жасалды. Қазір бомбаның бар-жоғы тексерілуде. Осындай хабар өткен аптада да айтылып, ол кезде өтірік болып шыққан.
1 0410Loading...
21
Еуропадағы 4 мемлекет: Эстония, Чехия, Швеция мен Нидерланды Грузия билігі "шетелдік агент" туралы заңды қабалдаса, санкция салып, визасыз редимді алып тастауды ұсынды.
1 0390Loading...
22
‼️Ресей Қорғаныс министрлігі пәрмен беріп, тактикалық ядролық қаруды қолдану бойынша оқу-жаттығуды бастап кетті. 🔻РЕСЕЙДІҢ «АТОМ ШОҚПАРЫ»: КРЕМЛЬДІҢ ОЙЛАҒАНЫ НЕ? 🆘РЕСЕЙ ЕНДІ ЛИТВА МЕН ФИН ЖЕРІНЕ КӨЗ ТІКТІ МЕ? ⁉️РЕСЕЙ ЖАТТЫҒУ БАСТАДЫ: ЯДРОЛЫҚ БОПСАНЫҢ АВТОРЫ КІМ? ▪️МӘСКЕУ: БІЗГЕ МАКРОН МЕН КАМЕРОННЫҢ СӨЗІ ӨТТІ... 🚩ТАКТИКАЛЫҚ ЯДРОЛЫҚ ҚАРУ ДЕГЕНІМІЗ НЕ? ОНЫҢ ҚАУПІ ҚАНДАЙ? Толық: ⬇️ https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=5424
1 0610Loading...
23
Шойгу кетті, артынан Шойгудың генералдары шеттерінен тұтқындалып жатыр! Бүгін Ресейдің 58-ші армиясын басқарған генерал Иван Попов тұтқындалғаны белгілі болған. Ол "алаяқтық жасады" деген күдікпен ұсталған.
1 1481Loading...
24
Зеленский: Біз Ресейді Швейцариядағы бейбітшілік саммитіне шақырамыз! Онда да "бізді шақырмады" деп бейбітшілік саммитін болдырмай қоймасын деп... Ескерту: Швейцариядағы бейбітшілік саммиті 15-16 маусымда өтеді.
1 1280Loading...
25
Израиль енді әуе бомбаларын АҚШ-тан сатып алмай, өзі шығару жайын қолға алады. Бұл туралы Израиль қорғаныс министрлігі хабарлады. Израиль Газа секторындағы ХАМАС-ты бомбалау үшін дәл осы әуе бомбаларын көптеп қолдануда.
1 1090Loading...
26
Молдова мен ЕО қауіпсіздік саласы бойынша өзара әріптестік келісіміне қол қойды.
1 0861Loading...
27
Еуроодақ шетелде бұғатталған Ресей активтерінен түскен пайданы Украинаға көмек ретінде пайдалануға рұқсат берді! Бұл туралы Чехия СІМ басшысы Ян Липавский мәлімдеді. Украина жылына 2 мәрте әскери көмек алатын болады. Берілген көмектің 90%-ы әскери шығындарға жұмсалады.
1 0941Loading...
28
Ресей ядролық қаруды қолдануға дайындықты пысықтайтын жаттығуды бастады. Жаттығу үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде ядролық қаруды (бомба, зымыран, торпеда) тасымалдау пысықталмақ. Екінші және үшінші кезеңде оны қолдануға дайындық, шартты нысанаға ату іске асады. Ресей Қорғаныс министрлігі жаттығуды “аса маңызды” деп атады.
7260Loading...
29
Украина: Севастопольде Ресейдің "Циклон" зымыранды кемесіне соққы жасалды! Соққы19 мамырға қараған түні жасалған. Украина әскерилері Ресейдің "Циклонә зымыранды кемесіне (проект 22800) сәтті соққы жасады.
1 0320Loading...
30
Грузия президенті Саломе Зурабишвили: Грузиядағы наразылықтар - 2014 жылғы Украина майданының қайталанбасы емес! "Мен Украинадағы еуромайданнан соң Ресей Украина территориясына кірді деген пікірді жиі естимін. Жоқ! Ресей интервенциясы кез келген жерде, кез келген уақытта болады. Ресей майданнан соң ғана бөтен елге әскер кіргізеді деп ойламаңыздар. Ресей біздің территориямызға майдансыз-ақ басып кірген! Еуропадағы басшылар, мұны есте сақтаңыздар!", - деді.
1 0521Loading...
31
Армения Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы: Қару-жарақ сатып алуда бір ғана Ресейге тәуелді болып отыр - мемлекет үшін қауіпті!
1 0860Loading...
32
‼Украина әуе кеңістігін қорғау үшін кемі 120 дана F-16 ұшағы қажет. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский Reuters ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында айтты. Толық: ⬇ https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=5422
1 0800Loading...
33
‼Орталық Азия елдері қаперсіз болмауы керек! ▪РЕСЕЙГЕ ҚЫЗМЕТ ЕТКЕН: ПОЛЬША 9 ДИВЕРСАНТТЫ ҰСТАДЫ ▪БАЛТЫҚ ЕЛДЕРІНІҢ АРНАЙЫ ОПЕРАЦИЯСЫ: МӘСКЕУ ТЫҢШЫЛАРЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ Толық: ⬇ https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=2&id=5423
1 1081Loading...
34
ASTRA: Ресей соңғы 3 айда 53 мәрте әуе бомбасын өз территориясына құлатып алған.
1 1110Loading...
35
Бүгін Мәдениет пен өнер саласындағы қызметкерлердің күні екен! Ұлт ұстыны Ғабит Мүсірепов: "Әдебиет пен өнер ұлы болмаған жерде ұлт та ұлы болмайды", - десе, бір сөзінде, келесі бір сөзінде: "Театр - хас сұлудың көз жасындай мөлдір өнер",- деп сипаттайды. Бұл сөздерден асырып, не айтуға болады! Киелі сахна төрінен қазақ деген тарихы мыңжылдықтарға жалғасатын ұлттың рухын, руханиятын көтеруге күш салып, өмірлерін арнап жүрген барша мәдениет пен өнер қызметкерлерін осы бір айрық күнмен құттықтаймыз!
1 1701Loading...
Татарстанға тағы да дрон шабуылы жасалды. Қазан мен Нижнекамскі әуежайлары уақытша жолаушылар қабылдауды тоқтата тұруға мәжбүр болды. Ал Татарстандағы МӨЗ-дер қызметкерлерін шұғыл эвакуациялады.
Show all...
👍 20
Dara президенттік бастамалар Қоры мен Karga Seven Pictures бірлесіп, Жошы хан туралы тарихи сериал түсіруді бастап кетіпті. Бұл документалды драма 6 сериядан тұрады. Ағылшын тілінде түсірілмек. Сериалда Жошы ханның өмірі мен Алтын Орданың даму кезеңдері қамтылмақ. Түсірілім Қазақстанда және Түркияда өтпек. Биыл Жошы ұлысының құрылғанына 800 жыл. Бұл сериал дәл осы датаға орай түсірілмек. Фильм – Қазақстан және ағылшын тілді аудиторияға, Netflix аудиториясына арналған. Мақсаты - сериал арқылы Қазақ мемлекетінің арғы-бергі тарихын насихаттау. Ұзын-құлақтан жеткен хабарға сенсек, бұл сериал мемлекеттік бюджеттен емес, демеушілік қаржыға түсірілмек. Жошы хан - Алтын Орданың атасы, бүкіл Қазақ хандарының бабасы! Жошы хан, оның ұрпақтары қыпшақ даласында шашыраған халықтың басын қосты, мемлекеттік нышандарын қалыптастырды. Олар өздері мемлекет құрған қазақ даласы, қазақ деген ұлт, оның тағдырына адал болды. Адалдығының белгісі Жошы ұрпағының түгелдей дерлік мәйіті қазір қазақ даласында жатқандығы!
Show all...
6
Photo unavailableShow in Telegram
АҚШ Мемхатшысы Блинкен Украинаға АҚШ қаруымен Ресей территориясындағы әскери нысандарды соққылауға рұқсат беруді қолдады.
Show all...
🔥 17👍 2👏 1
‼️«Мұндай шешім Таяу Шығыстағы бейбітшілікке септігін тигізеді», - деп еуропалық елдердің билігі сөз етті. Израильдің өз басы еуропалықтардың бұл қадамын: «ХАМАС пен Иранның сыйақысы», - деп атады. ▪️ҚҰДЫС ПЕН ИЗРАИЛЬ ҚАҚТЫҒЫСЫ: ЕУРОПА НЕ ДЕЙДІ? ▪️ГАЗАДАҒЫ ҰЗАҚ СОҒЫС ИЗРАИЛЬДІ ҚОЛДАУДАН АЙЫРУДА... ▪️ПАЛАСТИНАНЫ КІМДЕР МОЙЫНДАЙДЫ? Толық: ⬇️ https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=2&id=5431
Show all...
Палестинаны мойындау: Күштілер Израильден сырт айналды ма?

«Мұндай шешім Таяу Шығыстағы бейбітшілікке септігін тигізеді», - деп еуропалық елдердің билігі сөз етті. Израильдің өз басы еуропалықтардың бұл қадамын: «ХАМАС пен Иранның сыйақысы», - деп атады.

😁 2👏 1
‼️ Қарбақ соғысындағы сәтсіздік – Пашинян командасы үшін одан ақталудың түрлі сылтауын табуға ұмытылдыруда. Толық: ⬇️ https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=5430
Show all...
«Бізге қарсы соғыспақ болды»: Пашинян кімге өкпелі: Қазаққа ма, қос орысқа ма?

Қарбақ соғысындағы сәтсіздік – Пашинян командасы үшін одан ақталудың түрлі сылтауын табуға ұмытылдыруда. Кеше Армения премьері Никол Пашинян ҰҚШҰ-ның екі елін 2020 жылғы 44 күндік соғыста «Армения жағынан табылмады» деп айыптады.

👍 1
1️⃣БIРIНШI БАЙЛЫҚ – АДАМ 2️⃣ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖЕҢГЕН ЕЛ 3️⃣ӘЛЕМНIҢ ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҚТАРЫН ЖАЛҒАУШЫ Толық: ⬇️ https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=5429
Show all...
Алақандай Сингапур қазаққа бағыт бола ма?

Қазақстан мен Сингапурдың арасындағы байланыс қандай?

👍 5🤣 1
🇰🇿🇸🇬 СИНГАПУР ЖОЛЫ ҚАЗАҚ ЖОЛЫ БОЛА АЛА МА? ‼️Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазір Сингапурде жүр. Сингапур президенті Тарман Шанмугаратнаммен келіссөз жүргізуде. ✅ Бұл 20 жылдан астам уақыт ішінде Қазақстан Президентінің Сингапурға жасаған бірінші сапары екен. Тәуелсіз қазақ саясаты мен қоғамында «Сингапур үлгісі» деген термин ұзақ жылдар бойы қолданылып келеді. Өткен-кеткен саяси кадрлардың аузында: «Қазақстан Орталық Азияның Сингапурына айналады» деген ұранды сөз де аз айтылмады. Сөйткен, Сингапурмен мемлекетаралық әріптестіктің орнағаны кеше-бүгін емес! Азды-кем сауда-саттық орнады. Экономикалық, саяси, мәдени-гуманитарлық байланыстар қалыптасты. Әсіресе, бизнесте, агросекторда, логистика мен қаржы технологиясы т.б. байланыстарда айтарлықтай перспектива бар. Енді солар жайлы сөз шығарайық... ⁉️ Сонымен, Қазақстан мен Сингапурдың арасындағы байланыс қандай? ▪️Бүгінге Қазақстанда 140-тан астам Сингапур компаниясы мен бірлескен кәсіпорындар жұмыс істейді. ▪️Сингапур Қазақстан экономикасына 1,7 млрд доллар инвестиция салған. ▪️Екі ел арасындағы сауда айналымы 2 млрд доллардан асып барады. ▪️Сингапурлық компаниялар отандық инвесторлармен бірге Алматы облысында «G4 City» жобасын іске асыруға қатысып жатыр. Сондай-ақ, «Kazakh Invest» ҰК ақпараты бойынша, Сингапурлық Endorama Corporation компаниясы Қазақстанда Фосфорлы тыңайтқыштар өндірісін ашуды жоспарлап отыр (инвестиция сомасы 1 млрд. АҚШ доллары). Осы жолы ресми тұлғалармен жолығуда 6 маңызды құжатқа қол қойылған. Ресми тұлғалармен жеке-жеке жолығулар аяқталған соң, бизнес форум өтті. Онда Қазақстан тағы 12 құжатқа қол қойды. Осы жолы Қазақстан Сингапурға шикізат пен табиғи ресурстар ұсынды. «2040 жылға қарай сирек кездесетін металдарға деген әлемдік сұраныс төрт есе артатынын ескере отырып, шамамен барланбаған 5000 кен орны бар Қазақстан осы әлеуетті бірлесе дамыту үшін сенімді серіктес бола алады», - деді Тоқаев. ✅ Сингапур кереметі туралы қысқа сөз... ⬇️ 1867 жылдан Британ империясының отарына айналған Сингапурды кезiнде ағылшындар теңiз саудасының тоғысында орналасқан iрi теңiз айлағы және Азиядағы әскери бекiнiсi ретiнде пайдаланып келдi. 1959 жылы өзiн басқару құқығына ие болғанда шағын аралдағы мемлекеттiң әскерi де жоқ едi. Елдiң жалпы iшкi өнiмi жан басына шаққанда бар-жоғы 400 доллардан айналған. Империядан мұраға теңiз айлағы мен әскери база жұрнақтары ғана қалды. Тұрғындарының басым бөлiгi теңiзден аулаған балығын сатумен күн көрдi. ⬇️ 1959 жылғы парламент сайлауының нәтижесiнде «Халық бiрлiгi» партиясының жетекшiсi, қытай ұлтының өкiлi Ли Куан Ю үкiмет басшылығына келдi. Бұл адамды қарсыластары «авторитарлы билiк құрушы» деп айып¬таса, жақтастары «Сингапур кереметiнiң әкесi» ретiнде таниды. Расында да, Ли Куан Ю 31 жыл үздiксiз ел басқарып, премьерлiктi ұлына табыстағаннан кейiн де билiктен қол үзбедi. Осы үшiн айыптағандарға ол үнемi уәж ретiнде қысқа уақытта жемiсiн берген экономикалық саясатын алға тартып келдi. ⬇️ 1965 жылы Малайзия федерациясының құрамынан шыққан соң, Ли Куан Ю үкiметi бiрiншi кезекте елдiң даму жолындағы мүмкiндiктерi мен кемшiн тұстарын саралап алды. Пайдалы қазбалардан Сингапур жұрдай. Құмның өзiн сырттан алдырады. Ауыз суды Малайзиядан тасып iшедi. Табиғи ресурстардан теңiз балығы ғана бар. Дегенмен табиғат бұл елдi мүлдем құралақан қалдырмапты. Теңiздегi тоғыз жолдың торабындағы Сингапур Еуропа мен Азияның ортасындағы теңiз қақпасы iспеттi. Еуропа мен АҚШ-тан шыққан кемелер жанармай құю үшiн аралға соқпай кете алмайды. Бұл жағынан Сингапур «Азияның Суэц арнасына» айналған. Екiншiден, британ отаршылдығы кезiнде ел тұрғындары ағылшын тiлiн үйрендi, батыстық үлгiдегi заң-сот және әкiмшiлiк жүйесi қалыптасты. Ли Куан Ю бұл факторлар Сингапурды қысқа уақытта «үшiншi ел» қатарынан әлемнiң озық мемлекеттерiне қосудың маңызды алғышарттарының бiрiне балайды. Осы жайттарды саралай келе, Сингапур үкiметi бiлiмдi, iскер, жемқорлықтан таза адамдарды елдiң басты «қазба байлығы» ретiнде жариялайды. Шыншылдық пен сенiм – сингапурлық ұлттық идея деп танылды.
Show all...
👍 15 2
Photo unavailableShow in Telegram
Ресей армиясында тағы да тұтқындау: Бұл жолы РФ ҚК Бас штабы басшысының орынбасары Вадим Шамарин тұтқындалды деген ақпарат шықты.
Show all...
👏 18👍 5
Photo unavailableShow in Telegram
Француздың атақты "Charlie Hebdo" журналы Иран президентінің қазасына қатысты журнал бетінде осындай карикатура жасапты. Онда: "Құдай бар, Ол бізді молдадан құтқарды", - деп жазылған...
Show all...
23😁 14🤔 4👍 3😡 3
00:37
Video unavailableShow in Telegram

👍 80