en
Feedback
SAGAT YESSENGELDI 🍃

SAGAT YESSENGELDI 🍃

Open in Telegram

✅Сенің өміріңе өзіңе керек! ✅Басқаның өмірімен емес, өзіндікін сүр! ✅Әр адам өз өмірінің суретшісі! ✅Кім қалай әрекет жасайды, соған сәйкес нәтижесін алады

Show more
330
Subscribers
No data24 hours
No data7 days
No data30 days
Posts Archive
🧏🏻‍♂️ Asyl Söz 📜 - 34 ~ әрбір адам бастапқы жағдайына және ата-анасының қанымен берілген қасиеттеріне қарамастан, өз өмірін өзі жасауға талпынуы тиіс. Олардың қолдауына сеніп, ағыспен жүре беруге болмайды. SQ

🧏🏻‍♂️ Asyl Söz 📜 - 33 ~ Жетістікке жету жолы: Басқалар мақсатсыз өмір сүріп жатқанда, өз өміріңізді жоспарлаңыз. Басқалар ұйықтап жатқанда, жұмыс істеңіз. Өзгелер күмәнданып жүргенде, іске кірісіңіз. SQ

🧏🏻‍♂️ Asyl Söz 📜 - 32 ~ Мақсат – арманға жету жолындағы баспалдақтар SQ

Барлығы бақытты өмір сүргісі келеді, бай болғысы келеді. Онда неге бәрі бай-бақуатты болып кетпейді? Жауабы – біреу. Әрқайсысы әр түрлі дәрежеде еңбек етеді. Өзіңіз қалағандай өмір сүрудің бір ғана формуласы бар: Мақсат+Еңбек=Нәтиже

ӘРЕКЕТКЕ БЕРЕКЕТ! Қазір ХХІ ғасыр – ақпараттар заманы. Білім алыңыз, дамыңыз, ізденіңіз. «Анау жаман, мынау жаман» деп барлығын теріске шығара берсеңіз ешкім сізге өз жақсысын алып келіп бермейді. Өзіңіз әрекет етпесеңіз, ешкім сізді жарылқамайды. Өзіңіз орныңыздан тұрып, жұмыс жасаңыз, сонда ғана пайда көресіз, өзіңіз қалаған өмірді сүресіз.

🧠 СУПЕРВИЗОР TIME №2 Сынға қалай жауап беру керек? • Айтылғандарды сүзіңіз – Сынның бәрі орынды бола бермейді. Адам эмоциядан тым артық кетуі мүмкін, сондықтан бәрін ескермеңіз. • Шындықты қабылдаңыз - Адамның пікірлерін ескеріңіз, өйткені бізді сырттай жақсырақ бағалай алады. Сынды қабылдау және өз бетіңізбен жұмыс істеу - нағыз өмірге жол ашатын жақсы стратегия! • Сабырлы болыңыз – Сындарлы сыннан кейін де өзіңізді осал сезінесіз. Бастапқы уақытта ештеңе жасамау үшін өзіңізді тыныштандыруға тырысыңыз.

🧏🏻‍♂️ Asyl Söz 📜 - 31 ~ Сабыр ету – күту емес, көреген бола білу. Тікенге қарап гүлдi, түнге қарап күндiздi көре білу – сабыр деп аталады. SQ

Түркия мемлекетінің Тәуелсіздігіне 100 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын 🇰🇿🇹🇷

🧏🏻‍♂️ Asyl Söz 📜 - 30 ~ Адамның ең сүйікті сөзі - есімі” SQ

Қарағанды облысындағы Костенко шахтасында орын алған төтенше жағдай баршамыздың қабырғамды қайыстырып отыр. Апаттан қаза тапқ
Қарағанды облысындағы Костенко шахтасында орын алған төтенше жағдай баршамыздың қабырғамды қайыстырып отыр. Апаттан қаза тапқан кеншілердің жанұялары мен жақындарына көңіл айтамын. Қазіргі таңда қаза тапқандар саны -32 адам. Зардап шеккен азаматтардың сауығып кетулеріне тілектеспін.

👤 АДАМНЫҢ ҚАНША ЕРКІНДІГІ БАР??? Адам баласында 4 еркіндік болады. 1. Физикалық еркіндік 2. Құқықтық еркіндік 3. Экономикалы
👤 АДАМНЫҢ ҚАНША ЕРКІНДІГІ БАР??? Адам баласында 4 еркіндік болады. 1. Физикалық еркіндік 2. Құқықтық еркіндік 3. Экономикалық еркіндік 4. Ментальді еркіндік - Физ-қ е. - адамның түрмеде немесе еркінен тыс әрекет ете алмауы т.б. -Құқықтық е. - мысалы сіз Францияға барғыңыз келді, бірақ сізде ол елге виза жоқ. Сіз бара алмайсыз. Тағы да Феррари айдағыңыз келді, бірақ жүргізуші куәлігіңіз жоқ, сіз айдай алмайсыз. Яғни сіздің құқықтың е.-з жоқ. - Экономикалық е. - кез келген нәрсе сатып алғыңыз келді, сізде қаржылық тапшылық, ақша жоқ. Вот это - эконом. е болмауы. - Ментальді еркіндік - адам өз өзіне жасап алады. Адамдар не ойлайды? Не айтады? деген ойлармен адам еркін бола алмайды, соның құрсауында жүреді. Аллам еркіндігімізден айырмасын…🙌🏻

🧏🏻‍♂️ Asyl Söz 📜 - 29 ~ Бір түйір жақсылық та, кішкентай жамандық та қарымсыз қалмайды.” SQ

АҚЫЛ МЕН ҒАШЫҚТЫҚТЫҢ ҚАНДАЙ АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ БАР? 🧠Ақыл - адамды қорғайды, сақ бол дейді, тежейді. Ол оңайлықпен берілмейді, өзін өзі ұстайды. 💔Ғашықтық - өзін тежей алмайды, морт кетеді. Ол “өзінді аяма, аянба!” - дейді. Құпия қазыналар қирандылар астында болатыны секілді, басты құпия адам жүрегінде жасырулы

🧠 СУПЕРВИЗОР TIME №1 Адам сізге қызғанышпен қарайтынын қалай білуге болады? 1. Ол сізді көшіреді. Сіздің жетістігіңізге қызғ
🧠 СУПЕРВИЗОР TIME №1 Адам сізге қызғанышпен қарайтынын қалай білуге болады? 1. Ол сізді көшіреді. Сіздің жетістігіңізге қызғанышпен қарайтын адам санасыз түрде сізді көшіруге тырысады. 2. Ол сіздің жетістіктеріңізді төмендетеді. Сіздің жетістіктеріңізге қызғанышпен қарайтын адамдар үнемі оларды төмендетуге тырысады немесе тіпті сіздің барлық жетістіктеріңізді толығымен өшіреді. 3. Ол ю әрбір қателігіңізге қуанады. Ол үшін сіздің ең кішкентай сәтсіздігіңіз қазірдің өзінде қуаныш үшін үлкен себеп болып табылады. Ондай адамдарды араны суытып, кеңестеріне құлақ аспаңыз.

Мен оқыған кітап №3 26 ЖЫЛДА ҚАЛЫПТАСҚАН, 26 ҚАҒИДА Данияр Жігітбек Данияр Жігітбек өз өзіне есеп беру мақсатында, бір жағына
Мен оқыған кітап №3 26 ЖЫЛДА ҚАЛЫПТАСҚАН, 26 ҚАҒИДА Данияр Жігітбек Данияр Жігітбек өз өзіне есеп беру мақсатында, бір жағынан біреуге пайдасы тиіп қалар деген ниетпен жер басып жүрген 26 жылымда өзім қалыптастырған 26 қағиданы жазып шыққан. Кітапта толық өмірлік тәжібиелермен бөліскен, тұлғалық жеке дамуда ескеретін, ой қорытатын дүниелер өте көп. Кітапты 1 күнде бітірдім. Оқуға кеңес беремін!📚🙌🏻

🧏🏻‍♂️ Asyl Söz 📜 - 28 ~ Уақыт - шектеулі ресурс. Оны тиімді пайдаланудың бірден-бір жолы - жоспар құрып жүру. Жоспармен жүріңіз: өнімділігіңізді еселеп арттырасыз, өміріңіз мағыналы болады.” SQ

🧏🏻‍♂️ Asyl Söz 📜 - 27 ~ Өлімнен қорықпау керек, бірақ өмірім мәнсіз өтіп кете ме деп қорқу керек.” SQ

🧏🏻‍♂️ Asyl Söz 📜 - 26 ~ Өлмейтін іс қалдырғыңыз келсе, әуелі ниетіңізді жөндеңіз.” SQ

🧏🏻‍♂️ Asyl Söz 📜 - 25 ~ “Құдай береді деп отырмау, оның әрекетін жасау керек” SQ

🧏🏻‍♂️ Asyl Söz 📜 - 24 ~ “Қолыңда бармен бөліскен сайын байи түсесің” SQ