SAGAT YESSENGELDI 🍃
Open in Telegram
✅Сенің өміріңе өзіңе керек! ✅Басқаның өмірімен емес, өзіндікін сүр! ✅Әр адам өз өмірінің суретшісі! ✅Кім қалай әрекет жасайды, соған сәйкес нәтижесін алады
Show more330
Subscribers
No data24 hours
No data7 days
No data30 days
Posts Archive
🧏🏻♂️ Asyl Söz 📜 - 21
~ “Мықты болғың келсе, ұнатқан нәрсеңмен айналыс, ал айналысатын нәрсеңді ұнатқың келсе, мықты бол.”
SQ
🧏🏻♂️ Asyl Söz 📜 - 21
~ Кішкентай дау дамай адам өліміне дейінгі жағдайларға жеткізуі мүмкін. Әрине бұған себеп істің байыбына жетпеу, сабырсыздық, қызбалық және санасыздық болады.
Егер түсінбеушілік басталып жатса, өзіңіздікі дұрыс екенін білсеңіз, онда салғыласпай өз дұрысыңызда қалғаныңыз абзал. Оны түсінбейтін адамға түсіндірем дегенше қанша энергия кетеді, жүйке жұқарады, уақыт сарп етіледі.
Нақ дұрыс болатын болса, ол адам түбінде өзі түсінеді.
SQ
Мен оқыған кітап №2 📚
“ЖАҢА ӨМІРГЕ МОТИВАЦИЯ”
Ергелді Есдәулет
Адамдардың көпшілігі жетілу, даму қажет екенін білгенімен, нақты қай жағынан, не үшін жетілу қажет екенін біле бермейді.
Бұл кітап осы тақырыпқа қызығушылық танытқан барша оқырманға жалпылай арналғанымен, өмір кітабын парақтауды енді бастаған жастар мен жасөспірімдерге арнайы бағытталған.
Кітаптан өзіңіз іздеген мотивацияның сарқылмас көзіне қарай бағыт-бағдар табасыз деген үміттемін
Кітапты 2 күнде бітірдім. Оқуға кеңес беремін!📚🙌🏻
Ғұламалар сөйлейді №18
~ Өмір сүрудің екі заңын білген адам бақытты болар. Бірі - не болса соны жей бермей, азығына талғаммен қарайтын жан; бірі - кім болса, сонымен дос болмай, айналысындағы достарын жөнімен таңдай білетін адам.
Омар Хайям
Ғұламалар сөйлейді №17
~ If you can dream it, you can do it.
“Егер сен бір нәрсені армандай алсаң, демек оны жүзеге асыра аласың деген сөз»
Уолт Дисней
Оны қалай құрамыз⁉️
Күнді 4 бөлікке бөліп аламыз:
1. 06:00-10:00 - Өзіндік жеке уақыты
-күнді жоспарлау
-таңғы ас, спорт
-жеке гигиена
-өзін бақылау
- мессенджерлер, ойлану
2. 10:00-13:00 - Еңбек уақыты
-жиналыс, шешім қабылдау
-отчеты, іскерлік кездесулер
-қабылдау, аналити
- сабақ оқу, жаңа нәрсе үйрену
3. 13:00-18:00 - Қоғаммен байланыс уақыты
-адамдармен танысу, сөйлесу
-зум, меет және т.б
-жаңа бағытқа бір ойлы адамдар
-коммуникация
4. 18:00-21:30 - Жақындармен уақыты
-бұл уақыт отбасы мен достарына арналатын ең тиімді уақыт
5. 21:30 ары қарай - не істесе де өзі білетін уақыты ( әзіл, әр адам одан кейінгі уақытын қалауына қарай ұйымдастырады.
Әр блок жасалау керек мақсаттар - келесі блокқа өтпеуі тиіс!!!
Әр күнде - 1 басты мақсат болу керек және ол мақсат орындалған адам өзін өзі марапаттауы тиіс (вознаграждения)
⏱️Қалай бір күнде барлық жоспарды орындай аламыз | Кластериязация времени
Күндік жоспардың міндетті тұрла орындалуы үшін уақыт кластериязацисын негізге алу және дұрыс құру аса маңызды.
Уақытты тиімді пайдалану үшін адам ең алдымен әдеттерін өзгерту қажет. 90% процент адамдарың күнделікті өмірінде әдеттерін қайталайтындығы дәлелденген. Оны өзгертудің бірден бір жолы - УАҚЫТ КЛАСТЕРИЯЗАЦИЯСЫ.
Ғұламалар сөйлейді №16
~ Болашағыңның өзгеруін қаласаң, сол өзгерісті тап қазір жаса.
Махатма Ганди
Ғұламалар сөйлейді №15
~ «Адамды бірінші сөз емдейді, одан кейін дәрі емдейді, одан кейін пышақ емдейді».
Ибн Сина
ҚАЖЕТТІЛІКТЕР 💸
Адам баласы туылғаннан жан тәсілім еткенге дейін үздіксіз қажеттіліктерге мұқтаж болады.
Осы қажеттіліктерлі ғылымда 3 ке бөліп қарастырады екен
1. Адам өмірін жалғастырушы қажеттіліктер - ең зәру қажеттіліктер. Мысалы: үй, тамақ , киім - кешек. Бұлар болмаса адам өмірі жалғаспайды.
2. Адам өмірін жалғастыруға пайдасын тигізетін қажеттіліктер - пайдалы немесе премиум қажеттіліктер. Мысалы: автокөлік немесе түрлі транспорт түрлері. Бұлар болмаса өмір жалғасады, бірақ біраз адамды әбігерге салатыны анық.
3. Адам өмірін жақсартушы, ләззатқа бөлеуші қажеттіліктер - люкс қажеттіліктер. Мысалы: қымбат көлік, зәулім үй және шетелде қыдыру т.б. Бұлар болмаса өмір жалғасады, қиындық туындамайды.
Қаржылық тұрғыдан сауаты бар адамдар, қолындағы ақшасын алдымен бірінші деңгейдегі қажеттіліктерге, одан кейін екінші дәрежедегі қажеттіліктерін қамтамасыз етуге, бұлардан асса ғана үшінші деңгейдегісіне өтуге болады.
Ал бізде көбіне үшінші қажеттіліктерді алып алып, кейін бірінші қажеттілікке ақша таппай жүреміз…😅
Қайырлы күн!!!🇰🇿🇰🇿🇰🇿
Сәрсенбі сәтті күн болсын. 🇰🇿🇰🇿🇰🇿
Сізді бүгінгі сәрсенбінің сәтті күнімен қатар келген 25 ҚАЗАН "РЕСПУБЛИКА КҮНІ" мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. 🇰🇿🇰🇿🇰🇿
Бұл күн-ата бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған күн. Осындай маңызы бар тарихи думанда еліміздің туы асқақтап, келешегі көркейе берсін.🇰🇿🇰🇿🇰🇿
Сізге мереке қарсаңында деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілеймін. 🇰🇿🇰🇿🇰🇿
Ізгі ниетпен: Сағат Қанатұлы
Ғұламалар сөйлейді №14
~ Тәннің ләззаты — саулығында,
Жанның ләззаты — білімінде.
Фалес
Ғұламалар сөйлейді №13
~ «Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзетіп болмайды деген кісінің тілін кесер едім»
А.Құнанбайұлы
Ғұламалар сөйлейді №13
~ Шырылдауық шегіртке Ыршып жүріп ән салған. Көгалды қуып гөлайттап,
…..
Ала жаздай ән салсаң, Селкілде де, билей бер!
Бұл жерде айтылып отырған жаз мерзімі бейне бір адамның жастық шағындай. Жас кезінде өнер- білім жимай, өмірлік азық боларлық кәсіп үйренбей, уақытын тек көңіл кетерумен өткізген адамның күйін шегірткеге теңеп тұр. Ала жаздай еңбек етіп, тер төккен құмырсқа жастық шағын бағалап, уақыты мен еңбегін, жиғаны мен тергенін болашаққа инвестиция ретінде құйған адаммен теңелген.
Орыс ақыны И. Крылов
Аударған А.Құнанбаев
Ғұламалар сөйлейді №12
~ Тәннің сұлулығына ең жақсы шипалы дәрі — сергек әрі жайдарман көңіл күйі.
Кристофер Якоб Бустрём
Ғұламалар сөйлейді №11
~ Адамның түрлі қылығы болады: бірі бет- пішінін, мұртын, мүшесін, жүрісін, қасқа- бағын қолдан түзетіп, шынтағын көтеріп, қолын тарақтап әуре болмақ.
Біреуі атын, киімін «айран ішерім» деп, солардың арқасында сыпайы, жұғымды жігіт атанбаққа, өзінен ілгерілерге елеулі болып, өзі қатардағының ішін күйдіріп, өзінен кейінгілерге «әттең, дүние-ай, осылардың атындай ат мініп, киіміндей киім кигеннің не арманы бар екен?!» – дейтұғын болмаққа ойланбақ.
Мұның бәрі – масқаралық, ақымақтық. Мұны адам бір ойламасын, егерде бір ойласа, қайта адам болмағы – қиын іс. Кербез дегенді осындай «кер, кердең немеден безіңдер» деген сөзге ұқсатамын. Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәр- селермен озбақ. Онан басқа нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақтық.
Абай Құнанбайұлы
(18-қара сөзден үзінді)
🧏🏻♂️ Asyl Söz 📜 - 20
~ «Don’t work hard, work smart» деген қағида бар. Мағынасы: «Ауыр жұмыс істеме, ақылмен жұмыс істе», яғни ақылға сала оты- рып жұмыстың тиімді әрі өнімді жолын тап дегенді білдіреді.
SQ
