1 067
Subscribers
No data24 hours
+17 days
-2630 days
Posts Archive
Ғайбат – тілмен ғана емес, жүрекпен де жасалады
Аузың үндемей тұрса да, жүрегің “ол адам сондай…” депті ме?
Сонда сен – ғайбат айтып қойдың.
Себебі Алла – көңілдің ішін де көреді.
Ауру тек денеде ғана болмайды, мінезде де бар.
Егер біреуден жаман мінез көрсеңіз, оған шипа сұрап, дұға жасаңыз.
Оған жабысқан кеселден сізді сау еткен Аллаға мақтау айтыңыз
Адам бақытсыз болғанда ғана біреудің мінін теріп, сын айтқыш келеді.
бақыттарыңызды табыңыздар. іштеріңізден. діннен. жүректен💕
Repost from Абылай Кенжалы
Уа, Алла! Маған кең, адал, таза, дүниеге де, ақыретке де жеткілікті, мол, берекелі, жеңіл, қиындықсыз, ешкімге мұқтаж етпейтін ризық бер!
Сенің кең мейіріміңнен сұраймын, өйткені Сен: «Алланың мол мейірімінен игілік сұраңдар» – деп бұйырдың. Сондықтан Сенің аса мейіріміңнен, мол сыйыңнан үлкен ризық сұраймын.
(Ізгілердің ризық сұрау дұғасы)
Repost from Нұрсұлтан Рысмағанбет
Бүгін ораза ұстауды ұмытпаңыз.
Таң намазына 10 минут қалған кезде ауыз бекітіп, кешке дейін ораза ұстаймыз…
Repost from Абылай Кенжалы
Арафа күні – жылдың ең ардақты, ең абзал күні. Тіпті кей ғалымдар арафа күнін қадір түнінен де абзал деп айтқан. Сол себепті осы күні ораза мен дұғаға ерекше көңіл бөлуіміз міндет.
©️Әдһәм әл-Ғасими
Repost from Абылай Кенжалы
Арафа – тозақтан құтылудың ұлы күні.
Көптеген пенделердің тозақтан азат етілетін ең ұлы күні – Арафа күні.
Али ибн Әбу Талиб (Алла оған разы болсын) осы ұлы күні мына дұғаны жиі айтуды өсиет еткен:
«Уа, Аллаһым! Мені тозақтан азат ет! Маған адал әрі мол ризық бер! Және мені адамдар мен жындардың жамандығынан сақтай гөр!»
Қиындыққа душар болудың жалғыз жолы – күнә.
Қиындықтан шығудың жалғыз жолы – тәубе.
©️Али (радиаллаһу анһу)
Мінезі бар адам - жаман адам емес. Керісінше, мінезі жоқ адам - жаман адам. Орынды көрсете алу керек мінезді.
Қазіргі біздің жігіттердің менталитеті: мінезі жоқ, үндемейтін қыз алсам дейді. Ондайдың балалары ертең ыңжық болуы мүмкін. Бәрібір қанына тартады.
Ғұламалар айтқан, мінезі бар қыздардан қорықпаңдар, ұрпақтарың мықты болып шығады. Ол пысық болады. Балаң активный, энергичный болып шығады. Любой темадан шығып кете алатын болады. Тақуалықпен тәрбиелеп жібересің - керемет бала болады.
🗣️ Қабылбек Әліпбайұлы
📘 Неке бабы бойынша дәрістен
Азанның даусы жанға тыныштық сыйлайтыны сөзсіз. Тіпті кішкентай сәбидің өзі осы сезімді сезінетіндей✨💌
Кейбір сұрамаған дұғаларды да береді Алла Тағала, себебі не нәрсеге мұқтаж екеніңізді жақсы біледі… 💘
Өмірде екі жол бар, қайсысын таңдайсыз:
1. Мені еске алыңдар, Мен сендерді еске аламын (📖2:152)
2. Олар Алланы ұмытты, Алла да оларды ұмытты (📖9:67)
✨"Уа,Алла Тағалам! Қорықпайтын жүректен,тоймайтын нәпсіден,пайдасыз білімнен және қабыл болмайтын дұғадан Өзіңе сиынамын".
Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) дұғасы.
Адам намаз оқымаса не болады?🤔
Намаз – мұсылманның басты құлшылықтарының бірі және Исламның бес тірегінің бірі. Ол біздің Алламен байланысымызды нығайтады және рухани, моральдық, психологиялық тұрғыдан бізге пайда береді. Бірақ намаз оқымасақ, кейбір жағымсыз салдарлар туындауы мүмкін.
1. " Алланың разылығын жоғалту қаупі"
Намаз – бұл Алланың бізге парыз еткен бұйрығы. Оны әдейі орындамау үлкен күнә болып есептеледі. Құранда Алла Тағала былай дейді:
"Намаз оқымаушыларды азаптан сұрамай-ақ тозаққа тастаңдар" (Муддәсир сүресі, 42-43-аяттар)
2. "Рухани әлсіреу"
Намаз оқымау Аллаға жақындасу мүмкіндігінен айырады. Рухани тұрғыдан әлсіздік, тыныштықтың жоғалуы немесе мазасыздық пайда болуы мүмкін, себебі намаз адамның жанын тазартып, жүрегін тыныштандырады.
3. "Жақсылық пен берекеттен алыстау"
Намаз – өміріміздегі берекет пен жақсылықтың қайнар көзі. Намаз оқымау арқылы адам кейде жақсылықтар мен Алланың ерекше көмегінен айырылып қалуы мүмкін.
4. "Күнәлардың көбеюі"
Намаз адамды күнәлі істерден сақтайды. Құранда былай делінген:
"Расында, намаз арсыздықтан және жаман істерден тыяды"(Анкабут сүресі, 45-аят).
Егер намаз оқылмаса, күнәлі істерге бейімделу қаупі артуы мүмкін.
5. "Ақыреттегі жауапкершілік"
Намаз ақырет күні ең бірінші сұралатын амалдардың бірі. Пайғамбарымыз (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) айтқан:
"Құлдың ақыретте есепке алынатын ең алғашқы амалы – намаз. Егер намазы дұрыс болса, қалған амалдары да дұрыс болады. Ал егер намазы дұрыс болмаса, қалған амалдары да дұрыс болмайды"(Тирмизи).
Бірақ есіңізде болсын:
Алла өте мейірімді және тәубені қабыл етеді. Егер намазды қалдырып қойсаңыз да, ешқашан кеш емес. Қазірден бастаңыз, Алладан кешірім сұраңыз және ниеттеніңіз. Алла әрдайым құлдарының қайтып келуін күтеді. Пайғамбарымыз (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) айтқан:
"Алла өзінің құлы тәубе еткен кезде қатты қуанады"(Муслим).
Егер қазірден ниеттеніп, әрекет етсеңіз, Алла сізді кешіріп, тура жолға салары анық.
Құран - бақытты өмір сүруді үйретеді,
Құрансыздық - күйретеді!
@aqiqat_arnasy
Repost from ФАРИЗАМЕН HARMONY КҮНДЕЛІГІ ✨✍🏻
Жүрек кеңейсе, көре алмауды,
өсекті, қызғанышты алып тастасақ…
Ризық та өседі, дұға да қабыл болады, өмір де өзгереді…✨🙌
