Ambivert's Notes📜
Open in Telegram
Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, егер кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым.
Show more249
Subscribers
No data24 hours
+27 days
+830 days
Posts Archive
Repost from Sakenkyzy
Олжекең ауруға шалдыққан кезде маған: маған тұрмысқа шыққаныңа өкініп жатсың ба деген. Сол кезде: Уаллаһи ондай ой мүлдем ойыма келмеді. Қалай өкінемін. Дәл сіз секілді адамды жолықтырмас едім деп айтқан едім. Ол қуанып қалған еді…💔
Repost from Sakenkyzy
Олжекең ауырып жатқан кезде бауырлардың, жақындардың қолдауын қатты күтті. Ватсаптан смс келген сайын жалт етіп қарайтын “мені кім іздеді екен” деп. Жүрегім ауыратын еді…Бірақ пендеміз ғой тірі күнінде қадірін білмей Раббысына қайтқанда әттең деп қаламыз…
Ауырған адам көңілді қатты қалайтынын Олжекең ауырып жатқанда қатты түсіндім. Сол үшін де Алла (елшісі саллаллаху алейхи уасаллам) күнде кешке сахабаларынан: “бүгін қанша жетімнің басын сипадың, неше аурудың көңілін сұрадың?” деп сұрап отырған екен. “Аурудың емі- саудың сәлемі” деп те ата-бабаларымыз бекер айтпаған екен. Алла елшісінің өміріне де қарасақ, жоқ болып кеткен сахабаларын, тіпті басқа дін өкілі болса да артынан іздеп баратын болған.
Осы нәрсені ескеріп жүрсек екен…
Repost from Дастан Құрманбаев
Бұл жаланы естігендеріңде мүмін ерлер мен мүмін әйелдердің бір-бірі жайлы іштей жақсы ойда болып: «Бұл қып-қызыл жала!» – деп кесіп айтулары керек емес пе еді?
“Нұр” сүресі, 12-аят
Кто сражается с чудовищами, тому следует остерегаться, чтобы самому при этом не стать чудовищем. И если ты долго смотришь в бездну, то бездна тоже смотрит в тебя.
Олжас ұстазды өмірде көрмеген қаншама адам болсада көпшілік жамағаттың қайғырып,жүрегіміз ауырғаны рас…
Ал енді әлемдердің раббысы болған Алланың сүйікті елшісі Пайғамбарымыз дүниеден өткенде сахабалар қандай күй кешкенін елестету тіпті де қиын екен. Ойлаймын сахабалар сол нәрсеге шыдай алғандықтан сахаба болды деп. Ал бізге сол қиындық түссе көтере аламыз ба,жоқ па білмеймін….💔💔💔💔
Repost from Olzhas Hanafin
Кеше қызым бөлелерімен ойнап болғасын қасыма келіп, сүйіп, “әкетайым менің, саған көңіл бөлмей кеттім бе?” деп еркелетіп жатыр мені😅
Жаңа болса “жылағым кеп тұр” дейді. Неге десек, “әкетай ауырып жатыр” деп өкіріп жыласа бола ма?😭 Жұбатпадық, ішіндегісін шығарып алсын деп шамалы жылап алды.
Қыз деген бөлек қой💕
Ер адамның сауатты болғаны жақсы,бірақ жауапты болғаны маңыздырақ.
Бүгінгі естіген жақсы сөз.
اللهُّمَ إِنِّي أَعُوذُ بِكَ مِنَ الْحُبِّ بِلَا نِكَاحٍ
وَ إِنِّي أَعُوذُ بِكَ مِنَ النِّكَاحِ بِلَا حُبٍّ
Аллаһумма иннии а'уузу бика миналь хубби биля никаах,
Уа иннии а'уузу бика минан-никаахи биля хубб.
Уа Алла, ақиқатында сенен некесіз махаббаттан пана тілеймін, және сенен махаббатсыз некеден пана тілеймін.
Асылында ұстаздың айыбын шәкірті барынша байқамауы тиіс. Ұстазын әрдайым үлгі тұтып,оның кемшіліктерін жасыра білу қажет.
Бірақ
Шәкірттің ұстазға деген құрметін өз мақсатына пайдаланып , оның ұстазға аманат етіп бергін үміт-сенімін орға жығу және ондағы аманатқа қиянат қылу-исламға ғана емес,адамгершілікке де жат.
Адам өзіне ұстаз таңдарда өте мұқият болған жөн.
Ұстаз деп жүрген адамыңның өзі алаяқ біреу болып шығуы да бек мүмкін екен. Өмірде мұндайда болады екен ау.
