keregindial
Closed channel
барлық фото,видео тек сіздер үшін❤️💫 кез келген тақырыпта әңгіме айтуға болады, әрине жаман ойсыз✊🏼
Show more189
Subscribers
No data24 hours
-27 days
-530 days
Posts Archive
189
Әлеуметтік желідегі (инстаграм, тикток) өміріне алданбаңыздар. Олардың көрген қиыншылықтарын сен көрмедің. Дәл сондай олар сенің көрген қиыншылықтарыңды көрмеді.
Әр адамның өмірлік жолы әр басқа.
189
Маған тыныш адамдар ұнайды.
Әр сөзін ойланып сөйлейтін.
Ешқашан дауыс көтермейтін.
Мақтану үшін өмір сүрмейтін.
Тыныш қана өзінің өмірін сүретін.
Ешкімге зиянын тигізбейтін.
Мұндай адамдар мені шабыттандырады.
189
Repost from Абылай Кенжалы
Басқаға үлкен нығмет берілгенін көрсең: “Уа, Аллаһым! Оған нығметіңді арттыра бер” – деп дұға қыл.
Періштелер сен үшін де соны тілейді. Алланың нығмет үлестірудегі даналығына қарсы шықпа.
189
Баласы кетті соңғы ақтық сапарға
Отбасы түгіл халқы бос қарап оған жатар ма?
13 сатқын анасының көзінше
Қан аққанша басын ұрып екі жаққа шашар ма?
Енді айтшы қолдан келер не шара
Қолыңнан келетіні қан төгу ме бейшара
Адам құны болғаны ма сондағы
Бір бөтелке бір сыра?
Буының қалып, шірік болып шықсын сол тордан сүйегің
Әділеттік жоқ болғаннан төмен қарап күйемін
Жалмауыздар елімді жайпап жатқанда
Қалайша жымиып тұрып күлемін
189
💡Ойыңды түзе
Таң атысымен әлеуметтік желіге кіресің. Қандай жаңалықтар болды деп қарайсың. Бірақ ол жаңалықтар біз күткен жаңалықтардан тым бөлек етін.
Мәида сүресінің 32-аятында былай делінеді:
«Сондықтан Исраил ұрпақтарына: «Кім кісі өлтірмеген немесе жер бетінде бұзақылық жасамаған біреуді өлтірсе, ол барлық адамзатты өлтіргенмен тең. Ал кім бір адамды тірілтсе (өмірін құтқарса), барлық адамзатты тірілткенмен тең», - деп жаздық. Расында, оларға елшілеріміз ашық дәлелдермен келген. Бірақ содан кейін де олардың көбісі жер бетінде шектен шықты.»
Бұл аят жазықсыз адамды өлтірудің ауыр күнә екенін және адам өмірінің қаншалықты маңызды екенін көрсетеді.
Қоғам қалай түзелмек, адам түзелмесе?
Адам қалай түзелмек, ой санасы жетілмесе?
189
Мен сіздерді жақсы көремін!
Бар болғандарыңыз үшін. Қолдап әр кез жанымда болғандарыңыз үшін. Барлығы үшін рахмет!🫶🏻
189
Әлсіз бол тек Алланың алдында!
Әрбірімізге берілген Алланың бір қабілеті бар. Сол қабілетіңді қайрап, шыңына жет.
189
Repost from Абылай Кенжалы
Ең жаман әдет.
⠀
Оп-оңай қалыптастырып алуға болатын ең жаман әдет – әрбір қиындық сайын шегіне беру әдеті.
⠀
Сәл түсініксіз бола қалған кітапты жаба салу, бір-екі стресске түсірген кәсіпті жаба салу, бір-екі буыныңды ауыртқан жаттығуды қоя салу, бір-екі сәтсіздігіңе бола өмірлік мақсатыңнан тая салу.
⠀
Шегіне беруді әдетке айналдырма.
⠀
Иә, біз әлсізбіз. Әлсіз екенімізді мойындауымыз қажет. Алайда әлсіздігіңді мойындау деген шегіну емес, бәлки, ісіңді Аллаға тапсырып, тағы бір мәрте бағыңды сынап көру. Али Тантауи айтпақшы: «Әлсіздігіңді мойындаған сәтте, күшің бастау алады».
⠀
(Исламдағы тұлғалық даму)
189
Үйленудің бардығы махаббат деп кім айтты?
Махаббат деген - екі пайымды парассатты адамның сана биігінде жолығуы. Міне нағыз махаббат осы.
189
Мені ұмыттың ба жүрегімнің жартысы💔
Ал мен қайтқым келет сол айға🌙
Қара жерден мықты жүрегіңнің тартысы🌏
Сені ұмыту оңай ма…?🤍
189
Repost from Абылай Кенжалы
Алыптар секілді іс қалдыру үшін құмырсқалар секілді еңбек ету қажет.
©️Нежіп Фазыл
189
+2
2 күн бұрынғы банядан. Салмақ 74 келі болыпты. Түрімнен білініп тұрған болар😌
Шашымды алмай дәу қылып өсіргім келіп тұр. Өмірге бір келем ғо иә өсіріп көрсем бе екен?😎
