Иманды пенде🤍
Open in Telegram
999
Subscribers
No data24 hours
-87 days
-3130 days
Posts Archive
маршрут построен,
ваша следующая остановка Ахира,
подготовьте свой багаж, благих дел,
ибо рейс будет сорван на пол пути...
وقال بصوتٍ خافِت في السجود: إني ضائع ولا تترُكنّي يا الله!
он прошептал в земном поклоне: «О Аллаh, я потерян, так не оставляй же меня!».💔
Сағд ибн Әби Уаққастан (Алла оған разы болсын) риуаят етілген хадисте Алла Елшісі (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деп айтқан: «Бақытқа жетелейтін нәрселердің бірі: қарағаныңда көңіліңді көтеретін, жоқ болғаныңда оған оның өзін және мал-мүлкіңді сеніп тапсыратын – салиқалы әйел. Ал бақытсыздыққа жетелейтін нәрселердің бірі: қарағаныңда көңіліңе қаяу түсіретін, тілімен саған қарсы шығатын және жоқ кезіңде оған оның өзін әрі дүние-мүлкіңді сеніп тапсыра алмайтын әйел»
“Сендер адамдарға дүние-мүліктерің арқылы қуаныш сыйлай алмайсыңдар. Керісінше жарқын жүздерің мен көркем мінез-құлықтарың арқылы ғана қуанта аласыңдар”. (Бәззар)
“Ол (Алла тағала) қайсыбірің анағұрлым игі һәм сауапты іс істер екен деп, бәріңді сынап көру үшін өлім мен өмірді жаратты.” ("Мүлік" сүресі, 2)
“Иман екі бөліктен құралған бір бүтін нәрсе; оның бір бөлігін сабыр, екінші бөлігін шүкір құрайды”. (Шуабул-Иман)
“«Раббымыз – Алла», – деп, иман айтқаннан кейін (шынайы иманның талабына сай сенімі, ниеті һәм іс-әрекеттері түзу болып) тұп-тура жолмен жүргендер үшін ешқандай қорқыныш жоқ, сондай-ақ, олар әсте қайғы-мұңға душар болмайды”. ("Ахқаф" сүресі, 13)
“(Уа, Мұхаммед! Оларға Менің мына сөзімді жеткіз): «Уа, күнәға батып, өз-өздеріне жамандық жасауда шектен шыққан һәм өздеріне берілген түрлі нығметтер, сезімдер мен қабілеттерді орынды пайдаланбай зая қылған құлдарым! Алланың рақымынан үміттеріңді үзбеңдер! Өйткені, Алла барлық күнәларды кешіреді. Шүбәсіз, Ол – Ғафур (құлдарының күнәлары қаншалықты ауыр болса да тәубелеріне келген жағдайда өте кешірімді), Рахим (ерекше мейірімді)!»”. ("Зумәр" сүресі, 53)
Бір күні Мұхаммед пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сапарға шығады. Оның қасында әйелдерінен Умму Сәляма мен Сафия (оларға Алла раз болсын) болады. Күндіз жол жүргенде әрі түнде олар кезекпен Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қасында болып отырады. Бірде Умму Сәляманың қасында түнеуі керек болатын түні байқаусызда түйені шатастырып алып, ол (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Сафияның қасына жақындап, онымен біраз сөйлеседі. Бірақ бүгін оның кезегі емес екенін түсініп, бірден Сафияның қасынан кетіп, Умму Сәлямаға барады.
Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Сафиямен әңгімелесуі әрі кешігіп келуі Умму Сәляманың шамына тиеді.
Үйленбей тұрып,басыңды бағалап жаныңды аялап жұмсақтық көрсетпеген жігіт,қолына қондырғасын аяқ астынан мейірімді,қайырымды болып кетпейді.Сондықтан,соқыр үмітке арқа сүйеп тұрпайы жанға тағдырыңызды тапсырғанша,жаныңызға жарасатын жартыңызды сабырмен күткеніңіз абзал!
©️Мұхамеджан Тазабек
Ассаляму алейкум
Қалайсыздар
Қасиетті жұма мүбәрәк болсын тілеген дұға тілектеріңіз қабыл болсын 🤲🤍
“Қандай да бір іске бел буғаныңда: «Мен оны ертең (міндетті түрде) істеймін», – деп, айтушы болма. Тек «иншалла (Алла қаласа немесе бұйырса), істеймін», – деп, айт. Олай айтуды ұмытып кеткеніңде, (есіңе түсе салысымен) бірден Раббыңды есіңе ал әрі: «Раббым маған туралыққа ең жақын болған істі аз ғана уақыт ішінде істеуді нәсіп етер, деп, үміт етемін», – де-гін”. ("Кәһф" сүресі, 23-24)
“Сондай-ақ, біреудің күнәсін біреу арқалап, біреудің қарызын біреу төлей алмайтын, ешкімнің шапағаты қабыл болмайтын (яғни біреу біреуге шапағат етіп, араша түсе алмайтын), ешкімнен (азаптан құтылуы үшін) ешқандай підия, төлем алынбайтын және ешкімге ешқандай жәрдем берілмейтін (әркім өз басымен қайғы болатын) алапат күннен қорқыңдар һәм алдын ала сақтаныңдар”. ("Бақара" сүресі, 48)
