Иманды пенде🤍
Open in Telegram
999
Subscribers
No data24 hours
-87 days
-3130 days
Posts Archive
«Влюбленность - это болезнь, а её исцеление заключено в сочетании брака с тем, кого любишь»
الوقوع في الحب مرض والشفاء هو النكاح مع من تحب
موحد 🫀
пайғамбар ﷺ үйдегі уақытын үшке бөлетін болған:
- отбасына;
- өзіне;
- адамдарға.
📚шамаиль мухаммадия.
пайғамбар ﷺ ұнатпайтын нәрсесін адамның бетіне айтып тастамайтын.
📚 шамаиль мухаммадия.
Расулаллаға пайғамбарлық түскеннен мүшіріктер тыным бермеді. Бірде Раббымыз Пайғамбарымызға (ﷺ )Жәбрейіл арқылы хабар беріп, сол түні һижрет етуіне әмір берді. Сол түні һижреттегі жан серігі Әбу Бәкір болды. Ол Пайғамбарлар падишасымен (ﷺ) бірге һижрет ететінін естігенде, қуаныштан көз жасын төкті. Өліммен ұласуы мүмкін қатерлі сапарға шығатынын естігенде, қуаныштан көз жасын төгу не деген жанкештілік десеңізші!
Ардақты елші (ﷺ) сол түні өзінің төсегінде Әлиді қалдырып, Әбу Бәкір екеуі ел көзінен жасырынып жолға шықты. Олар Сәур тауына қарай бет алды. Әбу Бәкірдің көңілі толқып Адамзаттың ардақтысына (ﷺ) зиян келмесін деп қобалжыды. Мүшріктердің оларды байқап іздеріне түсуі мүмкін еді. Ол өзін мүлдем ұмытып, тек қана Пайғамбарымызды (ﷺ) ойлаумен болды. Ардақты елшінің алдын орағытып, артынан түсіп, оңына бір, солына бір шығып, кенеттен келуі мүмкін қатерге қарсы қорған болуға тырысты. Олар түннің бір уақытында Сәур тауындағы ішіне адам кірмеген үңгірге келіп жетті. Оның іші құрт-құмырсқа, жылан мен шаянға толы еді. Үңгірге бірінші Әбу Бәкір кіріп, айналаны тексеріп, киімінің құрақтарымен тесіктерді бітеп шықты. Құрақ жетпегендіктен бір тесікті аяғымен бітеді. Алланың елшісі келіп оның қасына отырды. Ардақты елші (ﷺ) көз шырымын алмақшы болып, оның тізесіне басын қойып, мызғып кетті. Қас қылғандай Әбу Бәкірдің тесікті бітеген аяғы жанын көзіне көрсетіп удай ашиды. Ауру жанына батса да Пайғамбарымыздың (с.а.с.) ұйқысын бұзып алудан қорқып, орнынан тырп етпеді. Бірақ, дызылдаған аяғы шыдатпай, еріксіз көзінен жас ыршып кетті. Нұрлы жүзіне тамған ыстық көз жасынан оянып кеткен Алланың Ардақты елшісі (ﷺ):
Саған не болды, ей, Әбу Бәкір? – деді.
Әке-шешем сенің жолыңда құрбан болсын, ей, Расулаллаһ! Аяғымды бір нәрсе шақты, – деді даусы қынжыла шығып (Ибн Әсир, әл-Кәмил фит-тарих, ауд. М. Бешир, Ерярсой, Истанбул, 1985, 2:419-420).
Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба Адамзат баласының бақыты үшін жіберілген Сүйікті пайғамбарымыз (ﷺ) мүбәрәк түкірігінен жаққан кезде хазірет Әбу Бәкірдің аяғының ашыған жері бірден тоқтады. Досының бұл жанкешті әрекетіне тебіренген Пайғамбарымыз (ﷺ):
– Ей, Аллаһым, қиямет күнінде Әбу Бәкірдің дәрежесін менімен бірдей қыл!– деді. Алла тағала осы үңгірде жасырынған екі мүбәрәк тұлғаны жаудың қолынан құтқару үшін өрмекші мен көгершінді пайдаланды. Алланың әмірімен өрмекші үңгірдің аузына тор тоқып, көгершін ұя жасады. Мүшріктер Пайғамбарымыздың орнын сипап қалды. Оны табу үшін ең мықты ізкесушілерді жалдап жолға шықты. Ізкесушілердің бастап жүруімен олар Пайғамбарымыздың тығылған үңгірінің аузына дейін келді. Үңгірдің аузындағы өрмекшінің торы мен көгершіннің ұясын көріп алданған мүшріктер ол жерге адам кіруінің мүмкін еместігін ойлап кері қайтты. Міне, құдіреті күшті Алла дүниеде ең әлсіз өрмекшінің торы мен көгершіннің ұясы арқылы Елшісін осылайша қорғап қалды.
Бірде Омар(р.а)мешітке таң намазына асығып бара жатса,оның алдынан жүгіріп бара жатқан 6жасар баланы көреді.
-Балам,қайда асығып бара жатырсың десе
-Мешітке -дейді
-Сен әлі кішкентайсың ғой намаз оқуға дегенде әлгі 6жасар бала:
-Кеше менімен құрдас бала өмірден өтті.Менде солай өмірден өтіп кетсем Аллаға не бетімді айтамын депті.
Омар(р.а) баланың сөзіне таңырқап қалыпты.
"Барлық адам баласы қателік жасайды.Қателесушілердің ең жақсысы тәубе етушілер".
[Тирмизи]
Құран кәрімде Адам (ғ.с.) пайғамбардан Мұхаммед (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) пайғамбарға дейін келген пайғамбарлардың аттары баяндалады. Олар: Адам, Ыдрыс, Нұх, Худ, Салих, Лұт, Ибраһим, Исмайыл, Ысқақ, Жақып, Жүсіп, Шұғайб, Һарун, Мұса, Дәуіт, Сүлеймен, Әйюб, Зулкифл, Жүніс, Илияс, Әлиасаъ, Зәкария, Жақия, Иса және Мұхаммед (әлеһис-салату уәсәллам).
Ибн Аббастан (Алла оған разы болсын):
«Бірде Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Маған Тозақ көрсетілді де, оның көпшілік тұрғындары күпірлік танытқан әйелдер болып шықты» деді. Одан: «Олар Аллаға күпірлік еткен бе?» деп сұрады. Ол: «Олар өздерінің күйеулеріне қатысты күпірлік көрсететін. Егер сен (сондай әйелдердің) қайсыбіреуіне ұзақ уақыт бойы жақсылық жасайтын болсаң, ал содан кейін ол сенен өзіне ұнамайтын бірдене көрсе, міндетті түрде: «Мен сенен ешқашан еш жақсылық көрмедім!» деп жауап берді».
(Бухари, Муслим).
Махаббат бар…
Сенбе дос, өз сертінде тұрмағанға,
Махаббат жалған десе бұл ғаламда.
Махаббат болмаса егер дала кезіп,
Мәжнүн Ләйлісі үшін жынданарма.
Махаббат теңеу емес өлеңдегі,
Емес ол аңыз болған ел ермегі.
Махаббат болмаса егер зарлап Жібек,
Қозы үшін сұлу Баян өлерме еді?
Ғасырлап дәуірлерден озғанда өлең,
Мүмкін бе, пәк сезімді жазбау деген?
Жыр кені Ұлы Абайдың жүрегінде,
Бітпеген бір ән кеткен Тоғжан деген.
Кей сорлы махаббатқа жолықпайды,
Ондайлар қиналмайды, торықпайды,
Аялап, шын қадірлеп көрмегендер,
Қызыл гүл солғанынан қорықпайды.
Күн біреу, нұрын төгер көктен жерге,
Қызғалдақ бір көктейді көктемдерде,
Шын бақыт екі айналып жолықпайды,
Көз жұмып, қолын сілтеп кеткендерге.
©️Ақұштап Бақтыгереева
Фатиха сүресінде "Әр-рахман әр-рахим" аятының келуі – "бисмиләһир-рахманир-рахимнің" Фатиха сүресінен емес екеніне дәлел.
Имам Табари "Жамиғул-баян" тәпсірінде
