Иманды пенде🤍
Open in Telegram
999
Subscribers
No data24 hours
-87 days
-3130 days
Posts Archive
"إن أردت أن تستيقظ سعيدا في الصباح، فاعرف مع من تتحدث ليلاً"
"Егер таңдарда бақытты боп оянуды қаласаң, түндерде кіммен сөйлесетініңді біл (мән бер, сақ бол)".
Тіршілікте жасалатын әрбір істің өзіндік мақсаты мен мәні бар.Мысалы,оқып-білудегі мақсат-мықты маман болып,өзіңе,еліңе,адамзатқа пайдаңды тигізу.Бұл-кіші мән.Ал осының бәрін Аллаһтың ризашылығы,яғни жаратылудағы түпкі миссияңды үшін жасау-“үлкен мән”.Абай айтқан “адамдықтың қарызы” дегеніміз,осы.Кемел адам-бар ғұмырын,әрбір ісін осылай Жаратқанның қалауына сай реттей алатын адам.
Ол “жүзімді күйеуімнен басқа ешкім көрмесін” деп жасырды,
Ал мен “әйелімнен басқа ешкімнің жүзіне қарамаймын” деп назарымды төмен түсірдім.
Бір күні Алла Елшісіне (с.ғ.с) бір бәдәуи келіп: “Қияметте адамды есепке тартатын кім?”-деп сұрайды. Ол: “Алла”-деп жауап береді. Әлгі адам: “Алланың Өзі есепке тарта ма?”-дейді. Алла Елшісі (с.ғ.с) “Иә”-деп жауап қайтарады. Сонда әлгі адамның күлімсірегені байқалады. Мұны бақылап тұрған Алла Елшісі (с.ғ.с): “Сені күлдірген не?”-деп сұрайды. Сонда әлгі кісі: “Алла тағала есепке Өзі тартатын болса,Оның мейірімі шексіз ғой! Ол-кешірімді!”-деп жауап береді.
Намазда Ибраһим ә.с-ға салауат айтудың себебі:
Ибраһим пайғамбар,Мұхаммед(с.ғ.с) пайғамбармен жетінші көкте кездескен кезде: “Ей,Мұхаммед,Үмбетіңе менен сәлем айтшы”,-деген екен.Ешбір пайғамбар олай айтпаған.Сол сәлемге құрмет ретінде,бізде сәлем айтамыз.
©️Нұрсұлтан ұстаз
“Уа, иман еткендер!.. Бір-біріңді аңдымаңдар және біріңді-бірің ғайбаттамаңдар!..” ("Хужурат" сүресі, 12)
Құранда 25 пайғамбардың есімі аталған
1. Хазіреті Адам (оған Аллаһтың сәлемі болсын): Адамзаттың алғашқы атасы әрі алғашқы пайғамбар.
2.Хазіреті Идрис(оған Аллаһтың сәлемі болсын): Хазіреті Адамнан(оған Аллаһтың сәлемі болсын) кейін Құранда аты аталатын пайғамбар.
3.Хазіреті Нұх (оған Аллаһтың сәлемі болсын): Хазіреті Адам (оған Аллаһтың сәлемі болсын) дүниеден өткен соң, адамдар уақыт өте келе хақ діннен шығып, жасанды пұттарға табынуға көшті.
4. Хазіреті Һуд (оған Аллаһтың сәлемі болсын): Йеменнің Хадрамут аймағындағы Ахкаф деп аталатын жерде өмір сүрген.
5. Хазіреті Салих (оған Аллаһтың сәлемі болсын): Шам мен Хижаз өлкесі арасында ғұмыр кешкен Самуд қауымына жіберілді.
6. Хазіреті Ибраһим(оған Аллаһтың сәлемі болсын): Ең ұлық пайғамбарлардың бірі. Кішкентай сәбилік шағында-ақ Аллаһтың бар екенін сезген.
7. Хазіреті Лұт (оған Аллаһтың сәлемі болсын): Хазіреті Ибраһимнің жиені, жас кезінде көкесі Хазіреті Ибраһимге иман еткен.
8. Хазіреті Исмайыл (оған Аллаһтың сәлемі болсын): Хазіреті Ибраһимнің (оған Аллаһтың сәлемі болсын) Хажар есімді әйелінен дүниеге келген тұңғыш перзенті.
9. Хазіреті Исхақ (оған Аллаһтың сәлемі болсын): Хазіреті Ибраһимнің бәйбішесі Сара анамыз көрген ұлы.
10. Хазіреті Яқуб (оған Аллаһтың сәлемі болсын): Хазіреті Исхақ пайғамбардың ұлы, Юсуф пайғамбардың әкесі.
11. Хазіреті Юсуф (оған Аллаһтың сәлемі болсын): Яқуб пайғамбардың (оған Аллаһтың сәлемі болсын) аса сүйікті ұлы.
12. Хазіреті Шұғайб (оған Аллаһтың сәлемі болсын): Пұтқа табынушы Мәдян қауымына пайғамбар етіп жіберілген.
13. Хазіреті Мұса (оған Аллаһтың сәлемі болсын): Перғауын түс көріп, Исрайл ұлдарының келешекте басына бәле болып жабысатындығынан шошынып, дүниеге келген ер баланың бәрін көзін жоюға әмір береді.
14. Хазіреті Харун (оған Аллаһтың сәлемі болсын): Хазіреті Мұсаның туған ағасы.
15. Хазіреті Дәуіт (оған Аллаһтың сәлемі болсын)
16. Хазіреті Сүлеймен (оған Аллаһтың сәлемі болсын)
17. Хазіреті Әйюб (оған Аллаһтың сәлемі болсын): Хазіреті Әйюб пайғамбар Шам маңында өмір сүрген адамдарға елші болған.
18. Хазіреті Зулкифл (оған Аллаһтың сәлемі болсын): Хазіреті Әлиасаның немере ағасының ұлы және сол кісіден кейін Исрайл ұлдарына жіберілген пайғамбар.
19. Хазіреті Юнус (оған Аллаһтың сәлемі болсын): Ассирия патшалығының орталығы болған Нинова халқын хақ дінге шақырушы.
20. Хазіреті Илияс (оған Аллаһтың сәлемі болсын): Исрайыл ұрпақтарына жіберілген елші.
21. Хазіреті Әлиаса (оған Аллаһтың сәлемі болсын)
22. Хазіреті Зәкәрия (оған Аллаһтың сәлемі болсын): Хазіреті Яхя пайғамбардың әкесі. Хазіреті Мәриям ананың жездесі.
23. Хазіреті Яхья (оған Аллаһтың сәлемі болсын): Хазіреті Зәкәрия пайғамбардың қартайған шағында көрген перзенті.
24. Хазіреті Иса (оған Аллаһтың сәлемі болсын): Аллаһтың бір мұғжизасы ретінде әкесіз дүниеге келеді.
25. Хазіреті Мұхаммед (оған Аллаһтың сәлемі мен игілігі болсын болсын): Адамзатқа жіберілген соңғы пайғамбар.
Жарыңды жақсы көретініңді жария айту. Сахаба Амр ибн әл-Ас Алла Елшісінен (ﷺ): «Ең жақсы көретін адамыңыз кім?» – деп сұрағанда: «Айша», – деп жауап беріпті.
Әйелін жақсы көретінін өзгеге айту былай тұрсын, кейде өзіне айтуға «қысылып», сөз «шығындауда» сараңдығы жібермей қалатынын несіне жасырайық?!
“Ол – Ғафур (кешірімі мол), Уәдууд (құлдарын жақсы көруші және құлдары тарапынан да аса сүйкімді)”. (Буруж сүресі, 14)
