Иманды пенде🤍
Open in Telegram
999
Subscribers
No data24 hours
-87 days
-3130 days
Posts Archive
“Құранды оқып әрі оны жаттағандарға құрмет көрсетіңдер. Оларға құрмет көрсеткен – маған құрмет еткен болады”. (Дәйләми)
“Ал тақуа жандар болса, жәннат бақшаларында сан алуан нығметтерге бөленуде. Раббыларының өздеріне берген (сан алуан) нығметтерінің қызығына батады. Сондай-ақ, Раббылары оларды жалын атқан жаһаннам азабынан сақтайды”. (Тур сүресі, 17-18)
📚Ибн Абидийн “Хашия” атты кітабы:
Әйел адам өзінің жұбайын:
«қожайын» деген сияқты дәріптейтін есімдермен атауы керек.
📚Әл-Хаскифи
“Дуррул-Мухтар” атты кітабы:
Әйел адамның өз жұбайының есімімен шақыруы мәкруһ болады.
Әйел күйеуі үшін жауһар тас, ал басқа еркектер үшін алтын іспетті болуы керек. Себебі, алтын ерлерге харам, ал жауһар тас тек оны күтіп ұстаған адамның қолында ғана жарқырайды.🤍Жар таңдауда тағы қалай дұға етуге болады?
Осы сауалға Махмуд Эфенди әл-Уфий (Алла ғұмырына береке берсін) былай деп жауап берген екен:
"Аллаһым! Менің қалыңдығымды өзің таңдап берші!"
Бұл өзінің бүкіл хәлін Раббысына тапсырған адамның дұғасы. Себебі, сіздің сыртыңыздағыны да, ішіңіздегіні де Жаратушыңыз жақсырақ біледі. Алла Тағаламен мәмілемізді түзеу арқылы ғана жақсылыққа кенеле аламыз.
Ілгеріде бір бауырдың жазбасы бар еді:
-Үйленбей жүргеніңнің себебін білесің бе?
-Жоқ...неде?
-Себебі, таңдауыңа татымайсың!
Қысқа диалог сынды жазба. Бірақ, мағынасы орасан.
Yalnızca Allah sizi iyileştirme gücüne sahiptir.
[Тек Алла ғана сізді жақсарту күшіне ие].
Жазбаны оқып болған соң "Жаманмын, лайықсызбын" деу емес...бәлки, өзгеру керек!
#қысқағибрат
Тақпас ешкім сіздегі сабырға мін,
Мұңайсаңыз жаныңыздан табылармын.
Қабақ шытсам, шытынып, ашуланбашы,
Мен сіздің қисық біткен қабырғамын.
Босатып алыңыз тағдырдың тұсауынан,
Сағыныштан ада қылыңыз, құса қылған.
Кең әлемге кей күні сыймай кетсем,
Жылу тауып алайын құшағыңнан.
Елігіңіз боларма едім еркелеген,
Тағдыр соны көп көріп желкелеген.
Содан да тұйықталып барам бәлкім,
Мінезім бар сондықтан келте бөтен.
Оған дағы қарамаңыз, сынама да,
Жанмын сіздің жазылған сыбағаға.
Шыдағанда басқаның барлығына,
Маған қалқам, хақыңыз жоқ шыдамауға.
Мені жаным жұмақтық есік көр,
Жан болайын жаныңда бесік тербер,
Мендік мінез ауырлық салмас үшін
Жұмыстан соң үйімізге кешікпей кел.
#өлең
Имам Тахауи "Әбу Жағфар" (Жағфардың әкесі) атымен танымал. Алайда оның Жағфар деген ұлы болғаны жайлы деректер жоқ. Оның Али есімді ұлы болғаны белгілі.
Бірақ, кейбір ғұламалар имам Тахауидің өзі – өзін "Әбу Жағфар" деп атағанын айтады. Бұл атты ол өзінің ұстазы Әбу Жағфар Мухаммад ибн Әбу Имранның құрметіне қойды делінеді.
Әлхамдулилля, Тахауи кітабы бойынша бірінші дәрісіміз өтті
Алла Тағаланың мына сөздеріне мән беріп, асықпай оқыңыздаршы:
أَحَسِبَ ٱلنَّاسُ أَن يُتۡرَكُوٓاْ أَن يَقُولُوٓاْ ءَامَنَّا وَهُمۡ لَا يُفۡتَنُونَ
Сонда адамдар «иман келтірдік» десе болды, (бұл өмірде) сынақтан сырт қаламыз, жайымызбен жүре береміз деп ойлай ма?
وَلَقَدۡ فَتَنَّا ٱلَّذِينَ مِن قَبۡلِهِمۡۖ فَلَيَعۡلَمَنَّ ٱللَّهُ ٱلَّذِينَ صَدَقُواْ وَلَيَعۡلَمَنَّ ٱلۡكَٰذِبِينَ
Шүбәсіз, Біз олардан бұрын өмір сүрген, иман келтіргеннің бәрін сынап бақтық. Әлбетте, Алла (иман еттім дегенде) сөздері мен ниеттерінде шынайы болғандарды анықтап біледі, ал өтірікшілерді, сөз жоқ, әшкерелейді.
أَمۡ حَسِبَ ٱلَّذِينَ يَعۡمَلُونَ ٱلسَّيِّـَٔاتِ أَن يَسۡبِقُونَاۚ سَآءَ مَا يَحۡكُمُونَ
Жоқ, әлде үнемі жамандық істейтіндер (яғни, мүміндерге істемеген жамандығы, көрсетпеген қорлығы қалмағандар) Бізден (жазамыздан) қашып құтыламыз деп ойлай ма? Олар қандай жаман (әрі қате) үкім шығаруда!
Әл-Анкабут сүресі, 2-4 аяттар
Адамның бір әлсіздігі-сол: кейде өз сырыңды басқа түгіл,өзіңе ақтара алмайтын кез болады.
Қайғырғанда өзіңді ең жақсы көретін адамға барасың дейді.
Ал қуанғанда өзің ең жақсы көретін адамға барасың дейді.
Бірақ екеуіде бірдей жағдай емес пе?!
Жақыным, қайғыңды бөлісетін біреудің бар екендігі қайғы емес, жылағанда жасыңды сүртетін, қисайғанда түзейтін, қысылғанда дем беретін, көңілің қысылғанда «мен сенің сүйенетін тірегіңмін» дейтін біреудің болмауы қайғы.
Қуанышыңды бөлісетін біреуді таппау қуаныш емес, жеңіске жетсең өзіңнен қатты жеңісіңе қуанатын, биіктесең саған баспалдақ болғанына разы болатын, өзі көлеңке де қап қойса да сенің жарыққа шыққаныңа мақтанатын адамның болуы қуаныш.
Жақыным!🤍
Әбу Узайна әс-Садфи (Алла оған разы болсын) риуаят еткен хадисте Алла Елшіс ﷺ былай деген:
«Әйелдеріңнің ең жақсысы – күйеуін жақсы көретін, жиі бала туатын, ерін мақұлдайтын әрі оған бойұсынатын әйелдер.
Ал әйелдеріңнің ең жаманы – өзінің сұлулығын басқаға көрсететін және менменшіл-тәкаппар әйелдер. Олар – екіжүзді мұнафықтар тәрізді. Олардың тек, тұмсықтары немесе аяқтары қызыл түсті шәуқарғаларға ұқсаған аз бөлігі ғана жұмаққа кіреді»
P/S: Ислам дінінде жақсы да жаман әйелдің сипаты айтылған. Бұл деген кемсіту емес, қайта керсінше дұрыс бағытты көрсетуі.
Болмайтындай құдды ешқандай күзде мін,
Баянсыздан басыма бақ іздедім.
Жүрегімді тазартайын кірлеген
Жалғыз күнәм болыңызшы сіз менің.
Парқын білмей махаббаттың торыққан,
Тағдыр- біреу. Мендік сана соны ұққан.
Уақытымды әдемілеп ұрлаған
Бақытым-ау!... Беймезгілде жолыққан.
Сөзім ғана қалған жоқ па көнеден,
Сізбен бірге бар бақытты көрер ем.
Бірақ санам уға бөгіп жатқанда
Сізге мұңнан басқа, Жаным, не берем?
Ел жатқанда өлеңімді бағалап,
Тұрушы едім тағдырымды қаралап.
Сол тағдырдан туындаған өлеңдер
Алмаса екен жаныңызды жаралап.
Болмайтындай құдды ешқандай күзде мін,
Баянсыздан басыма бақ іздедім.
Жүрегімді тазартайын кірлеген
Жалғыз күнәм болыңызшы сіз менің...
с любовью Janberikovna 🤍
#өлең
ас’саляму алейкум!✨
бүгін салауат айттыңыз ба?
әлі айтпаған болсаңыз,бірге айтайық☺️
“Аллахумма салли 'алә мухаммадин уә 'алә әли мухаммад”
Уа Алла! Мухаммедке және оның әулетіне салауат жолдай гөр!
Муғаз ибн Жəбəл: «Алланың елшісі (с.ғ.с.): «Ей, Алла! Маған Өз махаббатыңды, Сені сүйген пенделерінің махабба- тын, Сенің махаббатыңа жақындататын амалды жақсы көруімді нəсіп ет! Махаббатыңды маған салқын судан да жақсы көрсет!», – деп дұға қылатын» – деген хабарды жеткізген (Термези).
Бір ғалым қабірстанға келіп, былай депті: "Лә иләһә илләлЛлаһ! Мында жатқан әр адамның бітпей қалған ісі бар, ол оны: "ертең істей саламын" деп қалдырып қойған еді".
Ибн әл-Жаузи, "Хифзул умур", 59-бет
