Иманды пенде🤍
Open in Telegram
999
Subscribers
No data24 hours
-87 days
-3130 days
Posts Archive
“Кісінің тірі кезінде бір тиынды садақаға беруі – өлгелі жатқанда жүз тиынды садақаға бергенінен әлде қайда қайырлы”. (Әбу Дәуіт)
«Сәждені көбірек жаса, әр сәжде жасаған сайын Алла сенің дәрежеңді жоғарылатады және сенің күнәңді өшіреді»
Кез-келген ер адам сыйластыққа, құрметке мұқтаж.
Кез-келген әйел адам махаббатқа мұқтаж.
Әрине, әуелі Алла)
Жақсы әйел ерінің рұқсатынсыз үйінен шықпайды. Тек қана 7 жерге ерінің рұқсатынсыз шыға алады:
1.Ата-анасын көруге;
2.Ата-анасы ауырып, солардың қалын білуге;
3.Жақын туысы қайтыс болса;
4.Туған бауырларын көруге;
5.Әйелдерді босандыратын болса; 6.Мәйіт жуатын болса;
7.Біреуге қарыз болса,әлде оған біреу қарыз болса.
Пәк сезімдер уақытпен еш өзгермейді,
Көздерімде сенен өзгені көзге ілмейді.
Жер бетінде жеті миллиард адам болса,
Ешбірі сенің көлеңкеңе де тең келмейді.
Бөле алмас, сен барда ешкім жолдарымды,
Иә, сеземін, мен жоқ кезде тоңғаныңды.
Жарығым-ау, сақта өзіңді өзгелерден,
Ұстамасын менен өзге адам қолдарыңды.
Қай сәттеде табыламын қастарыңнан,
Өзге жанға арнамаймын басқа бір ән.
Сақалыңмен жалғасқан біте бойлап,
Мен иіскейін қою қара шаштарыңнан.
Қиындыққа шыдаймын, тек сен берілме,
Сене білші, Алланың айтқан сөздеріне.
Өзге әлемге әкететін қою қоңыр-
Тек мен қарайын сенің ғажап көздеріңе.
Сен жанымда болған кезде салайын ән,
Мен келгелі арыласың, мұң қайғыңнан.
Тағдырыма Алла жазған ерек етіп,
Мен сүйейін, сенің әйбат маңдайыңнан.
Бастамастан, маған тағы жеңіл деме,
Жаным-ау, біз пендеміз, сезім- кеме.
Өлеңменен алысқа баралсақта-
Некесіз жақындама маған мүлде.
©️Janberikovna
(болашақ адамыма оқытамын Ин Ша Аллаһ)
#өлең
Адам қалай өледі,Алланың алдында солай тіріледі.
Соңғы сәт мәңгілік өміріңнің қандай болатынының көрінісі.Ал адам қалай өмір сүрсе,солай өледі.Адам қалай өледі,Алланың алдында солай тіріледі.Күнә істеп тұрған күйде өліп кеттіңіз бе-Алланың алдында сол күйде тірілесіз.Әр сәтімізде өлімге дайын болатындай өмір сүруіміз керек.Себебі,кімнің ажалы қашан екенін Алладан басқа ешкім білмейді.Ал қабірдегі сұрақтарға осы өмірде амал еткен адам ғана жауап бере алады.Жан алушы періштенің сізге көркем бейнеде келгенін қаласаңыз,өміріңізді дұрыс сүріңіз.Күнәхар,кәпір адамға періште ең қорқынышты түрмен келеді.Бірақ,мақсатымыз Алланың разлығы болу керек.Тозақ отынан,жан алушы періштеден,Алланың қаһарынан,жазасынан емес,Алланың разлығын ала алмай қалудан қорқынышта болуымыз керек.Осы уақытқа дейін өлімнен қорыққаным,өлуге дайын болмағанымнан екен..
البعضُ يُؤمن بأنّ العينَ حقٌ أكثرَ من إيمانه بأنّ اللهَ خيرُ الحافظين.
кей адамдар Аллаһтың ең жақсы сақтаушы екеніне қарағанда, көз тиюге қаттырақ сенеді.
шейх ‘Али ат-Тантауи.
Не влюбляйтесь.
Почему?
Алла уже написал ваше имя рядом с кем-то.
Так зачем же напрягаться и идти в неизвестность харамных отношений, если Алла уже идеально рассчитал, время, когда вы встретите свою вторую половинку.
Нет лучшего Планирующего, чем
Алла.
Сабр и Таваккуль. Любовь найдет вас тогда, когда вы меньше всего этого ждете.
Сөзіме сен, сенгендей Құранға шын,
Дәлел іздеп қайтеміз-бұған басым.
Жаныңда жүрмесемде әркез бірге,
Сен менің дұғамдасың, дұғамдасың..)
#өлең
Пайғамбарлық жасын неге 63 жас деп айтады керісінше 40 жас емеспе? Пайғамбарымыз 63 жасында өмірден өтті емеспе, оған пайғамбарлық 40 жасында берілдіғой деп 1 жұма бұрын ойланып толғанғам. Осы жаңа Қабылбек ұстаздың бір видеоролигін көріп едім дәл осы тақырыпты қозғап мен ойлаған нәрсені айтып жатырғанда өзіңді анандай ақылдылау сезініп қалады екенсің (дұрыс зат ойлайды екенмін димғой жаңағы🫢😂)
