en
Feedback
صرم افندي ✍️

صرم افندي ✍️

Open in Telegram

📝Пайдалы пост, өнегелі оқиға, сарказм мен мысқылға толы авторлық жазбалар.

Show more
4 300
Subscribers
-224 hours
-177 days
-8730 days
Posts Archive
Еркінбек қари Атырауда қызметте жүргенде аптасына бір күн мешітте Құраннан дәріс беретін. Көшеден үйренген самоучка тәжуидімізді түзетіп, жаттаған сүрелерді тексертіп алатынбыз. Фатихадан сүрініп, Нәсты ортасынан үзгенде, ойымыз сан жаққа секіріп, келесі аяты еске түспей, сасқан үйректің хәлін кешетінбіз. Бүгінгі Құран жарысын қарап отырып, қариларға іштей сүйсіндім. Шетінен сен тұр, мен атайындар. Кейбірі жаңылса не ұмытса да лезде түзеп әкетіп жатқандарын көріп, тамсанбасқа шара болмады. Алла қаласа, он жылдан кейін еліміздегі Құран жарысы басқа деңгейде өтеді. Марафон сияқты абсолюттен бөлек, жас категориясы бойынша да жеңімпаздар анықталады. Өзім бұйырса, +65 қатысамын деп отырмын…🤭😅

Кіндігін смайликпен жауып қоятын ахижандар мен бетін смайликпен жауып қоятын ухтишкалар - БІРДЕЙСІҢДЕР!

Биыл мүфтият “Үздік имам” дейтін жаңа сайыс бастапты. Әгәрәки мені діни басқарманың PR-менеджері қылып алғанында кемі бес жыл бұрын өткізуші едік…🤪

Ит адамның досы. Бірақ, адам иттің досы ма?🤔 Өмірде де солай. Сен біреудің дос санайсың. Бірақ ол үшін сен дос санатында емессің...

Жүз теңгең болғанша - жүз досың болсын! Сонда баяғыда дос тым арзан болған ба әлде теңге құнды болған ба?🤔 #әпендішілік

Осындай боп қалат та енді. Біз - намазхандар негізі бөлінбейміз. Өздері бөледі. Бізді ана сәбет үкіметі кезінде бөліп қойған:
Осындай боп қалат та енді. Біз - намазхандар негізі бөлінбейміз. Өздері бөледі. Бізді ана сәбет үкіметі кезінде бөліп қойған: “арабқұл” деп, “адасқан” деп жақтырмайды да. Адам болғасын танысамыз ғой басқа адамдармен. Сонда біреулері: “атеистпін” десе охооу деп…”тәңіршімін” десе уаа деп… сосын біз “намазханбыз” десек , ыыыһһ😱 Қор-қа-ды-ы! Бізден қорықпаңыздар😁 ✍️ threads желісінен

Балаға қазақша есім қойыңдар деп шулап жүргендер - иа, сөздері ішінара дұрыс. Бірақ олар ешқашан баласына “Мұқанбет, Абдолла, Қадиша, Бәтима деп қоймайды, қойғысы да жоқ. Одан арғысы, олардың дені қоғамда қазақы құндылықты ұстанушы уә насихаттаушы емес. Бата білетіні ілеу де біреу, Дәстүрден бес сауал қойсаң, үшке біледі. Сүйте тұра осындай сәтте ультраұлтшылдығы ұстап кетеді. “Өзің диуанасың, кімге пір боласың?” дейді мұндай да атам қазақ…

“Абайды Абай қылған Құнанбай” деген пікірге бес тиынымды қыстырғым кеп отыр☺️ Хәкім Абай 41 қара сөзінде былай дейді: “Қазаққа ақыл берем, түзеймін деп қам жеген адамға екі нәрсе керек. Әуелі - бек зор өкімет, жарлық қолында бар кісі керек… Екінші - ол адам есепсіз бай боларға керек.” Қажы Құнанбайда екеуі де болған еді. Ыбырайды Ыбырай қылған Балқожа би-тұғын. Шоқанның арғы атасы алты алашты билеген Абылай хан. Мағжанның әулеті ауқатты кісілер болған. Әлихан да қара тұяқ емес еді.… Әлбетте қарадан шыққан да тұлғалар жетерлік. Бірақ байлық пен шенді дұрыс жұмсай білсе, Абай болмаса да Абай тектсес тұлғалар өсер еді… Әй, бірақ қазір ол форумала жұмыс жасай ма екен?🤔 Оданша, Құнанбай болмаса да Бекболат ағамдыкі сияқты артыңды тірейтін бір дөкейің болса ғой, смело сөйлейтін…🤭

Жәннатқа кірсем, иншалла Человек Паук сияқты фык-фык етіп ұшсам ба деп отырмын. Бір хор қызын құшағыма қысып алып…😅🤪 #әпендішілік

Біреу ұрғашы деді ме..?👀

Hanafi.kz сайтын жүргізіп жүрген кезімде танымал бір шейхтың “Мен қалай ханафит болдым?” деген ұзын көлемді мақаласын қазақ тіліне аудардық. Мақаланың постерін атыраулық бір танымал дизайнерге жасаттым. Қызығы сол жігіт ярий ахи болып кетті кейін…😬😬😬 Бүгін тредсте әлдебіреуді боқтап отырғанын көріп қалып, осы оқиға есіме түсіп кетті…🥲

Ескі жұмыстас келіншек бар. Жолдасымен ұзақ жылғы некеден соң белгілі бір себептерге байланысты ортада бала барына қарамастан ажырасып кетті. Сол келіншік кейін жалғыз өзі жүріп жақсы ЖК-дан пәтер алды. Жақында марафонда жүздесіп қалдық, жүгірумен тұрақты айналысып жүр екен. Диета ұстап, бір пұттай арықтапты, қаладағы мен деген фитнес залға барады екен. Оған қоса, санына тату да салдыруды да ұмытпапты. Общым, апым бақытты да табысты өмірге бет бұрған екен. Қоштасып бара жатып “көп табысты әйелдің артында ажырасқан еркек тұрады” деген тәмсілімді іштей еріксіз қайталадым… #әпендішілік

“Орамалды қызбен танысу - акиматқа жұмысқа кіру сияқты. Тек таныс арқылы” - депті бір әпенді Тіредсте…😅 #әпендішілік

Repost from N/a
Үш әйелімен желіні шулатқан ахижан ӘҚБТК 456-2 бабының 3.1 тармағы бойынша хаттама толтырылыпты. Бұл тармақта 20 АЕК көлемінд
Үш әйелімен желіні шулатқан ахижан ӘҚБТК 456-2 бабының 3.1 тармағы бойынша хаттама толтырылыпты. Бұл тармақта 20 АЕК көлемінде айыппұл салу көзделген.

Бір сұрақтың жауабы ойлағандай болды…)

Абыздығым бекер емес қой…🤗
Абыздығым бекер емес қой…🤗

Мына ойым соңғы кезде қайта өзекті бола бастады…

Тағы бір блогер орамалын шешіпті…😢 Елде бір түсініксіз құбылыс жүріп жатыр. Бағамдай алар емеспін…

Құрбан айт келсе қойдың бағасын көтереміз. Гай келсе, аптечка мен огнетушитель құнын айқайлатамыз. Ковид келсе маска мен парацетомолды қымбаттатамыз. “Қазақтың бірінің біріне қаскүнем болмағының, бірінің тілеуін бірі тілеспейтұғынының… себебі - …. төрт аяқты малды көбейтеміннен басқа ойының жоқтығынан…” деп Абай қалай дөп айтқан дерсің…

Ахиватор - әрдайым уағыз айтып, діни мотивация жіберіп жүретін намазхан #жаңасөз