صرم افندي ✍️
رفتن به کانال در Telegram
📝Пайдалы пост, өнегелі оқиға, сарказм мен мысқылға толы авторлық жазбалар.
نمایش بیشتر4 226
مشترکین
-224 ساعت
-207 روز
-9330 روز
آرشیو پست ها
4 226
Тұру керек болса, тұрып бердік,
Өлгеніміз жоқ…
Мына әннің мүфтиятқа қатысы жоқ десең…🤭
#әпендішілік #хиджаб
4 226
Қазір орамалға қатысты «Ауғанстанға көшіп кетіңдер!» дейтіндер көбейді. Ойланып қоясың: Ауғанстандағылар өз ауғандарына «қайда көшіп кетіңдер?» дейді екен..?
Айтқым келгені басқа.
Ауғанстан сен мен біз ойлағандай әлсіз мемлекет емес. ХХ ғасырдағы ең үлкен держава КСРО-ға қарсы он жыл бойы берілмеді. Әлемді билеген АҚШ та жиырма жыл бойы Ауғанстанды бақылағысы келгенімен, ақыры әскерін шығарып тынды.
Біз жетпіс жыл бодандықтың салдарынан тіліміз бен ділімізден айырылудың аз-ақ алдында қалдық. Ал ауғандар қырық жыл қырғын көрсе де, ұлттық болмысын, тілін, дәстүрін сақтап қалды.
Ауғанстанға күлмес бұрын, сонау жүз жылдай бұрынғы зобалаңда талай ата-бабамыздың атамекенін тастап, Ауғанстанға қарай ауғанын да ұмытпаған жөн...
Бүгінгі Ауғанстандағы саяси ахуал мен рухани дағдарыс бір күнде пайда болған жоқ. Оның артында соңғы жарты ғасырдағы ішкі қақтығыстармен қатар, түрлі державалардың геосаяси ойындары жатыр...
Ал біз Ауғанстан туралы көбіне батыстық БАҚ көзімен білеміз. Ал, олардың әуселесі белгілі. Біздегілер, соларды оқып, еш фактчекиң жасамай, таратып жатыр. Ә так, Ауғанстанды іштей көріп, жаңалықтарды пуштун тілінен тікелей аударып отқан БАҚ біздің елде жоқ. Тәк что, сүрініп жатып, жығылғанға күлмейік.
Ауған да, қазақ та мың өліп, мың тірілген, тарихтың талай тезінен өткен тағдырлас халықтар. Әрине, Ауғанстанды ақтаудан аулақпын. Бірақ жалаң ой мен бірсарынды пікірлерді көріп, бір әу деуді азаматтық борыш санадым.
Сендер Ауғанстанға мүсіркей қарауларың мүмкін. Бірақ кейде тарихқа сәл тереңірек үңілсең, мүсіркеудің орнына құрмет пайда болады.
Ал ауғаниінің қазақ теңгесінен қымбат болып кеткенін көргенде, «әлсіз мемлекет» деген сөздің де салмағы азая түседі.
Айтпақшы, Қазақстан екі жыл бұрын «Талибан» қозғалысын террористік ұйымдар тізімінен шығарып тастады. Мұның өзі саясатта ақ пен қараның ғана болмайтынын көрсетеді…
4 226
Мүфтият жазбасын өшірді деп өкпелемеңіздер. Бастысы, діни басқарма өз үнін естіртті, ұстанымын көрсетті, наразылығын танытты. Жамағат көрді, оқыды, қолпаштады, бөлісті. Естуі тиіс жерлер бәлкім естіді.
Сондықтан бұл жерде процесс емес, нәтиже маңызды. Бастысы, соған фокус қойған жөн. Әйтпесе, “Құр айғай бақырған, Құлаққа ән бе екен” деп Абай айтпақшы, құр ұлардай шулай бергеннен әзір(!) нәтиже көрмедім, өз басым…
Десе де, шулай берген де жөн. Біздің елде жыламаған балаға точно емшек жоқ…
4 226
Исламды кемсіткен Баян әпшеме заң жоқ та, тойдағы әлдебір қарияның сөзіне заң бар екен.
Шерхан атам “Заң өрмекшінің торы. Мықтылар құтылады, әлсіздер тұтылады” деп қалай дөп айтқан дерсің..!
4 226
Ислам удобный дін емес. Сол үшін көп адамға дінсіздік, тәңіршілдік ұнайды. Ислам тәуекелдің діні. Сен Құдайдың қандай екенін білмейсің. Пайғамбармен жүздеспедің. Жәннат пен Тозақты көрмедің. Қабір азабын сезінбедің. Хор қыздарын да қалай елестетеріңді білмейсің. Бірақ сүйте тұра сол дінге берілесің, тірлігіңді исламға сай түзейсің.
Алла сол үшін Құранда “Шын мәнінде Алла тәуекелшілдерді жақсы көреді. “Алла сабырлылармен бірге” дейді.
4 226
Еркінбек қари Атырауда қызметте жүргенде аптасына бір күн мешітте Құраннан дәріс беретін. Көшеден үйренген самоучка тәжуидімізді түзетіп, жаттаған сүрелерді тексертіп алатынбыз. Фатихадан сүрініп, Нәсты ортасынан үзгенде, ойымыз сан жаққа секіріп, келесі аяты еске түспей, сасқан үйректің хәлін кешетінбіз.
Бүгінгі Құран жарысын қарап отырып, қариларға іштей сүйсіндім. Шетінен сен тұр, мен атайындар. Кейбірі жаңылса не ұмытса да лезде түзеп әкетіп жатқандарын көріп, тамсанбасқа шара болмады.
Алла қаласа, он жылдан кейін еліміздегі Құран жарысы басқа деңгейде өтеді. Марафон сияқты абсолюттен бөлек, жас категориясы бойынша да жеңімпаздар анықталады. Өзім бұйырса, +65 қатысамын деп отырмын…🤭😅
4 226
Кіндігін смайликпен жауып қоятын ахижандар мен бетін смайликпен жауып қоятын ухтишкалар - БІРДЕЙСІҢДЕР!
4 226
Биыл мүфтият “Үздік имам” дейтін жаңа сайыс бастапты. Әгәрәки мені діни басқарманың PR-менеджері қылып алғанында кемі бес жыл бұрын өткізуші едік…🤪
4 226
Ит адамның досы. Бірақ, адам иттің досы ма?🤔
Өмірде де солай. Сен біреудің дос санайсың. Бірақ ол үшін сен дос санатында емессің...
4 226
Жүз теңгең болғанша - жүз досың болсын!
Сонда баяғыда дос тым арзан болған ба әлде теңге құнды болған ба?🤔
#әпендішілік
4 226
Осындай боп қалат та енді. Біз - намазхандар негізі бөлінбейміз. Өздері бөледі. Бізді ана сәбет үкіметі кезінде бөліп қойған: “арабқұл” деп, “адасқан” деп жақтырмайды да. Адам болғасын танысамыз ғой басқа адамдармен. Сонда біреулері: “атеистпін” десе охооу деп…”тәңіршімін” десе уаа деп… сосын біз “намазханбыз” десек , ыыыһһ😱
Қор-қа-ды-ы! Бізден қорықпаңыздар😁
✍️ threads желісінен
4 226
Балаға қазақша есім қойыңдар деп шулап жүргендер - иа, сөздері ішінара дұрыс. Бірақ олар ешқашан баласына “Мұқанбет, Абдолла, Қадиша, Бәтима деп қоймайды, қойғысы да жоқ.
Одан арғысы, олардың дені қоғамда қазақы құндылықты ұстанушы уә насихаттаушы емес. Бата білетіні ілеу де біреу, Дәстүрден бес сауал қойсаң, үшке біледі. Сүйте тұра осындай сәтте ультраұлтшылдығы ұстап кетеді.
“Өзің диуанасың, кімге пір боласың?” дейді мұндай да атам қазақ…
4 226
“Абайды Абай қылған Құнанбай” деген пікірге бес тиынымды қыстырғым кеп отыр☺️
Хәкім Абай 41 қара сөзінде былай дейді:
“Қазаққа ақыл берем, түзеймін деп қам жеген адамға екі нәрсе керек.
Әуелі - бек зор өкімет, жарлық қолында бар кісі керек…
Екінші - ол адам есепсіз бай боларға керек.”
Қажы Құнанбайда екеуі де болған еді. Ыбырайды Ыбырай қылған Балқожа би-тұғын. Шоқанның арғы атасы алты алашты билеген Абылай хан. Мағжанның әулеті ауқатты кісілер болған. Әлихан да қара тұяқ емес еді.…
Әлбетте қарадан шыққан да тұлғалар жетерлік. Бірақ байлық пен шенді дұрыс жұмсай білсе, Абай болмаса да Абай тектсес тұлғалар өсер еді…
Әй, бірақ қазір ол форумала жұмыс жасай ма екен?🤔
Оданша, Құнанбай болмаса да Бекболат ағамдыкі сияқты артыңды тірейтін бір дөкейің болса ғой, смело сөйлейтін…🤭
4 226
Жәннатқа кірсем, иншалла Человек Паук сияқты фык-фык етіп ұшсам ба деп отырмын. Бір хор қызын құшағыма қысып алып…😅🤪
#әпендішілік
4 226
Hanafi.kz сайтын жүргізіп жүрген кезімде танымал бір шейхтың “Мен қалай ханафит болдым?” деген ұзын көлемді мақаласын қазақ тіліне аудардық. Мақаланың постерін атыраулық бір танымал дизайнерге жасаттым.
Қызығы сол жігіт ярий ахи болып кетті кейін…😬😬😬
Бүгін тредсте әлдебіреуді боқтап отырғанын көріп қалып, осы оқиға есіме түсіп кетті…🥲
4 226
Ескі жұмыстас келіншек бар. Жолдасымен ұзақ жылғы некеден соң белгілі бір себептерге байланысты ортада бала барына қарамастан ажырасып кетті. Сол келіншік кейін жалғыз өзі жүріп жақсы ЖК-дан пәтер алды. Жақында марафонда жүздесіп қалдық, жүгірумен тұрақты айналысып жүр екен. Диета ұстап, бір пұттай арықтапты, қаладағы мен деген фитнес залға барады екен. Оған қоса, санына тату да салдыруды да ұмытпапты. Общым, апым бақытты да табысты өмірге бет бұрған екен.
Қоштасып бара жатып “көп табысты әйелдің артында ажырасқан еркек тұрады” деген тәмсілімді іштей еріксіз қайталадым…
#әпендішілік
4 226
“Орамалды қызбен танысу - акиматқа жұмысқа кіру сияқты. Тек таныс арқылы” - депті бір әпенді Тіредсте…😅
#әпендішілік
