en
Feedback
Ilim_ordasy📚

Ilim_ordasy📚

Open in Telegram

Хадис,уағыз,жазба,насихат. Адамдарға әсер қалдырып үйрен. Әр Пост (жазба) Аманат. . Біз дүниеден өтіп кеткеннен кейін де адамдарға пайда беруін тоқтатпайтын арна болсын!

Show more
1 978
Subscribers
-324 hours
-297 days
-12730 days
Posts Archive
Тәрбиелілік, Бернард Шоу айтқандай, тек араздасқанда емес, қуанған мен қайғырғанда да, сондай - ақ жоспарсыз іске ойда жоқта жолыққанда да көрінеді

Repost from shakirt_jazbalary
Адамның қаншалықты тәрбиелілігін араздасып қалған кездегі мінезі анықтайды. Ал бәрі бірқалыпты өтіп жатқанда, әркім де өзін әдепті ұстай алады. ©️Бернард Шоу

Олардың жүректері жаралы, көздері жасқа толы, бірақта Аллаға сенімі мықты Аллаһ пейіште жолықтырсын🤲🏽

Ер жеткеніммен, еркелеп алам түсімде ғана… ӘКЕ ©️Батырхан Бекетұлы

Repost from shakirt_jazbalary
Жүйелі жамандық, жүйесіз жақсылықты озады

Мешітте аяқ киіміңіз жоғалса - бұл кішкентай мәселе. Үлкен мәселе - мешіттен аяқ киіміңіз мүлде көрінбеуі. Аяқ киіміңіз үнемі мешіттен көрінсін🤲🏼

Барлық ата - ана ақылы тасыған дана емес, бірақ барлық ата - ана жанашыр…

Шамаға емес талғамға қарайтын болдық. Қиялымыз қалтаға сай емес. Қолымызда түк те жоқ, ал қалауымыз жер жарады. Әркімнің жылтырағын көріп, көзбен көргенді қолымен ұстай алмай, қанша бала бұзылып кетті. Бәрі жетіп тұрса да бірдеңе жетпейді, әйтеуір. Әурет жабу үшін киінбейміз, күш жинау үшін тамақтанбаймыз, паналау үшін үй салмаймыз тек - жарыс…

Жүгірген кезде қалай демалу керек? Өткенде автобусқа мінгем, "Нағыз жігіт" кітабының алғашқы нұсқасын алуға баспаханаға қарай шыққанмын. Бір жігіт Kitapal Podcast-тан көрдім деп амандасып, ары қарай таныстық. Жасы 25-27-лердегі жігіт. Әңгіме барысында бірнеше баласы бар екенін айтты. Ерте үйленген бе деп туған жылын сұрадым. Сөйтсем 81-жылғы екен. Жасы 42-де. - Жас көрінесіз, - десем, - Бала кезден жүгірумен айналысамын, - дейді. Жүгірудің пайдасы ұшан-теңіз. Жарақат алу ықтималдығы жоққа тән. Ал жүгіру кезінде қалай демалуды білесіз бе? Біреуі мұрнымен, біреуі азуымен демалып жатады. Қайсысы дұрыс? Демалған кезде ауа өкпеге толады. Диафрагма (көкет) төмен түседі. Бос орын пайда болғаннан жүректің көлемі өседі. Көлем үлкейген соң жүрек ішіндегі қанның айналымы баяулайды. Оны байқаған жүректегі нейрондар миға ақпарат жібереді. Ми жүректің соғысын жылдамдатады. Демді шығарған кезде диафрагма жоғары көтеріледі. Орын тарылады. Жүректің көлемі кішірейеді. Қан айналым жылдамдайды. Нейрондар миға қайта ақпарат жөнелтеді. Ми жүректің соғысын баяулатады. Ал енді маңызды кеңес: 1) Жүгірген кезде мұрынмен демалған дұрыс. Мұрында қаншама рецепторлар бар, түктер бар, шырышты қабат бар. Ауаны сүзгіден өткізіп, жылытып, ішке дайын күйде жібереді. 2) Жүгірген кезде мұрынмен қатарынан екі рет ішке дем алу керек. Сосын барып демді шығарамыз. Неге екі рет? Бірінші демнен өкпе толса, екінші демнен өкпе көпіршіктері толады. Каденс деген бар, әр қадамның басылуы. Оң аяғың жерге тигенде - бірінші дем, сол аяғың тигенде - екінші дем, оң аяғың жерге тигенде - дем шығару. Осылай демалсаң шатаспайсың. Ақпарат пайдалы болса, бөлісіп жібер.

Халал азық " Кімде-кім бір кесек харам ас жесе, Аллаһ оның қырық түнгі намазын, қырық таңғы дұғасын қабыл етпейді. Харам аспе
Халал азық " Кімде-кім бір кесек харам ас жесе, Аллаһ оның қырық түнгі намазын, қырық таңғы дұғасын қабыл етпейді. Харам аспен қоректенген əрбір ағзаға ең лайықты орын -- тозақ болмақ... " 📔 Суюти, "Жəмиғу əл-Ахадис" تقدم Жасмин BLOGER https://t.me/bizbenomir

Уа Алла, Палестинадағы мұсылмандардың хәлдерін жақсарт. Уа Алла Палестинадағы және барлық жердегі мұсылмандардың хәлдерін жақ
Уа Алла, Палестинадағы мұсылмандардың хәлдерін жақсарт. Уа Алла Палестинадағы және барлық жердегі мұсылмандардың хәлдерін жақсарт, уа Ұлылық пен Кеңшілік иесі!

Өмір - ай…

Анаңмен шәй ішіп, әңгімесін тыңдап, көңілін аулау бізге жай нәрсе болғанмен, оларға үлкен қуаныш…

Repost from shakirt_jazbalary
Фақиһ Әбу Ләйс әс-Сәмәрқанди рахимәхуллаһ жасалған күнәнің адамға тигізер он зардабын былай атаған: 1.Жаратушысының бұйрығына қарсы шығып Раббысын ашуландырады. 2.Өзінің және Алланың жауы Ібілісті қуантады. 3.Жәннаттан алыстайды. 4.Жаһаннамға жақындайды. 5.Өзіне өзі қастық қылғаны. 6.Aлла Tағала тап-таза етіп жаратқан өзін ластағаны. 7.Өзіне қастық қылмайтын, керісінше зияннан қорғайтын Хафаза періштелеріне жаулық жасағаны. 8.Пайғамбарымыздыﷺ қамықтырғаны. Өйткені үмметінің амалдары қабірінде оған хабарланады. 9.Жер беті, күн мен түн оның күнәсына куә болады. 10.Бүкіл мақұлық атаулыға қиянат жасағаны. Өйткені жауын-шашын оның күнәсының кесірінен азаяды. Бұл бар-жоғы бір күнә жасағанның жайы. Ал күнәның неше түрін жасайтын адамның жайы не болмақ?!

Repost from N/a
🩻📙📃... Нəпсі инструкциясы Көлікті жөндеу үшін, алдымен оның құрылымы/ инструкциясын жақсы білу керек. Содан кейін ғана оны айдау, жөндеу оңай. Сол сияқты нəпсінің де құрылымын, оның сипатын жақсылап зерттеу, білу --- оны жеңудегі фундаменттің бірі. Адам ағзасындағы бұзылыстарды анықтау үшін де ең бірінші анатомия, биологияны біліп алу заң. Онсыз адамды емдеу мүмкін емес... Аллаһтың даналығы: əр жаратылысқа қолданылу инструкциясын көрсеткен. Бізге соларды жүйесімен, өз ретімен қолданып үйрену қажет Жауыңмен күресу үшін -- оны жақсылап таны. Оның əлсіз, күшті тұстарын айыра біл, күресте қолдануға болатын əрекет, əдіс, құралдарды таны https://t.me/napsimen_jumys_bloknoty

Алғашқы қар
Алғашқы қар

Кім өзінің жасырын күйін тәрбиелеп, түзесе, Аллаһ Тағала оның жария, сыртқы күйін жөнге келтіреді.