Almaty TV
Open in Telegram
«Алматы» телеарнасының ресми Telegram парақшасы Ресми сайт: https://almaty.tv Instagram: https://www.instagram.com/almaty.tv/ YouTube: https://youtube.com/c/AlmatyUS Facebook: https://www.facebook.com/almaty.tv Twitter: https://twitter.com/almaty_tv
Show more4 039
Subscribers
-224 hours
-217 days
-6230 days
Posts Archive
4 039
Концерт Энрике Иглесиаса начался в Алматы
В Алматы начался концерт Энрике Иглесиаса. Артист вышел на сцену под громкие аплодисменты и крики поклонников.
Шоу сопровождается масштабным световым оформлением и визуальными эффектами. Свет софитов и экраны создают динамичную атмосферу на протяжении выступления.
Фанаты активно подпевают артисту, танцуют и снимают происходящее на телефоны. Многие зрители заранее подготовились к концерту и знают слова популярных хитов Энрике Иглесиаса.
Концерт продолжается — со сцены уже звучат знакомые поклонникам песни, а зрители поддерживают артиста громкими аплодисментами.
4 039
Энрике Иглесиас концерті алдында Тазабек көрермендерді тазалық сақтауға шақырды
Алматыда өтетін Энрике Иглесиастың концертіне санаулы уақыт қалды. Орталық стадион маңына әншінің жанкүйерлері жиналып, суретке түсіп, достарымен кездесіп, көптен күткен шоуға дайындалуда.
Осы уақытта аумақтың тазалығын ерекше экологиялық көмекші – Тазабек маскоты қадағалап жүр. «Таза Қазақстан» бастамасы аясында ол концерт қонақтарын тазалық сақтауға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақыруда.
Тазабек қолындағы плакат арқылы көрермендерге қоқысты өзімен бірге алып кетудің және айналаны таза ұстаудың маңызын еске салады. Сондай-ақ пластикалық бөтелкелерді арнайы жинау және қайта өңдеу орындарына тапсыруға болатынын көрсетіп жүр.
4 039
Из Лос-Анджелеса в Алматы: поклонница Энрике Иглесиаса прилетела на концерт своего кумира
Сегодня вечером Центральный стадион Алматы наполнится музыкой и голосами поклонников Энрике Иглесиаса. Испанский певец и звезда латиноамериканской поп-музыки выступит перед алматинской публикой, а на концерт съезжаются поклонники со всего Казахстана и из разных стран мира.
Среди них - Кристина, которая специально прилетела из Лос-Анджелеса. Она признается, что является поклонницей Энрике еще со школьных лет. Ради встречи с кумиром она проделала путь через океан, чтобы услышать вживую песни, которые стали частью ее молодости.
«Я не первый раз в Алматы. Мне очень нравится этот город - он красивый, зеленый, здесь особенная атмосфера. Я очень рада, что концерт такой масштабной звезды проходит именно в Алматы», - поделилась Кристина.
До начала шоу у стадиона уже чувствуется предконцертное настроение: поклонники фотографируются, встречаются с друзьями и ждут выхода артиста. Совсем скоро Алматы вместе с гостями города будет петь главные хиты Энрике Иглесиаса.
4 039
Алматыда жылу магистралін қайта жаңғыртуға байланысты Арықов көшесіндегі қозғалыс уақытша шектеледі
Алматыда 2026 жылы 5 қыркүйек пен 10 қазан аралығында Арықов көшесінің Жетісу көшесінен Жангелдин көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы толығымен жабылады. Мұндай шектеу жылу магистралін қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу үшін қажет. Бұл туралы қалалық Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының өкілдері хабарлады.
Сонымен қатар, 12-25 қыркүйек аралығында Арықов және Жангелдин көшелерінің қиылысында көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Алайда Жангелдин көшесі толық жабылмайды. Шектеу тек оның Арықов көшесімен қиылысатын бөлігіне енгізіледі.
Жөндеу жұмыстары кезінде жүргізушілер Райымбек даңғылы мен Мақатаев көшесі арқылы айналып өте алады. Ал маңайдағы көшелердегі қозғалыс бекітілген жол қозғалысын ұйымдастыру сызбасына сәйкес реттеледі.
4 039
«Давно ждала этой встречи»: фанатка поделилась впечатлениями от концерта Энрике Иглесиаса в Алматы
Зрительница концерта Энрике Иглесиаса Диана поделилась своими впечатлениями от долгожданной встречи с артистом.
По её словам, она родилась на Кубе, говорит на испанском языке, однако уже много лет живёт в Шымкенте. Диана рассказала, что давно ждала возможности увидеть Энрике Иглесиаса вживую, поскольку он был её кумиром в молодости.
«Я очень долго ждала этой встречи с Энрике. Это мой кумир молодости», — поделилась фанатка.
4 039
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзге елдер басшыларымен бірге ашылу салтанатына қатысқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының барысын жіті бақылап отыр.
Мемлекет басшысы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов арқылы Қазақстан атынан Ойынға қатысушыларға ізгі сәлемін жолдап, достық пен әділдік рухында өтіп жатқан жарыстарда жарқын жеңіс тіледі.
Мемлекет басшысы бапкерлер мен чемпиондарға ризашылығын білдірді, сондай-ақ ұлттық құраманың ортақ табысына үлес қосқан барша азаматтың еңбегі еленетінін атап өтті.
4 039
+2
Алматының туристік әлеуеті MATTA Fair көрмесінде таныстырылып жатыр
Алматы Малайзияның Куала-Лумпур қаласында 4-6 қыркүйек аралығында өтіп жатқан MATTA Fair халықаралық туристік көрмесіне қатысып жатыр. Биылғы көрмеге 285 компания қатысып, 2 мыңнан астам стенд қойылған.
Ұйымдастырушылар іс-шараға шамамен 200 мың адам келеді деп отыр.
Алматы көрмеде Visit Almaty арнайы стенді арқылы таныстырылып жатыр. Келушілер қаладағы туристік бағыттармен, тау мен табиғат аясындағы демалыс орындарымен, мәдени нысандармен, ұлттық және заманауи гастрономиямен, сондай-ақ туристерге арналған инфрақұрылыммен таныса алады.
Экспозицияда Алматының басты ерекшелігі қаланың заманауи мүмкіндіктері мен таулы өлкенің табиғи сұлулығын бір арнада тоғыстыратын туристік әлеуетіне басымдық берілген. Сонымен қатар көрме қонақтарына қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрі, ұлттық тағамдары және Қазақстанның бай мәдени мұрасы таныстырылады.
4 039
🎾 Анна Данилина с победы стартовала на US Open-2026
Казахстанка выступает в паре с сербкой Александрой Крунич. Дуэт, получивший третий номер посева, в первом круге обыграл Алексу Гуарачи и Маяр Шериф – 7:5, 7:6 (9:7).
Встреча продолжалась ровно два часа. Во втором круге Данилина и Крунич сыграют с победительницами матча Татьяна Мария/Зейнеп Сонмез – Екатерина Александрова/Талия Гибсон.
4 039
Ахмет Байтұрсынұлы – ағартушылықтың, білімнің және елге қызмет етудің символына айналған ұлы тұлға.
Ол саналы ғұмырын қазақ тілін, білім мен ұлттық мәдениетті дамытуға арнады. Оның еңбектері ана тіліміздің қадірін арттырып, кейінгі ұрпаққа жаңа мүмкіндіктерге жол ашты.
Ғалым, ағартушы, ұстаз, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының мұрасы бізге елдің дамуы білімнен, мәдениеттен және әр азаматтың жауапкершілігінен басталатынын ұғындырады.
Ахмет Байтұрсынұлының мұрасы – ұрпақтар сабақтастығын жалғап, ел игілігі жолындағы жасампаз істерге жетелейтін құндылық.
Ұлтқа қызмет ету – ұлы мұрат.
Ахмет Байтұрсынұлының өнегесі – бүгінгі ұрпаққа аманат.
4 039
💻 Көлік саласы цифрлық платформаларға көшуде
E-Joldar және Smart Cargo жүйелері, көлік ағындарын цифрлық бақылау және интеллектуалды логистикалық шешімдер дамып келеді.
Мультимодальды тасымалдарды дамытуға, жасанды интеллект технологияларын қолдануға және жүктерді «жасыл дәліз» қағидаты бойынша жедел өткізуге ерекше мән берілуде.
🟦Көлік саласын жаңғырту автомобиль және теміржол желілерін, авиацияны, порттарды және цифрлық қызметтерді кешенді дамытуды көздейді. Бұл шаралар инфрақұрылымның өткізу қабілетін арттырып, тасымалдарды жеделдетуге және Қазақстанның транзиттік әлеуетін одан әрі нығайтуға мүмкіндік береді.
4 039
⚓️ Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымал көлемі 5,6 есеге артты
Соңғы бес жылда тасымал көлемі 800 мың тоннадан 4,5 млн тоннаға дейін өсті.
2030 жылға қарай Қазақстан теңіз порттарының өткізу қуатын 21,8 млн тоннадан 30 млн тоннаға дейін арттыру жоспарланып отыр. Ақтау және Құрық порттарын дамыту жұмыстары жалғасуда.
4 039
🛣 11 мыңға жуық шақырым автомобиль жолы құрылыс және жөндеу жұмыстарымен қамтылды
2026 жылы 3,4 мың шақырым жол салынып, республикалық маңызы бар 5 мың шақырымға жуық және жергілікті маңызы бар 2,4 мың шақырым жол жөнделуде.
Жаңа магистралдарды жүзеге асыру Қытай – Еуропа бағыты бойынша Қазақстан аумағы арқылы өтетін жүк жеткізу уақытын үш тәулікке дейін қысқартуға мүмкіндік береді.
4 039
✈️ Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін кеңейді
Қазақстан 32 елмен тікелей әуе қатынасына ие, ал авиациялық қауіпсіздік саласындағы ICAO стандарттарына сәйкестік деңгейі 95,7%-ға жетті.
Бүгінде әуежайларды жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр. 2026 жылдың соңына дейін Зайсан және Қатонқарағай аудандарында, сондай-ақ Кендірлі курорттық аймағында жаңа әуежайлардың құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.
4 039
📈 Көлік саласы еліміздегі ЖІӨ-нің шамамен 6,1%-ын қалыптастырып отыр
Кейінгі бес жылда саланың жалпы өнімі үш есеге жуық өсіп, 14 трлн теңгеден асты. Өсім тасымал көлемінің артуы, инфрақұрылымды жаңғырту және Қазақстанның транзиттік мүмкіндіктерін кеңейту есебінен қамтамасыз етілуде.
4 039
Алматының Жетісу ауданындағы 69 қоғамдық тамақтану нысаны экологиялық таза жабдыққа көшеді
Алматыда атмосфералық ауаның сапасына әсер етуі мүмкін нысандарға мониторинг жүргізу жалғасып келеді. «Eco Almaty» ЖШС мамандары моншаларды, қоғамдық тамақтану орындарын, техникалық қызмет көрсету станцияларын және басқа да нысандарды тексеріп жатыр.
Жетісу ауданында бүгінде 5 жекеменшік монша, 25 қоғамдық тамақтану нысаны және 11 техникалық қызмет көрсету станциясы тексерілді.
Қоғамдық тамақтану орындарына ерекше назар аударылады. Аудандағы осындай 91 нысанның 80-і әлі де қатты отынды пайдаланады. 2026 жылдың соңына дейін олардың 69-ын электр мангалдарына көшіру жоспарланып отыр.
2027 жылдан бастап III санаттағы бірқатар нысан үшін атмосфералық ауаны қорғауға қатысты жаңа талаптар күшіне енеді. Олар экологиялық тұрғыдан таза отын түрлерін пайдалануды, шығарындыларды тазарту жүйелерін орнатуды және белгіленген экологиялық талаптарды сақтауды көздейді.
4 039
✍️ Мемлекет басшысының өкімдерімен:
Нұржан Хажимұратұлы Каджиақбаров Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппараты Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;
Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппараты Басшысының орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;
Геннадий Иванович Зуев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппараты Басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.
4 039
✍️ Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Қалибекұлы Баймұқашев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Басшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
4 039
Бүгінгі ауа райы болжамы: Қазақстанның басым бөлігінде жылы әрі құрғақ ауа райы сақталады
Астанада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +8...+10°C, күндіз +27...+29°C.
Алматыда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +11...+13°C, күндіз +22...+24°C.
Шымкентте күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с-қа дейін. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +29...+31°C.
4 039
Алматыда Қала күніне орай GT SPORT FEST спорт фестивалі өтеді
6 қыркүйекте Алматыдағы «Астана» алаңында Қала күніне арналған GT SPORT FEST спорт фестивалі өтеді.
Фестиваль спорт пен жастарға арналған бірнеше бағытты біріктіреді. Бағдарламада 3×3 стритбол, киберспорт, BMX, брейкинг және стрит-дэнс бойынша би батлдары, воркаут, сондай-ақ «Формула-1» және картинг симуляторлары бар симрейсинг аймағы қарастырылған.
Спорттық бағдарлама сағат 12:00-ден 20:00-ге дейін өтеді. Сондай-ақ қонақтар үшін көрсетілімдер, ойын-сауық және концерттік бағдарлама ұйымдастырылады. Кештің хедлайнері – MC DONI.
Іс-шара Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өткізіледі.
