Almaty TV
الذهاب إلى القناة على Telegram
«Алматы» телеарнасының ресми Telegram парақшасы Ресми сайт: https://almaty.tv Instagram: https://www.instagram.com/almaty.tv/ YouTube: https://youtube.com/c/AlmatyUS Facebook: https://www.facebook.com/almaty.tv Twitter: https://twitter.com/almaty_tv
إظهار المزيد4 009
المشتركون
-324 ساعات
-197 أيام
-7130 أيام
أرشيف المشاركات
4 008
🤖 ИИ внедряется в малокомплектных школах
С 1 сентября пилотный проект стартовал в Павлодарской и Кызылординской областях и на первом этапе охватит 500 малокомплектных школ. До 2029 года технологии планируется распространить на все 2,5 тыс. таких школ. ИИ поможет подбирать индивидуальные задания, анализировать результаты и выявлять пробелы в знаниях, расширяя профессиональные возможности учителя.
4 008
🇰🇷Корея Республикасының Президенті бес жыл бұрын Кореяға халық қаһарманы, генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтаруға көмектескені үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, корей халқы бұл ізгі істі ұмытпайтынын әрі жоғары бағалайтынын жеткізді
🟦Ли Чжэ Мёң екі елдің сыртқы саясаттағы бағдары ұқсас екенін мәлімдеп, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге бейіл екенін растады.
– Корея Республикасы мен Қазақстан сыртқы саясаттағы ынтымақтастық аясын кеңейтіп, ұлттық мүдде мен нақты нәтижеге бағдарланған прагматикалық дипломатия ұстанады. Қазақстан – біздің экономикалық қауіпсіздік саласындағы маңызды серіктесіміз. Сіздің еліңіз тек энергетикалық және табиғи ресурстарға ғана бай емес, келешегі зор жоғары технологиялық салаларда да зор әлеуетке ие. Біз өндіріске арналған озық цифрлық технологияларымыз арқылы Қазақстан өнеркәсібін жаңғыртуға үлес қосуға әзірміз. Халықаралық ахуал бұлыңғыр кезеңде елдеріміз күш-жігер мен әлеуеттерін біріктіріп, ынтымақтастықты нығайтуға тиіс. Сондай-ақ өзара тиімді негізде экономикалық өсімнің жаңа мүмкіндіктерін табуы қажет, – деді Корея Президенті.t.me/aqorda_resmi
4 008
Президент сауда-экономикалық байланыстарды жандандыру перспективасына тоқталды
– Қарым-қатынасымыздың әр саласында жақсы нәтижелер бар. Осы уақытқа дейін Корея Қазақстан экономикасына12 миллиард доллардан астам инвестиция салды. Кореяның әлемге танымал компаниялары Қазақстан нарығында ойдағыдай жұмыс істеп жатыр. Біз оларға барлық жағдайды жасап отырмыз. Келешекте де солай болады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.🟦Президенттің айтуынша, екі елдің мәдени-гуманитарлық байланысы да жылдан-жылға нығая түсуде.
– Былтыр Қазақстанға 51 мыңға жуық корей азаматы сапармен келді. Бұған екі мемлекет арасындағы тікелей әуе қатынасының қарқынды дамуы айтарлықтай ықпал етуде. Арамызда ірі жоба пайда болды. Ол – Алатау қаласының құрылысы. Бүгін біз Алатау қаласында Кореяның KAIST институтының филиалын ашу туралы келісімге қол қоямыз. Бұл қадам білім мен ғылым саласындағы ынтымақтастығымызды тереңдетуге тың серпін береді деп ойлаймын, – деді Мемлекет басшысы.🟦Президент Астана мен Сеулдің халықаралық аренадағы ықпалдастығына жоғары баға берді.
– Мемлекеттеріміздің жаһандық орнықты даму және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесіне қатысты ұстанымы – ортақ немесе ұқсас, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.t.me/aqorda_resmi
4 008
🇰🇿🇰🇷Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ли Чжэ Мёң кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
🟦Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары ресми делегация мүшелерінің қатысуымен өткен жоғары деңгейдегі келіссөздермен жалғасты.
🟦Мемлекет басшысы Президент Ли Чжэ Мёңге Кореяға шақырғаны үшін ризашылығын білдіріп, бұл сапардың мән-маңызы ерекше екенін атап өтті.
– Біз Кореяны халықаралық абырой-беделі зор мемлекет ретінде жақсы білеміз. Сіздің еліңіздің экономика, ғылым және технология саласындағы орасан зор жетістіктерін бүкіл әлем мойындайды, солардың ішінде Қазақстан да бар. Біз Кореяда жүзеге асырылып жатқан ауқымды өзгерістерге куә болып отырмыз, оған үлкен қызығушылықпен қараймыз. Мұны Сіздің парасатты саясатыңыз бен корей халқының қажырлы еңбегінің жемісі деп санаймыз. Ал генерал Хон Бом До жөнінде әлгінде айттым. Халқыңыз үшін генералдың орны ерекше маңызды. Оның өмір жолы баршаға белгілі. Ол корей халқының нағыз патриоты, қаһарманы деп айтуға болады. Генералдың есімі Қызылорда қаласындағы көшелердің біріне берілді, сондай-ақ мемориалдық кешен ашылды. Қазақ халқы генерал Хон Бом Доны ерекше тарихи тұлға деп санайды, – деді Қазақстан Президенті.🟦Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы ынтымақтастық бұрын-соңды болмаған қарқынмен дамып келе жатқанына назар аударды.
– Былтыр телефон арқылы алғаш рет сұхбаттасып, өзара сенім мен достыққа негізделген стратегиялық әріптестікті одан әрі дамытуға келіскен болатынбыз. Ал бүгін екіжақты қарым-қатынасымызды болашаққа бағдарланған жан-жақты стратегиялық серіктестік деңгейіне көтеру жөнінде маңызды уағдаластыққа қол жеткіздік, – деді Мемлекет басшысы.t.me/aqorda_resmi
4 008
🇰🇿🇰🇷Корея Республикасының Президенті Қазақстан басшысына ілтипат білдіріп, оның Сеулге жасаған сапарына айрықша мән беретінін атап өтті
– Корея тарихында айрықша орны бар және қиын-қыстау кезеңде халқына қорған болған генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтару жөнінде шешім қабылдағаныңызға алғыс айтамын. Қазақ халқы кезінде жер аударылған корейлерге пана болды. Осы орайда Сізге және қазақ халқына ризашылығымызды білдіреміз, – деді Ли Чжэ Мёң.✔️Келіссөз барысында екі елдің жүйелі байланысты үзбеуге, бір-біріне жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендері айтылды. ✔️Кездесу қорытындысы бойынша мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Корея Республикасының стратегиялық серіктестігін нығайтуға және оны жаңа әрі нақты мазмұнмен толықтыруға ниетті екенін растады. t.me/aqorda_resmi
4 008
🇰🇿🇰🇷Қазақстан мен Корея Республикасының президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасына сапармен келуге шақырғаны үшін Ли Чжэ Мёңге ризашылығын білдірді.
– Корея Республикасы Қазақстанның стратегиялық серіктесі саналады. Халықтарымызды ертеден берік достық пен өзара түсіністік, тығыз мәдени-гуманитарлық қарым-қатынас байланыстырады. Елдеріміздің арасында тек достық орнаған, ешқандай дау жоқ. Алдымыздағы мақсат – екіжақты қатынастарды одан әрі дамыту. Бүгін таңертең жақсы бизнес-форум өтті. Менімен бірге Кореяға үлкен бизнес делегация келді. Әртүрлі салада өте тартымды жобалар жүзеге асырылуда. Жоспарымыз да өте мықты. Оның ішінде Alatau City жобасын одан әрі дамыту мәселесін жіті талқыладық. Бұл – шын мәнінде өте қажетті және маңызды жоба. Біз оған үлкен мән береміз. Қала мәртебесіне қатысты ережелерді Конституциямызға енгіздік. Заң тұрғысынан корейлік компанияларға барлық кепілдік беріледі. Қазақстанда корей ұлтының 120 мыңнан астам өкілі тұрады. Оларға барлық жағдай жасалған, корей диаспорасы – қоғамымыздың белсенді мүшелері, – деді Президент.✔️Мемлекет басшысы корей генералы Хон Бом Доға арнайы тоқталды.
– Хон Бом Доның тарихымен жақсы таныспын. Ол – нағыз қаһарман, отансүйгіш тұлға. Оны жадымызда сақтау үшін өзара парасатты іс атқардық деп айтуға негіз бар. Бұл оқиғаға жүз жылдан аса уақыт өтіп кетсе де, корей халқы өз генералын ұмытпағаны таңғаларлық жайт. Батырды есте қалдыру үшін оның сүйегін отанына қайтарып, азаматтық парызымызды орындадық, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.✔️Президент екі елдің түрлі бағыттағы ықпалдастығының қазіргі жай-күйі мен келешегін жоғары бағалады.
– Екіжақты қарым-қатынасқа тоқталсақ, сапар барысында 19 миллиард долларды құрайтын коммерциялық келісімдерге қол қойылды. Корей инвесторларының жұмысына көңіліміз толады, алдағы уақытта да осы бағыттағы байланыстарды жалғастырамыз. Қонақ үй, мұнай өңдеу зауытын салу және қала құрылысы бойынша жақсы жоспарларымыз бар. Әсіресе, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға ден қоямыз, – деді Мемлекет басшысы.t.me/aqorda_resmi
4 008
«Адал азамат», жауапкершілік және жасампаздық: Президент айқындаған құндылықтар Алматы студенттерімен талқыланды
Алматыда студенттермен Мемлекет басшысы айқындаған негізгі құндылықтар – адалдық пен жауапкершілік, заңға құрмет, отаншылдық, еңбекқорлық, білімге ұмтылу, бірлік, қоршаған ортаға ұқыпты қарау және жасампаздық мәселелері талқыланды.
Диалог QyzPU Студенттік Құрылтайының «Адал ой. Жауапты әрекет. Ортақ мүдде» ұранымен өткен алғашқы отырысы аясында ұйымдастырылды.
Кездесуге Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының өкілдері, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің басшылығы және студенттер қатысты. Негізгі тақырып – Президент айқындаған құндылықтарды жастардың күнделікті өмірінде іс жүзінде қолдану болды.
Қатысушылар «Адал азамат» қағидатын өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарау, оқу мен еңбекке адал болу, міндеттемелерді орындау және қоғамға пайда келтіруге дайын болу тұрғысынан талқылады. «Заң және тәртіп» қағидаты аясында заңды, өзге адамдардың құқықтарын құрметтеу және қоғам қауіпсіздігіне әр адамның жеке үлесі туралы сөз болды.
Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Кажденбек атап өткендей, бұл құндылықтардың нақты іс-әрекетке бағдар болуы маңызды.
4 008
🇰🇿🇰🇷Сеулге мемлекеттік сапармен барған Қазақстан Президентін Корея Республикасы Президентінің резиденциясында салтанатты түрде қарсы алды
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ли Чжэ Мёң бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды.
Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды.
t.me/aqorda_resmi
4 008
💰По итогам дневных торгов 15 сентября средневзвешенный курс доллара составил 447.88 теңге, понизившись на 0.06
Официальный курс доллара Национального банка на 15 сентября составляет 447.80 теңге.
По данным kurs.kz на текущий момент, курс покупки доллара в обменниках Алматы равен 448.5 теңге, продажи – 449.5 теңге.
4 008
🎾 Елена Рыбакина WTA Finals-2026 турниріне бірінші болып жолдама алды
Әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина теннисшілер арасында бірінші болып 2026 жылғы WTA қорытынды турниріне қатысуға кепілдік алды.
WTA Finals-2026 турнирі 8–15 қараша аралығында Индиан-Уэллсте (АҚШ) Indian Wells Tennis Garden корттарында өтеді. Жарысқа жекелей сында маусымның үздік сегіз теннисшісі және сегіз үздік жұп қатысады.
4 008
Тарихта алғаш рет УЕФА Суперкубогы Қазақстанда өтеді
📍 2028 жылғы УЕФА Суперкубогы өтетін орын анықталды.
Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының хабарлады.
Бүгін Салоникиде өткен УЕФА Атқарушы комитетінің отырысында қабылданған шешім бойынша маңызды матч «Астана Аренада» болады. Қазақстан футболы үшін бұл – ел тарихындағы айтулы оқиғалардың бірі.
⚽️ Суперкубокта УЕФА Чемпиондар және Еуропа лигасының жеңімпазы кездеседі.
4 008
🇰🇿 Безналичные платежи могут освободить от НДС в Казахстане
Предложение концептуально поддержали. Сейчас часть безналичных платежей, например карточные, уже не облагается НДС. В Нацбанке хотят выровнять условия, в том числе для единого QR.
Детали ещё обсуждают с правительством, окончательное решение примет Курултай, сообщил зампредседателя Нацбанка Бинур Жаленов.
4 008
🇰🇿🇰🇷Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Оңтүстік Корея Премьер-министрі Хан Сон Сук Alatau Smart City жобаларымен танысты
🟦Іс-шарада заманауи инфрақұрылым жасақтау, инвестицияға қолайлы жағдай жасау, цифрлық технологияларды енгізу және қаладағы қозғалыстың жаңа түрлерін ілгерілету секілді қаланы дамытудың негізгі бағыттары таныстырылды.
🟦Корейлік серіктестерді жобаны жүзеге асырудың нақты шараларына тартуға баса назар аударылды. Атап айтқанда, KIND, KAIST және Korea Airports Corporation компанияларымен K-Smart қалашығын құру, білім беру, R&D инфрақұрылымы, қалалық әуе қозғалысы, цифрлық модельдеу, сондай-ақ жасанды интеллект технологияларын енгізу салаларында бірлескен бастамалар ұсынылды.
🟦Бұдан бөлек, қаланың әуе қозғалысын басқарудың UAM/UTM жүйесі таныстырылды. Ол ұшқышсыз ұшу аппараттары мен аэротаксиді пайдалану мүмкіндігін қарастырады.
🟦Alatau City жобасы қала құрылысы, білім беру және зерттеу, өнеркәсіп пен логистика, цифрлық технологиялар, инвестициялық ынтымақтастық салаларын біріктіретін ашық халықаралық платформа саналады.
t.me/aqorda_resmi
4 008
+2
Жиын барысында Корея Республикасының Премьер-министрі Хан Сон Сук, Қазақстан-Корея Іскерлік кеңесінің корей тарапынан тең төрағасы Юн Джин Шик, Қазақстан-Корея Іскерлік кеңесінің тең төрағасы Нұрлан Жақыпов, Samsung Electronics компаниясының атқарушы вице-президенті Джо Сонг Чжэ, Shinhan Financial Group төрағасы Чжин Ок-Дон, CONTEC Co Ltd компаниясының негізін қалаушы және бас директоры Ли Сунг Хи, сондай-ақ Кореяның геологиялық және минералды ресурстар институтының (KIGAM) президенті Квон И Кюн сөз сөйледі.
t.me/aqorda_resmi
4 008
Қасым-Жомарт Тоқаев адам капиталын дамытудың маңызына баса мән берді
🟦Оның айтуынша, Қазақстан мен Корея университеттері 230-дан аса келісім жасасып, академиялық байланысты кеңейте түсті.
🟦Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы денсаулық сақтау саласында инвестициялық серіктестікке мүмкіндік мол деп санайды. Әсіресе, медициналық инфрақұрылым, фармацевтика, биотехнология және медициналық құрылғы өндірісі басым бағыттар ретінде аталды.
🟦Президент сөз соңында ондаған жылдар бұрын Корея экономиканың басты салалары бойынша әлемде көш бастап, соны серпіліс жасағанына назар аударды.
– Қазір Қазақстан түбегейлі экономикалық жаңғыру кезеңіне қадам басты. Жаңа салаларды, технологияны, зерттеу әлеуеті мен адам капиталын дамытуға күш салып жатырмыз. Бүгінгі кездесу және қол қойылған келісімдер анағұрлым ауқымды серіктестікке тың серпін береді деп сенемін. Корея бизнесін Қазақстанға белсенді инвестиция құюға шақырамын. Қазақстан Үкіметі Корея кәсіпкерлерінің еліміздегі әрбір пайдалы бастамасына жан-жақты қолдау көрсетеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.t.me/aqorda_resmi
4 008
Президент Кореяның іскерлік топ өкілдеріне Алатау қаласын дамыту мақсатында қабылданып жатқан дәйекті шаралар туралы мәлімет берді
🟦Жаңа орталық озық өнеркәсіп салалары пен инновация шоғырланған урбанистік және экономикалық хабқа айналуды көздейді.
– Цифрлық технологияларға, жасанды интеллектіге және заманауи инженерияға негізделген қаланы өркендетуге кореялық серіктестер белсенді атсалысып жатыр. KIND корпорациясымен бірге бас жоспарды және тұрғын үй аудандарын жобалаумен, сондай-ақ басқа да кореялық компанияларды ауқымды жобаға тартумен айналысып жатырмыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.🟦Мемлекет басшысының пікірінше, екі елдің серіктестігін ілгерілететін перспективті бағыттардың бірі – қаржы секторы. Сондай ақ ол ауыл шаруашылығы мен тамақ өнеркәсібінің де маңызына назар аударды.
– Біздің өнімдеріміз әлемнің 70-тен аса еліне тасымалданады. Біз Кореяға жеткізілетін бидай, майлы дақылдар, ет, сүт өнімдерінің, бал және басқа да жоғары сапалы тауарлардың экспорт көлемін ұлғайтуға әзірміз. Сондай-ақ Қазақстанның ауыл шаруашылығы әлеуетін Кореяның технологияларымен біріктіріп, агроөнеркәсіп саласындағы қосылған құн тізбегін қалыптастыруды ұсынамыз. Тамақ өнеркәсібінде ынтымақтастықтың берік негізі қаланды. Lotte Қазақстанның танымал шоколад брендтерінің бірі «Рахат» компаниясына инвестиция салғаны белгілі. Бұл кореялық бизнестің біздің нарықтағы ұзақмерзімді кәсібіне жарқын мысал бола алады. Біз аталған ықпалдастықты жоғары бағалаймыз және табыстарымыз еселене береді деп сенеміз, – деді Президент.t.me/aqorda_resmi
4 008
Мемлекет басшысы ортақ күн тәртібіндегі көлік және логистика саласының өзектілігіне назар аударды
🟦Оның айтуынша, Азия мен Еуропа арасын жалғап жатқан Қазақстан заманауи әрі тиімді көлік-логистика желісін қалыптастыру арқылы осы географиялық артықшылықтың игілігін көруді көздейді.
– Біз Транскаспий халықаралық көлік бағытының өткізу қабілетін, жылдамдығы мен сенімділігін арттыру үшін теміржол, автомобиль жолдарына, теңіз порттарына, терминалдар мен жалпы инфрақұрылымға қомақты қаржы құйып жатырмыз. Орта дәліздің дамуына Кореяның да үлес қосар кезі келді деп ойлаймын. Қазақстан елімізде заманауи логистикалық орталықтарды, мультимодальді терминалдар, қойма кешендері мен жеткізу тізбегін басқаруға арналған цифрлық шешімдерді дамытып жатқан CJ Logistics және LX Pantos секілді кореялық логистика компаниялардың қадамын құптайды. Аталған жұмысты ілгерілету үшін жаңа логистикалық жобалар мен бастамаларды жүзеге асыруға көмектесетін, сондай-ақ кореялық жүктердің еліміздің аумағы арқылы кедергісіз тасымалдануын қамтамасыз ететін Қазақстан-Корея бірлескен кәсіпорнын құруды ұсынамын. Қазақстандық Shin-Line компаниясы мен Lotte Global Logistics осы саладағы серіктестік жоспарын іске асыра бастағаны қуантады, – деді Президент.🟦Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект пен жаңа технологиялар саласындағы ынтымақтастық әлеуеті зор екенін айтты.
– Еліміздің жасанды интеллект саласындағы стратегиясында адам капиталы негізгі рөл атқарады. Технологиялық көшбасшылық, сайып келгенде, адамдарға және олардың инновацияны игеру қабілетіне байланысты. Осы орайда Сеул ұлттық ғылым және технология университетімен бірге Қазақстанда алғашқы Жасанды интеллект институтын құру бастамасын жоғары бағалаймыз. Біз Еуразиядағы ең ірі деректер өңдеу орталықтарының экожүйесін қалыптастыруға кірістік. «Деректер өңдеу орталықтарының алқабы» энергия ресурстарына бай Павлодар облысында орналасады. Жоба бір гигаватқа дейін қуатты қамтамасыз етеді. Кейін оның ауқымын тағы да кеңейтуге болады. Оған арнайы жер телімі бөлінеді және ұлттық суперкомпьютер қуатымен ұштастыруға мүмкіндік бар. Мақсатымыз – Қазақстанды Орталық Азияның басты есептеуіш технологиялар хабына және Еуропа мен Азия арасындағы алтын көпірге айналдыру. Бұл жоспар Кореяның технологиялық компаниялары үшін бірегей мүмкіндік береді. Жасанды интеллектінің қосылған құн тізбегіндегі барлық кезеңінде пайдасын көргіміз келеді. Сондықтан Қазақстан микроэлектроника және жартылай өткізгіштер өндірісіне қажетті материалдар мен компоненттердің сенімді жеткізушісі бола алады. Осы ретте Samsung Electronics және SK Hynix секілді саланың әлемдік көшбасшыларымен нақты ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік мол, – деді Мемлекет басшысы.t.me/aqorda_resmi
4 008
Қасым-Жомарт Тоқаев аса маңызды минералдар әлемдік экономиканың стратегиялық тұрғыдан маңызды әрі тез дамып келе жатқан секторы саналатынына назар аударды
– Қазақстанның жер қойнауында аталған стратегиялық ресурстардың мол қоры бар. Бұл өндірістің озық салаларында және басқа да табысы жоғары секторларда қазақ-корей ынтымақтастығын дамытуға жол ашады. Қазақстанның қазба байлықтарын игеруге Корея тарапы инвестиция салып қана қоймай, технологиялық тәжірибесімен бөліскенін де қуана құптаймыз. Бұл ретте қосылған құны бар толыққанды өндіріс тізбегін бірлесіп дамыту үшін «Ресурс – технология – өнеркәсіп» моделін ұсынамыз. Алматы қаласында ашылатын Сирек кездесетін металдар саласындағы технологиялық ынтымақтастық орталығы жаңа үлгі аясындағы серіктестікті қалыптастырудың қисынды қадамы болмақ. Ғалымдардың ортақ ізденісінің нәтижесінде ресурстық базаны зерттеу жұмыстары нақты өнеркәсіп жобасына ұласады деп сенеміз, – деді Мемлекет басшысы.🟦Президент екі елдің ынтымақтастығында энергетика саласы да маңызды екенін айтты. Ол кореялық компаниялар Қазақстанның энергетика секторына қызығушылық танытып отырғанын жоғары бағалады.
– Hyundai Engineering қазірдің өзінде Қарашығанақ газ өңдеу зауытының құрылысында жетекші рөл атқарады. Аталған жобаны кореялық компаниялардың біздің нарықта стратегиялық тұрғыдан ұзақмерзімді тұрақтап қалуына септігін тигізетін бастапқы қадам ретінде қарастырамыз. Газ өңдеу, мұнай химиясы, энергетика инфрақұрылымы және жаңартылатын қуат көздері секілді салаларда серіктестік аясын кеңейтуге айтарлықтай мүмкіндік бар. Әлемдегі ең ірі уран өндіруші ретінде Қазақстан атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалануда мол әлеуетке ие. Әлемдік энергетика секторында шағын модульді реакторлардың маңызы зор. Бізге де осыған айрықша мән берген жөн. Қазақстан Кореямен осы салада өзара тиімді ынтымақтастықты жолға қоюға әзір, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.t.me/aqorda_resmi
4 008
+3
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтар Президент Ли Чжэ Мёңнің жаңа өнеркәсіп стратегиясының, соның ішінде Three Mega Projects және Seven Major SEED initiative секілді бастамалардың іске асу барысын асқан қызығушылықпен бақылап отырғанын жеткізді
🟦Бұдан кейін Президент Қазақстанның экономикалық жаңғыру стратегиясына егжей-тегжейлі тоқталып, қазақ-корей қарым-қатынасын одан әрі ілгерілететін басым бағыттарды атады.
– Өнеркәсіп саласындағы ықпалдастық экономикалық серіктестігіміздің берік негізіне айналды. Бүгінде ортақ портфельде автомобиль құрастыру, машина жасау, металлургия және басқа да салаларды қамтитын 51 бірлескен жоба бар. Олардың жалпы құны 4 миллиард доллардан асады. Кореялық компаниялардың тәжірибесі Қазақстанның бәсекеге қабілетті әрі сенімді өндіріс алаңы екенін анық дәлелдеді. Былтыр елімізде 170 мыңға жуық автомобиль шығарылды. Бұл – ұлттық деңгейдегі рекорд. Оның басым бөлігі Hyundai және Kia компанияларына тиесілі. Елімізде аталған автобрендтердің жеңіл және жүк көліктері, автобустары құрастырылады. Бұдан бөлек, Қазақстанда кореялық тұрмыстық техника өндірісі өркендеп келеді. Қазіргі кезде Samsung тұрмыстық техникалары жергілікті зауыттарда өндіріледі. Осылайша, кореялық компаниялар елімізге көптеп келе бастады. Мақсатымыз – толықтай интеграцияланған, яғни, бөлшектердің, озық материалдардың, электр құрал-жабдықтары мен электрониканың жергілікті өндірісін түгел қамтитын, кең ауқымды Еуразия нарығына қызмет көрсете алатын өнеркәсіп экожүйесін құру. Кореялық компанияларды осы мүмкіндікті пайдаланып, Қазақстаннан өндіріс орындарын ашуға шақырамын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.🟦Құрылыс және қала дамуы ынтымақтастықтың тағы бір перспективті бағыты ретінде аталды.
– Сіздің ел құрылыс, инжиниринг және инфрақұрылымды дамыту салаларында әлемдік деңгейдегі тәжірибеге ие. Кореялық компаниялар күрделі жобаларды тез, сапалы әрі озық технологиялар арқылы іске асыруымен танымал. Қазіргі таңда Қазақстан инфрақұрылымды жаңғыртудың маңызды кезеңіне қадам басты. Біз көлік, коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымынан бастап тұрғын үй және әлеуметтік нысандарға дейінгі барлық бағытта құрылыс қарқынын жандандыруды жоспарлап отырмыз. Мұны Президент лауазымындағы басым міндеттерімнің бірі деп санаймын. Мақсатымыз – Қазақстанды алып құрылыс алаңына айналдыру. Аурухана, балалардың оңалту орталығы, көпбейінді медицина мекемелері, заманауи мектептер, спорт ғимараттары секілді әлеуметтік нысандар мен көлік инфрақұрылымын жетілдіруге ерекше мән береміз. Бұл – кореялық корпорацияларға тың мүмкіндік. Олар Қазақстандағы ауқымды жобаларға белсене атсалысады деп ойлаймыз. Үкіметіміз өзара тиімді шарттар негізінде жаңа кәсіпорындар құруға және инвестициялық бастамаларды ілгерілетуге бағытталған осы тектес ірі жобалардың нақты тізімін жасақтайды, – деді Президент.t.me/aqorda_resmi
