cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

📚Электронды кітаптар

📚Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы. 📒Бизнес кітаптар 📒Әлем мен Қазақ әдебиеті 📒Психология 📒Мотивация Dalanews экосистемасына кіреді Стоимость рекламного поста 25 000 тенге 📍Реклама @dalareklanabot

Show more
Advertising posts
33 748Subscribers
-2824 hours
-2097 days
-71330 days
Posting time distributions

Data loading in progress...

Find out who reads your channel

This graph will show you who besides your subscribers reads your channel and learn about other sources of traffic.
Views Sources
Publication analysis
PostsViewsSharesViews dynamics
01
Осы демалыста Алматы мен Астанада не істейміз? Күндерді қалай қызықты және тегін өткізуге болады? Оның жауабын алу үшін "Үйде жатпа!" телеграм арнасына жазылыңыздар! Алматыда сізді кинокеш, жәрмеңке, талк пен көрмелер, ал Астанада лекция мен көрмелер күтіп тұр. Осының барлығы тегін. Уақыттары мен өтетін орны сізге қолайлы. Сілтеме төменде https://t.me/uidezhatpa
2 7660Loading...
02
BEREKE BANK ҚАЗАҚ ЕЛІНЕ ("БӘЙТЕРЕККЕ") БЕРЕКЕ ӘКЕЛМЕДІ Енді оның қызығын арабтар (катарлық Lesha bank) көретін болады. Bereke Bank меншікті капиталының азаю қаупіне байланысты қазіргі акционеріне 2023 жылдың дивидендін төлеуден бас тартты. 2023 жылы банк 28,9 миллиард теңге таза кіріс алған еді. Алайда, оны әдеттегідей акционеріне ("Бәйтерек" холдингіне) аударса, онда меншікті капиталында қиындықтар туындап, тіпті қадағалаушының пруденциалды нормаларын орындауда қауіп төнетін болды. Bereke Bank осымен екінші жыл қатарынан дивиденд төлемей отыр. 2022 жылы да дивидендтер төленген жоқ. Ол кезде аты да, заты да ресейлік болған Сбербанк санкцияға ұшырап, тоқырап жатқан болатын. Экономика, өндіріс 👉@dalafinance Саясат, инсайдтар 👉 @dalainside
3 2841Loading...
03
Барлығымыз күтіп жүрген викторина! Кешкі сағат 18:00-де "Үйде жатпа!" арнасынан жіберіп алмаңыздар! Викторина сыйлықтарына кенеліңіздер! Киноға тегін билеттер алыңыз. Кино ғана емес, концерт, театрға да тегін бара аласыз! Баратын күнін, шараны да өзіңіз таңдайсыз! Ол үшін "Үйде жатпа!" телеграм арнасына төмендегі сілтемемен жазылыңыз. Викторина шарттары сондағы постта көрсетілген. Қатысыңыз, билеттер ұтыңыз!⤵️ https://t.me/uidezhatpa
1 8440Loading...
04
ЦЕНТРКРЕДИТ БАНКІНДЕ АҚША ҰСТАП ОТЫРҒАНДАР УАЙЫМДАЙ БАСТАДЫ ЦентрКредит банкі менеджерлерінің өз клиенттерінен ақша ұрлау фактілері анықталғаннан кейін, ондағы қауіпсіздікке сұрақтар туындауда. Журналист Михаил Козачков Алмалы аудандық сотының «БанкЦентрКредит» АҚ филиалы директорының орынбасары болып жұмыс істеген 26 жастағы Арслан Әжметовке қатысты үкім шығарғанын жазады. Ол небәрі 2 айдың ішінде салымшылар шотынан 240 миллион теңге шешіп алған. Әжметов пен оның адамдары WhatsApp арқылы банк менеджерлерінен есепшоттың сенімді нөмірін өзгертуді сұраған. Сол арқылы мобильді қосымшадағы парольдерді өзгертіп, клиент ақшаларын криптовалютаға аударған. Тергеушілердің айтуынша, Арслан көмекшілері арқылы әріптестерінен, банк менеджерлерінен қажет мәліметті сатып алған. Қазіргі таңда ЦентрКредит банкі менеджерлерінің түгелін тексеру қажет. Себебі, аталған банкте халық кемінде 2,2 триллион теңгенің депозитін ұстап отыр. Экономика, өндіріс 👉@dalafinance Саясат, инсайдтар 👉 @dalainside
2 2631Loading...
05
ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ НЕМЕН МАҚТАНАРЫН БІЛМЕЙ ЖАТЫР "Қазақтелеком" АҚ 2023 жылдың аудиттелген қаржылық есебін шығарып, манипулятивті пресс-релиз жариялады. Релизде "топтың табысы 2023 жылы 53,3 млрд теңгеге ұлғайып, 687,8 млрд теңгені құрады (2022 жылдың қорытындысы бойынша 634,5 млрд теңге). Өсім тіркелген байланыс сегментінде де, ұялы байланыс сегментінде де кірістің өсуі есебінен қамтамасыз етілді. EBITDA көрсеткіші 4,3% жақсарып, оның кірістілігі 43,3% құрады. 2023 жылғы таза пайда 104,4 млрд теңгеге жетті", - деп жазылған. Бірақ релиз тек выручка мен EBITDA туралы айтып, басқа негізгі көрсеткіштер туралы ләм-мим демейді. Выручканың тарифтың қымбаттауы есебінен өскені белгілі. Ол 8,4 пайызға артса, 2023 жылы инфляция 8,9% болды. Жалпы кірістің өсу динамикасы сонда инфляциядан да артта қалып қойған. Шын мәнінде Қазақтелеком тиімділігі нашарлап барады. 2022 жылы ұлттық компания 128,75 млрд теңге таза пайда алса, 2023 жылы 104,4 млрд теңге көрсетті. Минус 24 миллиард. Жәй акциясының баланстық құны 35 752 теңгеден 28 860 теңгеге құлдырады. Активтер, жеке капитал, выручка тиімділігі көрсеткіштері (ROA, ROE, ROS) жаппай құлаған. 2022 жылы ROA - 10,01%, ROE - 17,62%, ROS - 20,29% болған еді. 2023 жылы Қазақтелеком көңіл көншітерлік нәтиже көрсетпеген. ROA - 7,04%, ROE - 12,99%, ROS - 15,18% деңгейіне түсіп кеткен. Экономика, өндіріс 👉@dalafinance Саясат, инсайдтар 👉 @dalainside
3 0990Loading...
06
💰 Dala Finance жобасы іске қосылды Қазақстан экономикасы, мұнайгаз, тау-кен, қаржы саласы бойынша шолуларға маманданған Dala Finance телеграм арнасы ашылды. "Ол біздің DALA экосистемасының құрамына кіреді. DALA INSIDE бағыты барлық экономикадағы құбылыстарды қамти алмайтын болғандықтан, іскерлік бағытты бөлек дамытуға шешім қабылдадық. Әрі жарнама беруші серіктестердің тілегі осындай болды", - деді, экожүйе бас редакторы Думан Бықай. Қазақтілді жаңа арнаға жазылыңыздар. Алғашқы мың жазылушылар арасында бағалы сыйлықтар ойнатылмақ. 👇
4 6580Loading...
07
FORTE BANK ПРОЦЕНТСІЗ ТАБЫСЫН 17 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕГЕ ҚҰЛДЫРАТЫП АЛДЫ "Forte Bank" АҚ 2023 жылғы аудиттелген қаржылық есебін жариялады. Таза кіріс 116,4 миллиард теңгені құрады. Бұл 2022 жылғы көрсеткіштен артық (97 миллиард теңге). Бірақ, оның барлығы проценттік табыс, яғни кредит ставкаларының жоғары болуынан келген. Проценттік табыс 193,3 миллиард теңгеге жетіп отыр (2022 жылы - 128,6 млрд теңге). Forte Bank проблемасы - процентсіз табыстың өспеуінде. Яғни кредиттен басқа өнімдері операциялық табысты өсіре алмады. Банк 2023 жылы комиссиядан 36 миллиард кіріс алған, 2022 жылы да тура сондай нәтижемен шыққан еді. Шетел валютасымен операция жасаудан 32 миллиард тапқан. Бұл да 2022 жылғы көрсеткіштен 17 миллиард теңгеге аз. Forte банкінің 2023 жылғы табысы түгелімен процент кредиттерінің жоғары болуына байланысты болды. Егер биылдан бастап базалық ставка түсе бастаса және мемлекет ондай табысқа 25% салық салатын норма енгізсе, банктердің алтын дәуірі осымен бітетін болады. Экономика, өндіріс 👉@dalafinance Саясат, инсайдтар 👉 @dalainside
1 9110Loading...
08
☢️ Уран аралас су. Қазақстан Қауіпсіздік кеңесін шақыра ма? Экологтар мен Қазатомпромның атом мамандары тез арада жабық жұмыс тобына шоғырлануы ықтимал. Ресейдің Қорған қаласында қарғын су уран қалдықтары көмілген жерасты ұңғыларын шайып, Тобыл өзеніне аға бастады деген бейресми ақпарат тексеріле бастады. Қазақстанға ағатын Тобыл өзеніне дозиметрлік бақылау орнату шаралары қолға алынуын да жоққа шығармаймыз. Ең сорақысы, Тобыл өзенінің мол суы Қазақстандағы су қоймаларын толтырып жатыр. Су ресурстары мен ирригация министрлігі "Тобыл өзені каскадының ірі су қоймалары тасқын суын қауіпсіз өткізуді қамтамасыз етті және 92%-ға толды, бұл осыған дейінгі жылдармен салыстырғанда әлдеқайда артық. Осының арқасында су қоймалары ұзақ уақыт бойы аймақ тұрғындарын қажетті мөлшерде сумен қамтамасыз ете алады", - деп, қуана рапорт берген болатын. Ол су радиациямен уланған болса, Қазақстан мүлде күтілмеген, анағұрлым қауіпті проблемамен кездеспек. Тобыл каскадындағы су қоймаларынан ауыз су алмақ түгіл, оны ауылшаруашылығы мақсатында жұмсау Қостанай облысының бүкіл территориясын жарамсыз ете алады. Тобыл суы Жоғарғы Тобыл, Қаратомар, Амангелді, Желқуар, Қызылжар су қоймаларын толтыруда. Өзен бойында Жітіқара, Лисаковск, Рудный және Қостанай қалалары орналасқан. DALA INSIDE бұл мәселені жіті бақылап отыр. Инсайдерлермен тікелей байланыста болады 👇 https://t.me/dalainside
1 2851Loading...
09
🏗️ Сәтмағамбетов үшін жағдай ушықпақ. G-Park мәселесіне Премьер-Министр назар аударды ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов Үкімет отырысында "G-Park" құрылыс компаниясының Астанада 7 тұрғын үйді рұқсат құжаттарынсыз салып жатқанын мәлімдеді. Сонымен қатар осы үйлерге 3,5 отбасының қаржы салып қойғандығын айтты. Өндіріс және құрылыс министрлігі мәліметінше, проблема өршіп барады. Қазір ел бойынша 340 тұрғын үй кешені заңсыз салынуда. Астана мәслихатының экс-депутаты, G-Park басшысы Ғабит Сәтмағамбетовты үлкен проблемалар күтіп тұр дейді, DALA INSIDE дереккөзі. Премьер-Министр Олжас Бектеновтың дәл осы құрылыс компаниясын атап айтқаны, Сәтмағамбетовтың әр қадамын аңдып отырған құқық қорғау органдары үшін сигнал болуы да мүмкін. Одан бөлек, Астана әкімі Жеңіс Қасымбек те "Сәтмағамбетов мәселесін" тезірек шешуге ниетті. Сәтмағамбетовтың өзін жауапқа тартумен іс бітпейін деп тұр. Экс депутат көп нәрсені бүлдірген. Іс насырға шапса, мемлекетке оның нысандарын өз қарауына алып, құжаттарын реттеп, кепілдік механизмі аясында салып бітіруге тура келеді. Себебі, 3,5 мың үлескер әлеуметтік толқулар туғыза алатын күшке ие. Осының алдында Астана полициясы Сәтмағамбетов құрылтайшы болып табылатын "Нұр-Сұлтан Финанс" ЖШС үлескерлерінің арызы бойынша қылмыстық іс қозғаған болатын. "Астана қаласы Есіл ауданының полиция басқармасы үлескерлердің өтініші бойынша ҚР ҚК 190-бабының 2-бөлігі (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізуде. Оның негізінде істің мән-жайын анықтау үшін тиісті шаралар қабылданады. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Нәтижесі бойынша кінәлі тұлғалардың іс - әрекеттеріне құқықтық баға беріліп, аталмыш іс бойынша шешім қабылданатын болады", - деп жауап берген еді, Ішкі істер министрлігі ҚазТАГ редакциясының жолдаған сауалына. Қоғам үлескерлер проблемасына алаңдап отырғандықтан Астана қаласы Полиция Департаментіне "аталмыш тергеп-тексеру жұмыстарының нәтижесі қандай болды?" деген сауал жолдаймыз. Осы постты ресми сауал деп қабылдауын сұраймыз. DALA INSIDE Астанадағы үлескерлер проблемасын бақылап отыр. Заңсыз құрылыс, алданған үлескерлер бойынша жағдай қайтадан нашарлап барады. 👇 https://t.me/dalainside
4 5001Loading...
10
Осы демалыста Алматы, Астана мен Шымкентте не істейміз? Күндерді қалай қызықты және тегін өткізуге болады? Оның жауабын алу үшін "Үйде жатпа!" телеграм арнасына жазылыңыздар! Алматы мен Астанада сізді көрмелер, ал Шымкентте лекция күтіп тұр. Осының барлығы тегін. Уақыттары мен өтетін орны сізге қолайлы. Сілтеме төменде https://t.me/uidezhatpa
6500Loading...
11
Барлығымыз күтіп жүрген викторина! Кешкі сағат 18:00-де "Үйде жатпа!" арнасынан жіберіп алмаңыздар! Викторина сыйлықтарына кенеліңіздер! Киноға тегін билеттер алыңыз. Кино ғана емес, концерт, театрға да тегін бара аласыз! Баратын күнін, шараны да өзіңіз таңдайсыз! Ол үшін "Үйде жатпа!" телеграм арнасына төмендегі сілтемемен жазылыңыз. Викторина шарттары сондағы постта көрсетілген. Қатысыңыз, билеттер ұтыңыз!⤵️ https://t.me/uidezhatpa
1210Loading...
12
2020 жылы 18 сәуірде Халықаралық Түркі академиясы көпшілікке ғылыми еңбектерін тегін оқуға мүмкіндік берді. Онлайн кітаптар қазақ, түрік, әзірбайжан, ағылшын, қырғыз, орыс, моңғол және басқа да туысқан халықтар тілінде жарыққа шықты. Олардың мазмұны түркі әлемінің тарихына, бай әдеби мұрасына, тарихи жазба ескерткіштері мен түркі тілдеріне қатысты зерттеулерге негізделген. Сонымен қатар еңбекте туысқан елдердің этнографиясы, фольклоры мен салт-дәстүрі қамтылған. Кітаптарды мына сілтемеге өту арқылы таңдай аласыз: https://turkicacademy.org/kz/izdaniya/knigi/vse https://t.me/uidezhatpa/9910
7593Loading...
13
⚡️ Адам құқығы жөніндегі уәкіл қоғамда қызу талқыланған заңға қатысты пікір білдірді... Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев жақында қабылданған «Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы» заңға қатысты пікірін білдірді. Ол әлеуметтік желілерде тараған «заң балаларды тартып алуға ықпал етеді» деген теріс пікірдің жалған екенін баса атап өтті. Сондай-ақ омбудсмен заң, ең алдымен, отбасын қорғауға және дәстүрлі-ұлттық отбасылық құндылықтарды дәріптеуге бағытталғанын атап өтті. https://t.me/dalainside
1 2910Loading...
14
Қазақстан абьюзерліктің шегіне жетті. Ары қарай құз. Соңғы барьер ретінде заң қабылдап отырмыз. Аюды таяқпен үйрету дегенді білдіреді. Осының барлығы әйел анандай болу керек, мынау мынандай болсын дегеннен шықты. Көбіне ұнамайтын ащы шындық бар - расында ешкім ешкімге ештеңе қарыз емес. Ешкім ешкімнің нотациясын тыңдап, соған бола өзін кінәлі сезінуге міндетті емес. Бұл шындық әйелінің мойнына отырып алған абьюзер еркекке, еркектің балағына жабысып жатып алған абьюзер әйелге ұнамайды. Кезінде әнтек жымиып "мен енді ешкімге ештеңе қарыз емеспін" деп салқынқанды айтқан фразам айналамда паника тудырған еді. Сен ешкімге ештеңе қарыз емессін. Сен ештеңеге ештеңе үшін кінәлі емессін. Осыны түсінген адамның отбасында басында бунт болса да, артынан кейін өзара жаймашуақ гармония орнайды деп сенемін. Студент кезінде ағам үйленіп, үйге жеңге түсірді. Ауылдан марқұм апамдар келді. Мен әдетімше кешке қарай ішкі киімім мен шұлығымды жуып алайын деп ваннада шаруамды бітіріп отырсам, апам көріп, "ойбай жас келін, бала киімін жуып отыр деген не масқара" деп зарлағаны әлі есте. Еңгезердей азамат өз шұлығын өзі жуа алмаса, үлкендердің ойынша жумауы тиіс болса, бұл не деген дебилойдтар қоғамы деген ой сол кезде келген. Болашақ абьюзерлер, қолынан дым келмейтін дебилойдтар осылай тәрбиеленгені анық. Бәрін басқа біреу істеп беру керек, бәрі саған қарыз, сен бәріне ренжіп, тіпті төмпештеп жүру керексің. Пофигизм туралы көп оқығандықтан, дені сау пофигизмнің қоғам дертін емдей алар күшін байқадым. Сара Найт, Марк Мэнсон сынды авторларды іздеп көрсеңіз, көп мәселені шеше аласыз. "Әбіржіп кеткен, ренжіп жүрген әйел + үстел толған тамақ, таза үй" VS "Өзіне ұнайтын бизнесті дамытып жүрген, өз ортасы бар әйел + үйде не керек болса (тамақ, тазалық, үтіктелген киім) өзің жасап ал" системасында мен екінші нұсқаны таңдадым. ®Айбар Олжаевтың фейсбук жазбасынан https://www.facebook.com/share/p/DcUHMMYjnCRXjbsE/?mibextid=oFDknk
8 86610Loading...
15
🇺🇲⚡🇷🇺 "Парасат" операциясы: Ресей ТЭЦ-ті реттегеннен кейін Теңіз мұнайына ауыз салады Қазақстанды толық өз орбитасында қалдыру үшін Ресейге қазақ мұнайына иелік ету қажет. ФСБ жабық докладтарында "Шеврон мен Тоталдың Қазақстанға келуі Ресей лоббиінің салғырттығы" деп бағаланған. Енді алдағы 2-3 жылда Ресей өзі қаржыландыратын ақпараттық агенттер арқылы Қазақстандағы американдықтарға қарсы қаралау кампаниясын жүргізбек. Батыс облыстарда "Мас американдық Атырауда қазақ қызын зорлады", "АҚШ Қазақстанды "гейлерге тиіспе" деп қысымға алып жатыр" деген тұрмыстық сценарийлер ойластырылатын болады. Дереккөз сөзінше, халық бір шулағаннан кейін, қоғамдық қозғалыс құрылып, ол "Шевронның кетуін" талап етіп, шерулер ұйымдастыру жоспарланған. Операцияның алғашқы кезеңінде «Парасат» кәсіпкерлер альянсының үйлестіру кеңесі лоббистік қадам жасады. Олар Президентке Ресейдің батыста бұғатталып жатқан активтері есебінен Шеврон, басқа да батыс инвесторларының Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ кен орындарындағы үлесін сатып алуды ұсынып отыр. Сонда мұнай саласына қазіргі батыс компанияларының орнына Ресей келсін деген ұстаным айтылды. Онымен бірге, Қазақстан Ресей ақшасын бұғаттан шығара алса, Росатом бізге АЭС салып бере алады деген идея көтеріп отыр. "Парасат" кәсіпкерлер альянсын даулы кәсіпкер Олег Пак басқарса, оның үйлестіру кеңесінің төрағасы - Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи. Ал мұнайға қатысты бастама ресейшіл сарапшы Олжас Байділдинов тарапынан көтерілген. Оның есебінше, қазіргі контракттар ел бюджеті үшін мүлде тиімсіз. "Кез-келген утопиялық ұсыныс белгілі бір дәрежеде ой тастауға бағытталған. Оны Парасаттағылар жақсы біледі және маневрларын Ресей мүддесін қорғау үшін жасап отыр", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі. Батыс Ресейдің 300 миллиард долларға парапар алтын-валюта резервін бұғаттады. Оны Ресей басқара алмайды. Бұғатталған ақшаны шешу тіпті сондай шешім қабылданса да бірнеше жылдарға созылатыны белгілі. Сондықтан Ресей бұғатталған қорды Қазақстан атына аударады, сол кезде Батыс ақшаны шешіп бізге береді деген іске аспайтын бос сөз. Батыс ол 300 миллиард долларды ешкімге берейін деп отырған жоқ. Шеврон контракты аяқталуға жақындап қалған сайын Орталық Азиядағы текетірес бәсі жоғарылап барады. Ресей ашық лоббимен белсенді қимылдай бастады. АҚШ та өз қарымта қадамын жасайтыны анық. Мұндай істе олар өте шебер. Ресей де, АҚШ та осы ретте қазақтілді депутаттарды пайдаланып қалуға мүдделі. Жыл аяғында қай депутаттың қай алпауыттың етегінен ұстағаны белгілі болмақ. DALA INSIDE жақында уран, Ескі Қазақстанның Дариға арқылы жасалған кегі мен PRONTO-ның қайта оралуы туралы жазатын болады. Бізден алшақтамаңыздар 👇 https://t.me/dalainside
7 8661Loading...
16
🥬 Боялған ақша: тасқын су жемқорлықты шайып кете ме? Егер Антикор мен Ұлттық Банк мемлекеттік шығынға дайындалған ақшаны екі айда цифрлі теңгеге конверттесе, «Жаңа Қазақстан» биыл орнауы мүмкін дейді, DALA INSIDE дереккөзі. Су тасқыны аяқталғаннан кейін, оның зардабын жойып, елді мекендерді қайта қалпына келтіруге қыруар қаржы кетпек. Және оның кейбір жемқор шенеуіктер тарапынан талан-таражға түсу қаупі бар. «Сол жағалау» дәл осы төтенше жағдайдан кейінгі жұмысқа Үкімет резервін жұмсауда цифрлі теңге системасын тест ретінде пайдаланып көру туралы жабық консультациялар өткізуді ойластыра бастады. Әу баста, цифрлі теңге биылдан бастап жол құрылысында тест ретінде өтуі тиіс болатын. Күптеген төтенше жағдай, және оның салдарына қыруар мемлекеттік қаржы жұмсалуы тиіс болып тұрғандықтан, билік цифрлі теңге күшін уақыт оздырмай осы бағытта тексеріп көру мүмкіндігін қарастыруға көшкен. «Соңғы сөз Антикор мен Ұлттық Банкта. Технологиялық тұрғыдан дайынбыз ба, барлық сатып алу жүйелері бейімделді ме деген сұрақтарға Ұлттық Банкке қарасты Ұлттық төлем корпорациясы жауап беруі керек. Антикор өз тарапынан жедел анализ жасауы тиіс. Егер Үкімет цифрлі теңгені апаттан кейінгі қайта қалпына келтіруге енгізіп үлгере алмаса, онда ескі жоспарға оралады. Ондай жағдайда цифрлі теңге жол құрылысында пилоттан өтпек», - дейді, дереккөз. Цифрлі теңге қолма-қол ақша емес. Тура сол теңге, бірақ электронды әмианда болады. Үкімет цифрлі теңгеге белгі соқса (ақшаны бояу), оның қайда аударылғанын, қандай мақсатта жұмсалғанын, кімнің қолында жүргенін көріп отырады. Белгі соғылған цифрлі теңгені ұрлау, ол арқылы жемқорлық жасау өте қиын. Сондықтан болашақта тендерлер, мемлекет тарапынан төленетін барлық қаржы осы цифрлі теңге форматына өтпек. Су тасқынының зардаптарын жоюға кемінде 250-300 миллиард теңге қажет болуы мүмкін. Бұл 700 миллион долларға тең. Өте үлкен, қыруар ақша. Бюджет дефициті кезінде жемқорлыққа жол беруге мүлде болмайтынын орталық билік жақсы түсініп отыр. DALA INSIDE жемқорлықпен цифрландыру арқылы күрес барысын бақылап отыр. Бізбен бірге болыңыздар 👇 https://t.me/dalainside
3 1831Loading...
17
Кыргызский музыкант Викрам Рузахунов заявил о задержании подозреваемых в его пытках в ходе январских событий в Алматы, передает корреспондент агентства. «Хорошие новости по расследованию пыток наконец-то есть! Мое дело передано в генеральную прокуратуру Республики Казахстан. Два сотрудника из этой структуры специально командированы из Астаны в Алматы, чтобы довести начатое до логического конца. На данный момент задержаны и помещены под стражу пока четверо из опознанных ранее сотрудников полиции (один из них уже признал факт пыток и насилия, второй нанимает грязных блогеров и продажных журналистов для вброса очередной порции лжи и обмана, пытается использовать своих детей и мать, грозящую устроить акцию самосожжения)», - написал Рузахунов на своей странице в социальной сети. Также он сообщил о наличии множества других потерпевших по данному делу. «У людей постепенно просыпается сознание и в рядах потерпевших теперь уже 22 человека – тех самых, которые вместе со мной были подвергнуты жестокости и унижению со стороны правоохранительных органов – в то же время и в том же месте. Я теперь не один, как был тогда после случившегося в январе! Нас уже много! Генеральная прокуратура заверила нас, что доведет дело до логического конца, а задержание первых четырех преступников в погонах – только начало. Остальных также настигнет карма», - добавил музыкант. Он уверен, что «от ответственности никто не уйдет». «Нет пыткам, нет насилию!!! Верховный суд на стадии изучения гражданского дела по иску к МВД – пока молчит. Возможно, все события взаимосвязаны и теперь они думают над тем, какие ошибки допустили их коллеги из районного и городского судов Астаны. Требование было – принести официальные извинения за пытки и распространение ложной информации. А теперь в деле появились дополнительные доказательства! Следствие продолжается», - заключил Рузахунов. Напомним, 9 января 2022 года государственное телевидение Казахстана показало избитого мужчину, который утверждал, что 2 января ему купили билет до Алматы и он приехал из Кыргызстана, чтобы заработать Т90 тыс. за участие в митингах. В мужчине почти сразу же узнали кыргызского музыканта Викрама Рузахунова, кроме того, спецслужбы Кыргызстана сообщили, что билет джазмена в Алматы был куплен еще 16 декабря. После разразившегося скандала Рузахунов был отпущен на родину, а государственные СМИ поспешно удалили все видео с музыкантом. 10 февраля музыкант сообщил, что подвергся пыткам со стороны казахстанских силовиков и едва избежал гибели.
10Loading...
18
Барлығымыз күтіп жүрген викторина! Кешкі сағат 18:00-де "Үйде жатпа!" арнасынан жіберіп алмаңыздар! Викторина сыйлықтарына кенеліңіздер! Киноға тегін билеттер алыңыз. Кино ғана емес, концерт, театрға да тегін бара аласыз! Баратын күнін, шараны да өзіңіз таңдайсыз! Ол үшін "Үйде жатпа!" телеграм арнасына төмендегі сілтемемен жазылыңыз. Викторина шарттары сондағы постта көрсетілген. Қатысыңыз, билеттер ұтыңыз!⤵️ https://t.me/uidezhatpa
3 1910Loading...
19
💷💶 кітап оқы да, 200 000 теңге ұтып ал! 🔻 Жарысты ұйымдастырушы: Диас Бекжан [📝] ЖАРЫСТЫҢ ШАРТТАРЫ: 1. 11 беттік кітапты аласыз; 2. Сәуір айының 14-і күні кітап бойынша құралған 15 сұрақтық тестті тапсырасыз; 3. Дұрыс әрі тез жауап берсеңіз келесі кезеңге өтесіз. 💸💰 ЖАРЫС ЖҮЛДЕЛЕРІ: 1 орын - 200 000 тг 2 орын - 50 000 тг 3 орын - 30 000 тг 4 орын - 15 000 тг 5 орын - 10 000 тг 6 орын - 7000 тг 7 орын - 6000 тг 8 орын - 5000 тг 9 орын - 4000 тг 10 орын - 3000 тг 11-50 орын - ақшалай сыйлықтар 🎁 Жарысқа қатысқан әрбір оқырманға тегін сыйлықтар беретін боламыз! ⬇️ ЖАРЫСҚА ТІРКЕЛУ ҮШІН СІЛТЕМЕГЕ ӨТІҢІЗ ⬇️ https://clck.ru/39pZMC
12 5118Loading...
20
⚡️ Шеккені кальян, ішкені арақ, ойлағандары ақша... Танымал боксшы отандық спорттағы коррупция туралы ашық айтты. Толығырақ: https://dalanews.kz/kz/article/kalyan-araq-jane-aqsha-tanimal-boksshi-otandiq-sporttagi-korrupsyya-turali.html
2 1910Loading...
21
⚡️ "Контингент ужыс. Одни калбиты...". Dostyk Plaza даулы жазбаға жауап қатты... Dalanews.kz осыған байланысты Алматының полиция департаментіне сауал жолдады. Толығырақ: https://dalanews.kz/kz/article/kontyngent-ujis-odny-kalbyti-dostyk-plaza-dauli-jazbaga-jauap-qatti.html
1 3840Loading...
22
🏭 Бір рет қана беруге болады. Ары қарай Лукашенко өзі көмектессін Ресей қажет жағдайда Қазақстаннан 100 000 тонна бензинді резервте ұстауын бейресми каналдар арқылы сұраған болатын, дейді DALA INSIDE дереккөзі. Энергетика министрлігінің ресми хат алмағаны да сондықтан. Екінші жағынан Беларусь Мозырь мұнай өңдеу зауытының қуаты Ресейдің бүкіл қажеттілігін өтеуге жетеді деп сендіріп отыр. Онымен бірге Минск Мозырьдің күші жетпей жатса Нафтандағы қосымша өңдеу қуаттарын іске қоса аламыз деген ойда. Ресейге бензин сата бастау Беларусь экономикасына бірден қан жүгіртетін болады. Александр Лукашенконың көп жылдар бергі арманы осы болатын. Қазақстан Беларусь мұнай өңдеу зауыттарының күші жетпей жатса ғана назарға алынбақ. "Бізде энергоаудит ай сайын жүреді. 100 мың тонна резерв әрине бар" - дейді, дереккөз. "Ресей ЕАЭС аясында ресми сұраса, Астана оның қолын қайтармайды деп ойлаймын. Екінші жағынан, ЕАЭС ортақ энергетикалық нарығы іске қосылмады. Яғни сұраған нәрсені беруге міндеттіміз деген шарт жоқ". Наурызда украин дрондары Ресейдің мұнай зауыттарына дамылсыз шабуыл жасап, көрші елдің мұнай өңдеу әлеуетін 14 пайызға дейін кеміткен. Әзірше Кремль ішкі нарықта жаран-жағармаймен қапту тұрақты, жанармай қоры жеткілікті деп ақпарат таратуда. Сәуірде Украина мұнай зауыттарына шабулды үдете түсуді жоспарлап отыр. Ол жоспар іске асса, Ресей мұнай өнімдерін экспорттаудан, импорттаушы елге айналуы бек мүмкін. Кремль наурыздан бастап алты айға дейін Ресей аумағынан бензинді сыртқа шығаруға шектеу қойды. Қазір елімізде халық көп тұтынатын Аи-92 маркалы бензиннің 307 700 тонна қоры бар. Ал Аи-95 маркалы бензин резерві - 58 000 тонна, дизель резерві - 435 300 тонна. Керек болса, отандық мұнай өңдеу зауыттары қуатын арттыра алады. Дәл қазір күнделікті сұранысты толық өтеуде. DALA INSIDE бұл нарықты да бақылауда ұстап отыр. Дағдарыс жақындап қалса ескертеміз 👇 https://t.me/dalainside
2 5350Loading...
23
🇷🇺 Ресейде жағдай нашарлап барады. Орскте медициналық көмек уақытша тоқтады Пациенттер Новотроицк (шамамен 20 шақырым) мен Орынборға (250 шақырымнан астам) жіберілуде. Екі ауруханада тек жедел және шұғыл стационарлық медициналық көмек көрсетіп жатыр. Ресейге қарағанда, Қазақстан медициналық көмекті тоқтатпады. Орынбор облысының денсаулық сақтау министрі Татьяна Савинова Орск медициналық қызметі төтенше жағдайда жұмыс істеп жатқанын айтты. Орск қалалық ауруханасы мен облыстық туберкулезге қарсы диспансердің филиалы су астына кеткен. Кей науқастар бірден сол жерден эвакуацияланды. Су тасқыны аймағында орналасқан басқа емханаларда да медициналық көмек тоқтатылып, пациенттер үйге жіберілген. Қазақстан Ресейдегі ауыр жағдайды бақылап отыр. Бізде де төтенше шаралардың барлығы қолға алынған. Аймақтарда медициналық эвакуацияға дайындық барысы пысықталуда. DALA INSIDE мемлекетаралық шекаралас өзендерді бақылап отыр 👇 https://t.me/dalainside
2 7540Loading...
24
⚡️ Португалия & Қазақстан екеуі екі бөлек әлем. Бір бірінен қарама қарсы әлем... Біз понт (мақтан) үшін бүкіл бәрін құрбан қылып жіберсек, оларға понтты түсіндіре алмайсың. Оларда ақысыз мектеп престиж болса, бізде керісінше ақылы мектеп престиж. Бізде барлығы және барлығы понт негізінде құрылған. Өміріміздің бәрі понт. Телефон, көлік, үй, киім алсақ понт көрсету үшін. Ал португалдар ол заттан ләззат алу үшін. Бұны не үшін жазып отырмын? Әр елдің, халықтың жақсы жағын үйренейік. Барлығын понт/мақтан үшін емес, өмірдің әрбір сәтінен ләззат алу үшін өмір сүрсек. Бұрындары ойлаушы едім: ақшасыз қалай өмірден ләззат алып өмір сүруге болады деп. Оказывается, болады екен. Португалдардың экономикалық, әлеуметтік жағдайы мәз болмаса да өмірлеріне мәз. Ақшасыз да рақаттанып өмір сүріп жатқан халықты көріп таң тамаша қаласыз. Барлық проблемаға осы мақтан мен сол үшін жарыс себеп болып тұр. Енді бұл мақтандарға, ақылды болып көріну мақтаны қосылды. Барлығы судың маманы, өрттің маманы, экономист, спорт маманы, IT маманы, тб. Бір адамның бойында әлемдегі бүкіл ақыл, білім бар Бірақ неге екенін білмеймін, сол елді жаймендеп еріп, жаймендеп жиналған су басып (төтеннен келген су емес), өрт шалып, бидайдың үстінде отырып наны қымбат, мұнайдың үстінде отырып бензині қымбат, асып тасыған байлықтың үстінде отырып кедей... Себебі бұның бәріне мақтангершілікке салыну, жарысу кінәлі. Осыны тоқтатайық, ағайын. Қарапайым өмір сүріп, жарыспай ақ, өмірден ләззат алып қарапайым өмір сүрейік. ©️ Фазылбек Әбсаттарұлы
13 53911Loading...
25
⚡️ Қазаққа жаудың керегі жоқ! Өз ішімізден шығады... Бауырымызды пікіріне алып-қосарыңыз бар ма?👍
9 7261Loading...
26
⚡️ Кейде осы мен нағыз мұсылмандар - Еуропа халқы ма деп ойланып қаламын... 🔺Жемқорлық жоқ. 🔺 Пара бермейді, пара алмайды. 🔺 Бәрі заң аясында шешіледі. 🔺Кісі ақысын жемейді. 🔺Жымиып, жылы амандасады (көркем мінезді) 🔺Қай жерде жүрсе де тазалық сақтайды (түкірмейді, туалетте артын тазалап кетеді) 🔺Бір-біріне ауыр сөз айтпайды. 🔺 Бір-бірін ғайбаттамайды. 🔺 Жолда автокөлікте бір-бірін боқтап, алдын кеспейді. 🔺 Оқу-білімге ұмтылады. 🔺Діни фанатизм жоқ. 🔺 Жолдары теп-тегіс. 🔺 Медицинасы дамып жатыр. 🔺 Технологияда жаңалық ашып жатыр. Ең бастысы, көзбояушылық, жасандылық жоқ. Бізде бәрі керісінше. Бірақ, мұсылманбыз деп кеуде қағамыз. ©️ Данияр Есен Автордың пікірі орынды ма? 👍
9 44314Loading...
27
⚡️ Құлсарыдағы қызыл су? Қазақтар қалайда пайда тауып қалуды жақсы меңгерген... Қазақ жалқау, қазақтың қолынан кәсіп келмейді деп жамандауды енді доғарыңыздар. Қазақ нарыққа тез бейімделуді жақсы меңгеріпті. Диас, “сұңқита салмашы сенбеймін десеңіздер” айтайын... Атырау облысындағы Құлсары қаласы қызыл судың астында қалды. Халық ауылды аман алып қалу үшін құм толтырылған қапшықтармен бөгендер жасаған. Осыдан кейін базардағы қапшық қымбаттап кетіпті. Саудагерлер сәті келіп тұрғанда 50 теңгенің мешогын 200 теңгеден сатқан. Тіпті кейбір пысықтар базардағы барлық қапшықтарды оптом сатып алып, монополист болып шыға келіпті. Құлсарыға мұндай қызыл енді қашан келерін кім білсін? Сол себепті мұндай мүмкіндікті мүлт жібермей қалтасын қампайтқандар бар. Осыдан кейін қазақтың қолынан кәсіп келмейді деп қалай айтасың? Түнде Құлсарыдан 12 мың адам эвакуацияланыпты. Соның бес мыңға жуығы Маңғыстау облысына көшірілген. Қалғаны ТШО-ға жеткізіліпті. Бала-шағасын жетектеп түн-жарымында далада қалған жұрт көлік таппай сенделген. Тағы да табыс табатын сәт туып тұр иә? Мұндайды біздің пысық қазақ қалт жіберсін бе? Таксистер бірден тарифті көтеріп тастап, қаңғып қалған құлсарылықтарды қымбат бағамен қауіпсіз жерлерге жеткізген. Қараңызшы, базары да басқасы да жоқ қазақтардың өзі адам тасып ақшаға көмілді бір түнде. Бұл да біздің ситуацияға қарай икемделе алатын артықшылығымыз емес пе? Қымбат таксимен жансауғалаған жұрт жан-жақтағы ауыл аймақ пен елді-мекендерден пана іздеген. Кейбірі Атырау қаласына қарай ағылыпты. Тума-туысы жоқтар жалдамалы пәтер жалдаған. Бұл риелторлар мен маклерлердің оң жамбасына келіп тұр. Олар да пәтер ақысын қымбаттатып, қызыл судың арқасында бір байып қалған екен. Бұрын 5 мыңға өткізетін пәтерін 15 мыңға жалға беріп, жырғап қалыпты. Қарап тұрсаңыз қазақтар қай салада болса да шұғыл шешім қабылдап, қалайда пайда тауып қалуды жақсы меңгерген. Бұдан былай қазақ жалқау дегенді айтпаңыздар. Біз нарықтық заманға әбден икемделдік. Бірақ арамызда аңғал, ақымақтар да бар. Мәселен, кеше Нарынқолдың бір жігіті бензин құйып береміз дегенге алданып Астанадан Арқалықтағы су басқан ауылдарға газелімен тегін тауар жеткізіп беріпті. Ондайлар енді бірен-саран ғой. Көп көңіл бөлмей-ақ қояйық. ©️Диас Нұрақын Автордың пікірі орынды ма, біз неге сондай болып кеттік? 😔 Арнаға тіркелуді ұмытпа: @kitapkz1
8 6864Loading...
28
💯 Шегірткелер елінде әлі сол әлеуләй-хәлаулай! Туған күн жасап, бір-біріне айфон сыйлап, рахат осылардікі боп жатыр... Басқа әлемде өмір сүріп жатқандай. Видеоның соңғы жағы мүлдем жесть! Бала дейін десең бала емес. Қылықтары бір қызық. Қазір бүкіл той-томалақ пен көңіл-көтеру шаралары тоқтатылатын кезең. Мысалы мектептер мен өзге де мекемелерде Наурыз мейрамын тойлауға тыйым салынды. Балалар, ата-аналар мен ұстаздар дайындалып жүр еді. Өкінетін нәрсе емес. Тек мыналардың әрекетін көрсең, ашуың келеді екен. Бұларға Құдай сана берсін! Мақтаншақтық па, түк көрмегендік пе?! Сексен жылда болмаған апат деп жатырмыз. Негізі 30 жылда жеңе алмаған жемқорлықтың кесірі бұл. Жылу жинап көмектесіп жатқандар баршылық. Бұл да өтер де кетер! Үй-жайы суға кетіп, қиналған жерлестерге Алла сабыр берсін! ©️Ришат Асқарбек Автордың пікірі орынды ма? 👍 Арнаға тіркелуді ұмытпа: @kitapkz1
9 1122Loading...
29
Осы демалыста Алматы мен Астанада не істейміз? Күндерді қалай қызықты және тегін өткізуге болады? Оның жауабын алу үшін "Үйде жатпа!" телеграм арнасына жазылыңыздар! Алматы мен Астанада сізді көрмелер күтіп тұр. Осының барлығы тегін. Уақыттары мен өтетін орны сізге қолайлы. Сілтеме төменде https://t.me/uidezhatpa
1 0970Loading...
30
⚡️ Билікте Батыс агенттері отыр! Кремль орыстілді блогерлерді Қазақстанға қарсы сөйлетуде... Толығырақ: https://dalanews.kz/kz/article/batistin-kolonyyasi-reseylik-arnada-qazaqstanga-qarsi-provokasyya-jasaldi.html
1 9020Loading...
31
⚡️ Ескі Қазақстан өкілдері бақсы-балгерге барып, дуалаумен айналысқан - сарапшы Толығырақ: https://dalanews.kz/kz/article/eski-qazaqstan-okilderi-baqsi-balgerge-barip-dualaumen-aynalisqan-sarapshi.html
7290Loading...
32
Барлығымыз күтіп жүрген викторина! Кешкі сағат 18:00-де "Үйде жатпа!" арнасынан жіберіп алмаңыздар! Викторина сыйлықтарына кенеліңіздер! Киноға тегін билеттер алыңыз. Кино ғана емес, концерт, театрға да тегін бара аласыз! Баратын күнін, шараны да өзіңіз таңдайсыз! Ол үшін "Үйде жатпа!" телеграм арнасына төмендегі сілтемемен жазылыңыз. Викторина шарттары сондағы постта көрсетілген. Қатысыңыз, билеттер ұтыңыз!⤵️ https://t.me/uidezhatpa
1 2540Loading...
33
⚡️ Астана мен Брүсселді араздастыру жоспары: Ресей Каспийде мұнай төгілгені туралы жалған дабыл қаққан... Толығырақ: https://dalanews.kz/kz/article/resey-kaspyyde-munay-togilgeni-turali-jalgan-dabil-qaqqan-bolip-shiqti.html
1 2661Loading...
34
⚡️ Байбек? Оның тұсында ботоферма етек жайды, - дейді белгілі журналист. Бұл бергі жағы... Толығырақ: https://dalanews.kz/kz/article/baybektin-tusinda-botoferma-etek-jaydi-jurnalyst.html
1 6440Loading...
35
🇺🇲 АҚШ елшілігі мен ЦРУ Қазақстанмен басқаша ойнау туралы шешім қабылдады Теңіз кенішіне қатысты аймақтық ойыншылар, оның ішінде Ресейдің амбициясы ояна бастағандықтан, американдықтар да қазақ мұнайының басында қала беру үшін ақырына дейін күреспек ниетте. Және түрлі қитұрқы жолдардан да қашпайды. "Қысым екі бағыт бойынша жүрмек. Бастысы - деңгейі жоғары саяси кездесулер. Сенаторлар жиі келе беретін болады. Және Қазақстан басшылығын Вашингтон жиі шақыртпақ. Екінші қосымша бағыт - грантта отырған үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ, арнайы радио арқылы адам құқығы, демократия мәселесінде қоғамдық қысым көрсету" - дейді, DALA INSIDE дереккөзі. Теңізшевройл АҚШ-тың еліміздегі басты экономикалық рычагы болып келеді. Ресей басты ықпал ету тетігі ретінде КТК құбырын таңдаса, Қытай уран мен транзиттік жобалар арқылы Қазақстанды байлап, матап отыр. АҚШ Қазақстандағы Ресейге қарсы жұмысын паралельді импортты толық шектеу мен санкцияның орындалуын арқылы жүргізсе, Қытайға қарсы балансты Шыңжаңдағы лагерьлер мәселесін ұмыттырмау арқылы реттеуде. "Осы орайда ЦРУ тарапынан біздегі биліктің жоғарғы эшелонында отырған адамдарды уыстан шығармау үшін, олардың есеп-шоттары, транзакциялары бойынша ақпарат жиналған. Сырттағы активтерді кез-келген уақытта бұғаттау мүмкіндігі бар АҚШ осы опциясын кез-келген елдің билігіне қарсы ұтымды пайдаланады дейді", - дереккөз. АҚШ Қазақстан үшін шантажист мемлекетке айнала ма? Теңіздегі контракт аяқталатын 2033 жылға жақындап қалған сайын, Вашингтонның маскасы сыпырыла бастамақ. Егер ЦРУ түрлі ойындар бастаса, американдықтарға демократия емес, тек мұнай керек екені анықталатын болады. Қадірі кеткен "демократия" деген термин АҚШ қолында тек желеу, түпкі мақсатқа жету құралы болып қала бермек. DALA INSIDE ЦРУ мен АҚШ елшілігі қадамдарын да байқап отырмақ. Әдемі ертегіге сіздер де сене бермеңіздер 👇 https://t.me/dalainside
1 9050Loading...
36
⚡️ Бишімбаевтың экс-әріптестері сөйлей бастады... "Қылығына төзбей, бір жылдан соң жұмыстан кеттім. Оған сол кезде-ақ ем алу керек еді", - дейді Қуандықтың бұрынғы әріптесі. Толығырақ: https://dalanews.kz/kz/article/quandiqtin-qiligina-tozbey-bir-jildan-son-jumistan-kettim-byshimbaevtin-buringi-ariptesi.html
1 9171Loading...
37
💥 Полиция Сәтмағамбетов компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғады Астана мәслихатының бұрынғы депутаты Ғабит Сәтмағамбетов құрылтайшы болып табылатын "Нұр-Сұлтан Финанс" ЖШС үлескерлерінің арызы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы ҚазТАГ жазады. "Астана қаласы Есіл ауданының полиция басқармасы үлескерлердің өтініші бойынша ҚР ҚК 190-бабының 2-бөлігі (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізуде. Оның негізінде істің мән-жайын анықтау үшін тиісті шаралар қабылданады. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Нәтижесі бойынша кінәлі тұлғалардың іс - әрекеттеріне құқықтық баға беріліп, аталмыш іс бойынша шешім қабылданатын болады", - деп жауап берді Ішкі істер министрлігі ҚазТАГ редакциясының жолдаған сауалына. Оның алдында, «Нұр-Сұлтан Финанс» ЖШС инвесторы Әділбек Ахметов Астана мәслихатының экс-депутаты Ғабит Сәтмағамбетовтің бақылауындағы құрылыс компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғамақшы деп жазған болатынбыз. Компра мәліметінше, осы фирманың құрылтайшысы - Ғабит Сәтмағамбетов. "Заңгер және бірнеше инвестормен полицияға «Нұр-Сұлтан Финанс» ЖШС-не және жалпы G-Park компаниясына қатысты алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғау туралы арыз жазуға бардық. Олар бізден бас тартты, содан кейін біз аудандық прокуратураға бардық, олар да бізден бас тартты. Енді біз қалалық прокуратурадан жауап күтеміз", - деген еді, сол кезде Ахметов ҚазТАГ агенттігіне. Ахметовтың айтуынша, G-Park құрбандары аз емес. WhatsApp-та топта зардап шеккен 600-ге жуық адам бар. Онда видео, прокуратураға жазған хаттар, барлығы жиналған. Полицияның Сәтмағамбетовтың DALA INSIDE үстінен жазған арызын бірден қабылдап, қылмыстық іс қозғап жібергенін еске салған бастамашыл топ өз арыздарын органдардың қараусыз қалдырғанына таң қалған еді. Себебі, бұл оқиғада 600-ден астам жәбірленуші, қолындағы сот шешімін орындата алмай жүрген 15-20 адам болды. Сайып келгенде іс оңынан туып, полиция олардың арызын қараусыз қалдырмады. DALA INSIDE телеграм арнасы мен ҚазТАГ ақпарат агенттігі осы қылмыстық істі бақылауда ұстайды 👇 https://t.me/dalainside
3 1470Loading...
38
⚡️ Бишімбаев Нүкенованың өлімі туралы: "Қабырғаға соғылып, унитазға құлады" Толығырақ: https://dalanews.kz/kz/article/byshimbaev-nukenovanin-olimi-turali-qabirgaga-sogilip-unytazga-quladi.html
3 5366Loading...
39
⚡️Мәскеудегі теракт. Тасмағамбетов Ресей үшін қауіпті сценарийді айтты... Толығырақ: https://dalanews.kz/kz/article/maskeudegi-terakt-tasmagambetov-resey-ushin-qauipti-ssenaryydi-aytti.html
1 8351Loading...
40
⚡ Шұғыл амал: Бозымбаевтың вице-премьер болуы еш сценарийде қарастырылмаған еді Қазақстандағы тоғыз облыстың су астына кетуі Қытайдағы форумнан оралған Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың форс-мажор жағдайында кадрлық шешім қабылдауына ықпал етті. Жексенбі демалыс екеніне қарамастан президент кеңесшісі Қанат Бозымбаев Премьер-министрдің орынбасары қызметіне тағайындалды. "Бозымбаев аймақтық саясатқа, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесіне, төтенше жағдайлар мен су ресурстарына жауапты болады. Әсіресе соңғы екі бапқа басты күш салу тапсырылды", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі. Бұл бағытқа бұған дейін Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр жауап беретін. Роман Васильевич профессиясын ауыстырмады. Қатаң сөгіс алғаны болмаса, ол да қызметінде. "Склярға өзі жақсы білетін өндіріс, автопром саласы қалдырылды. Шын айтқанда төтенше жағдаймен күресу оның профилі емес еді", - дейді, дереккөз. Бозымбаевтың келуімен Үкімет құрамы күшейді. Ол зардап шеккендермен жұмыс, сынған дүниені қалпына келтіру, ақша бөлгізу, жер-жердегі жұмысты ұйымдастыру сияқты жұмыстарға жақсы маманданған. Бұл бағыттағы оның стилі марқұм Бердібек Сапарбаевқа ұқсайды. Негізі, Бозымбаевқа қатысты жоспар басқа еді. Бірақ топан су барлық жоспарды бұзды. Мемлекет басшысы жақсы көмекшіден айрылды. Есесіне Үкімет аймақтармен жұмыс істей алатын вице-премьермен толықты. "Бозымбаев биылғы апаттың салдарын реттеп, келесі жылы еріген қар суы мен жаңбыр суының барлығы тоғандар мен су құймаларына жиналатындай система жасауы тиіс", - дейді, дереккөз. Оның ойынша, судың барлығы жерге сіңбей, ағып кеткендіктен, жазда ауыл шаруашылығы саласында үлкен апаттар басталады. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровқа үлкен сынақ келе жатыр. Бұл жолғы "цунами" үкіметтің тең жартысының жаза арқалауына алып келді. Шұғыл кеңес қорытындысы бойынша Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр, Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов, Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов пен Абай облысының әкімі Абай Нұрлан Ұранхаевқа қатаң сөгіс берілді. Ал Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев, Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров және Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов қызметтік талапқа толық сай еместігі туралы ескертулер алды. Премьер-Министр Олжас Бектенов су тасқынынан зардап шеккендердің барлығына көмек көрсетіліп, шығын өтелетінін айтты. Қазір оның көлемі есептеліп жатыр. DALA INSIDE су мен Үкімет арасындағы шайқасты бақылап отыр. Бізбен бірге болыңыздар 👇 https://t.me/dalainside
2 2260Loading...
Осы демалыста Алматы мен Астанада не істейміз? Күндерді қалай қызықты және тегін өткізуге болады? Оның жауабын алу үшін "Үйде жатпа!" телеграм арнасына жазылыңыздар! Алматыда сізді кинокеш, жәрмеңке, талк пен көрмелер, ал Астанада лекция мен көрмелер күтіп тұр. Осының барлығы тегін. Уақыттары мен өтетін орны сізге қолайлы. Сілтеме төменде https://t.me/uidezhatpa
Show all...
👍 5🥰 2
Repost from N/a
BEREKE BANK ҚАЗАҚ ЕЛІНЕ ("БӘЙТЕРЕККЕ") БЕРЕКЕ ӘКЕЛМЕДІ Енді оның қызығын арабтар (катарлық Lesha bank) көретін болады. Bereke Bank меншікті капиталының азаю қаупіне байланысты қазіргі акционеріне 2023 жылдың дивидендін төлеуден бас тартты. 2023 жылы банк 28,9 миллиард теңге таза кіріс алған еді. Алайда, оны әдеттегідей акционеріне ("Бәйтерек" холдингіне) аударса, онда меншікті капиталында қиындықтар туындап, тіпті қадағалаушының пруденциалды нормаларын орындауда қауіп төнетін болды. Bereke Bank осымен екінші жыл қатарынан дивиденд төлемей отыр. 2022 жылы да дивидендтер төленген жоқ. Ол кезде аты да, заты да ресейлік болған Сбербанк санкцияға ұшырап, тоқырап жатқан болатын. Экономика, өндіріс 👉@dalafinance Саясат, инсайдтар 👉 @dalainside
Show all...
5👍 2🔥 1
Барлығымыз күтіп жүрген викторина! Кешкі сағат 18:00-де "Үйде жатпа!" арнасынан жіберіп алмаңыздар! Викторина сыйлықтарына кенеліңіздер! Киноға тегін билеттер алыңыз. Кино ғана емес, концерт, театрға да тегін бара аласыз! Баратын күнін, шараны да өзіңіз таңдайсыз! Ол үшін "Үйде жатпа!" телеграм арнасына төмендегі сілтемемен жазылыңыз. Викторина шарттары сондағы постта көрсетілген. Қатысыңыз, билеттер ұтыңыз!⤵️ https://t.me/uidezhatpa
Show all...
👍 1🥰 1
Repost from N/a
ЦЕНТРКРЕДИТ БАНКІНДЕ АҚША ҰСТАП ОТЫРҒАНДАР УАЙЫМДАЙ БАСТАДЫ ЦентрКредит банкі менеджерлерінің өз клиенттерінен ақша ұрлау фактілері анықталғаннан кейін, ондағы қауіпсіздікке сұрақтар туындауда. Журналист Михаил Козачков Алмалы аудандық сотының «БанкЦентрКредит» АҚ филиалы директорының орынбасары болып жұмыс істеген 26 жастағы Арслан Әжметовке қатысты үкім шығарғанын жазады. Ол небәрі 2 айдың ішінде салымшылар шотынан 240 миллион теңге шешіп алған. Әжметов пен оның адамдары WhatsApp арқылы банк менеджерлерінен есепшоттың сенімді нөмірін өзгертуді сұраған. Сол арқылы мобильді қосымшадағы парольдерді өзгертіп, клиент ақшаларын криптовалютаға аударған. Тергеушілердің айтуынша, Арслан көмекшілері арқылы әріптестерінен, банк менеджерлерінен қажет мәліметті сатып алған. Қазіргі таңда ЦентрКредит банкі менеджерлерінің түгелін тексеру қажет. Себебі, аталған банкте халық кемінде 2,2 триллион теңгенің депозитін ұстап отыр. Экономика, өндіріс 👉@dalafinance Саясат, инсайдтар 👉 @dalainside
Show all...
4
Repost from N/a
ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ НЕМЕН МАҚТАНАРЫН БІЛМЕЙ ЖАТЫР "Қазақтелеком" АҚ 2023 жылдың аудиттелген қаржылық есебін шығарып, манипулятивті пресс-релиз жариялады.
Релизде "топтың табысы 2023 жылы 53,3 млрд теңгеге ұлғайып, 687,8 млрд теңгені құрады (2022 жылдың қорытындысы бойынша 634,5 млрд теңге). Өсім тіркелген байланыс сегментінде де, ұялы байланыс сегментінде де кірістің өсуі есебінен қамтамасыз етілді. EBITDA көрсеткіші 4,3% жақсарып, оның кірістілігі 43,3% құрады. 2023 жылғы таза пайда 104,4 млрд теңгеге жетті", - деп жазылған.
Бірақ релиз тек выручка мен EBITDA туралы айтып, басқа негізгі көрсеткіштер туралы ләм-мим демейді. Выручканың тарифтың қымбаттауы есебінен өскені белгілі. Ол 8,4 пайызға артса, 2023 жылы инфляция 8,9% болды. Жалпы кірістің өсу динамикасы сонда инфляциядан да артта қалып қойған. Шын мәнінде Қазақтелеком тиімділігі нашарлап барады. 2022 жылы ұлттық компания 128,75 млрд теңге таза пайда алса, 2023 жылы 104,4 млрд теңге көрсетті. Минус 24 миллиард. Жәй акциясының баланстық құны 35 752 теңгеден 28 860 теңгеге құлдырады. Активтер, жеке капитал, выручка тиімділігі көрсеткіштері (ROA, ROE, ROS) жаппай құлаған. 2022 жылы ROA - 10,01%, ROE - 17,62%, ROS - 20,29% болған еді. 2023 жылы Қазақтелеком көңіл көншітерлік нәтиже көрсетпеген. ROA - 7,04%, ROE - 12,99%, ROS - 15,18% деңгейіне түсіп кеткен. Экономика, өндіріс 👉@dalafinance Саясат, инсайдтар 👉 @dalainside
Show all...
🔥 1
Repost from DALA INSIDE
💰 Dala Finance жобасы іске қосылды Қазақстан экономикасы, мұнайгаз, тау-кен, қаржы саласы бойынша шолуларға маманданған Dala Finance телеграм арнасы ашылды. "Ол біздің DALA экосистемасының құрамына кіреді. DALA INSIDE бағыты барлық экономикадағы құбылыстарды қамти алмайтын болғандықтан, іскерлік бағытты бөлек дамытуға шешім қабылдадық. Әрі жарнама беруші серіктестердің тілегі осындай болды", - деді, экожүйе бас редакторы Думан Бықай. Қазақтілді жаңа арнаға жазылыңыздар. Алғашқы мың жазылушылар арасында бағалы сыйлықтар ойнатылмақ. 👇
Show all...
Dala Finance

🏭 Нефтегаз, ГМК, химия, автопром 💻 IT, финансы, финтех Қазақша жаңалықтар мен сараптамалар @dalareklanabot

7👍 5
Repost from N/a
FORTE BANK ПРОЦЕНТСІЗ ТАБЫСЫН 17 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕГЕ ҚҰЛДЫРАТЫП АЛДЫ "Forte Bank" АҚ 2023 жылғы аудиттелген қаржылық есебін жариялады. Таза кіріс 116,4 миллиард теңгені құрады. Бұл 2022 жылғы көрсеткіштен артық (97 миллиард теңге).
Бірақ, оның барлығы проценттік табыс, яғни кредит ставкаларының жоғары болуынан келген. Проценттік табыс 193,3 миллиард теңгеге жетіп отыр (2022 жылы - 128,6 млрд теңге).
Forte Bank проблемасы - процентсіз табыстың өспеуінде. Яғни кредиттен басқа өнімдері операциялық табысты өсіре алмады. Банк 2023 жылы комиссиядан 36 миллиард кіріс алған, 2022 жылы да тура сондай нәтижемен шыққан еді. Шетел валютасымен операция жасаудан 32 миллиард тапқан. Бұл да 2022 жылғы көрсеткіштен 17 миллиард теңгеге аз. Forte банкінің 2023 жылғы табысы түгелімен процент кредиттерінің жоғары болуына байланысты болды. Егер биылдан бастап базалық ставка түсе бастаса және мемлекет ондай табысқа 25% салық салатын норма енгізсе, банктердің алтын дәуірі осымен бітетін болады. Экономика, өндіріс 👉@dalafinance Саясат, инсайдтар 👉 @dalainside
Show all...
👍 4 2
Repost from DALA INSIDE
☢️ Уран аралас су. Қазақстан Қауіпсіздік кеңесін шақыра ма? Экологтар мен Қазатомпромның атом мамандары тез арада жабық жұмыс тобына шоғырлануы ықтимал. Ресейдің Қорған қаласында қарғын су уран қалдықтары көмілген жерасты ұңғыларын шайып, Тобыл өзеніне аға бастады деген бейресми ақпарат тексеріле бастады. Қазақстанға ағатын Тобыл өзеніне дозиметрлік бақылау орнату шаралары қолға алынуын да жоққа шығармаймыз.
Ең сорақысы, Тобыл өзенінің мол суы Қазақстандағы су қоймаларын толтырып жатыр. Су ресурстары мен ирригация министрлігі "Тобыл өзені каскадының ірі су қоймалары тасқын суын қауіпсіз өткізуді қамтамасыз етті және 92%-ға толды, бұл осыған дейінгі жылдармен салыстырғанда әлдеқайда артық. Осының арқасында су қоймалары ұзақ уақыт бойы аймақ тұрғындарын қажетті мөлшерде сумен қамтамасыз ете алады", - деп, қуана рапорт берген болатын.
Ол су радиациямен уланған болса, Қазақстан мүлде күтілмеген, анағұрлым қауіпті проблемамен кездеспек. Тобыл каскадындағы су қоймаларынан ауыз су алмақ түгіл, оны ауылшаруашылығы мақсатында жұмсау Қостанай облысының бүкіл территориясын жарамсыз ете алады. Тобыл суы Жоғарғы Тобыл, Қаратомар, Амангелді, Желқуар, Қызылжар су қоймаларын толтыруда. Өзен бойында Жітіқара, Лисаковск, Рудный және Қостанай қалалары орналасқан. DALA INSIDE бұл мәселені жіті бақылап отыр. Инсайдерлермен тікелей байланыста болады 👇 https://t.me/dalainside
Show all...
👍 4
Repost from DALA INSIDE
🏗️ Сәтмағамбетов үшін жағдай ушықпақ. G-Park мәселесіне Премьер-Министр назар аударды ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов Үкімет отырысында "G-Park" құрылыс компаниясының Астанада 7 тұрғын үйді рұқсат құжаттарынсыз салып жатқанын мәлімдеді. Сонымен қатар осы үйлерге 3,5 отбасының қаржы салып қойғандығын айтты.
Өндіріс және құрылыс министрлігі мәліметінше, проблема өршіп барады. Қазір ел бойынша 340 тұрғын үй кешені заңсыз салынуда.
Астана мәслихатының экс-депутаты, G-Park басшысы Ғабит Сәтмағамбетовты үлкен проблемалар күтіп тұр дейді, DALA INSIDE дереккөзі. Премьер-Министр Олжас Бектеновтың дәл осы құрылыс компаниясын атап айтқаны, Сәтмағамбетовтың әр қадамын аңдып отырған құқық қорғау органдары үшін сигнал болуы да мүмкін. Одан бөлек, Астана әкімі Жеңіс Қасымбек те "Сәтмағамбетов мәселесін" тезірек шешуге ниетті. Сәтмағамбетовтың өзін жауапқа тартумен іс бітпейін деп тұр. Экс депутат көп нәрсені бүлдірген. Іс насырға шапса, мемлекетке оның нысандарын өз қарауына алып, құжаттарын реттеп, кепілдік механизмі аясында салып бітіруге тура келеді. Себебі, 3,5 мың үлескер әлеуметтік толқулар туғыза алатын күшке ие. Осының алдында Астана полициясы Сәтмағамбетов құрылтайшы болып табылатын "Нұр-Сұлтан Финанс" ЖШС үлескерлерінің арызы бойынша қылмыстық іс қозғаған болатын.
"Астана қаласы Есіл ауданының полиция басқармасы үлескерлердің өтініші бойынша ҚР ҚК 190-бабының 2-бөлігі (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізуде. Оның негізінде істің мән-жайын анықтау үшін тиісті шаралар қабылданады. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Нәтижесі бойынша кінәлі тұлғалардың іс - әрекеттеріне құқықтық баға беріліп, аталмыш іс бойынша шешім қабылданатын болады", - деп жауап берген еді, Ішкі істер министрлігі ҚазТАГ редакциясының жолдаған сауалына.
Қоғам үлескерлер проблемасына алаңдап отырғандықтан Астана қаласы Полиция Департаментіне "аталмыш тергеп-тексеру жұмыстарының нәтижесі қандай болды?" деген сауал жолдаймыз. Осы постты ресми сауал деп қабылдауын сұраймыз. DALA INSIDE Астанадағы үлескерлер проблемасын бақылап отыр. Заңсыз құрылыс, алданған үлескерлер бойынша жағдай қайтадан нашарлап барады. 👇 https://t.me/dalainside
Show all...
👍 5 1
Осы демалыста Алматы, Астана мен Шымкентте не істейміз? Күндерді қалай қызықты және тегін өткізуге болады? Оның жауабын алу үшін "Үйде жатпа!" телеграм арнасына жазылыңыздар! Алматы мен Астанада сізді көрмелер, ал Шымкентте лекция күтіп тұр. Осының барлығы тегін. Уақыттары мен өтетін орны сізге қолайлы. Сілтеме төменде https://t.me/uidezhatpa
Show all...
🥰 3👍 1