Kursiv.Media.kz
Open in Telegram
Елдегі және әлемдегі маңызды жаңалықтар. Қандай да бір оқиғаның куәсі болсаңыз, жаңалықты хабарлау үшін – @InboxKursiv_bot kz.kursiv.media/kk/
Show more744
Subscribers
No data24 hours
+27 days
-530 days
Data loading in progress...
Similar Channels
Tags Cloud
No data
Any problems? Please refresh the page or contact our support manager.
Incoming and Outgoing Mentions
---
---
---
---
---
---
Attracting Subscribers
July '25
July '25
+7
in 0 channels
June '25
+22
in 1 channels
Get PRO
May '25
+37
in 0 channels
Get PRO
April '25
+69
in 2 channels
Get PRO
March '25
+114
in 3 channels
Get PRO
February '25
+193
in 2 channels
Get PRO
January '25
+55
in 1 channels
Get PRO
December '24
+22
in 0 channels
Get PRO
November '24
+21
in 0 channels
Get PRO
October '24
+19
in 0 channels
Get PRO
September '24
+33
in 0 channels
Get PRO
August '24
+37
in 0 channels
Get PRO
July '24
+18
in 0 channels
Get PRO
June '24
+15
in 0 channels
Get PRO
May '24
+22
in 0 channels
Get PRO
April '24
+182
in 0 channels
Get PRO
March '24
+42
in 0 channels
Get PRO
February '24
+31
in 1 channels
Get PRO
January '24
+121
in 0 channels
Get PRO
December '23
+34
in 0 channels
Get PRO
November '23
+12
in 0 channels
Get PRO
October '23
+4
in 0 channels
Get PRO
September '23
+3
in 0 channels
Get PRO
August '23
+6
in 0 channels
Get PRO
July '23
+2
in 0 channels
Get PRO
June '230
in 0 channels
Get PRO
May '23
+96
in 0 channels
Get PRO
April '230
in 0 channels
Get PRO
March '230
in 0 channels
Get PRO
February '230
in 0 channels
Get PRO
January '230
in 0 channels
Get PRO
December '220
in 0 channels
Get PRO
November '220
in 0 channels
Get PRO
October '220
in 0 channels
Get PRO
September '220
in 0 channels
Get PRO
August '220
in 0 channels
Get PRO
July '22
+1
in 0 channels
Get PRO
June '22
+3
in 0 channels
Get PRO
May '22
+6
in 0 channels
Get PRO
April '22
+4
in 0 channels
Get PRO
March '22
+7
in 0 channels
Get PRO
February '22
+3
in 0 channels
Get PRO
January '22
+11
in 0 channels
Get PRO
December '21
+5
in 0 channels
Get PRO
November '21
+46
in 0 channels
Get PRO
October '21
+1
in 0 channels
Get PRO
September '21
+205
in 0 channels
| Date | Subscriber Growth | Mentions | Channels | |
| 13 July | +1 | |||
| 12 July | 0 | |||
| 11 July | +1 | |||
| 10 July | 0 | |||
| 09 July | +1 | |||
| 08 July | +1 | |||
| 07 July | 0 | |||
| 06 July | +1 | |||
| 05 July | +1 | |||
| 04 July | +1 | |||
| 03 July | 0 | |||
| 02 July | 0 | |||
| 01 July | 0 |
Channel Posts
📉Елімізде пәтер арзандауы мүмкін
Мұндай болжамды Halyk Finance сарапшылары жасады.
Биыл 5 айда пәтер бағасы жаңа үйлерде 4,3%-ға, ал қайталама нарықта 2,9%-ға өскен. Бұл көрсеткіштер инфляция деңгейінен төмен.
Сарапшылар бұл жағдайды нарықтағы ұсыныстың жоғары болуымен байланыстырады.
Елімізде жаңа үйлер көп салынғанымен, сатып алушылар бұрынғыдай белсенді емес.
Толығырақ🗞
https://t.me/qazkursiv
| 2 | 🔥БҚО-дағы 5 баланың өлімі: өрттің неден шыққаны айтылды
Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев Сырым ауданы Жымпиты ауылында болған өрттің неден шыққанын айтты.
Қайғылы оқиғалы салдарынан бір үйдің 5 баласы көм жұмған.
Министрдің болжамынша, өрттің шығуына балалардың ойыны себеп болуы мүмкін.
Толығырақ видео
Бұған дейін қара жамылған отбасы 134 мың теңге жәрдемақы алып отырғаны хабарланған.
https://t.me/qazkursiv | 0 |
| 3 | ✈️ 242 жолаушысы бар ұшақ апатқа ұшырады
Үндістанда Air India компаниясының Лондонға бағыт алған жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады.
Алдын ала дерек бойынша, ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін Ахмедабад қаласындағы тұрғын үйлер орналасқан аумаққа құлаған. Бортта 242 адам болған.
Қазір оқиға орнында құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қаза тапқандар мен жараланғандар туралы нақты мәліметтер нақтылануда.
https://t.me/qazkursiv | 0 |
| 4 | 🗣Автопарк Алуа мен бауырларының өмір бойғы шығынын өтеуге уәде берді
Астанадағы жол апатынан зардап шеккен 8 жасар Алуа Бекен мен оның бауырларының өмір бойғы күтімін №1 автобус паркі өз мойнына алды.
help.aluabeken парақшасының мәліметінше, автопарк басшысы Мадияр Тоқпатов «Алуа мен оның төрт бауырына өмір бойына лайықты өмір сүруі үшін жағдай жасайтынына кепілдік берген».
Қазір отбасы заңгерлер мен экономистердің көмегімен қажетті шығындарды есептеп жатыр.
Еске салайық, 2 маусымда автобус апатынан 15 адам зардап шекті. Алуа Бекеннің екі аяғын кесуге тура келді. Әкімдік отбасыға пәтер мен 29,6 млн теңге өтемақы тағайындады. Жүргізуші қамауға алынды.
https://t.me/qazkursiv | 0 |
| 5 | 📈Биыл 5 айда жалпы ішкі өнім 6%-ға өсті
Бұл туралы Экономика министрлігі хабарлады.
Ең жоғары көрсеткіш құрылыс (15,4%), көлік (23,1%) салаларында тіркелді.
Негізгі капиталға салынған инвестиция 18,2%-ға артты.
Дүниежүзілік банктің болжамынша, 2025 жылы Қазақстанның ЖІӨ 4,7%-ға жетуі мүмкін.
https://t.me/qazkursiv | 0 |
| 6 | ⚡️Жыл басынан бері жазатайым оқиғадан 23 бала көз жұмған
Бұл туралы Төтенше жағдай вице-министрі Кеген Тұрсынбаев айтты.
5 айда 12 бала өрттен, қалған 11 бала суға батып көз жұмды. Өкінішке қарай қайғылы оқиға тіркеліп жатыр, - деді министрдің орынбасары Сенат кулуарында.
https://t.me/qazkursiv | 0 |
| 7 | Астанада Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорының штаб-пәтері ашылады
Сенат тиісті заңды мақұлдады.
•Қор Еуразиялық даму банкінен жеке бөлінеді.
•Жобалар мен бағдарламалар іске асыру үшін ұлттық валюта пайдаланылады.
Қазақстан қорға – 1 млрд доллар, Ресей 7 млрд доллар аударады. Жарна ұлғайтылмайды.
Қор Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Армениядағы экономикалық және қаржылық тұрақтылықты қолдауды көздейді.
https://t.me/qazkursiv | 0 |
| 8 | ⚡️Тоқаев Путинді Ресей күнімен құттықтады
Президент екі ел арасындағы достық пен одақтастық қатынастарды жоғары бағалап, Путинге мемлекеттік қызметінде табыс тіледі.
Елдеріміздің арасындағы достық және тату көршілік қатынастардың деңгейі жоғары. Бұл стратегиялық серіктестік және одақтастық рухына толықтай сай келеді, – деп жазылған жеделхатта.
https://t.me/qazkursiv | 0 |
| 9 | ☀️Климаттың өзгеруі Қазақстанға да салдарын тигізуі мүмкін
Бұл туралы Астанада Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы мен БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымы өткізген тренингте айтылды.
Сарапшылардың болжамынша, алдағы 10 жылда температура 0,32°С жоғарылайды. Бұл еліміздегі жайылымдардың тозуына, құрғақшылыққа, ауыл және мал шаруашылығы өнімділігінің төмендеуіне алып келуі ықтимал.
Сондықтан AFOLU саласында климатқа төзімді жобаларды іске асыру, экожүйенің көміртегін сіңіру қабілетін қалпына келтіру өте маңызды.
Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржановтың айтуынша, Қазақстан жерінің аумағы – 272,5 млн гектар. Оның 186 млн гектары – жайылымдар.
116,5 млн гектар жер ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге тиеселі. Қазір эрозияға ұшыраған жерлердің нақты ауданы – шамамен 29,9 млн гектар. Бұл – ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің (213,6 млн га) 14%-ы, - деді Жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспектор.
Оның пікірінше, жердің тозуы мәселесіне шешуге карбон егіншілігі септігін тигізе алады.
Мұнда ең бастысы – жер пайдаланушылар мен жер учаскелері иелерін жасыл технологияны енгізуге ынталандыру. АШМ топырақтағы көміртек мөлшерін анықтау әдістемесін әзірлеп жатыр. Алдағы уақытта Қазақстанның топырақ жамылғысындағы көміртек құрамының деңгейін көрсететін цифрлық карта жасалады, - деді төраға.
Мұрат Теміржанов карбон егіншілігімен айналысуға мүмкіндік беретін жобаларды іске асыру кешенді тәсілді талап ететінін атап өтті. Аталған егіншіліктің артықшылығы төмендегідей:
•Климатқа оң әсер етеді;
•Топырақтың құрылымын және ылғалдылығын жақсартады;
•Егін өнімділігін ұзақ мерзімде тұрақтандырады;
https://t.me/qazkursiv | 0 |
| 10 | 💵Сәкен Майғазиев онлайн тойдан 7,6 млн теңге табуы мүмкін
Тойды онлайн көру құны – 1 380 теңге.
Қазір стримді 2,8 мың көріп отыр. Telegram-дағы жабық топта шамамен 5,7 мың оқырман барын ескерсек, әнші 7,6 млн теңге пайда тапқан болуы мүмкін.
Тойда қызыл кілемнен жүріп өткендерің арасында тележүргізуші Айгүл Мүкей, Ләйлә Сұлтанқызы, әншілер Жанболат пен Жазира, Айгүл Қосанова, Өктем Алтаев, Роза Әлқожа, Майра Ілиясова, Гүлнұр Оразымбетова, Қыдырәлі Болманов, Қарақат Әбілдина және тағы басқалары болды.
Мерекелік іс-шараға барлығы 800-ден аса қонақ шақырылған.
https://t.me/qazkursiv | 0 |
| 11 | 🎆Алматыда Korea-Kazakhstan culture and trade week ауқымды іс-шарасы өтеді
Бұл туралы Корей мәдени орталығының директоры Ку Бон Чхоль айтты.
•26 маусым – Central Asia K-pop cover dance champion би сайысы
•27 маусым – «Ғасырлардан жеткен шабыт...» мерекелік концерті
•28 маусым – One beat: K-pop&Q-pop концерті
Барлық іс-шара Республика сарайында өтеді.
https://t.me/qazkursiv | 0 |
| 12 | 💻Байланыс операторлары алаяқтардың нөмірін бұғаттауға міндеттеледі
Мәжіліс депутаттары қаржы нарығын дамыту, тұтынушы құқықтарын қорғауды көздейтін түзетулерді қабылдады. Енді байланыс операторлары алаяқтық әрекеттерде қолданылған нөмірлерді бұғаттап, олар туралы мәліметті Ұлттық банкке тапсыруы тиіс.
📵 10-нан астам нөмірді тіркеуге және лицензиясы жоқ құрылғыны пайдалануға тыйым салынады.
📞 Коллекторларға қарыз иелеріне түнде, демалыс және мереке күндері хабарласуға болмайды.
💳 Несие алған кәсіпкерлерге талаптар жеңілдейді, ал несиені мерзімінен бұрын жапқандарға айыппұл салуға тыйым салынады.
📌 Онлайн несиелеуде шарттар нақтыланып, алғаш рет несие алушылар қаржы ұйымына жеке баруы қажет.
https://t.me/qazkursiv | 0 |
| 13 | 🚆 LRT-ның алғашқы вагондары рельске көтерілді
Астанадағы LRT құрылысын жүргізіп жатқан CTS компаниясы №101 бекетте екі вагоннан тұратын алғашқы көлік құрамын сәтті көтергенін мәлімдеді. Процесс барлық техникалық және қауіпсіздік талаптарына сай өтті.
Компания бұл шараның жобаны жүзеге асырудағы жоспарлы кезең екенін атап өтті. Вагондар 2025 жылғы қыркүйекке жоспарланған сынақтық іске қосуға дейін сол жерде тұрады.
https://t.me/qazkursiv | 0 |
| 14 | 💸Бірнеше несиесі бар қазақстандықтар қарызын біріктіріп төлей алады
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі борышкерлерге бірнеше проблемалық несиені біріктіріп өтеуге мүмкіндік беретін жаңа ереже әзірледі.
Жаңа мүмкіндік келесі жағдайларда қолжетімді:
• Микроқаржы ұйымындағы қарыз 90 күннен аса кешіктірілсе;
• Банктік қарыз 180 күннен аса мерзімі өтсе;
• Қарыздар кепілсіз болса;
• Жалпы берешек 1600 АЕК-тен (шамамен 6,3 млн теңге) аспаса.
Борышкерлер банкке жүгініп, қарыздарын біріктіріп төлеуге немесе жаңа төлем кестесін жасауға мүмкіндік алады. Банктер айыппұл мен өсімпұлды кешіріп, 6 айға дейін төлемді шегере алады.
Жоба 20 маусымға дейін қоғамдық талқыланады.
https://t.me/qazkursiv | 0 |
| 15 | Шерзат ісі: кәмелетке толмаған сотталушы рақымшылыққа ілінуі мүмкін
Мәжіліс депутаты Абзал Құспанның айтуынша, Шерзат ісі бойынша барлық сотталушы рақымшылыққа ілінбейді. Тек кәмелетке толмаған Думан Ысқаққа кешірім жасалуы мүмкін.
Бұл – адам өліміне әкеп соққан қылмыс. Сондықтан мұндай істерге рақымшылық қолданылмайды... Алайда Думан Ысқақ адам өліміне себепкер болмаған. Ол Қылмыстық кодекстің 434-бабы бойынша сотталған. Бұл бап рақымшылыққа ілігетіндер тізіміне жатады, - деді депутат.
https://t.me/qazkursiv | 0 |
| 16 | 🇰🇿 🇸🇰 Қасым-Жомарт Тоқаев Словакия Премьер-министрі Роберт Фицомен келіссөз жүргізді
Тоқаев Қазақстан мен Словакия арасындағы тығыз ынтымақтастықты атап өтіп, бұл сапардың маңызын ерекше бағалайтынын жеткізді. Ол Словакияны Еуроодақтағы негізгі серіктестердің бірі ретінде көретінін және ықпалдастықты кеңейтуге күш салатынын айтты.
Роберт Фицо өз кезегінде елдер арасындағы саяси ұстанымның жақындығына тоқталып, экономикалық байланыстар мен достықты нығайту қажеттігін айтты. Оның пікірінше, бұл сапар өзара тиімді жобалармен аяқталады.
https://t.me/qazkursiv | 0 |
| 17 | ⚡️Мәжіліс рақымшылық туралы заң жобасын мақұлдады
Рақымшылық аясында түрмеден шамамен 632 адам, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған 3,5 мың сотталушы, жалпы 4,1 мың адам бостандыққа шығады.
Сондай-ақ жазасын өтеуге 1 жыл қалған, мінезіне оң баға берілген 1,7 мыңна аса сотталушыға рақымшылыққа ілігеді.
Сондай-ақ шамамен 11 мың адамның жаза мерзімі қысқартылады. Оған барлығы 15 мың адам ілінбек.
Жалпы рақымшылыққа ауыр емес және орташа ауыр қылмыс жасағандар ілінеді. Алайда шығын көлемі өтелген немесе мүлде болмауы шарт.
Бүгінде 63 түзету мекемесі мен 16 тергеу изоляторында 40 мыңнан астам адам қамауда отыр. Оның ішінде 33 мың сотталушы, 7 мың адам тергеу изоляторында отыр.
27 мыңнан аса адам пробациялық бақылауға алынған.
https://t.me/qazkursiv | 0 |
| 18 | Қуандық Бишімбаев рақымшылыққа іліге ме?
Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиевтің айтуынша, экс-министр Қуандық Бишімбаев Конституцияның 30 жылдығына орай жарияланатын рақымшылыққа ілікпейді.
«Жоқ, ол амнистияға ілінбейді. Өліммен байланысты қылмыс жасағандар бұл тізімге кірмейді. Тіпті жол апаты кезінде байқаусызда өлімге алып келген жағдайлар бойынша да рақымшылық жасалмайды. Ал қасақана өлімге әкелу жағдайлары да амнистияға жатпайды. Бұл депутаттардың шешімі», – деді прокуратура өкілі. | 0 |
| 19 | Конституциясының 30 жылдығына орай 4 мыңнан аса сотталушыға рақымшылық жасалады
Бұл туралы депутат Абзал Құспан айтты.
Мәжілісте «Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына орай рақымшылық жасау туралы» заң жобасы талқыланып жатыр. | 0 |
| 20 | 75 жасөспірім түрмеде жазасын өтеп жатыр
Ішкі істер министрінің орынбасары Абай Қайырбеков еліміздегі түрмелерде 75 жасөспірім жазасын өтеп жатқанын, оның 30-ына рақымшылық жасалатынын айтты.
Бүгін Мәжілісте «Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына орай рақымшылық жасау туралы» заң жобасы талқыланып жатыр. | 0 |
