Atameken Business - Жаңалықтар
Қазақстандағы алғашқы іскерлік telegram-арна. Оқыңыз. Көріңіз. Табыс табыңыз. Орыс тіліндегі арнамыз -> https://t.me/atamekenbusiness Біздің сайтымыз -> https://inbusiness.kz/kz
Show more📈 Analytical overview of Telegram channel Atameken Business - Жаңалықтар
Channel Atameken Business - Жаңалықтар (@atamekenbusiness_qaz) in the Kazakh language segment is an active participant. Currently, the community unites 19 625 subscribers, ranking 3 340 in the Business category and 408 in the Kazakhstan region.
📊 Audience metrics and dynamics
Since its creation on невідомо, the project has demonstrated rapid growth, gathering an audience of 19 625 subscribers.
According to the latest data from 26 August, 2026, the channel demonstrates stable activity. Although there has been a change in the number of participants by -303 over the last 30 days and by -15 over the last 24 hours, overall reach remains high.
- Verification status: Verified (Officially confirmed by Telegram)
- Engagement rate (ER): The average audience engagement rate is 8.90%. Within the first 24 hours after publication, content typically collects 6.68% reactions from the total number of subscribers.
- Post reach: On average, each post receives 1 748 views. Within the first day, a publication typically gains 1 311 views.
- Reactions and interaction: The audience actively supports content: the average number of reactions per post is 22.
📝 Description and content policy
The author describes the resource as a platform for expressing subjective opinions:
“Қазақстандағы алғашқы іскерлік telegram-арна.
Оқыңыз. Көріңіз. Табыс табыңыз.
Орыс тіліндегі арнамыз -> https://t.me/atamekenbusiness
Біздің сайтымыз -> https://inbusiness.kz/kz”
Thanks to the high frequency of updates (latest data received on 27 August, 2026), the channel maintains relevance and a high level of publication reach. Analytics show that the audience actively interacts with content, making it an important point of influence in the Business category.
Data loading in progress...
| Date | Subscriber Growth | Mentions | Channels | |
| 27 August | +2 | |||
| 26 August | +4 | |||
| 25 August | +1 | |||
| 24 August | +6 | |||
| 23 August | +7 | |||
| 22 August | +5 | |||
| 21 August | +2 | |||
| 20 August | +3 | |||
| 19 August | +1 | |||
| 18 August | +4 | |||
| 17 August | +3 | |||
| 16 August | +1 | |||
| 15 August | 0 | |||
| 14 August | +1 | |||
| 13 August | +2 | |||
| 12 August | +6 | |||
| 11 August | +4 | |||
| 10 August | +2 | |||
| 09 August | 0 | |||
| 08 August | +1 | |||
| 07 August | +3 | |||
| 06 August | +2 | |||
| 05 August | +2 | |||
| 04 August | +1 | |||
| 03 August | +2 | |||
| 02 August | +1 | |||
| 01 August | 0 |
| 2 | Қазақстанда бензин сапасы тексеріліп жатыр
⛽️🔍Сауда және интеграция министрлігі азаматтардан келіп түскен өтініштерге байланысты отын сапасына зертханалық зерттеу жалғасып жатқанын хабарлады. Павлодар мұнай-химия зауытында тікелей алынған бензиннің арбитраждық сынамалары өндірушіден тәуелсіз зертханаға тапсырылды. Басқа отын үлгілері де жеке зерттеліп жатыр. Оның нәтижелері бір апта ішінде белгілі болады.
📨Қазіргі уақытта азаматтардың 12 өтініші қаралуда: 9-ы – Астанадан, 1-еуі – Павлодардан, 2-еуі – СҚО-дан. Тағы 17 жанармай құю станциясында бақылау сатып алуы жүргізілді. Алынған үлгілерге зертханалық сынақ жасалады.
Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz | 559 |
| 3 | 🏠«Ұмай» бағдарламасы 31 тамызда басталады
Бұл туралы Отбасы банк хабарлады.
✅Несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 14,8%. Қарыздың ең жоғары сомасы – 50 млн теңге. Қарыз алушы бастапқы жарнаны өз қаражаты есебінен сатушыға өзі аударуы қажет. Егер тұрғын үй Астана немесе Алматы қалаларында сатып алынса, бастапқы жарна кемінде 20%, ал басқа қалаларда кемінде 15% болады.
Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz | 846 |
| 4 | Қыркүйектен бастап Жаңаөзен оқушылары мектепте шұбат ішеді
Жаңа оқу жылынан бастап Жаңаөзен қаласындағы 25 мектептің оқушыларына шұбат беріледі. Бұл – ұлттық сусынды мектептегі ас мәзіріне енгізуге бағытталған еліміздегі алғашқы жоба, деп хабарлады Маңғыстау облысының әкімдігі.
Құнарлы сусынның құрамында ақуыз, кальций, фосфор, В тобының дәрумендері және ағзаға қажетті өзге де пайдалы заттар бар.
Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz | 901 |
| 5 | Құрылтай депутаттарына төсбелгілер берілді
Бүгін Орталық сайлау комиссиясы бірпалаталы Парламент депутаттарын тіркеп, куәліктер мен төсбелгілер табыстады. Осылайша олардың өкілеттігі ресми түрде басталды. Депутаттық корпус Құрылтайдың алғашқы сессиясындағы жұмысқа сақадай сай.
Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz | 873 |
| 6 | Астанада тыңшылық жасады деген күдікпен өзбек профессоры ұсталды
Бұл туралы BBC-дің өзбек редакциясы жазды. Ақпаратқа сәйкес, Астанадағы Maqsut Narikbayev University-де сабақ берген профессор Икболжон Корабоев ұсталған. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 176-бабы («Тыңшылық») бойынша айып тағылып отыр.
46 жастағы профессордың жақындарының сөзінше, оқиға 3 шілде күні болған. Икболжон Корабоевты елордадағы пәтерінен бірнеше адам алып кеткен. Ол Астанада жұбайымен және үш баласымен бірге тұрған.
Университеттің сайтынан профессорға қатысты жеке бөлім өшірілген. Қазір оның бұл оқу орнында жұмыс істемейтіні белгілі болды.
Істің мән-жайы әзірше белгісіз.
Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz | 964 |
| 7 | Солтүстік Қазақстанда заңсыз кредитор сотталды
Қаржы мониторингі агенттігінің хабарлауынша, лицензиясыз заңсыз кәсіпкерлік және микроқаржылық қызметпен айналысқан Е.В.Ростовщиковтің 2 жылға бас бостандығы шектелді.
Тергеу барысында заңсыз қарыз берудің 78 эпизоды анықталды.
🔴Әдетте қарыз алушылар ақшаға аса мұқтаж, банктен несие ала алмаған азаматтар болған. Қарыз беру үшін екі түрлі схема қолданылған. Бірінші жағдайда нотариус арқылы қарыз шарты рәсімделген, алайда мәміленің нақты талаптары онда көрсетілмеген. Екінші жағдайда қарыз беру дерегі сатып алу-сату шарты ретінде бүркемеленген.
💸Заңсыз қызмет нәтижесінде 774 млн теңге қылмыстық табыс алынған. Қаражатқа қымбат активтер сатып алынған.
🙅♂️Мемлекет кірісіне 6 пәтер, Toyota RAV4 автокөлігі, Kawasaki KLX250 мотоциклі, сондай-ақ құны 280 млн теңге болатын бағалы қағаздар тәркіленді.
🟣Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz | 1 039 |
| 8 | Сіздіңше, адамның шығыны кірісінен көп болуы міндетті түрде жасырын табысты білдіре ме? | 1 074 |
| 9 | Вице-министр депутаттыққа кетті
Сұңғат Есімханов «Әділет»партиясының атынан депутат болады. Ол осы кезге дейін Энергетика вице-министрі қызметін атқарды. Үкімет басшысы оны бұл лауазымнан босатты.
Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz | 1 125 |
| 10 | Президент депутаттыққа өткендерді бұрынғы лауазымынын босатты
Енді Сатыбалды Бұршақов Солтүстік Македониядағы елші емес. Дархан Ахмедиев Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатылды.
Сондай-ақ Абай Алтай Президент Іс басқарушысының орынбасары қызметінен кетті. Ал Ербол Адаев Президент Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.
✅Енді олар Құрылтайға барады. Шенділер «Әділет» партиясының атынан бірпалаталы Парламентке баратын депутаттардың тізімінде жүр.
Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz | 1 177 |
| 11 | «Әділет» партиясы Құрылтайға баратын депутаттардың тізімін жариялады
Партия бір палаталы Парламентте депутаттық мандатқа ие болған 110 кандидаттың тізімін бекітті.
Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz | 1 201 |
| 12 | ✈️Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы рейстер саны артады
Тараптар әуе қатынасы туралы келісімге қол қойды. Қол жеткізілген уағдаластықтар аясында тұрақты рейстердің рұқсат етілген саны аптасына 28 рейстен 70 рейске дейін ұлғайтылды.
🔖Әуе тасымалдаушылары Астана мен Эр-Рияд арасында тікелей тұрақты рейстер ашуды, сондай-ақ Сауд Арабиясының басқа қалаларына орындалатын бағыттардың санын арттыруды жоспарлап отыр.
Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz | 1 166 |
| 13 | Непалдың Қытаймен шекаралас аймағында алапат су тасқыны болды
🗣Непал билігінің мәліметінше, табиғи апаттан жоқ дегенде 162 адам қаза тапқан. Жүздеген адам, оның ішінде шамамен 500 шетелдік азамат хабар-ошарсыз кеткен. Қытайлық БАҚ-тың хабарлауынша, Тибетте 3 адам опат болды, із-түзсіз жоғалғандар саны 550-ден асады, олардың 260-ы — шетелдіктер.
💬Апаттың нақты себебі әзірге белгісіз. Алдын ала мәлімет бойынша, Непалдағы су тасқынына тау көшкіні себеп болған. Непалдың сыртқы істер министрі Шишир Кханалдың айтуынша, көшкін сәрсенбі күні таңертең, жергілікті уақыт бойынша сағат 08:37 шамасында болған жер сілкінісінен кейін жүрген. Германияның Гельмгольц атындағы Потсдам орталығы сол күні таңертең магнитудасы 4,4 болатын жер сілкінісін тіркеген. Алайда АҚШ Геологиялық қызметі кейін жүргізген талдауында бұл жерде зілзала болмағанын мәлімдеді.
Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz | 1 263 |
| 14 | Қайырлы таң! Күндеріңіз сәтті өтсін!
Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz | 1 280 |
| 15 | Әлемдегі ең күрделі жеті есептің бірін шешкен қазақ математигі. Осындай атақпен Мұхтарбай Өтелбаев он шақты жыл бұрын елге танылды.
Бүгін ұстаздар конференциясында Президент ғалымның төсіне «Парасат» орденін тақты. Сексеннің сеңгіріне шыққан ақсақалға бұған дейін қалайша құрмет көрсетілмеген деп таңғалдық.
Сұрасақ «біріншісінде шәкіртіме жол бердім, екіншісінде проректор сұраған соң марапаттан бас тарттым», - дейді.
Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz | 1 544 |
| 16 | ✅“Ақ жол” партиясы:
1. Ахметжаев Дәурен Хайруллаұлы
2. Бибаев Бақтыбек Сәлбекұлы
3. Еспаева Дания Мәдиқызы
4. Қожахметов Асылхан Төлепбергенұлы
5. Ли Юрий Виссарионович
6. Нұралдинов Олжас Елтайұлы
7. Шынасылова Мейраш
8. Юсупов Ермекқали Төлепқалиұлы
✅Respublica партиясы:
1. Айтқұлов Бекжан Бахтыбекұлы – партияның Түркістан облыстық филиалының төрағасы.
2. Идрисов Руслан Рашитович – кәсіпкер, Global Food ЖШС құрылтайшысы, Алматы қаласы мәслихатының VIII шақырылымының депутаты.
3. Қасымбаев Мейрхат Мейрамханұлы – кәсіпкер, «Capital Road Construction» ЖШС байқау кеңесінің төрағасы.
4. Құспеков Олжас Хайроллаұлы – Respublica партиясы төрағасының орынбасары, Мәжілістің VIII шақырылымының депутаты.
5. Наумова Динара Рустамқызы – Мәжілістің VIII шақырылымының депутаты, Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшесі.
6. Смолякова Екатерина Сергеевна – Мәжілістің VIII шақырылымының депутаты.
7. Тау Нұргүл – Мәжілістің VIII шақырылымының депутаты.
8. Хасенов Махамбет Қабдұлқайырұлы – Special Oil Projects компаниясы мен «Альмерек» мұнай базасының құрылтайшысы әрі бас директоры, Алматы қаласының Қоғамдық кеңесінің төрағасы.
9. Қожаназаров Айдарбек Асанұлы – Respublica партиясының төрағасы, Мәжілістің VIII шақырылымының депутаты.
Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz | 1 540 |
| 17 | ⚡️Партиялар Құрылтайға баратын депутаттарын атады
✅"Ауыл" партиясы 10 депутаттық мандатқа ие болды:
1. Айтуғанов Қайрат Қапарұлы
2. Байманов Шахмардан Асқарұлы
3. Бегалиева Захира Оңғарбайқызы
4. Егізбаев Серік Рахметоллаұлы
5. Иргибаев Мұрат Саматұлы
6. Каджибекова Ажар Елемесова
7. Киян Владимир Сергеевич
8. Мұхаметов Алмас Ерекұлы
9. Райханова Динара Қуанышқызы
10. Токсеитова Рабига Альбековна
✅Жалпыұлттық социал-демократиялық партия:
1. Асхат Рахимжанов – ЖСДП төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты;
2. Мақсұт Насибулов – ЖСДП Орталық аппаратының жетекшісі;
3. Нұрайнаш Камалова – ЖСДП Атырау облыстық филиалының төрағасы;
4. Лариса Ли – "PANA" жобасының жетекшісі;
5. Аслан Құлмағамбетов – ЖСДП елордалық филиалының экологиялық саясат мәселелері жөніндегі сарапшысы;
6. Арман Ақылбай – ҚР Әділет министрлігінің қызметкерлермен жұмыс департаментінің директоры;
7. Наурыз Сайлаубай – ЖСДП жастар қанатының жетекшісі, ҚР Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты;
8. Ажар Сағандықова – ҚР Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты, ЖСДП Әйелдер қанатының жетекшісі.
Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz | 1 460 |
| 18 | Ескі көлікті өткізіп, жаңасын ал: Сертификат құны белгілі болды
Ескі көлігін жамап-жасқаудан қажыған ел үшін керемет жаңалық бар! Қазақстанда тозған машиналар утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылатын болды. Бірақ нақты қашан жанданатыны әлі белгісіз. Қазір ескі көлік пен ауыл шаруашылығы техникасын қайта өңдейтін кәсіпорындарды іріктеу сияқты тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр екен.
«Түскі формат» бағдарламасының толық нұсқасын YouTube арнамыздан көре аласыздар.
Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz | 1 519 |
| 19 | Биржада доллар нығайды
💸Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы 458,87 теңгеге жетті. Бір тәулікте шетел валютасы 0,66 теңгеге қымбаттады.
🔖Ұлттық банктің 26 тамызға белгілеген ресми бағамы – 458,48 теңге.
Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz | 1 476 |
| 20 | Тоқаев Үкіметке Қазақстан-Қытай мектебін ашу мәселесін пысықтауды тапсырды
«Қыркүйекте Жасанды интеллект университеті ашылады. Бірақ бұл жеткіліксіз деп ойлаймын. Үкімет Қытайдың жаңа технологияларды меңгерудегі жетістігі мен тәжірибесін ескере отырып, Астанада Қазақстан-Қытай жасанды интеллект мектебін ашу мәселесін пысықтағаны жөн», - деді Президент.
Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz | 1 426 |
