Telepatia
Open in Telegram
623
Subscribers
No data24 hours
-47 days
+630 days
Posts Archive
623
әр жексенбі жоспарым болмаса, жаяу аралап ән тыңдап жүретін сүйікті Алматылық көшем бар✨
623
Ұзақ уақыт жүрекке түскен салмақтан кейін, ерекше жеңілдікті байқайсың. Және өзіңе, жаныңдағы адамдарға алғыс білдіресің.
623
Қалаған оқу орныма грантқа түсу гештальт боп қап кетпесін деп магистрға тапсыру керек еді 😁
623
Бала кезде анам “саған жақсы болсын деп ұрсам” дегенде еш түсінбеуші едім.
Кейін команда басқару кезінде түсінгенде қандай…
623
Қиын күндер болса, ол да аяқталады. Қуанышты күндер болса, ол да аяқталады. Бәрінің өз мерзімі бар.
623
Осы жазбада айтылған пікір кеше ғана ойыма келген еді.
Мадинаның анасы қандай отбасыға қызын бергенін, оның енесінің, күйеуінің қандай екенін толық болмаса да, шет жағасын білді деп ойлаймын.
Қызының отбасылық өмірінде де осыған дейін бірнеше звоночек болғаны анық. Бірақ, әрине, оған ешкім лайықты мән бермейді.
623
Әке-шешесі төбесінен шыбын ұшырмай өсірген қызын әйел қып алып, тепкілеп түбіне жететін замандамыз.
623
Адамзатқа деген үмітіміз сондай, ешкімнің адалдықтан аттамайтынына кәміл сенеміз.
Өмір әлі талай таяқ жегізеді. Маңдайға тигенде бір ойланармыз. Қазір барымен базар.
623
Әкем тілектің төресі деп, “өміріңде жақсы адамдар көп болсын!” деп тілеуші еді. Қабыл боп келе жатыр-ау деймін.
623
Өмірде әр түрлі жағдайға ұшырадым: жоғалттым, таптым, қорықтым.
Бірақ жолымда талай жақсы адамдар жолықты, әлі де жолығып келеді. Адамнан ешқашан түңілген емеспін.
623
көңілге бір кірбің түссе, қалыпқа келуі ұзақ уақытты талап етсе керек. бәріне, әрине, уақыт - емші.
