Telepatia
رفتن به کانال در Telegram
629
مشترکین
اطلاعاتی وجود ندارد24 ساعت
-47 روز
اطلاعاتی وجود ندارد30 روز
آرشیو پست ها
628
өмірде нені аңсасам да, адамдықты алға қояын. қалғаны алдыма келе жатар, келмесе әдірем қалсын.
628
Алматының бір кешінде кездескен жандар, олармен айтылған әңгіме бір айға азық.
жақсымен өткізген жарты сағат жаманның өтіп кеткен ғұмырындай.
628
Саған бауыр, туыс, ағайын болмаса да көңілден өшпейтін, жүректе орындарын ойып алатын адамдардың болады екен. Сен оларды, олар сені таңдайды.
628
Тик токта сауатсыз жазатындар 11 жыл дәлізде оқыған ба? Құдай-ау қате жазатыныңды біліп тұрсаң, гуглға жаз, gpt-мен бір тексеріп алшы 🙏🏻
628
Кейде әрекеттеріңе анықтама беріп, түсіндіргің де келмейді. Солай жасағың келді және жасадың.
628
Кейде адамдардан есепсіз сыйластықты көрсең, жаныңа жақын тарту керек екен. Ондай жандар өздері аз қалды.
628
Сен қаталсың, бірақ тұрмын күлімсіреп
Мен де саған келіп тұрмын бірінші рет
Қателессем кешір, өмір-ай
“Omir-ai”
Iliyas Moldakhan
628
Бақыт деген қырсық құбылыс.
Себебі, біз аяқталған соң ғана “бақытты” болғанымызды ұғамыз. Ал дәл сол сәтте бақытты екеніміз біздің ойымызға кіріп шықпайды да.
628
Бәрінен де қиыны адамдар, бірақ оларсыз бәрі мәнсіз.
Адамдармен тіл табысу қиын, бауыр басқан соң қоштасу тағы қиын.
628
“Аяқталмаған іс - басталмаған іспен тең”
деп 140 балл иегері Нұрғанат жазып қойыпты сторисіне. Бұл баланың ақылына таңғалудан шаршамайм.
628
аңқаулығымды білетін әкем маған жиі тілейтіні:
“өміріңде жақсы адамдар көп болсын!” еді.
тілегі қабыл болған сияқты, өмір маған жақсы жандарын аямады.
