Олжас Бектенов Алматының индустриялық аймағындағы кәсіпорындарға барып, өндірісті локализациялауды тереңдетуді тапсырды
📍 Премьер-Министр Олжас Бектенов Алматыға жұмыс сапары аясында индустриялық аймақ аумағындағы бірқатар кәсіпорынға барып, ол жердегі инвестиция тарту және өндірісті локализациялау қарқынымен танысты. Мұнда жасалған жағдай бизнестің жұмысын жеңілдетуге бағытталған.
✔ Үкімет басшысы
«Ирригатор Қазақстан» зауытында өнімділікті көбейтіп, су үнемдеуді арттыру мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын тамшылатып суаруға арналған, Израиль технологиясы бойынша жасалатын түтікшелер өндіру процесін қарап шықты. Биыл қаңтар айында іске қосылған кәсіпорын жылына бау-бақша, жидек, көкөніс және дәнді дақылдарды суаруға арналған
270 млн метр өнім шығаруға қабілетті. Компания директоры Мұрат Ақшалов жобаға израильдік METZERPLAS компаниясынан
770 млн-нан астам шетелдік инвестиция тартылғанын, бұл жобаның жалпы сомасының үштен бірін құрайтынын айтты.
🔺 Олжас Бектенов жобаның су үнемдеуге бағытталғанын ескере отырып, оның маңызын атап өтіп, мемлекеттік органдарға кәсіпорынды толық қуатына шығару мәселесін пысықтауды, сондай-ақ ауыл шаруашылығы кәсіпорындарымен өнімді сату жөнінде өзара іс-қимыл жасауға жәрдемдесуді тапсырды. Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда тамшылатып суару нарығы 70 мың га құрайды.
✔ Олжас Бектенов
Hyundai Trans Kazakhstan кәсіпорнына барған кезде локализациялауды тереңдету және өндірістің неғұрлым күрделі технологиялық процесіне көшу жоспарымен танысты. Премьер-Министрге зауыт алаңын
40 мың шаршы метрге, жұмыс орындарының санын
1700-ге дейін ұлғайта отырып, кәсіпорынды кеңейту және жаңғырту жұмысы жөнінде баяндалды. Құны
16,4 млрд теңге болатын зауытты кеңейту жобасы толығымен инвестор есебінен іске асырылған. Сонымен қатар кәсіпорын шағын торапты өндіріс қуатын ұлғайту және жаңа модельдерді дәнекерлеу, бояу үшін өндірістің толық цикліне көшу мақсатында дәнекерлеу, бояу және құрастыру цехтарын жаңғыртуға инвестиция салады.
➤ Сондай-ақ
Astana Motors компаниясының негізін қалаған Нұрлан Смағұлов жұмыс істеп тұрған Hyundai Trans Kazakhstan зауытынан басқа жылына
90 мың жеңіл автомобиль шығара алатын мультибренд зауыты (2025 жылы іске қосу жоспарланған), автокөлікке арналған қосалқы бөлшектер шығаратын үш зауыт және логистикалық хаб кіретін өндірістік кластерді дамыту жоспарлары туралы хабарлады. Жұмыс орнының жалпы саны
6 мың адамнан асады.
🔺 Премьер-Министр Үкімет отандық автоөнеркәсіпті қолдау шараларын одан әрі жалғастыратынын баса айтты. Өз кезегінде бизнес ұдайы дамып, локализацияны арттыруы керек.
📱
https://t.me/KZgovernment