3 766
Subscribers
-424 hours
-67 days
+2730 days
Posts Archive
Repost from UKIMET
+6
Ұлы Даланың мыңдаған жылдық тарихының сабақтастығы алғаш рет конституциялық деңгейде бекітілді – Олжас Бектенов Санкт-Петербургтегі конференцияда
📌 Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Санкт-Петербургтегі мәдени байланыстарды нығайту, креативті және шығармашылық индустрияларды дамыту жөніндегі халықаралық конференцияның пленарлық отырысында сөз сөйледі.
Іс-шараға Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин, Беларусь Республикасының Премьер-министрі Александр Турчин, Қырғызстанның Министрлер кабинетінің төрағасы Адылбек Қасымалиев, Тәжікстан Премьер-министрі Кохир Расулзода, Өзбекстан Премьер-министрі Абдулла Арипов, Түрікменстанның білім министрі Джумамырат Гурбангелдиев қатысты.
Олжас Бектенов өз сөзінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путиннің, сондай-ақ Достастыққа мүше барлық елдер көшбасшыларының тікелей қолдауымен және қатысуымен креативті индустриялар мен мәдени байланыстар саласындағы ынтымақтастықты дамыту ТМД-ның күн тәртібіндегі неғұрлым өзекті әрі сұранысқа ие бағыттарының бірі болып қала беретінін атап өтті.
Қазақстан мәдениет пен шығармашылық қызметті қолдауды мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтары деңгейінде бекіте отырып, аталған жұмысқа дамудың стратегиялық бағыты ретінде мән береді.
«Биыл наурыз айында Қазақстанда өткен жалпыұлттық референдум қорытындысы бойынша жаңа Конституция қабылданды, ол 1 шілдеден бастап күшіне енеді. Жаңа Ата заңымыз мемлекеттілікті нығайтуға, «Заң мен Тәртіп» қағидаты негізінде Әділетті және Озық Қазақстанды құруға бағытталған. Ұлы Даланың мыңдаған жылдық тарихының сабақтастығы алғаш рет конституциялық деңгейде бекітілгенін атап өткім келеді. Мамыр айында Астанада өткен «Алтын Орда» дала өркениетінің моделін зерттеуге арналған халықаралық симпозиум маңызды оқиға болды, оған әлемнің 20-дан астам елінің тарихшылары мен мәдениеттанушылары қатысты. Одан бөлек жаңа Конституцияда зияткерлік және шығармашылық қызметті қорғауға кепілдік берілген. Осы негізде Қазақстанда креативті индустрия қарқынды дамып келеді. Жаңа нарықтар, жаңа жұмыс орындары қалыптасып, ұлттық креативті өнімді экспорттау мүмкіндіктері кеңейтілуде»,— деп атап өтті Олжас Бектенов. Бүгінгі таңда мәдениет пен креативті индустриялар экономикалық өсудің маңызды факторларына айналуда. Қазақстанда креативті индустрия 40-тан астам қызмет түрін қамтиды, салада 150 мың адам еңбек етеді. Креативті сектордағы жалпы қосылған құн көлемі соңғы жылдар ішінде төрттен біріне артып, $3 млрд құрады. Қазақстан кино, музыка, дизайн, ойын индустриясы мен цифрлық контентті дамытуда айтарлықтай нәтижелер көрсетуде. Отандық фильмдер, сериалдар, музыкалық және цифрлық өнімдер шетелдік нарықтарға шығып, халықаралық аудиторияны еліміздің бай мәдени мұрасымен таныстыруда, осылайша Қазақстанның экспорттық әлеуетін нығайтуда.
Repost from UKIMET
Олжас Бектенов принял участие в V Ташкентском международном инвестиционном форуме
📌 Премьер-министр Республики Казахстан Олжас Бектенов принял участие в V Ташкентском международном инвестиционном форуме и был принят Президентом Республики Узбекистан Шавкатом Мирзиёевым.
В ходе встречи Олжас Бектенов передал теплые слова приветствия и наилучшие пожелания от Президента Республики Казахстан Касым-Жомарта Токаева. Отмечено, что взаимодействие двух стран является ярким примером стратегического партнерства и союзничества, основанного на доверии, взаимопонимании между братскими народами. Подчеркнуто, что достигнутые главами государств договоренности придают дополнительный импульс дальнейшему развитию многопланового сотрудничества. По итогам 2025 года объем взаимной торговли между Казахстаном и Узбекистаном увеличился на 16,2% и достиг $4,8 млрд. За январь–апрель т.г. двусторонний товарооборот составил $1,9 млрд, что на 42,1% больше показателя аналогичного периода прошлого года. Внимание уделено вопросам развития торгово-экономических связей, промышленной кооперации, транспортно-логистической взаимосвязанности, а также взаимодействию в сферах энергетики, водных ресурсов, туризма.
В работе форума приняли участие также президенты Узбекистана, Албании, главы правительств Азербайджана, Беларуси, Кыргызстана, Российской Федерации, Таджикистана и представители бизнеса, международных банков развития, госорганов. Обсуждены вопросы устойчивого экономического развития, привлечение инвестиций и внедрение инноваций
Выступая на форуме, Олжас Бектенов отметил, что Казахстан поддерживает дальнейшее углубление взаимодействия между странами региона в целях раскрытия экономического потенциала Центральной Азии.
В Казахстане реализуются институциональные реформы, инициированные Президентом Касым-Жомартом Токаевым и направленные на устойчивый диверсифицированный экономический рост. Особое внимание уделяется совершенствованию инвестиционного климата и повышению деловой активности. В новой Конституции РК заложен фундамент построения Справедливого и Сильного государства, что создает дополнительные условия для дальнейшего улучшения деловой среды и укрепления инвестиционной привлекательности страны.
На сегодня обновлена Концепция инвестиционной политики до 2030 года. Для расширения внешнего привлечения капитала усиливается присутствие национальной компании Kazakh Invest на приоритетных рынках. При Генеральной прокуратуре работает Комитет по защите прав инвесторов, обеспечивающий защиту законных интересов бизнеса. Вводится новый специальный визовый режим – «Altyn Visa», предусматривающий упрощенные условия пребывания в стране для инвесторов и высококвалифицированных специалистов. В совокупности данные меры призваны стимулировать инвестиционную активность и ускорить развитие новых высокотехнологичных отраслей в Казахстане.
Отдельно руководитель Правительства Казахстана отметил потенциал для сотрудничества в сфере цифровых технологий и ИИ. Казахстан активно формирует IT-экосистему нового поколения: введены в эксплуатацию два суперкомпьютера, создан Международный центр искусственного интеллекта Alem.AI. Реализуется проект «Долина ЦОДов», призванный стать цифровым хабом Центральной Азии, в развитие которого только мировые IT-гиганты Firebird и NVIDIA уже вкладывают $10 млрд инвестиций.
📱@KZgovernment
Repost from UKIMET
+3
Олжас Бектенов V Ташкент халықаралық инвестициялық форумына қатысты
📌 Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов V Ташкент халықаралық инвестициялық форумына қатысып, Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің қабылдауында болды.
Кездесу барысында Олжас Бектенов Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебізі мен ізгі тілегін жеткізді. Екі ел арасындағы өзара іс-қимыл сенімге, өзара түсіністікке және бауырлас халықтар арасындағы берік достыққа негізделген стратегиялық әріптестік пен одақтастықтың жарқын үлгісі екені атап өтілді. Екі мемлекеттің басшылары қол жеткізген уағдаластықтардың көпжоспарлы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға тың серпін беріп отырғаны айтылды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы өзара сауда көлемі 16,2%-ға артып, $4,8 млрд-қа жетті. Биылғы қаңтар-сәуір айларында екіжақты тауар айналымы $1,9 млрд-ты құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 42,1%-ға артық. Кездесуде сауда-экономикалық байланыстарды дамыту, өнеркәсіп кооперациясын кеңейту, көлік-логистика саласындағы өзара ықпалдастықты нығайту, сондай-ақ энергетика, су ресурстары және туризм салаларындағы ынтымақтастық мәселелеріне назар аударылды.
Сондай-ақ форум жұмысына Өзбекстан мен Албания президенттері, Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей Федерациясы, Тәжікстан үкіметтерінің басшылары және бизнес, халықаралық даму банктері мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Іс-шара барысында тұрақты экономикалық даму, инвестициялар тарту және инновациялар енгізу мәселелері талқыланды.
Форумда сөз сөйлеген Олжас Бектенов Қазақстан Орталық Азияның экономикалық әлеуетін ашу мақсатында өңір елдері арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі тереңдетуді қолдайтынын атап өтті.
Қазақстанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан институционалдық реформалар орнықты әртараптандырылған экономикалық өсімді қамтамасыз етуге бағытталған. Инвестициялық ахуалды жақсартуға және іскерлік белсенділікті арттыруға ерекше назар аударылуда. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әділетті әрі қуатты мемлекет құрудың берік негізі қаланып, бұл еліміздегі іскерлік ортаны одан әрі жетілдіруге және инвестициялық тартымдылықты арттыруға қосымша мүмкіндік жасайды.
Қазіргі таңда 2030 жылға дейінгі инвестициялық саясат тұжырымдамасы жаңартылды. Шетелдік капитал тарту көлемін кеңейту үшін Kazakh Invest ұлттық компаниясының басым нарықтарға қатысуы күшейтілуде. Бас прокуратура жанындағы Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті бизнестің заңды мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз етеді. Инвесторлар мен жоғары білікті мамандар үшін елде болу шарттарын жеңілдетуді көздейтін «Altyn Visa» жаңа арнайы визалық режимі енгізілуде. Бірлесіп қабылданған бұл шаралар инвестициялық белсенділікті ынталандыруға және Қазақстандағы жоғары технологиялы жаңа салалардың дамуын жеделдетуге бағытталған.
ҚР Премьер-министрі цифрлық технологиялар мен ЖИ саласындағы ынтымақтастықтың әлеуетін атап өтті. Қазақстан жаңа буынның IT-экожүйесін белсенді қалыптастыруда: екі суперкомпьютер пайдалануға берілді, Аlem.аі халықаралық жасанды интеллект орталығы құрылды. Орталық Азиядағы цифрлық хабқа айналуға бағытталған «ДӨО алқабы» жобасы жүзеге асырылуда. Жобаны дамытуға әлемдік IT алпауыттары – Firebird және NVIDIA қазірдің өзінде $10 млрд көлемінде инвестиция салып отыр.
📱@KZgovernment
Repost from Aqorda 🇰🇿
✉️Глава государства направил поздравительную телеграмму Президенту Российской Федерации
🇰🇿🇷🇺Касым-Жомарт Токаев поздравил Владимира Путина с государственным праздником – Днем России.
– В Казахстане дорожат отношениями дружбы и добрососедства с братской Россией, которые поступательно развиваются в духе стратегического партнерства и союзничества. Особое значение имел Ваш недавний государственный визит в Казахстан, итоги которого открыли новые горизонты взаимовыгодного сотрудничества, придали мощный импульс реализации масштабных проектов и инициатив. Уверен, благодаря совместным усилиям межгосударственные связи Казахстана и России будут и впредь динамично развиваться во всех сферах, – говорится в телеграмме.Президент Казахстана пожелал Владимиру Путину дальнейших успехов в ответственной государственной деятельности во имя благополучия и процветания Российской Федерации. t.me/aqorda_resmi
Repost from Aqorda 🇰🇿
✉️Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді аталған елдің мемлекеттік мерекесі – Ресей күнімен құттықтады.
– Қазақстан бауырлас Ресеймен стратегиялық серіктестік және одақтастық рухында дәйекті түрде дамып келе жатқан достық әрі тату көршілік қарым-қатынасты жоғары бағалайды. Сіздің жуырда Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарыңыз айрықша мәнге ие. Оның нәтижесі өзара тиімді ынтымақтастықтың көкжиегін кеңейтіп, ауқымды жобалар мен бастамаларды жүзеге асыруға тың серпін берді. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында Қазақстан мен Ресей арасындағы мемлекетаралық байланыстар алдағы уақытта барлық салада қарқынды дами береді деп сенемін, – делінген жеделхатта.Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің Ресей Федерациясының игілігі мен өркендеуі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне толайым табыс тіледі. t.me/aqorda_resmi
🔸Посольство Казахстана в Российской Федерации поздравляет россиян с Днем России!
Наши страны являются стратегическими партнерами, добрыми соседями и надежными союзниками, связанными общей историей, культурой и взаимными интересами.
Благодаря совместным усилиям двустороннее взаимодействие продолжает уверенно развиваться во всех сферах и служит образцовым примером межгосударственных отношений.
Желаем россиянам благополучия, счастья, мира, процветания и всего самого доброго!
Repost from MFA Qazaqstan 🇰🇿
✔️ Отырыс қорытындысы бойынша министрлер ҰҚШҰ-ның 2030 жылға дейінгі Терроризмге қарсы стратегиясының жобасын мақұлдады.
Сыртқы істер министрлері кеңесі ғарыш кеңістігінде қарулану жарысының алдын алу, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды диверсиялық және террористік мақсаттарда пайдалану қатерлеріне қарсы іс-қимыл жасау қажеттілігі, халықаралық құқықтың рөлін нығайту және БҰҰ Жарғысының қағидаттарына бейілділік, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының басталғанына 85 жыл толуына байланысты саяси мәлімдемелер қабылдады.
Жалпы алғанда, тараптар ҰҚШҰ аясындағы өзара іс-қимылды дамытуға және Ұйымды одан әрі нығайтуға бейілді екендіктерін растады.
Ресей Федерациясының төрағалығын ескере отырып, Сыртқы істер министрлері кеңесінің келесі отырысы 2026 жылғы қарашада Мәскеу қаласында ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы қарсаңында өтеді.
✔️ По итогам заседания министры одобрили проект Антитеррористической стратегии ОДКБ до 2030 года.
Советом министров иностранных дел также приняты политические заявления по предотвращению гонки вооружений в космическом пространстве, о необходимости противодействия угрозам использования информационно-коммуникационных технологий в диверсионных и террористических целях, об укреплении роли международного права и приверженности принципа Устава ООН, а также в связи с 85-й годовщиной начала Великой Отечественной войны.
В целом, стороны подтвердили нацеленность на развитие взаимодействия в рамках ОДКБ и дальнейшее укрепление Организации.
Очередное заседание Совета министров иностранных дел, с учётом председательства Российской Федерации, состоится в Москве в ноябре 2026 года накануне сессии Совета коллективной безопасности ОДКБ.
✔️ Following the meeting, the ministers approved the draft CSTO Counter-Terrorism Strategy until 2030.
The Council of Foreign Ministers also adopted political statements on preventing an arms race in outer space, the need to counter threats arising from the use of information and communication technologies for sabotage and terrorist purposes, strengthening the role of international law and commitment to the principles of the UN Charter, as well as a statement marking the 85th anniversary of the beginning of the Great Patriotic War.
Overall, the parties reaffirmed their commitment to enhancing cooperation within the CSTO framework and further strengthening the Organization.
The next meeting of the Council of Foreign Ministers, under the chairmanship of the Russian Federation, will take place in Moscow in November 2026 on the eve of the CSTO Collective Security Council session.
@PressMFAKZ
Repost from MFA Qazaqstan 🇰🇿
💬 Сондай-ақ министр ҰҚШҰ форматындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша Қазақстанның ұстанымы мен тәсілдері туралы хабардар етіп, Ұйымды одан әрі жан-жақты дамытуға бағытталған бірқатар ұсыныстарын ортаға салды.
Ақпараттық және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша күш-жігерді үйлестірудің маңыздылығын атап өтті. Осы тұрғыда қатысушыларды Қазақстандағы цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект саласының дамуымен таныстырды. Атап айтқанда, Цифрлық кодекстің қабылдануы, «Alem AI» жасанды интеллект орталығының және суперкомпьютерлік кластердің іске қосылуы, сондай-ақ «Деректерді өңдеу орталықтарының алқабын» құру және «Astana Smart City» жобасын жүзеге асыру жөнінде ақпарат берді.
Сондай-ақ Алматы қаласында Тұрақты даму мақсаттары бойынша цифрлық шешімдердің Азия-Тынық мұхиты өңірлік орталығын құру бастамасын қолдағаны үшін ҰҚШҰ-дағы серіктестерге алғысын білдірді.
💬 Он также проинформировал о позиции и подходах Казахстана по вопросам сотрудничества в формате ОДКБ, а также высказал ряд предложений, нацеленных на дальнейшее всестороннее развитие Организации.
Отметил важность координации усилий по вопросам обеспечения информационной и кибербезопасности. В этом контексте информировал участников о развитии сферы цифровых технологий и искусственного интеллекта в Казахстане, в частности о принятии Цифрового кодекса, запуске Центра искусственного интеллекта «Alem AI», суперкомпьютерного кластера, а также о создании «Долины центров обработки данных» и реализации проекта «Astana Smart City».
Выразил признательность партнерам по ОДКБ за поддержку в создании в Алматы Азиатско-Тихоокеанского центра цифровых решений для устойчивого развития.
💬 He also informed the participants about Kazakhstan’s position and approaches regarding cooperation within the CSTO framework and put forward a number of proposals aimed at the Organization’s further comprehensive development.
He emphasized the importance of coordinating efforts in the areas of information and cybersecurity. In this context, he briefed the participants on the development of digital technologies and artificial intelligence in Kazakhstan, highlighting, in particular, the adoption of the Digital Code, the launch of the Alem AI Center for Artificial Intelligence and a supercomputing cluster, as well as the establishment of the Data Center Valley and the implementation of the Astana Smart City project.
He also expressed gratitude to Kazakhstan’s partners within the Collective Security Treaty Organization for their support in establishing the Asia-Pacific Regional Hub of Digital Solutions for Sustainable Development in Almaty.
@PressMFAKZ
Repost from MFA Qazaqstan 🇰🇿
🔷 Қазақстанның Сыртқы істер министрі ҰҚШҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысты
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысына қатысты.
Кездесу барысында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары халықаралық және өңірлік ахуал, сондай-ақ оның Ұйымға мүше мемлекеттердің қауіпсіздігіне әсері жөнінде пікір алмасты.
Қазақстан Сыртқы істер министрі өз сөзінде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) өңірдегі бейбітшілікті, тұрақтылықты және орнықты дамуды қамтамасыз етудің маңызды тетігі екенін атап өтті. Ұйымға мүше мемлекеттер бірлескен күш-жігердің арқасында заманауи сын-қатерлер мен қауіптерге тиімді қарсы тұрып, қорғаныс саласындағы іс-қимылдарын үйлестіріп, дағдарыстық жағдайларға жедел ден қоюда.
🔶 Министр иностранных дел Казахстана принял участие в заседании Совета министров иностранных дел ОДКБ
Министр иностранных дел Республики Казахстан Ермек Кошербаев принял участие в очередном заседании Совета министров иностранных дел Организации Договора о коллективной безопасности.
В ходе встречи главы внешнеполитических ведомств государств-членов ОДКБ обменялись мнениями по международной и региональной обстановке и ее влиянии на безопасность государств-членов Организации.
В своём выступлении глава МИД Казахстана констатировал, что ОДКБ является важным элементом обеспечения мира, стабильности и устойчивого развития в регионе. Благодаря совместным усилиям государства-члены Организации успешно противодействуют современным вызовам и угрозам, координируют действия в сфере обороны и оперативно реагируют на кризисные ситуации.
🔷 Kazakhstan’s Foreign Minister Participates in CSTO Council of Foreign Ministers Meeting
Minister of Foreign Affairs of the Republic of Kazakhstan, Yermek Kosherbayev, participated in the regular meeting of the Council of Foreign Ministers of the Collective Security Treaty Organization (CSTO).
During the meeting, the foreign ministers of the CSTO member states exchanged views on the international and regional situation and its impact on the security of the Organization's member states.
In his remarks, the Minister of Foreign Affairs of Kazakhstan noted that the Collective Security Treaty Organization remains an important pillar for ensuring peace, stability and sustainable development in the region. Through their joint efforts, the Organization’s member states effectively counter contemporary challenges and threats, coordinate actions in the field of defence, and respond promptly to crisis situations.
@PressMFAKZ
+7
🔹Мәскеуде Астананың туристік әлеуеті таныстырылды
🔗 https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-moscow/press/news/details/1238220?lang=kk
🔸В Москве презентован туристический потенциал Астаны
🔗 https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-moscow/press/news/details/1238220?lang=ru
🔸 Каковы главные итоги государственного визита Президента РФ Владимира Путина в Казахстан? Какие совместные проекты реализуются сейчас? Какие направления двустороннего сотрудничества самые перспективные?
Об этом и многом другом в эксклюзивном интервью газете «Комсомольская правда» на площадке Петербургского международного экономического форума рассказал Посол Казахстана в России Даурен Абаев.
Читайте по ссылке: https://www.kp.ru/daily/277789.5/5259504/?show.direction=future
+9
🔹Қазақстандық делегация ПХЭФ жұмысына қатысуда
🔗 https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-moscow/press/news/details/1235878?lang=kk
🔸Казахстанская делегация участвует в работе ПМЭФ
🔗 https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-moscow/press/news/details/1235878?lang=ru
Repost from ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі
✍️ПМЭФ-2026: Казахстан и Курчатовский институт подписали меморандум о сотрудничестве в атомной сфере
САНКТ-ПЕТЕРБУРГ. В рамках Петербургского международного экономического форума (ПМЭФ-2026) состоялась церемония подписания Меморандума о взаимопонимании между Агентством Республики Казахстан по атомной энергии и Национальным исследовательским центром «Курчатовский институт».
Документ направлен на развитие сотрудничества в области научных исследований, подготовки кадров, обмена опытом и реализации совместных проектов в сфере мирного использования атомной энергии.
Выступая на церемонии подписания, Председатель Агентства РК по атомной энергии Алмасадам Саткалиев отметил важность укрепления научно-технологического партнерства между Казахстаном и Россией.
«Казахстан реализует комплексный подход к развитию атомной отрасли, включающий строительство атомной электростанции, развитие исследовательской инфраструктуры, подготовку инженерных кадров и расширение международного сотрудничества. НИЦ „Курчатовский институт“ является одним из ключевых партнеров в этой работе. Рассчитываем, что подписанный Меморандум придаст новый импульс нашему сотрудничеству и станет основой для конкретных совместных проектов», — отметил Алмасадам Саткалиев.
В числе приоритетных направлений взаимодействия сторон определены термоядерные исследования, реакторные технологии, ядерная медицина, цифровизация научной инфраструктуры, а также развитие совместных исследовательских проектов.
Стороны также намерены расширять сотрудничество в области подготовки кадров и обмена научным опытом, используя потенциал исследовательских организаций двух стран.
Ожидается, что реализация меморандума будет способствовать дальнейшему развитию научно-технологического сотрудничества между Казахстаном и Россией, укреплению исследовательской базы и подготовке высококвалифицированных специалистов для атомной отрасли.
Также в рамках рабочей поездки в Санкт-Петербург Председатель Агентства РК по атомной энергии Алмасадам Саткалиев ознакомился с деятельностью НИЦ «Курчатовский институт». В ходе посещения были представлены основные направления научных исследований, уникальная исследовательская инфраструктура и перспективные разработки в области ядерных и термоядерных технологий.
Repost from ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі
✍️ПМЭФ-2026: Қазақстан мен Курчатов институты атом саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
САНКТ-ПЕТЕРБУРГ. Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумы (ПМЭФ-2026) аясында Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі мен «Курчатов институты» ұлттық зерттеу орталығы арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.
Құжат ғылыми зерттеулер, кадрлар даярлау, тәжірибе алмасу және атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру бағытындағы ынтымақтастықты дамытуға арналған.
Қол қою рәсімінде сөз сөйлеген ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Қазақстан мен Ресей арасындағы ғылыми-технологиялық әріптестікті нығайтудың маңыздылығын атап өтті.
«Қазақстан атом саласын дамытудың кешенді тәсілін жүзеге асыруда. Бұл атом электр станциясын салуды, зерттеу инфрақұрылымын дамытуды, инженерлік кадрларды даярлауды және халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуді қамтиды. «Курчатов институты» ұлттық зерттеу орталығы осы бағыттағы негізгі серіктестердің бірі болып табылады. Қол қойылған меморандум біздің ынтымақтастығымызға жаңа серпін беріп, нақты бірлескен жобаларды іске асыруға негіз болады деп сенеміз», – деді Алмасадам Сәтқалиев.
Тараптардың өзара іс-қимылының басым бағыттары ретінде термоядролық зерттеулер, реакторлық технологиялар, ядролық медицина, ғылыми инфрақұрылымды цифрландыру, сондай-ақ бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын дамыту айқындалды.
Сондай-ақ тараптар екі елдің ғылыми ұйымдарының әлеуетін пайдалана отырып, кадрлар даярлау және ғылыми тәжірибе алмасу саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуді көздеп отыр.
Меморандумды іске асыру Қазақстан мен Ресей арасындағы ғылыми-технологиялық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, зерттеу базасын нығайтуға және атом саласы үшін жоғары білікті мамандар даярлауға ықпал етеді деп күтілуде.
Сонымен қатар Санкт-Петербургке жұмыс сапары барысында ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев «Курчатов институты» ұлттық зерттеу орталығының қызметімен танысты. Сапар барысында ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттары, бірегей зерттеу инфрақұрылымы және ядролық әрі термоядролық технологиялар саласындағы перспективалы әзірлемелер таныстырылды.
Repost from ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі
🤝ПМЭФ-2026: Казахстан намерен расширять международное научное сотрудничество в атомной сфере
САНКТ-ПЕТЕРБУРГ. Председатель Агентства Республики Казахстан по атомной энергии Алмасадам Саткалиев принял участие в сессии «Мегаустановки: новая физика международного сотрудничества», состоявшейся в рамках Петербургского международного экономического форума (ПМЭФ-2026).
В ходе дискуссии участники обсудили значение крупных исследовательских установок для развития науки, подготовки кадров, укрепления международного сотрудничества и обеспечения технологического суверенитета государств.
Выступая на сессии, Алмасадам Саткалиев отметил, что Казахстан рассматривает развитие научно-исследовательской инфраструктуры как один из ключевых элементов формирования современной атомной отрасли.
«Казахстан принял решение о строительстве атомной электростанции. И мы с самого начала исходим из того, что АЭС — это не строительный проект. Это долгосрочное обязательство перед собственной отраслью. Нам нужна полноценная атомная экосистема: инженерная школа, исследовательская база, испытательные мощности, подготовленные кадры», — заявил глава Агентства.
По его словам, важную роль в развитии такой экосистемы играют крупные научные установки, обеспечивающие проведение передовых исследований и подготовку специалистов.
Глава Агентства также отметил, что Казахстан располагает уникальной научной инфраструктурой и последовательно развивает исследовательский потенциал страны в сфере мирного использования атомной энергии.
В обсуждении также приняли участие представители научного и атомного сообщества, руководители международных исследовательских организаций и государственных структур.
Участие в подобных международных площадках способствует укреплению научного сотрудничества, обмену опытом и расширению возможностей для реализации совместных исследовательских проектов с ведущими мировыми научными центрами.
Repost from ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі
🤝ПМЭФ-2026: Қазақстан атом саласындағы халықаралық ғылыми ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті
САНКТ-ПЕТЕРБУРГ. Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Петербург халықаралық экономикалық форумы (ПМЭФ-2026) аясында өткен «Мегақондырғылар: халықаралық ынтымақтастықтың жаңа физикасы» атты сессияға қатысты.
Пікірталас барысында қатысушылар ірі ғылыми-зерттеу қондырғыларының ғылымды дамытудағы, кадрлар даярлаудағы, халықаралық ынтымақтастықты нығайтудағы және мемлекеттердің технологиялық егемендігін қамтамасыз етудегі маңызын талқылады.
Сессияда сөз сөйлеген Алмасадам Сәтқалиев Қазақстан ғылыми-зерттеу инфрақұрылымын дамытуды заманауи атом саласын қалыптастырудың негізгі бағыттарының бірі ретінде қарастыратынын атап өтті.
«Қазақстан атом электр станциясын салу туралы шешім қабылдады. Біз АЭС-ті бастапқы кезеңнен-ақ жай ғана құрылыс жобасы емес, ұлттық атом саласын ұзақ мерзімді дамытуға бағытталған стратегиялық міндеттеме ретінде қарастырамыз. Бізге толыққанды атом экожүйесі қажет: инженерлік мектеп, зерттеу базасы, сынақ инфрақұрылымы және білікті кадрлар», – деді Агенттік төрағасы.
Оның айтуынша, осындай экожүйені дамытуда озық ғылыми зерттеулер жүргізуге және білікті мамандар даярлауға мүмкіндік беретін ірі ғылыми қондырғылар маңызды рөл атқарады.
Сондай-ақ Агенттік төрағасы Қазақстанның бірегей ғылыми инфрақұрылымға ие екенін және атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы зерттеу әлеуетін жүйелі түрде дамытып келе жатқанын атап өтті.
Талқылауға ғылыми қауымдастық пен атом саласының өкілдері, халықаралық зерттеу ұйымдарының басшылары және мемлекеттік құрылымдардың жетекшілері де қатысты.
Осындай халықаралық алаңдарға қатысу ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға, тәжірибе алмасуға және әлемнің жетекші ғылыми орталықтарымен бірлескен зерттеу жобаларын іске асыру мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді.
Repost from ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
⚡️ Ерсайын Нагаспаев выступил на панельной сессии Петербургского международного экономического форума
Министр промышленности и строительства Республики Казахстан Ерсайын Нагаспаев принимает участие в работе XXIX Петербургского международного экономического форума (ПМЭФ-2026).
Министр промышленности и строительства Республики Казахстан Ерсайын Нагаспаев и первый заместитель Председателя Правительства Российской Федерации Денис Мантуров открыли работу панельной сессии форума «Редкие, стратегические: суверенитет и международное сотрудничество в области РЗМ и критических минералов».
В своем выступлении Ерсайын Нагаспаев акцентировал внимание на проводимой работе по созданию в РК полной производственной цепочки – от геологоразведки и добычи до глубокой переработки.
«Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Кемелевич Токаев отмечает стратегическую значимость и перспективность освоения редкоземельных металлов как одного из приоритетов промышленной политики страны. Как подчеркивает Глава государства, для Казахстана с его ресурсным потенциалом это новое окно возможностей. Наша ключевая цель — обеспечить устойчивое развитие горнорудного сектора и сформировать прозрачную высокотехнологичную архитектуру недропользования», — подчеркнул Ерсайын Нагаспаев.Казахстан обеспечивает стабильные поставки титана, рения, бериллия, тантала, ниобия, вольфрама и аккумуляторного марганца на мировой рынок. Продукция востребована в наукоёмких отраслях, в том числе в аэрокосмической промышленности. ℹ️ Подытоживая, Ерсайын Нагаспаев подчеркнул, что Казахстан открыт к сотрудничеству и пригласил зарубежные компании к совместной реализации перспективных проектов в области геологоразведки и глубокой переработки. 📌 На полях ПМЭФ-2026 министр промышленности и строительства РК провел ряд встреч. ➡️ В ходе встречи с Главой Удмуртской Республики Александром Бречаловым внимание уделено наращиванию взаимной торговли промышленной продукцией. Рассмотрены перспективы реализации совместных проектов в сферах металлообработки, машиностроения, а также по производству электротехники и нефтегазового оборудования. ➡️ С Премьер-министром Правительства Республики Башкортостан Андреем Назаровым обсуждены вопросы взаимодействия в обрабатывающем секторе и реализации совместных проектов. ➡️ С губернатором Челябинской области РФ Алексеем Текслером внимание уделено торгово-экономическому и межрегиональному сотрудничеству. ℹ️ По итогам всех встреч достигнуты договоренности по расширению партнерства и развитию промышленной кооперации в перспективных отраслях.
