3 766
Subscribers
-424 hours
-67 days
+2730 days
Posts Archive
Repost from ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
+2
⚡️ Ерсайын Нағаспаев Петербург халықаралық экономикалық форумының панельдік сессиясында сөз сөйледі
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев XXIX Петербург халықаралық экономикалық форумының (ПХЭФ-2026) жұмысына қатысуда.
Форумның «Сирек және стратегиялық минералдар: жерде сирек кездесетін металдар мен аса маңызды минералдар саласындағы дербестік және халықаралық ынтымақтастық» тақырыбында өткен панельдік сессиясын Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев пен Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасары Денис Мантуров ашты.
Ерсайын Нағаспаев өз сөзінде Қазақстанда геологиялық барлау және өндіруден бастап терең өңдеуге дейінгі толық өндірістік тізбекті қалыптастыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
«Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жерде сирек кездесетін металдарды игерудің стратегиялық маңызы мен болашағын еліміздің өнеркәсіптік саясатының басым бағыттарының бірі ретінде қарастырады. Мемлекет басшысы айтқандай, ресурстық әлеуеті жоғары Қазақстан үшін бұл – жаңа мүмкіндіктер терезесі. Біздің негізгі мақсатымыз – тау-кен саласының тұрақты дамуын қамтамасыз ету және жер қойнауын пайдалану жүйесінің ашық әрі жоғары технологиялық архитектурасын қалыптастыру», – деп атап өтті Ерсайын Нағаспаев.Қазақстан әлемдік нарыққа титан, рений, бериллий, тантал, ниобий, вольфрам және аккумуляторлық марганецті тұрақты түрде жөнелтіп келеді. Бұл өнімдер көптеген салаларда, солардың ішінде әсірісе, аэроғарыш өнеркәсібі, машина жасау, жаңартылатын энергия көздері сынды секторларда үлкен сұранысқа ие. ℹ️ Ерсайын Нағаспаев сөзін қорытындылай келіп, Қазақстанның ынтымақтастыққа әрдайым ашық екенін жеткізді, шетелдік компанияларды геологиялық барлау және терең өңдеу салаларындағы перспективалы жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға шақырды. 📌 ПХЭФ-2026 алаңында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев бірқатар кездесу өткізді. ➡️Удмурт Республикасының Басшысы Александр Бречаловпен өткен кездесуде өнеркәсіптік өнімдер бойынша өзара сауда көлемін ұлғайту мәселелері талқыланды. Металл өңдеу, машина жасау, электр техникасы және мұнай-газ жабдықтарын өндіру салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыру перспективалары қарастырылды. ➡️Башқұртстан Республикасы Үкіметінің Премьер-министрі Андрей Назаровпен болған кездесуде өңдеу өнеркәсібі секторындағы өзара іс-қимыл және бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды. ➡️Ресей Федерациясы Челябі облысының губернаторы Алексей Текслермен өткен кездесуде сауда-экономикалық және өңіраралық ынтымақтастық мәселелеріне назар аударылды. ℹ️ Кездесулер қорытындысы бойынша ынтымақтастықты кеңейту және экономиканың перспективалы салаларындағы өнеркәсіптік кооперацияны дамыту жөнінде келісімдерге қол жеткізілді.
+9
🔹ЖИ саласындағы Қазақстан-Ресей ынтымақтастығы ПХЭФ алаңдарында талқыланды
🔗 https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-moscow/press/news/details/1233878?lang=kk
🔸Казахстанско-российское сотрудничество в сфере ИИ обсудили на «полях» ПМЭФ
🔗 https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-moscow/press/news/details/1233878?lang=ru
+9
🔹Мәскеуде Қазақстанның Мемлекеттік рәміздер күні атап өтілді
🔗 https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-moscow/press/news/details/1232841?lang=kk
🔸В Москве отметили День государственных символов Казахстана
🔗 https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-moscow/press/news/details/1232841?lang=ru
Repost from Aqorda 🇰🇿
+3
🇰🇿🇷🇺Касым-Жомарт Токаев проводил в столичном аэропорту Президента России Владимира Путина, завершившего свой государственный визит в Казахстан
t.me/aqorda_resmi
Repost from Aqorda 🇰🇿
🇰🇿🇷🇺Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапары аяқталған Ресей Президенті Владимир Путинді елорда әуежайынан шығарып салды
t.me/aqorda_resmi
Repost from Aqorda 🇰🇿
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы
****
Заседание Высшего Евразийского экономического совета
📍Астана
🎦 t.me/aqorda_resmi
Repost from Aqorda 🇰🇿
+2
В ходе заседания Высшего Евразийского экономического совета в расширенном составе выступили Президент Республики Беларусь Александр Лукашенко, Президент Кыргызской Республики Садыр Жапаров, Президент Российской Федерации Владимир Путин, Вице-премьер Республики Армения Мгер Григорян, Президент Республики Узбекистан Шавкат Мирзиёев, Вице-президент Республики Куба Сальвадор Вальдес Меса, министр промышленности, рудников и торговли Исламской Республики Иран Сейед Мохаммад Аттабак и председатель Коллегии ЕЭК Бакытжан Сагинтаев.
t.me/aqorda_resmi
Repost from Aqorda 🇰🇿
+3
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Армения Республикасының Вице-премьері Мгер Григорян, Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев, Куба Республикасының Вице-президенті Сальвадор Вальдес Меса, Иран Ислам Республикасының өнеркәсіп, кеніштер және сауда министрі Сейед Мохаммад Аттабак және Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев сөз сөйледі.
t.me/aqorda_resmi
Repost from Aqorda 🇰🇿
Президент Казахстана отметил важность реализации торгово-экономического потенциала ЕАЭС на внешнем контуре
🟦По его мнению, необходимо дальнейшее расширение связей Союза со странами Арабского мира, Юго-Восточной Азии, Африки и Латинской Америки, а также с авторитетными региональными экономическими объединениями.
– На текущем этапе активно продвигаются переговоры с Индией по созданию зоны свободной торговли. Считаю, что эта работа достойна внимания, как и другие направления этой деятельности. Сегодня в узком формате Президент Беларуси высказал, на мой взгляд, правильное предложение в отношении того, что партнеры по созданию зоны свободной торговли, как, впрочем, и по обретению статуса наблюдателя, должны подбираться в избирательном режиме, если так можно выразиться, то есть не чохом, не всех подряд, а тех, кто действительно соответствует определенным критериям и могут принести пользу Евразийскому экономическому союзу, – заявил Президент Казахстана.🟦Глава государства заявил, что Казахстан в рамках своего председательства в органах ЕАЭС намерен и далее всемерно содействовать укреплению общего экономического потенциала, обеспечению устойчивого развития стран – участниц.
– Убежден, что совместными усилиями мы сможем добиться больших результатов и вывести сотрудничество в рамках Союза на качественно новый уровень. В прошлом году мы успешно завершили план мероприятий по реализации стратегических направлений в деятельности ЕАЭС. Впереди много новых задач, предусмотренных Декларацией о дальнейшем развитии евразийской интеграции. Хотел бы в заключение пожелать всем успешной работы в рамках достижения поставленных целей, – подытожил Президент Казахстана.t.me/aqorda_resmi
Repost from Aqorda 🇰🇿
+3
Қазақстан Президенті ЕАЭО-ның сыртқы сауда-экономикалық әлеуетін іске асыру маңызды екенін айтты
🟦Мемлекет басшысының пікірінше, Одақтың Араб әлемі, Оңтүстік-Шығыс Азия, Африка және Латын Америкасы елдерімен, сондай-ақ беделді өңірлік экономикалық бірлестіктермен байланыстарын одан әрі кеңейту қажет.
– Қазір Үндістанмен еркін сауда аймағын құру жөнінде келіссөздер белсенді жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыс басқа да қызмет бағыттары сияқты назар аударуға лайық. Менің ойымша, шағын құрамдағы кездесуде Беларусь Президенті өте дұрыс ұсыныс айтты. Еркін сауда аймағын құратын серіктестер де, сондай-ақ байқаушы мәртебесіне ие болатын елдер де мұқият таңдалуы қажет. Яғни бәрін бірдей емес, шын мәнінде белгілі бір талаптарға сай келетін және Еуразиялық экономикалық одаққа пайда әкелетін елдерді қабылдау керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.🟦Мемлекет басшысы Қазақстан ЕАЭО органдарына төрағалығы аясында мүше мемлекеттердің ортақ экономикалық әлеуетін нығайтуға, орнықты дамуын қамтамасыз етуге алдағы уақытта да барынша жәрдемдесе беретінін мәлімдеді.
– Біз бірлесе күш жұмылдыра отырып, маңызды нәтижеге қол жеткізе аламыз және Одақ аясындағы ынтымақтастықты жаңа әрі сапалы деңгейге шығарамыз. Мен бұған кәміл сенемін. Былтыр ЕАЭО қызметінің стратегиялық бағыттарын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын табысты аяқтадық. Алдымызда Еуразиялық интеграцияны одан әрі дамыту туралы декларацияда қарастырылған көптеген міндет тұр. Сөз соңында алға қойған мақсаттарға жету жолында баршаңызға табыс тілеймін, – деді Қазақстан Президенті.t.me/aqorda_resmi
Repost from Aqorda 🇰🇿
В выступлении еще одним приоритетом был обозначен поиск новых точек роста в условиях трансформации мировой экономики
– От скорости адаптации к новым технологическим вызовам напрямую зависит долгосрочная устойчивость наших национальных экономик, их место в будущем мироустройстве. Об этом довольно подробно мы говорили вчера, в первый день Евразийского экономического форума. Волны технологического прогресса, от тотальной цифровизации до создания искусственного интеллекта, идут одна за другой. При этом каждая новая технологическая ступень создает основу для последующего прорыва, открывая невероятные возможности для тех, кто способен заглянуть за горизонт. По оценкам экспертов, в ближайшие 20 лет будет выделен целый ряд значимых технологических тенденций, включая биотехнологии, автономные системы, космическую экономику, хранение энергии, квантовые вычисления. В частности, согласно долгосрочным прогнозам, к 2035 году объем мирового рынка робототехники превысит рубеж в 376 миллиардов долларов. В индустрии виртуальной реальности будет вращаться около 700 миллиардов долларов. Нашим странам, конечно же, нельзя оставаться в стороне от мировых тенденций. Считаю, что Евразийская экономическая комиссия должна оказать поддержку в обмене практическим опытом и реализации совместных проектов по наиболее перспективным направлениям развития, – сказал Глава государства.t.me/aqorda_resmi
Repost from Aqorda 🇰🇿
Қасым-Жомарт Тоқаев әлем экономикасы трансформацияланып жатқан кезеңде жаңа табыс көздерін іздеу тағы бір басымдық екенін атап өтті
– Ұлттық экономикалардың ұзақмерзімді орнықтылығы мен болашақтағы орнын сайлауы жаңа технологиялық сын-қатерлерге жедел бейімделуіне тікелей байланысты. Бұл жөнінде біз кеше, Еуразиялық экономикалық форумның алғашқы күнінде егжей-тегжейлі талқыладық. Жаппай цифрландырудан бастап жасанды интеллектіге дейінгі технологиялық прогресс толқыны бірінен соң бірі туындап жатыр. Осылайша, технологиядағы әрбір жаңа белес озық ойлы адамдарға мүмкіндік сыйлайтын келесі соны серпіліске негіз қалайды. Сарапшылардың пікірінше, алдағы 20 жылдың ішінде биотехнология, автономды жүйелер, ғарыш экономикасы, энергияны сақтау, кванттық есептеу секілді маңызды технологиялық үдерістердің тұтас легі пайда болады. Мәселен, ұзақмерзімді болжам бойынша 2035 жылға қарай әлемдік робот техникасы нарығының көлемі 376 миллиард доллардан асады. Виртуалды шынайылық индустриясындағы қаржы айналымы 700 миллиард долларға жуықтайды. Әрине, біздің елдеріміз осы жаһандық жаңашылдықтардан кенже қалмауға тиіс. Еуразиялық экономикалық комиссия перспективті даму бағыттарында нақты тәжірибе алмасуға және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қолдау көрсетуі керек деп санаймын, – деді Мемлекет басшысы.t.me/aqorda_resmi
Repost from Aqorda 🇰🇿
Глава государства указал на необходимость масштабирования опыта цифровизации сельского хозяйства
– Наши усилия могут быть сосредоточены на поддержке высокотехнологичных инициатив, способных укрепить позиции ЕАЭС на глобальном продовольственном рынке. Принятие поправок в Договор о Евразийском экономическом союзе в части финансовой поддержки кооперационных проектов в сфере агропромышленного комплекса – важный шаг на этом пути. Для масштабного финансирования таких технологических инициатив необходимо в полной мере задействовать потенциал Евразийского банка развития. За два десятилетия с момента своего учреждения финансовый институт показал себя как эффективный и востребованный инструмент евразийской интеграции. В узком составе мы заслушали содержательный доклад председателя правления Банка и утвердили его. Пришли к мнению, что ЕАБР должен и впредь оставаться ключевым локомотивом в реализации стратегических проектов на пространстве нашего Союза, – подчеркнул Президент.t.me/aqorda_resmi
Repost from Aqorda 🇰🇿
+2
Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығын цифрландыру тәжірибесін кеңінен тарату қажет деп санайды
– Жаһандық азық-түлік нарығындағы ЕАЭО позициясын нығайтатын жоғары технологиялық бастамаларды қолдауға күш салуға болады. Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа агроөнеркәсіп кешеніндегі кооперациялық жобаларды қаржылай қолдау бойынша түзетулер енгізіліп, қабылданды. Бұл – осы жолдағы маңызды қадамның бірі. Мұндай технологиялық бастамаларды қаржыландыру көлемін ұлғайту үшін Еуразия даму банкінің мүмкіндіктерін пайдаланған жөн. Құрылғаннан бергі жиырма жыл ішінде аталған қаржы институты еуразиялық интеграцияның тиімді әрі сұранысқа ие құралы екенін дәлелдеді. Біз шағын құрамдағы кездесуде Банктің басқарма төрағасы жасаған мазмұнды баяндаманы тыңдап, оны бекіттік. ЕАДБ алдағы уақытта да Одақ кеңістігіндегі стратегиялық жобаларды жүзеге асыруда басты локомотив болуға тиіс деген ұйғарымға келдік, – деді Президент.t.me/aqorda_resmi
Repost from Aqorda 🇰🇿
Президент Казахстана подчеркнул важность цифровой трансформации промышленности и агропромышленного комплекса стран ЕАЭС
🟦По его словам, цифровизация экономики – это не дань технологической моде, а ключевой фактор конкурентоспособности.
– В Казахстане мы подошли к этому вызову достаточно системно, запустив масштабную Концепцию цифровой трансформации. Роботизация, облачные решения в промышленном секторе и горно-металлургическом комплексе, «цифровые двойники» крупных промышленных предприятий повышают производительность, снижают издержки. Автоматизация сельского хозяйства увеличивает урожайность, сберегает водные ресурсы, снижает нагрузку на экологию. В животноводстве развернут ряд цифровых систем, которые исключают бумажный документооборот и повышают достоверность учета. По всей стране приступили к работе более 650 «умных» ферм, оснащенных автоматизированными системами доения, кормления и контроля микроклимата. В растениеводстве, включая семеноводство, последовательно внедряется система прослеживаемости продукции по принципу «от поля до стола». Благодаря цифровым возможностям детального планирования и прогнозирования Казахстан второй год подряд собирает рекордные объемы зерновых – на уровне 27 миллионов тонн. Ведется работа по полной оцифровке всех сельскохозяйственных угодий. Активно расширяется применение агродронов, спутниковой навигации и данных метеостанций. В электронный формат переводится процесс предоставления земель в пользование. Государственная поддержка аграриев будет полностью переведена в электронный вид, что снизит коррупционные риски, – сообщил Касым-Жомарт Токаев.t.me/aqorda_resmi
Repost from Aqorda 🇰🇿
Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердегі өндіріс ошақтары мен агроөнеркәсіп кешенін цифрлық трансформациялаудың маңызына назар аударды
🟦Президенттің пайымынша, экономиканы цифрландыру – технологиялық тренд қана емес, бәсекеге қабілетті болудың басты кепілі.
– Қазақстан бұл сынаққа ауқымды Цифрлық трансформация тұжырымдасын қабылдау арқылы жүйелі әрекеттермен жауап бермек. Өнеркәсіп секторы мен тау-кен және металлургия кешеніндегі роботтандыру, «бұлттық» шешімдер, ірі кәсіпорындардың «цифрлық телнұсқасы» өнімділікті ұлғайтып, шығынды азайтады. Ауыл шаруашылығын автоматтандыру мол өнім жинауға, су үнемдеуге, қоршаған ортаға зиянды азайтуға септігін тигізеді. Мал шаруашылығына қағаз жүзіндегі құжат айналымынан бас тартып, есептің дәлдігін арттыратын бірқатар цифрлық жүйе енгізілді. Еліміздің түкпір-түкпірінде 650-ден астам «ақылды» фермалар жұмыс істеп тұр. Онда сиыр сауу, бордақылау және микроклиматты қадағалау үрдістері автоматтандырылған жүйелермен жабдықталған. Егін және тұқым шаруашылығында өнімді «егіс даласынан тұтынушы дастарқанына дейін» жеткізу тізбегін қадағалайтын жүйе енгізіліп жатыр. Тыңғылықты жоспарлау мен цифрлық болжау мүмкіндіктерін пайдалану нәтижесінде Қазақстанда екінші жыл қатарынан егін бітік шығып, 27 миллион тонна көлемінде астық жиналды. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Ауыл шаруашылығы жерлерін жаппай цифрландыру жұмысы жүргізілуде. Агродрондар, жерсеріктік навигациялар мен метеостанция мәліметтері кеңінен қолданыла бастады. Жер телімін пайдалануға беру үдерісі электронды форматқа көшірілді. Дихандар мен шаруаларды мемлекет тарапынан қолдау тетіктері толықтай электрондық форматқа ауысты. Бұл жемқорлық тәуекелдерін азайтады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.t.me/aqorda_resmi
Repost from Aqorda 🇰🇿
Касым-Жомарт Токаев назвал еще одним приоритетом цифровизацию евразийских транспортных коридоров
🟦По его словам, Евразийский транспортный каркас представляет собой высокотехнологичную систему международных маршрутов, соединяющих ключевые рынки Азии, Европы и Ближнего Востока.
– Речь идет о разветвленной сети сквозных коридоров общей протяженностью более 50 тысяч километров, из которых свыше 10 тысяч проходит по территории Казахстана. Для сохранения ключевой роли в глобальной системе торгово-экономических связей всем нам потребуется дальнейшее развитие и оцифровка трансграничной инфраструктуры. Гибкие логистические решения, стабильность поставок, скорость прохождения грузов позволят существенно нарастить объемы транзитных потоков в ЕАЭС. Поэтому с конца прошлого года мы системно внедряем такой инструмент, как Smart Cargo, действующий по принципу «единого окна». В рамках данной платформы проводятся работы по оцифровке транспортных коридоров. В Казахстане внедрен механизм обмена электронными бланками разрешений с соседними странами. Взаимная интеграция информационных систем в рамках Союза – требование времени. В этой связи крайне актуальна проводимая Евразийской экономической комиссией работа по созданию цифровой «витрины» национальных сервисов. Полагаю, нам необходимо ускорить эти процессы и обеспечить формирование полноценной экосистемы цифровых транспортных коридоров ЕАЭС. Убежден, консолидация усилий в этом направлении позволит создать высокотехнологический транспортный хаб Евразии, – сказал Глава нашего государства.t.me/aqorda_resmi
Repost from Aqorda 🇰🇿
+2
Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразия кеңістігіндегі көлік дәліздерін цифрландыруды тағы бір басымдық ретінде атады
🟦Мемлекет басшысының айтуынша, Еуразияның көлік жүйесі Азия, Еуропа және Таяу Шығыстың басты нарықтарын байланыстыратын жоғары технологиялық халықаралық бағыттардан құралады.
– Бұл арада жалпы ұзындығы 50 мың шақырымнан асатын көлік дәліздерінің тұтас жүйесі туралы сөз болып отыр. Оның 10 мың шақырымнан астамы Қазақстан аумағы арқылы өтеді. Жаһандық сауда-экономика тізбегіндегі жетекші орнымызды сақтау үшін трансшекаралық инфрақұрылымды одан әрі дамыту және цифрландыру қажет. Ыңғайлы логистикалық шешімдер, жүкті тұрақты жеткізу мен өткізу жылдамдығы Еуразиялық экономикалық одақтағы транзит көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сондықтан өткен жылдың соңында біз Smart Cargo секілді құралдарды жүйелі түрде енгізе бастадық. «Бір терезе» қағидатымен қызмет ететін платформа аясында көлік дәліздерін цифрландыру жұмыстары қолға алынды. Қазақстанда көрші елдермен рұқсатнаманы электрондық бланкі форматында алмасу механизмі енгізілді. Одақ аясындағы ақпараттық жүйелерді өзара кіріктіру – уақыт талабы. Осы орайда Еуразиялық экономикалық комиссия ұлттық сервистердің цифрлық «сөресін» жасақтауды қолға алды. Бұл – өте өзекті. Аталған үдерісті жеделдетіп, ЕАЭО цифрлық көлік дәліздерінің толыққанды экожүйесін қалыптастыру қажет деп ойлаймын. Осы бағытта күш-жігерімізді біріктірсек, Еуразияның жоғары технологиялы көлік хабын құруға әбден болады, – деді Мемлекет басшысы.t.me/aqorda_resmi
Repost from Aqorda 🇰🇿
Глава государства: «В Казахстане осуществляется системная работа по внедрению искусственного интеллекта»
– На базе Astana Hub формируется полноценная, динамично развивающаяся стартап-экосистема. В стране активно развивается более 100 новых высокотехнологических компаний. Казахстан официально закрепил за собой статус нетто-экспортера технологий: объем экспорта IT-услуг превысил 1 миллиард долларов. Наши стартовые позиции подтверждаются на международном уровне. Согласно глобальному рейтингу EGDI (E-Government Development Index) Казахстан занимает 24-е место, а по качеству онлайн-услуг закрепился в десятке лидеров. Наша следующая задача – масштабировать этот успех. В Астане запущен Международный центр искусственного интеллекта Alem.ai. Центр призван стать не просто точкой притяжения талантливых разработчиков, но и ключевой региональной площадкой для создания и внедрения прикладных решений на базе искусственного интеллекта. Хочу отметить, что мы внимательно изучаем и высоко оцениваем достижения государств – членов ЕАЭС в сфере цифровизации, внедрения платформенных решений и современных подходов к государственному управлению. Каждая из стран – участниц Союза уже накопила значительный опыт в отдельных направлениях цифровой трансформации, представляющий прикладной интерес. Убежден, что наряду с развитием национальных компетенций нужно активнее формировать совместные технологические инициативы, обмениваться лучшими практиками и эффективными решениями. Такой подход позволит существенно ускорить цифровое развитие ЕАЭС, повысить конкурентоспособность наших экономик, – подчеркнул Президент.t.me/aqorda_resmi
Repost from Aqorda 🇰🇿
Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан жасанды интеллектіні енгізу бойынша бірқатар жүйелі шараны қолға алды
– Astana Hub базасында қарқынды ілгерілеп келе жатқан әрі толыққанды стартап-экожүйе қалыптасуда. Елімізде 100-ден астам жаңа жоғары технологиялық компания жедел дамып келеді. Қазақстан технологияны нетто-экспорттаушы мәртебесін ресми түрде дәлелдеді. ІТ қызметтер экспортының көлемі 1 миллиард доллардан асты. Біздің бастапқы жетістіктеріміз халықаралық деңгейде мойындалды. EGDI (E-Government Development Index) жаһандық рейтингіне сәйкес, Қазақстан 24-орын алады. Ал онлайн қызметтердің сапасы бойынша әлемдегі үздік ондыққа кіреді. Ендігі міндет – осы табысты тәжірибені кеңінен тарату. Астанада Халықаралық Alem.ai жасанды интеллект орталығы іске қосылды. Бұл талантты бағдарлама әзірлеушілер шоғырланған орталық қана емес, жасанды интеллект негізіндегі қолданбалы шешімдерді ойлап табатын әрі енгізетін аймақтағы басты алаң саналады. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің цифрландыру саласындағы жетістіктерін, мемлекеттік басқарудағы платформалық шешімдері мен заманауи тәсілдерді енгізу үлгілерін мұқият зерделейміз әрі жоғары бағалаймыз. Одаққа мүше елдердің әрқайсысы цифрлық трансформацияның жекелеген бағыттарында айтарлықтай тәжірибе жинады. Ұлттық құзіреттерді дамытумен қатар бірлескен технологиялық бастамаларды қалыптастыруға белсенді түрде атсалысқан жөн. Үздік тәжірибелер мен тиімді шешімдерді бөлісуіміз керек. Бұл ЕАЭО аясындағы цифрлық дамуды жеделдетіп, экономикаларымыздың бәсекеге қабілетін арттыруға мүмкіндік береді, – деді Президент.t.me/aqorda_resmi
