ой таспа
Open in Telegram
шимайларым, қиялдарым. ЕСКЕРТУ: жазбаларымды алатын болсаңыздар, автордың ақысына кірмей, белгілеуді сұраймын🙌🏻 — махаббатпен, Ұлпан Нұржанова🤍
Show moreKazakhstan5 297The category is not specified
564
Subscribers
No data24 hours
-37 days
-1530 days
Posts Archive
564
Жалғыздықтың көрінісі - сағыныш,
Көре қалса, шүкір айтар, алғыс қып.
Жүректі жоқ толтыратын салым күш,
Ешбіреуді сағынбау да жалғыздық…
Ұ.Н
#UN_poetry
564
Барлық әлем сенен теріс айналса да, мен әрқашан сенің жаныңда екенімді ұмытпа. Жай ғана құшақтау үшін. Көз жасыңды сүрту үшін. Құшағыммен жылыту үшін. Саған әдемірек, сұлуырақ болудың еш қажеті жоқ. Себебі сен дәл осы қалпыңмен, Жаратқанның о бастағы жаратылысымен ғажапсың! Бәлкім өмір сенің жұмыр жүрегіңе өз жарасын, тағдыр өз таңбасын салып жатқанында өзіңді жалғыз сезінетін шығарсың. Бірақ мен жаныңдамын. Жалықпаймын, жалықтырмайсың. Сен менің айнымас қағидамсың…
#UN_notes
564
Құрметті осы арнаның оқырмандары, жылды сіздерге деген шексіз алғыспен аяқтағым келіп тұр. Мен бойымдағы осы бір қабілет жасөспірім кезімде қылаң ете бастағанда бұны өнер деп қабылдамаған едім. Осы арнаны ашқанымда да оқырман жинайын-ау деген ниетім де болмады. Әйтеуір бәрінің қолынан келетіндей көрінді. Ешкімге ашып көрсетпедім, мақтанбадым, безінген кездерім де болды, рас. Өзім үшін барым бір жерде болсыншы деп бастаған арнам талай жапырақтың көңілінен шыққаны - үлкен бақыт. Қазір оқырман саны азайғанмен, мені оқитын нағыз оқырмандар қалды деген үміттемін. Мен үшін қашан да сапа саннан биік болмақ. Менің еркелігімді көтеріп, ара-тұра ғана салатын дүниелерімді оқып, пікір қосып отыратын жүректеріңздің алдында басымды идім. Сенесіздер ме? Әлі күнге дейін жекеме ыстық-ыстық лебіздер келіп жатады, сұрақ-кеңестер де жоқ емес.
Қазір бар ынта-тілегім - магистратурадағы оқуымда. Ал құбылмалы, нәзік шабытымның қас-қабағын бағатын сәт те, шабытыма лайық жан да келер бұйырса… Күйбең тірлік бар, жан-жақтан тармақталып әйтеуір бір маған қарай жолын табатын ойлар бар, кертартпа қыңырлығым бар, бәріне бөлініп, өнерімді, ақ парағымды, қауырсын қаламымды құрбандыққа шалатын әдетім үшін өзімнен де, сіздерден де кешірім сұраймын. Жаңа жыл сіздердің назарларыңызға тың дүниелерді алып келер жаңа, жылы, көркем леппен келсін деген ниеттемін. Әрқайсыңызды құшақтадым!
564
Таңдану мен табыну ешқашан абстракциялы ұғым болып көрген емес, өйткені бұл екеуі тек жеке адамның ой-өрісі мен парасат деңгейіне тікелей байланысты. Ал жеке адамның өзі де, ой-парасаты да әрқашан нақтылы. Таңданушыны өз пікірін қайтаруға немесе сүйіспеншілігін бәсеңдетуге болғанмен табынушыны бетінен қайтару қиын. Ол қульт пен фанатизмге ұқсас. Фанатизм мен парасат қатар өмір сүруі мүмкін емес, өйткені олар бір-біріне жау ұғымдар. Фанатизм тек "сауатсыздық" деген ортада "гүлденер" болса,парасат білімді ортада өніп-өседі. Демек, адам неғұрлым көп білген сайын өзінің бұрынгы таңданып, табынып келген нәрселеріне қайта баға бергіш болады.
Д. Исабеков, “Қарғын”
564
Өмірдің аты М…
Бір-ақ сәтте, тоқтамастан, үзбей оқып шыққан кітабым. Маған аздық етті. Әлгі жерде қайтадан оқып шыққанымда жаңаша бір леп сезсем ғой деп қоям соңғы бетін тауысып жатып…
Қуандым, “шіркін-ай” деп тамсандым, “әттең-ай” деп күрсіндім, соңында жыладым. Жас үнсіз шыға берді. Автордың өзі соңғы жағында “шықпай қалған сезімдерің жас болып шықсыншы” деп айтқаны дөп келді. Өзі де дайын тұратын жасым осы жолы да шықты. Бірақ өзгеше. Мөлт етіп. Күрсіністерімнің өтеуі болып.
Кітаптың маған үйреткені де жоқ емес… Сезімдерден қорықпауды үйретті. Сүйсек, бақытты боламыз деп үміттің үлкен дорбасын арқалап, тыраштанамыз. Бірақ махаббатты шартпен шектемеудің артында көбі жете бермейтін парасат жатқанын түсіндім. Махаббатпен қоса келген барлық “қосымшаларды” қалай бар, солай қабылдап, керек кезінде әлсіздік танытып, керек кезінде көкіректің барлығын ысырып, жауынгерге айналу керектігін ұғындым… Сан соғып, өмір бойы тістеніп, әйтеуір реті келді екен деп тоғысқан біреумен күніңді өткізіп, кешқұрым ойша сол бір шын сүйген адамыңды қиялдап өтпеуің үшін, кейде махаббатыңның барын көрсету керек. Айту керек. Жеткізу керек. Шынайы болу керек. Сезімге келгенде тұйық, сүюге, ішіндегісін жеткізуге қорқақтайтын мен сияқтыларға нағыз қажет кітап! Қабылдауыма тағы да біраз уақыт керек сияқты…
Бәріміз де ішінде Құдайы бар, тұнық, риясыз, мейірімді жүректі сүйіп, соның сүйіктісі болайық! Өмірдің аты - махаббат, мейірім
және ….!?
#UN_notes
564
менің армандарымды бір-екі оқырман сұрап еді
әдемі армандарымның бір бөлігін ұсынайын
“сургуч” мөрі бар хат алу
аз тираждағы өзімнің кітабымды шығару
кішкентай бақша өсіру
әлемнің ең әдемі жерлерінде құлшылық жасау
өзімді сипаттайтын фотосессия
картингке бару
шағын кинотеатр мен кітапхана
жаңа тіл үйрену
таудың баурайында таңды қарсы алу
әлемдік үлкен концертке бару
“дом на колесах”-та саяхаттау
отбасылық кішкентай дәстүрлерді ойлап табу
бірінші класспен ұзақ жолға ұшу
Солтүстік шұғыланы көру
дельфиндермен жүзіп көру
парашютпен секіру
коралловый рифты көру
дайвинг
жақындарымнан естеліктерге толы фото-альбом
нәзік түсті, шағын көлік
гүлдерге тұрақты түрдегі жазылымның “алушысы” болу
өлең не әнге арқау болу
564
Маңайымды жайлағанда тыныштық,
Көздерімнен жас тамады бір ыстық…
Кеудемдегі бұл дауылды баса алмай,
Айдың барып жарығымен ұрыстық…
Тыныштығын таба алмаған бұл екпін,
Екпінімді басамын деп жыр еттім.
Әлсіз келген қалыбыма көнбестен,
Келер кейде қиялымды шын еткім.
Жағдайымды мендік қазір кім ұқсын?
Саған жетер жолым менің - ұлық шың.
Үзілуден шаршағанда күрсініп,
Саған деген сол үмітім бір ұтсын…
Сағынуға болар ма екен көрмесем?
Тағдырымды жинақтаймын өр десең…
Сен жайғасар жүрек сондай бақытты,
Сен жайғасар беру керек төрге шең…
Ұ.Н
24.12.23
#UN_poetry
564
Көктемнен бері мені мазалап жүрген ойдың ұялағанына біраз болыпты. Шүкір етсем де, налысам да, жабықсам да сол ой санамды орап, жанымды шымши береді. Сол ойды орындасам, бар мәселем шешіліп, төрт құбылам толып, жүрегім тынышталатындай көрінеді. Уақыт сырғыған сайын сол ойдың жаңғырығы күшейіп, бар мәселемнің жалғыз шешімі сол сияқты көрінеді.
#UN_notes
564
Ағаш кезекті бір күзінде жапырақтарымен қимай қоштасады. Көктемде қайта жайқалып, бүршік ататынын ұмытып қалатындықтан ба екен? Әйтпесе ол қайдан шыққан қимастық…
#UN_notes
564
Solitude.
Деп тұрған жаным “шаршадым”,
Жалғыздық тұнған маңайға,
Жетемін саған, қалса әлім,
Өзің де жолға қарайла…
Тұспалдап болсын айта ғой,
Мен жайлы ішкі ойыңды.
Таспаны сосын қайта қой,
Жылытып берсін бойымды…
Менікі сол бір қиялдау,
“Шыдай ғой, жаным” деме сен…
Үмітім менен ұялды-ау,
Не болар ӨЗІҢ келмесең?
Алып кет мені мәңгіге,
Жүректі жәймен ұсынып…
Тұрса ғой сендік әңгіме,
Өзіме ғана ұмсынып.
Ұ.Н
16.12.23
#UN_poetry
564
Байлық сұраймыз. Атақ сұраймыз. Даңқ сұраймыз. Перзент сұраймыз. Мансап сұраймыз. Жар сұраймыз. Ұзақ ғұмыр сұраймыз.
Бірақ қайырлысын сұрамайды екенбіз.
Бұрын әжемнің “не берсең де қайырымен бер, адалынан бер”,- деп отыратын дұғасы менің қазіргі қағидам. Бір тілім нан болсын адал термен, адал еңбекпен келгені, бір адым жасаған қадамыңның өзі қайырымен болғаны — түсіне білгенге үлкен бақ.
Мен осыдан біраз уақыт бұрын бір нәрсені қатты қаладым. Ол менің жабылмаған гештальтім еді. Жүрегіме еніп, бір түбінде ызыңдап тұрды. Оған бәрі оңай ғой. Солай бірінші рет болмай қалды да, араға 3-4 жыл салып, сап етіп алдыма сол мүмкіндік келе қалды. Беріп көрейінші дегені шығар. Бәрін ұмытып, кірісіп кеттім. Бірақ ақыр соңында көңілім қалды. Ұзақ уақыт болмай жүргендегісі маған әу бастан қайырсыз екендігі. Солай қалауымды баса алмаған соң, қайырлының түбін түсінбеген соң сынақ болып келді. Мүмкіндік болып келген дүниеге менің дым қатысым жоқтай шыға келді… Әрине, налыдым, көңілім қалды. Бірақ Оның ұлылығына таң қалдым…
#UN_notes
564
Менің қиялымда сен бар батылдығыңды жинап, жүректің есігін жәймен қағып, әдептілік пен сенімділігіңді көрсетіп, кірдің. Ішіндесің. Содан болар, айналам сондай жылы, жарық... Біз шай ішіп, сенің сүйікті тәттіңді жеп отырмыз. Енді екеумізге де бұдан былай еш жамандық болмайтындай.
#UN_notes
564
Ғашық адам дүниенің ұсақ-түйегіне басын ауыртпайды, не болып жатқанымен де шаруасы болмайды. Бар шаруасы - маздап тұрған жұмыр жүрегіндегі ынтық сезімі.
Осының рас заңдылық екенін алдында түрлі болмашы оймен басым қатып кеткен кезде түсіндім… десем ба)
Әлде қалай?
