ой таспа
Open in Telegram
шимайларым, қиялдарым. ЕСКЕРТУ: жазбаларымды алатын болсаңыздар, автордың ақысына кірмей, белгілеуді сұраймын🙌🏻 — махаббатпен, Ұлпан Нұржанова🤍
Show moreKazakhstan5 297The category is not specified
564
Subscribers
No data24 hours
-37 days
-1530 days
Data loading in progress...
Similar Channels
Tags Cloud
No data
Any problems? Please refresh the page or contact our support manager.
Incoming and Outgoing Mentions
---
---
---
---
---
---
Attracting Subscribers
June '25
June '250
in 0 channels
May '25
+10
in 0 channels
Get PRO
April '25
+15
in 1 channels
Get PRO
March '25
+16
in 0 channels
Get PRO
February '25
+18
in 0 channels
Get PRO
January '25
+64
in 1 channels
Get PRO
December '24
+26
in 0 channels
Get PRO
November '24
+28
in 0 channels
Get PRO
October '24
+611
in 0 channels
| Date | Subscriber Growth | Mentions | Channels | |
| 06 June | 0 | |||
| 05 June | 0 | |||
| 04 June | 0 | |||
| 03 June | 0 | |||
| 02 June | 0 | |||
| 01 June | 0 |
Channel Posts
| 2 | Жан ұқпаған тағдыр дейтін бір ұғым,
Тәуірім бар, менің де бар сынығым.
Тұстарымда құритұғын оңалам,
Оңар жерден аңқауланып құрыдым….
Құбылма күй жүрегіме жайғасқан,
Бірде дауыл, бірде үнсіз айлы аспан.
Көретұғын жарығым көп сияқты,
Мені алда күтіп тұрған қай дастан?
Көпті ойлап, көзімнен бір шық құлар,
Өмір өзі жүріп-ақ қырсық қылар.
Арқалаған сезімің арқаңдағы,
Түнде кенет жаныңды тұншықтырар.
Кімге керек менің бұл шатпақтарым?
Дәуір көшсе, шашылып жатпақ барың.
Жанға айтпас менің бар шерлерімді,
Атарында жасырар аппақ таңым…
Ұ.Н.
#UN_poetry | 471 |
| 3 | Жасөспірім кезімде көпшілік назарының ортасында, жалт-жұлт еткен дүниенің арасындағы ересек өмірді елестететін едім. Ал қазір….
Құдай өзі әдемі жолдарымен, көркем тәрбиесімен мені жетелеп нағыз байлыққа әкеле жатқан сияқты. Айналдырған қас қағым сәтте құндылықтарым да өзгерді, өзім де біраз баяулап қалған сияқтымын.
Қазір мен үшін нағыз байлық — жақындарымның амандығы, олардың саған жаны ашып, қамқорлық танытуы, сапалы өмір мен сапалы өткен уақыт, саналы шешімдер, сенімді адамдар, еңбекпен ілесіп келетін мүмкіндіктер мен оларды дұрыс қолдана білу, қоғамның құнарлы алқабына бір дән болсын еге алу, елмен емес, өзгемен емес, өзіңнің ішіңдегі нәпсіңмен күресіп, кішкентай жеңістеріңе іштей қуану, ғұмырыңда болып жатқан құбылыстарыңды жария етпеу, қызғыштай қорғаштау, өмірді оны жаратқан Иесіне аманат етіп, тәуекел ете алу. Осының арасында ешкіммен алыспай, дәлелдемей, еншіңе түскен өз рөліңді, өз орныңды білу де үлкен жеңіс, қажырлы еңбек...
#UN_notes | 374 |
| 4 | Жай ғана күнделікті майда-шүйденің аясындағы әңгіменің ғана емес, терең толғаныстарыма ой қосушы, тыпырлаған жүрегіме шабыт сыйлаушы болсаң деймін…
#UN_notes | 557 |
| 5 | Кедейлік үш ағайынды болады:
Үлкені - кежірлік,
Ортаншысы - еріншектік,
Кенжесі - ұйқы.
Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы | 420 |
| 6 | 25.
Маған өлшеніп берген ғұмырға қиянат жасамауға, сол өмірде берілетін әр рөлді (мұсылман, қоғамның бөлшегі, тұлға, қыз, қарындас-сіңлі-әпке, әріптес, дос-құрбы, бұйырса аяулы жар мен ана) абыроймен атқаруға, маған келетін әр нығметтің өз уақытында қадірін білуге, әр сынақ пен сабақтың артындағы даналығын көре білуге жазсын… Тырмысуға, талпынуға, білуге, құлшынуға, сезінуге, ғашық болуға, қателесуге, қателіктерімді мойындауға, тәубе етуге, өзім болуға, қамқор болуға, маған біреудің қамқорлық танытуына, үміттенуге, өзіме және өзгеге қатысты сау қарым-қатынас құруға, бақытты болуға, бақыт құшуға мұрсат…
Жаным, ширек ғасырлы жүрегім, сені таңда оятатын, жандыратын, қанаттандыратын, сезімге ерік бергізетін, қиялыңды ұшыратын, жүрегіңді соқтыратын, жылататын, жұбататын, дамыл тапқыздырмайтын «БӘРІ ЖАҚСЫ БОЛАДЫ» деген АҚ ҮМІТТІ ЖАРЫҒЫҢ сөнбесін!
#UN_notes | 455 |
| 7 | қасымда бол, айым
қасыңда болайын
🪽 | 329 |
| 8 | Алла Тағала тез арада, сен ойламаған жерден, ретін келістіріп, дұғаңа жауап бергендегі сезім>>>
Рамазан бойы дұғамнан тастамаған бір дүниемді бүгін алақаныма оп-оңай салып берді ғой🥺 Жұмыстан үйге қайтып бара жатқанда жүрегім толқып, көз жасыма ерік бердім…
Сенен келген нығметтердің барлығы менің лайық болғанымнан емес, Сенің шексіз Мейірімің, сондай Жұмсақтығың мен шартсыз Махаббатыңнан, иә Аллам…
#UN_notes | 366 |
| 9 | «есектің жүгі жеңіл болса, жатаған келеді»
аяма, аянба…
#UN_notes | 437 |
| 10 | біреудің дұғасында болу — әдемі,
біреуді ұмытпай, дұғаңа қосу — одан да әдемі
#UN_notes | 436 |
| 11 | Жоқшылықтан емес, баршылықтан
қажеттіліктен емес, махаббаттан
ауыртпалықпен емес, жеңілдікпен
міндет деп емес, шартсыз түрде
мендегі барлыыық махаббатымды, мейірім мен қамқорлығымды үзіп беретін
тек ізгілікке, адалдық пен жылулыққа толы
шатырым,
шаңырағым,
шырағым
болса, бұйырса…🩵
#UN_notes | 548 |
| 12 | сенің жаныңның дәнегі Жәннәтта жаралған… | 366 |
| 13 | Аспандағы жұлдызға жүрек жұтқан ғана, терең теңіздің түбіндегі маржанға батылы жеткен ғана, тау шыңында өсетін сирек гүлге қажырлық танытқан ғана қол жеткізе алатындай, сен де өз арманыңа, қалауыңа, қиялыңа табанды бол, шырағым…
#UN_notes | 372 |
| 14 | Құдай адамды қаншалықты ғажап етіп жаратқан, иә? Ал мен сол ғажап, қадірлі, күрделі жаратылыстардың жүректеріне қаяу болып, көңілдеріне кірбің болып түспесем екен. Ешкімнің ғұмырына салмақ салып, ешкімнің тағдыр жолына масыл болмасам екен. Ешкімнің ақысын жеп, ешкімді нала қылғым да келмеген. Менің алыстағанымды қалайтын адамнан дер кезінде алыстап, мен өз зиянымды тигізетін адаммен дер кезінде қоштасқым келеді. Өз уақытында. Менің себебімнен ешкім Сенің алдыңа жылап тұрған, ренжіп тұрған кейіпте келмесе ғой. Мен ешкімді өзіме, ешкім мені өзіне шамадан тыс, шектен шығарлықтай байлап та қоймаса… Айналамен қарым-қатынаста мен көбірек пайдалы болайын, береген болайын, себепші болайын, дәнекер болайын…
#UN_notes | 561 |
| 15 | әдемі көрініс көрсең, оның да көргенін,
ғажап сезімдерді құшсаң, оның да сезгенін,
мағыналы кітап оқысаң, оның да оқығанын,
салмақты ой түйсең, оның да түсінгенін…
қаласаң.
оны дұғаңа қосуды,
оны болашағың деп көруді,
оны көркем жаратылыс деп тануды,
оны жоспарыңа кіргізуді,
бір сәт те тоқтатпасаң
шынайы сезім деген сол шығар, иә?
осының бәрін құшу бәрімізге бұйырсын✨
#UN_notes | 507 |
| 16 | Құрметті қыздар, мерекеміз құтты болсын!
Қалаған арманына жете білген, айналасына пайдасы тиген, өз жүрегі мен табиғатын тыңдай алатын, ең алдымен өзін сыйлаған, айтары бар қоғамның бір маңызды ТҰЛҒАСЫ болыңыздар! және… шаршап, тарыққанда әлсіз болуға рұқсат беретін, ақымақ болуға жағдай жасайтын жайлы мекеніңіз, жаныңыздың тең бөлшегі қасыңыздан табылсын! | 407 |
| 17 | Адамның әу бастағы жаратылысына көп нәрсе керек емес.
Бұның көрінісі әсіресе оразада қатты білінеді-ау. Таң шапағы атқаннан бастап күн батқанға дейінгі бойда жиналған шаршау, шөлдеу, сабырсыздығымыздың барлығы бір жұтым сумен-ақ сейіліп, басыла қалады.
Шын мәнінде бізге көп нәрсе керек емес, көбейтіп алатын өзіміз…
#UN_notes | 464 |
| 18 | Бір күннен кейін айлардың сұлтаны болған қасиетті Рамазан айы…бұйырса…
Ең алғашқы Рамазанымды, Оразамды ешқашан ұмытпаймын. Сол кездегі жүрек пен жан тыныштығын кейде қатты сағынамын. Ауызашардан кейінгі серуендер, ғажайып оқиғалар, менің аппақ ынта-ниетім, алғыс пен шүкірлікке толы жүрек, сезімдерге толы кеуде.
Биылғы Рамазанда да сол күйді сезінуге, босап қалған жанымды тәртіпке бағындыруға ниеттімін. Баршаңызға, баршамызға қайырлы болған айдан болсын💜🪄 | 518 |
| 19 | кейде қаласаң да болмайтын дүниелер бар, ал ойтаспа Құдайдың жетектеуімен, шынымен де өз жолын өзі тапқан, өздігінен бола салған, оқырмандарын өзі іздеп тапқан дүние болған сияқты. ғажабын әлі түсіне алмадым, қадіріне әлі толық жетпеген де шығармын… кейде күйбең тіршіліктің ортасында сіздерден күтпеген ықыласты сөздер, ыстық лебіздер келіп жатады…. 🫂 аманат-сенімдеріңіз үшін рақмет!✨
көктем таяп қалды, шабыт та келіп қалар, иә?🌱🫶🏻 | 424 |
| 20 | Сенімен кездесуге бір ай қалып,
— деп маған аян келсе шырайланып…
Бағымды түйіп, жаным, жүрер едім…
Шіркін-ай, мен бақыттан шыр айналып…
(сол баяғы қиялым ғой…)
Ұ.Н
#UN_poetry | 493 |
