en
Feedback
ой таспа

ой таспа

Open in Telegram

шимайларым, қиялдарым. ЕСКЕРТУ: жазбаларымды алатын болсаңыздар, автордың ақысына кірмей, белгілеуді сұраймын🙌🏻 — махаббатпен, Ұлпан Нұржанова🤍

Show more
Kazakhstan5 297The category is not specified
564
Subscribers
No data24 hours
-37 days
-1530 days
Posts Archive
Рамазан тақалған сайын біраз сыналып жатырмын. Осы құлымның күш-қуаты ниетін орындауға жетсін, амалдасын деп қайрағаны болар. Қайырлысы… Оның есебі түзу. Әрқашан. 7 күн ғана қалыпты🪄

photo content

- шаршадым. - өткінші.

Қош көрдік, көктемім🪄

Бір оянғанымда жасым елуден асып, өмірімнің зая кеткеніне өкініш танытқым келмейді…. Артымнан айтатын ауыз толтырар іс табылмай, еңбегің сіңген жол қалмай, көмегің тиген адамның алғысы дарымай, түйір бір жақсылыққа үйреткен бір жүректің лүпілін естімей. Содан Құдай жаныңды алғанша құр уақыт өткізіп, ашуға, ызаға толған жүрекпен айналамды кірлеткім келмейді. Есейгенде көлеңке болар ағаш отырғызып, кішкентай болсын іс тындырып, өзгерте алар жағдайлардың аясында біраз шаруаның басын қайырып… Мінсіздіктен емес, өмірдің сұрауы болады деп, мен мәнсіздіктен қорқады екенмін…. #UN_notes

Ғазизхан_Шекербеков_–_Мен_Сүйсем_Сүйемін_@Xit_Top.mp33.74 MB

Мазалама кеудемді, ойнақ салып, Хәл жоқ менде көнетін қайраттанып. Қаншама рет суындың қайнап барып, Қаншама рет тірілдің жайрап барып?! Мен сені әлсіретіп алдым, білем, Болмашы нәрселерге айдап салып.. Соқ, жүрек... М.М.

⁃ Мені ойлап, сағынып жүр алыстан, ⁃ Мен де сені аңсап жүрем. Келістік! ⁃ Себебі жоқ күніміздің танысқан… ⁃ Сенсіз күндер — мәнісі жоқ кеңістік… Ұ.Н #UN_poetry

Құдіреті күшті Ием жер бетін жаратарда “Мен жер бетіндегі өзімнің орынбасарларымды жаратып жатырмын” деген екен… Он сегіз мың ғаламды жаратқан Құдайдың жауапкершілігі қандай, иә? Ақталмаған жауапкершілік…

Сен мені түсіндің бе? Шын ұқтың ба? Өзіңе қандай едім? Тұнықпын ба? Келмейді бәрін тағы есіме алғым, Келмейді ұмытқым да… Сен мені өшірдің бе? Сақтадың ба? Атымнан алқа жасап тақпадың ба? Келмейді енді алдыңда үнсіз қалғым, Келмейді ақтарғым да… Хат та жоқ баяғыдай. Ұмыт қалдым. Үнсіздің күйін кешіп, құлып салдың… Келмейді мен өзіңнен алыс кеткім, Келмейді құрықталғым… Ұ.Н #UN_poetry

Оның нығметі мен жомарттығы саған келгенде жетпей қалады деп уайымдасаң, Оның шексіз екенін мойындамағаның #UN_notes

өз-өзіммен әлек бола бастағанда, адамдар өздігінен маған жақсы сөздер айта бастайды. “бүгінгі киім үлгің өте әдемі”, “қандай ақылдысың”, “бүгін ерекше болып тұрсың” деген сөздерді өз тарапыма ести батсаймын. байқамағанымнан-ау 3-4 жыл бұрын осыншалық жүрек жылытар сөздерді алғанымды есімде сақтамаппын. біраз ойландым... бірақ шынымен де, өзімді-өзім қазбалау жұмыстары басталып кеткен сәтте айналам маған сондай жылы сөздерді жаудыра бастайды🥹 бұл Жаратқанның шеберлігі деп білемін. “осы қыз тағы да ойларына оратыла бастапты, басқа құлдарым арқылы өзіне қандай керемет қыз екенін жеткізейінші” дегендей болады… рас солай:)

« — Мен кіммін? — Құлмын. — Мен қандаймын? — Әлсізбін. — Менде не бар? — Ештеңе жоқ. — Не жоғалтам? — Ештеңе. — Не уайымдаймын? — Ештеңе уайымдамаймын»

Махаббат ешқашан өз өлімімен өлмейді. Бабын таба алмағандықтан, күтімін білмегендіктен өледі… #UN_notes

Бір адамға бір адам керек шығар, Қиып берген құндысын ғұмырында. Тілсіз сенің жаныңды ерекше ұғар, Болар сенің қазығың, тұғырың да…. Шықпаса ше сезімнің жарқын дәмі? Ештеңе де жоқ менің әміріміде… Сағыныштың бір түйір сарқылды әлі, Басқаратын тетігі — Тәңірімде! Махаббаттың бар шығар ғалымдары, Ең дұрысы деймін-ау сұрамауда. Сезім тыққан дертім де, таңым - дәрі, Тыныштығың келетін бір алауда…. Ұ.Н #UN_poetry

Әлсіз жүрек. Әйнектен қарайды ақын. Өмір... Өлім... Арасы қалай жақын! М.Мақатаев

Бұл әлемде сенің барың керемет қой. Сенің әлеміңде менің барым да ғажап, бәлкім… Әрине сенің бұл ғаламда білеріңнен білмесің көп. Сол аз білгеніңнің ішінде, миыңның бір бұрышында, титтей ғана жадыңның салмағын алып жатқан есімімнің бары да та-ма-ша! Бірақ титтей ғана салмағым бар…. Кейде, тым сиреп бара жатқан уақыт аралықтарында, шектеулі біліміңнің мен туралы ақпаратын аздық етемін, кейде сендей ғажап жан мені әйтеуір таниды-ау деп шүкір етемін… Әйтсе тіптен танымай кетер едік… Қысқа, лезде өтіп кетер қиылыстардың арасында ақпарат жинағыштарымыз тым көп уақыт жіберіп жатқандайын, м? #UN_notes

Сәлден соң мен күткен көктем мен күткен Рамазан мен күткен әсемдік мен күтетін әдемі естеліктер 🤍

Ойыңа тыным бермей қойған шұбыртпа күдіктеріңе “Жасағаныма бәрі оңай. Одан асқан қуат жоқ” де…. #UN_notes

Мен және Сен (2019) Мен Сенің тұнық көздеріңе сенгенімді, Сенің мөлдір әлеміңе енгенімді, Мың күдікті оратылған жолымда, Мың нәзік сезімдермен жеңгенімді…. Айтқым келеді барлығына айқайлап. Сен Мен дейтін жаңалық ашқаныңды, Жаңалыққа жарық нұр шашқаныңды, Жан-жақтағы дүниеге мән бермей, Асығып маған қарай қашқаныңды…. Айтқым келеді барлығына айқайлап. Мен Сен дейтін аспанға көп ұшқанымды, Сенімен қанша бақыт құшақанымды, Түсінбейтін өзгелер заңдылық пен…. Бізге тән нәзіктеу бір ұстанымды, Айтқым келеді барлығына айқайлап. Сен Мен үшін арай таң боп атқаныңды, Талай жарық жаныма жаққаныңды, Бар дүние өзгеріп жатсадағы, Мені әлі сүйіп келе жатқаныңды…. Айтқым келеді барлығына айқайлап. Шындық осы, Бары осы ұққаным…. Айқайлағым кеп тұрады жыбырлап. Сені менің бар әлемнен тыққаным, Айтатыным Жаратқанға сыбырлап… Өзі қысқа бұл дүниеде, бес күнде, Айтпа дейді бақытыңды ешкімге… Сенен келіп мен жайында сұраса, Құпиялау әсем ғұмыр кештім де! Ұ.Н 09.02.2019 #UN_poetry