en
Feedback
ой таспа

ой таспа

Open in Telegram

шимайларым, қиялдарым. ЕСКЕРТУ: жазбаларымды алатын болсаңыздар, автордың ақысына кірмей, белгілеуді сұраймын🙌🏻 — махаббатпен, Ұлпан Нұржанова🤍

Show more
Kazakhstan5 297The category is not specified
564
Subscribers
No data24 hours
-37 days
-1530 days
Posts Archive
“Адам жаман болып тумайды, оқымаса, білуге ұмтылмаса, танымға асық болмаса, білгенін, танығанын үлгі тұтпаса, бірте - бірте қатарынан қалып, төмендеп наданға айналады.” Шәкәрім Құдайбердіұлы

Маза бермес жүрегіме күні-түн, Түн ортасы! Қыбырлайды үмітім. Бәрі ғажап бола бермес, ішінен…. Қолжетпестей көрінеді бірі тым…. Ойларымның жете алмас шегіне, Дем қосылды жиіленген деміме… Арпалыстың жүріп жатқан бойдағы, Айтыңдаршы жазуы не? Емі не? Маған артық, барлығына кем берген, Сезім — еншім, толықсыған, тербелген… Тереңдігі тамыр жайса — бәйтерек, Жапырағы тамшы жастай сенделген… UN 18.06.24 #UN_poetry

Бәрі оңай десең — бәрі оңай, Бәрі қиын десең — бәрі қиын…

Бір күні мен бақыт туралы өлең жазамын. Бірақ ол бұрын жазған өлеңдерімнен өзгеше болмақ. Себебі бұдан бұрынғы өлеңдерім қиялдан құралса, ол өлең шынайы өмірімнен құралады. Ішінде ешкім әлі ойлап таппаған ұйқасы мен әлі ешкім қолданып көрмеген теңеулері болады. Ал ең бастысы — ішінде менен және одан басқа ешкім әлі сезіп көрмеген әдемі, сондай нәзік сезімдер болады. Біреулер қызығып, біреулер қызғанып оқиды. Бірақ бұл мен үшін түк емес. Мен үшін маңызды болатыны — әзірге кім екені белгісіз, бірақ өмірлік басты оқырманымның бағасы. Себебі ол менің шабытымды бақытты реңге бояйды (бұйырса…) #UN_notes

Қасиетті Арафада тілеген барлық дұға-тілектеріңіз, жасаған ізгі амалдарыңыз қабыл болсын!

Тағы бір белес…. шүкір❣️
Тағы бір белес…. шүкір❣️

Оның телефон номерін алу? Оның инстаграм логинін алу? Оған, өміріне, бақытына жауапкершілік алу. Онымен өткізген әр сәтті барынша, қолдан келгенше көркем ету. Бірге саналы өмірге қадам басып, бірге сапалы уақыт өткізу. Қиындық пен сынақ келсе, қара басыңды ала қашпай, ашық сөйлесу арқылы шешімін табу. Екеуіңе де жайлы, бақытты сәттерден құралған мағыналы өмірді бірге құрастыру. Бір-біріңнің Құдайға деген сенімдеріңді толықтырып, күшейту… #UN_notes

Kazybek Kuraiysh - Seni Izdep.mp36.96 MB

Шайға шақыр. Бірақ айтар әңгімеміз шақыртуыңа мұрындық, ал шай жай ғана сылтауың болсын. #UN_notes

ең қиыны — ішіңдегіні жасырып, тіліңді тістеп қалу емес. ол оңай-ақ… шындығына келсек, ең қиыны — барды бар деп айту. ренжісең, ренжігеніңді; ұнатсаң, ұнағаныңды жеткізу… дер кезінде, дәл уақытында. орнымен, әдебімен… #UN_notes

“сені олардың сөзі қайғыртпасын”

қалауға, арманға, ұнағанына жету үшін бәрімізге сәл батылдық керек сияқты. әйтпесе “солай болып қалды” деуден басқа сылтауымыз да болмай қалады-ау…. не таңдауы жоқ, не тәуекелі жоқ, не тәуекеліне сенімі жоқ, не мінезі жоқ бір көнбістің күйін кешеміз де қаламыз. сол үшін де бәрімізге бір түйір батылдық керек. #UN_notes 26.05.24

мен жадырап жүрсін десең, сен мықты бол, мен әлсіз болайын… #UN_notes

Мені кешірші… Өрт болып іштен жанып, сыртқа шығара алмай қалған жарығым… Шектеулі қиялыммен ғана құшып, шынайы өмірде жете алмай қалған бір шоқ үмітім… Қиянатым болса, айып етпе. Бұл менің нәзіктігімнен, не болмаса жай ғана әлсіз болмысымнан деп біл. Сені есіме алмаймын деген күннен жазарым да таусылған сияқты… #UN_notes

Жұмып кейде жанарымды нұр сіңген, Сырласқанда арман атты тылсыммен. Ту сыртымнан үп еткенде самал жел, Елеңдеймін, сен шығар деп күрсінген. Ғашық жанның басындағы хал бөлек, Ғашық жанды әлдилейтін ән керек. Жаңбыр жауса, тырсылынан оянам, Іздеп келіп, есік қаққан сен бе деп?! Қашан болсын қайғы көрмей жүр аман, Мен тағдырдан басқа тілек сұраман. Күн астында күмбірлесе күміс су, Сенің күлкің естілгендей қуанам. Өмір деген өте шығар өткінші, Аз ғұмырда көп қуанып, көп күлші. Маған ұқсап аспандағы Ай мен Күн, Көздеріңе ғашық болып өтсінші. Ұлықбек Есдәулет

Біреу «Сен маған ұнайсың» десе, Ұлықбек Есдәулет былай деген екен:

Қанша жасқа келсем де, жасаған қателіктерім, кемшіл әрекеттерім, қиянаттарым болса, уақытылы мойындай алсам екен. Шындыққа тіке қарап, жауапкершілік ала білсем екен. Менімше, зұлымдық, өктемдік, қиянат жасаудан асатын бір дүние бар — оны мойындамау… Себебі қанша ауыр болса да, қателіктеріңді мойындау — тәубеге келтірер төте жол… #UN_notes

Просто знайте, что все во вселенной всегда о любви. И когда дело не в любви, тогда дело в её отсутствии…

дәл осы сәтте…🍀
дәл осы сәтте…🍀

Қалайсыздар? Ұзақ уақыт үзілістен кейін қалай бастарымды да білмей жатырмын… Сонша адам алдында арнаға уақытылы көңіл бөлмей, кейде өзімді ақыларыңызға кіріп жатқандай сезінемін. Одан қала берді қауырсын қаламымның алдындағы ақым бар… Бірақ шабыттың адамы болған соң кейде шөл, кейде көл болып, кейде ынтаң ашылып, кейде бәрінен өзіңмен-өзің безінесің. Маңызды деген шаруаларымды реттеп, қыстан бері жоспарлап қойған бір дүниемді қолға алмақшымын. Бұйырса осында көре жатасыздар🫰🏻 Ал оған дейін сіздерді ой қозғайтын жазбаларыммен қуантуға ниеттімін🙌🏻🤍