ой таспа
Open in Telegram
шимайларым, қиялдарым. ЕСКЕРТУ: жазбаларымды алатын болсаңыздар, автордың ақысына кірмей, белгілеуді сұраймын🙌🏻 — махаббатпен, Ұлпан Нұржанова🤍
Show moreKazakhstan5 297The category is not specified
564
Subscribers
No data24 hours
-37 days
-1530 days
Posts Archive
564
жапырақпын. жапырақтардың ішіндегі ең кішкентайы, ең жұқасы мен сияқтымын.
мөлшерінен көп күн түссе құрғап, мезгіліне бағынатын. жел соқса, қоярға жер таппай, шайқалып, ық іздейтін. шексіз үміттер мен күдіктерден жұқарып, сарғаятын. жайлылықты жақсы көретін, жылулыққа құштар. діңгегінен нәр алатын, іздегенге көлеңке болатын, өзіндік орны бар, көп ішіндегі бір жапырақпын…
#UN_notes
564
Жетінші түйсік (үзінді)
М.Шаханов
Гүл болып ашылмағанның тілегін кім бар жақтаған?
Рухы қосылмағанның сезімі шаттық таппаған.
Рухы қосылмағандар — жалынсыз, сәнсіз, жақұтсыз,
Сондықтан мына жалғанда екеудің бірі — бақытсыз.
Сондықтан махаббаттың да сырт санын құрайтындар көп
Жәй көзге күліп жүргенмен, жасырын жылайтындар көп
Тағдырдан қашу мүмкін бе, жүрсең де қандай жолменен,
Бір мәнді сұрақ алдыңда тұрады ылғи көлденең:
Жұбайың досың болды ма самғатқан сенім шырайың,
Нақ сондай ұлы бақытты берді ме саған құдайым?
Ойнай ма оның көзінде сезім мен рух жарқылы,
Ұға ма ол шаттық-мұңыңды жетінші түйсік арқылы?
Ұқпаса...
Ісің секілді дауылда мұзға жаққан от,
Рухани терең түйсіну жоқ кезде махаббат та жоқ.
Нағыз қыран мәңгі ардақтап өтер болар өз көгін,
Өзіңді-өзің ұмыта біл, бақыты үшін өзгенің.
564
Шынайы достық пен нағыз махаббаттың артынан жүгірмеңіз. Ешқашан. Себебі адамдарда тас жаратын болмыс бар. Бірақ қаласа ғана. Адамдар қалаған адамдарына “бос емес” уақыттарын босатады. Сөйлескісі келген адамдарына хат жазады, хабарласады.
Кездесуге қолым тимеді десе, сене салыңыз. Уақыт табуларын сұрамаңыз. Себебі ешкімді дос болуға, сүйікті болуға мәжбүрлеуге болмайды. Ол сезімдер жүрек пен қалаушықтан шықпаса, оның түк мәні, сәні мен мағынасы да қалмайтындай.
Ешкімге мені бірінші орынға қой деп те өтінбеңіз. Қаласа, сұрамай-ақ сол орынға жайғасар едіңіз. Қандай жағдай болмасын, қолдан келгенше оның таңдауы мен талғамы болар едіңіз.
Өміріңізден біреу кетемін десе, жіберіңіз. Қалуын да, кідіруін де өтінбеңіз. Бар ниеті кету болып тұрған адамның өміріңіздегі құны мен құндылығы қандай болмақ?
Кетемін деген адамдар үшін де, келемін деген адамдар үшін де шеңберіңіздің есігін ашық ұстаңыз. Керек жан керек уақытында сол есікті әдебімен, рұқсатымен қағып кіреді.
ҰН, #UN_notes
564
+4
Күнді сүйем, жарығым, күнді сүйем,
Айы толған тып-тыныш түнді сүйем.
Сұлулықты жаратқан Шеберімді
Сүймегенде, жаным-ау, кімді сүйем?
ҰН #UN_poetry
Алматы, 07.07.24
564
Не Құдайы әмір етпей, не тағдырына жазылмай, адам бейбақ қанша тырысқанымен, бұйрықтың алдында дәрменсіз болып қалады екен…
Бірақ кейбіреуі тіпті тырспайтын да сияқты. “Бұйырмады” деп еш тәуекел етпей, отыра беруге де болмайды.
#UN_notes
564
Көлікке отырғанда жүргізушіге толықтай сенім артып, көп жағдайда қапысыз, қамсыз күйге енеміз. Кейде тіпті ұйықтап та кетеміз.
Жүргізуші кез-келген сәтте қателікке бой алдыра алатын пенде ғой, көлік те тозатын жай ғана темір. Осыларға тәуекел еткен жүрегіміз неге бір де бір міні жоқ Оған тәуекел етпейді, м?
#UN_notes
564
Барлығы өткінші екенін, алдамшы екенін суық санаммен білсем де, жүрегіммен түйсіне алмай шаршадым.
#UN_notes
564
“у тебя есть ты. твои мечты. твои планы. твои цели. твоя вера в себя. твоя любовь к себе и своему делу. этого достаточно. остальное будет. дай только этому время.”
564
Менің әлемімді түсінетін өзім сияқты шығармашыл жапырақтарға жаңа оқырман легі қосылып жатыр екен. Қош келдіңіздер!!!
Жақсыны бөліспекке дейді, бірақ кісі ақысын ұмытпасаңыздар. Бір-екі жерден жазбаларымды, өлеңдерімді өз жазбасындай етіп салып жатқан жандарды көріп қалдым. Арнаны белгілемесеңіздер де, авторын түртіп қойыңыздар🙏🏻 Барлығымыз есептесетін күні алдарыңызға кеп тұрмайын… (астарын түсінсеңіздер)
#UN_notes
564
Алдыңа Сенің келгенімде болмашыны, майда-шүйдені, орынсызды ойлап кете беретін ойларымның ұсақтығымнан ұяламын.
#UN_notes
564
Айналам — мен үшін айна.
Мен — айналам үшін айнамын.
Айналамнан жақсылық шағылысса, мен жақсымын. Мен жақсылық шағылыстырсам, айналам жақсы.
#UN_notes
564
Біреуді көркі бар деп жақсы көрме,
Лапылдақ көрсе қызар нәпсіге ерме!
Әйел жақсы болмайды көркіменен,
Мінезіне көз жетпей, көңіл бөлме!
(с) Абай
564
Құлының көңіліне ұлы сезімдерді Ұлы Құдай салады. Ал Ол кімге қандай сезім салатынынан, дәнек болып кеуде тұсқа салған сезімдері кімге бағытталғанынан шатасуы мүмкін емес-ау. Солай болса, мейлі. Жүрек тұстағыны қанша ауыр болса да көтерерміз…
Әлде мендегі — жай ғана ойға оратылған шырмауық па екен?
#UN_notes
