en
Feedback
ой таспа

ой таспа

Open in Telegram

шимайларым, қиялдарым. ЕСКЕРТУ: жазбаларымды алатын болсаңыздар, автордың ақысына кірмей, белгілеуді сұраймын🙌🏻 — махаббатпен, Ұлпан Нұржанова🤍

Show more
Kazakhstan5 297The category is not specified
564
Subscribers
No data24 hours
-37 days
-1530 days
Posts Archive
Мен де бір бақ әдемі құшсам дедім Бақыттың аспанында ұшсам дедім Уайымсыз бір ғанибет көрсем дедім Тағдырды қос өріммен өрсем дедім Жанарға нұр сәулесін тықсам дедім Өрмелеп шыңға биік шықсам дедім Ұзаққа бір әңгіме құрсам дедім Елеңдеп, алып ұшып тұрсам дедім Құт болып бір ғұмырға келсем дедім Аңғалдай бар уәдеге сенсем дедім Аққудай тұнық көлін тапсам дедім Тұмар ғып тәуекелді тақсам дедім —ҰН #UN_poetry

Кейде өмірді сүру тұрмақ… оны сырттай бақылау тым ауыр болып кететіні бар. Бірақ… келесі оянған таңда сол саған қиынға соққан сенің өмірің ең ғажап көріністер қатарынан шыға келеді. Қызық дерсің, бірақ өмір осынысымен ӨМІР… #UN_notes

жақсы көру оңай-ақ. сұрай қалсаң, екінің бірі әйтеуір біреуді жақсы көріп жатыр, сол жолда өліп-өшуге дайын. бар мәселе — сезімдеріңді көркемдеу, сән беру. көңілің ауған адамыңның тыныштығын шайқалтпай, әлемін бұзбай, сағын сындырмай, келе жатқан жолынан тайдырмай. ең қиыны да осы шығар… сезімдеріңді саналы, көркем, толық етіп, оның тәртібі мен әдебін сақтау… —un #UN_notes

Ай да әдемі, мінсіз ғой сепкілімен, Сені жыққан жүйрік ой епті, білем. Жанарыңды отырсың жасқа малып, Кеше ғана күлкіңмен кептіріп ең. Өмір деген сәттердің үйлесімі, Жұбатам деп көмейге кеп тұр өлең… —un #UN_poetry

Суық Астанадан кейін Шымкенттегі іс сапар демалыс сияқты сезіліп жатыр☀️

Қалыптылардың ішінде кейде тым қалыпсыз болып көрінетінім бар… #UN_notes

Таңертең дала жаңбыр. Қатты жауын болмаса да, жаңбырдың үстіңді кәдімгідей су қылатындай күші бар. Көліктен түсіп, жұмысыма қарай асығыс кетіп бара жатқанымда төбемде қолшатыр тұрғанын байқадым. Бейтаныс келіншек қолшатырлылардың арасындағы мені байқап, маған қамқорлық жасады. Ғимаратыма жете бергенімде жымиып қана қарады да, «жүгіріп кіріп кетіңіз, мен ары қарай барамын» деді… Бұл расында нағыз мейірім. Құдайдың адамдар арқылы маған жеткізгісі келген бір түйір мейірімі. #UN_notes

Шамам жететіннің де, жетпейтіннің де, маған мәлімнің де, беймәлімнің де, маған ұнайтынның да, ұнамайтынның да, шынайылығымның да, қиялымның да, келімді-кетімді адамдар мен дүниенің де Иесі — Өзің… Саған тиесілінің барлығын Өзіңе тапсырт, ақылсыздықпен иемденіп алсам, көркем түрде тәубеме келтір… #UN_notes

photo content

Қоштасу жүрекке ауыр тиген болса, уақыттың жақсы өткені. #UN_notes

ыстық, ынтық сезімдер де суиды, жаңа құйған алдыңдағы шай ұқсап… #UN_poetry

Адам мен адамның арасы шақырым болса, арман мен адамның арасы — дұға… #UN_notes

«Кешір, жүрек, бола бермейді адамдардың ойлағаны» деп емес, «Қуан, жүрек, бола бермейді адамдардың ойлағаны» деп айтуымыз керек-ау… Адамның жоспарынан әл-Алимнің (бәрін білушінің) жоспары артық емес пе? #UN_notes

Шаңқай түс. Уағы да Құдаймен межеленіп қойғандай. Құдайға уағын шегелеген мен сабырсыз есермін, соны орындаған Ол бірақ тым мейірімді. Содан болар-болмас уақыт межесі сүйікті жерімде тез-ақ өтіп, ішімдегі сезім бояулары араласып жатты. Бір түйір ыңғайсыздық, екі түйір сыйластық, төрт түйір тығылып қалған сыр мен жарты түйір өзіме де белгісіз, атын әлі ешкім ойлап тапаған қызық бір күй. Дейтұрғанмен барлығы қосылып, нәтижесінде мен сонша күткен жеңілдік сезімін бергендей. Жо-жоқ, дәл солай. Жеңілдік…. Бәрі қайыр десем, мен байғұс қарап тұрсам, тәуекелге де бармаппын ғой. Бірақ қиялдың тетігін қосып, “әттеген-ай” деп емес, “шіркін-ай” деп қарай алсам, ортақ тұстар да, ұқсас реңдер де, ерекше ұйқастар да сондай үйлесімді болар еді. Сол уақта мен нағыз өзім болдым ба, болмадым ба, бірақ айналамдағылардың бәрі өзінің қалпында. Дәл өзінің. Не де болса, санымды соқпаймын, бармағымды да, тілімді де тістемеймін. Сараласам, бұның бәрі өсуім еді. Өстім. Жібермедім, себебі ұстамадым да. Ұстайтындай ештеңе де менікі емес. Жазмышқа бұйрық келсе, бұйрық дәл осындай болады екен-ау… ҰН #UN_notes

Үміт құру үнсіздіктің күндесі, Әрең тұр-ау арадағы іргесі…. Үзем ойды деп әуреге салынам, Сосын әлім жоқ болады… Күнде осы! Жинап алам сезімдерді тірнектеп, Шашады оны жүрек аңғал мың рет кеп… Ақ парақты енді ғана бастаған Осы жолы кімдер келіп… Кірлетпек? Бәрі өзін, өзін бәрі санайды ақ, Деп күтеді қонар қашан арай бақ. Бір ғажапты құшу үшін ақырын, Мен де жүрмін Сен де жүрсің Қарайлап! ҰН, 24.07.24 #UN_poetry

құбыжықтарымды қорқыныштарымды құпияларымды қиялдарымды құрбандықтарымды қалаушықтарымды қуаныштарымды қанағатсыздықтарымды қайғыларымды қастандықтарымды қылықтарымды қабылдауға құштар қалпың қайда? #UN_notes

Жетістікті ақшамен, мал-мүлікпен, мансаппен өлшесең, бәлкім бұл сенің ұтылғаның болар. Нағыз жетістік ауыр күннен кейін сауытыңды шешіп, шай үстінде шер тарқасатын жандардың болуы. Сені барлық күйіңде қабылдап, қолдау көрсететін ортаңның болуы. Сол жақындарыңа қолыңнан келгенше жылулық пен күлкі сыйлауға тырысуың, бақытты сәттердің себепшісі болуың. #UN_notes

— «есейдің» дейді — «өмір ғой» дедім… #UN_notes

«Сайып келгенде әр адам - өз махаббатының бағбаны. Солып қалмауы үшін қай гүлге қашан су құю керектігін бұлжытпай білетін бағбан тәрізді, адам да өз махаббатының үнемі жайқалып тұруына тынбастан жағдай жасап отыруы тиіс. Бұл үшін ерлі-зайыптылардың әрқашан да бір-біріне құштарлығы, шексіз сенімі, әлдеқалай іште бас көтерген қызғанышты сыртқа шығармай, сабырмен жеңуі, ағат айтылған сөздерді кек тұтпауы, кешірімділігі, өзара қалтқысыз қамқорлығы, сыйластығы, ашуды тежеп, нәпсіні тыйып ұстауы қажет. Бір сөзбен айтқанда, өздерін тәртіппен ұстай білген зайыптардың махаббаты ешқашан өшпек емес. Бұл арада атақты Абайдың: «Болмаса мінезінің жат кесегі, майысқан бейне гүлдей толықсыған, кем емес алтын тақтан жар төсегі» деген сөздерін әрқашан да есте ұстау абзал. Сонда ғана ерлі-зайыптылар арасындағы жарасты махаббат үйге нұр, ұяға көрік береді, тұрмысқа ажар, көңілге базар орнатады.» Әзілхан Нұршайықов «Махаббат қызық мол жылдар»

Жабық есік даналығы. Сабырсыз болмыс ойдағы болмай қалса, сонша қалаған есіктері ашылмай қалса, бұлқан-талқан болады. Сәл уақыт өткен соң шекті адами болмысым ойымдағы бір тамшы жақсылықтың орнына теңіздер мен мұхиттарды толтыруға жететін маған ғана арналған нығметтерді көргенде сабырсыздығына ұялады… Ұялмас үшін бір нәрсені естен шығармау керек шығар… Ол — жабық есік даналығы. Жабылған есікте даналық бар. Кешігіп қалған ұшақта нығмет бар. Болмай қалған жоспардың артында одан да үлкен мүмкіндіктер бар. Бұл даналықты сезіне алу үшін сенім керек, көз жеткізе алу үшін уақыт керек… #UN_notes