en
Feedback
ой таспа

ой таспа

Open in Telegram

шимайларым, қиялдарым. ЕСКЕРТУ: жазбаларымды алатын болсаңыздар, автордың ақысына кірмей, белгілеуді сұраймын🙌🏻 — махаббатпен, Ұлпан Нұржанова🤍

Show more
Kazakhstan5 297The category is not specified
564
Subscribers
No data24 hours
-37 days
-1530 days
Posts Archive
2024 год стал годом достижений, самоанализа и карьерного роста… пусть 2025 год станет годом любви и счастья! 🪄

«текті жердің қызы, теңіңді тап» деген жып-жылы тілек естідім…🥰

бір дүние жат күйінде маңдайыңа жазылса, жат болып қала береді екен… #UN_notes

Сондай бір сезім… өзім де танымаған, өзгеге де танылмаған, тыныштық бермейтін, дамыл таптырмайтын, күйгелектің күйін татқызатын… аты жоқ, мәні жоқ, басы жоқ, соңы жоқ, себебі жоқ, есебі жоқ… ол сондай бір беймазалық… #UN_notes

шығармашылық дағдарыс… қиялыма, ойыма қауырсын біткеннен сана мен сезімнің жүгі ауырлап, үнемі ізденісте жүреді. түннің бір уағында ояна салып, қарбалас шаруалардың арасынан бүр жарып, қысыл-таяң уақта… бірақ сонымен жаның сәл де болсын рахат тауып, сәл де болсын өзіңе өзің керек сезінетіні бар еді. енді міне бір жыл уақыт болды шығармашылық дағдарыстың жетегіндемін. терең теңізім тартылып, ішіндегі балықтар жоқ болып, түбі мағынасыз сораңшөптерге толып… жазғаныма көңіл толмай, ой жетпей… өзімнің осы бір мағыналы бөлшегімді жоғалтып, енді таба алмай жүргендеймін… #UN_notes

адам осы өмірінде көп нәрсе үйрену керек болса, солардың ішіндегі ең үлкен алатын сабағы, меңгеретін дағдысы — жақсы көру, сүю, сезіну… алдымен шарт қойып, бұлданып, міндет қылып сүйеміз. тіпті ең жақын деген отбасы мүшелерімізді де белгілі сатылардан өтіп қана толық қабылдай аламыз. ата-анаға, бауырға шарт қойып, лаң шығарып, ақырында өзіміз болғандай, толғандай, өсе қаламыз. міне осылай шеңберіміздегі әр адам бізге жақсы көруді үйретеді… тек сол жолда есейген сайын, көкірек көзі ашыла берген сайын, өзіміз құрып, өзіміз жүк қылып тасып жүрген күтулер мен шарттар құлап, біраз жеңілдейміз… тіпті Жаратқанмен қарым-қатынасымыздың өзі мінсіз сатылардан құралатын сияқты. орнымен, мөлшерімен, әдебімен, сәтімен, ересек қалыпта, жеңіл түрде бір бақытты сезінуді бұйырсын🌱 #UN_notes

если пархать… то смакуя каждое благо, проживая каждый момент, наслаждаясь каждым видом вокруг

«әйтеуір бір күні» емес, жуырда алыста емес, жанымда сияқтысың… жартым емес, бүтінім, биігім емес, теңім.

«Всё проходит в этом мире, снег сменяется дождём, всё проходит, всё проходит, мы пришли, и мы уйдём. Всё приходит и уходит в никуда из ничего. Всё проходит, но бесследно не проходит ничего. И, участвуя в сюжете, я смотрю со стороны, как текут мои мгновенья, мои годы, мои сны, как сплетается с другими эта тоненькая нить, где уже мне, к сожаленью, ничего не изменить, потому что в этой драме, будь ты шут или король, дважды роли не играют, только раз играют роль. И над собственною ролью плачу я и хохочу, по возможности достойно доиграть своё хочу - ведь не мелкою монетой, жизнью собственной плачу и за то, что горько плачу, и за то, что хохочу.» — Ю. Левитанский

«Твоё с тобой, не твоё с чужими»

аспаны шайдай ашық қыстың бір күнінде аппақ қар ұлпалап жауа бастағанда есіңе мені алшы. жылы көктемінің шуақты кешінде бүр жарып шыға бастаған көкті көргеніңде есіңе мені алшы. көңіліңе көрікті ой ұялағандағы бақытты сәтіңде есіңе мені алшы. көшеде кетіп бара жатқаныңдағы көңіліңе мұқтаж бір бейшара жаратылыс көргеніңде есіңе мені алшы. жарай ма?

- кажется мне очень повезло… - тебе не повезло, ты заслужила!

Repost from хочу
ничего не чувствовать

«и не раз очаруй меня и не разочаруй меня»

Сезім деген сезімдерге илану, Ерін бояп, сылаң қағып, жиналу, Кербез көңіл шашып нұрлы шуағын, Құшақ-құшақ шоқ гүлдерді сыйға алу… Сезім деген естеліктер олжалау, Келіп-кетіп жүріп қанша жол жамау, Қиялдарды тек бақытқа толтырып, Бір жамандық болады-ау деп болжамау… Сезім деген сезімдерді айта алмау, Армандардың аралынан қайта алмау. Сыйластықтың межесінен аса алмай, Жасырынып, ұяң тартып, байқалмау… Сезім деген сезімдерден жалықпау, Қанат бітіп көк аспанда қалықтау, Уақыт бөлсе, шын қуанып, мәз болып, Көңіл тойып, ештеңеден тарықпау… Сезім деген таңды ойсыз атырмау, Қыңыр қылық, өткір мінез батырмау, Тәнті етер әрекеттер танытып, Артық сөзбен оның басын қатырмау…. Ұ.Н #UN_poetry

«Сен маған көктем боп кел нәзіктеу жанымды ұғатын, Отты махаббатыңмен өктем боп кел, асқақтығымды табындыратын. Қазақтың әні боп кел жүрегімді дірілдететін. Сол әндердің сырлы әуен — нәрі боп кел, жанымнан мұңым кететін. Сен айтпай-ақ ұғардай түсінікпен кел осы бір қалпыммен мені. Тек анамның алдына кішілікпен кел — қайғы шалмасын аяулы алтын іреңді. Табындыр, тауып тізгінін бұла көңілдің, сол шақта мүмкін өзіңе ғашық етпегің. Сен, әйтеуір, ұмыттыр мынау өмірдің мені толғандыратын қасіреттерін.» Фариза Оңғарсынова

«ежелден мынау тірлікте сезімтал жандар бақытсыз» Фариза Оңғарсынова

«Бог – искусный мастер, знающий своё дело до тонкостей. Настолько точен Его порядок, что всё на Земле случается, когда приходит время. Ни секундой раньше, ни секундой позднее. И для каждого человека есть время любить и есть время умирать.» 40 правил любви

Repost from rayon de soleil
У мудреца спросили: - откуда ты знаешь, кто тебя любит? он ответил: - тот, кто заботится обо мне и интересуется мной, никогда не устает от меня, а когда я допускаю ошибку, прощает меня и напоминает мне о моем Господе, это и есть тот, кто любит меня.

Бұлт сияқты болма, ол жерге тамшысын бөліп бергенде жылап береді, күңіреніп береді, күрсініп береді. Күн сияқты бол, ол жерге жарығы мен жылуын бөліп бергенде күліп береді, жайнап береді, қайтарымсыз береді. #UN_notes