en
Feedback
kerim eken

kerim eken

Open in Telegram

Визуал сұлулық, музыка және басқа да керім дүниелер spoti.fi/3j5EABS @kuiarna @alibekart

Show more
608
Subscribers
No data24 hours
+17 days
-530 days
Posts Archive
​​Отдельно надо сказать про Алматы и другие сейсмоопасные зоны На Android есть хорошее приложение Earthquake Network, которое автоматически присылает уведомления о землетрясениях в режиме реального времени (если оно выше 4 баллов). Функционирует 11 лет, более 5 млн. скачиваний. Оно полностью на английском языке, но мы сделали инструкцию, как его настроить. Прочитать. На iOS это приложение тоже есть, но только платная версия за 999₸. Еще есть казахстанское приложение Darmen (Android, iOS). Не знаем, как хорошо оно работает, но подробнее можно прочитать тут.

Үйдің жарығын өшірген сайын папамның домбыра тартқанын тыңдап өскен соң күй өнерін ерекше қадірлеймін. Бірақ "Сарыарқадан" "Әлқиссаға" дейінгі бірсыпыра күйге қанық болсам да, олардың шығу тарихын, аңызын көп біле бермейді білмейді екем. Сондықтан танымал, маңызды күйлердің тарихына арнап КҮЙ деген телеграм-канал аштым. Қазақтың болмысына, табиғатына күй арқылы тереңдегіңіз келсе, қосылыңыз. https://t.me/kuiarna

+1
Мына ғажап әнді бұған дейін тыңдамағаныма таңмын Әнін жазған Қайрат Баекенов, сөзі Мұрат Тілеуовтікі

Қабдеш Жұмаділовтің «Қылкөпір» романы мен «Мәңгілік майдан» повесі жайында 🫧
Қабдеш Жұмаділовтің «Қылкөпір» романы мен «Мәңгілік майдан» повесі жайында 🫧

"Ет кесіп өз етімнен берсем-дағы Жөніңе жіберейін емдеп қана". Неткен гуманизм! Неткен рақым!

Бүгін осы екі шығарманы қатар тыңдап, Нарында ақсап қалған киік Бетпаққа барып жан сақтаған-ау деп мистикалық тәпсір жасадым да, көңілде баланс орнағандай болды)

Ал мынау Кәкімбек Салық пен Жақсыкелді Сейіл шығарған "Жез киіктен" үзінді: "...Жез киік, біздің жаққа қалай келдің? Жолымды тіке кесіп, жанай бердің. Адамның көздеріндей екі көзің Япырмай, дәтім шыдап қалай көрдім? Асықпа, көрейінші жөндеп қана, Кетпесін жаңа тиген меңдеп жара. Ет кесіп өз етімнен берсем-дағы Жөніңе жіберейін емдеп қана".

Қайрат Байбосын - Жез киік.mp34.61 MB

Құрманғазының "Ақсақ киігі" былай шыққан екен. Төремұрат, Нарынбай ауылында жүріп киік атуға шыққанда үшінші киікке оқталарда Құрманғазы: «Киіктің қай жерінен тигізейін?» – деп сұрапты дейді. Сонда батырдың жолдастарының біреуі осы тигізе қояр деймісің дегендей: – «Аяғынан» дей салыпты. Сонда Құрманғазы киіктің артқы аяғынан тигізіп, киік үш аяқтап ақсаңдап, қаша жөнелсе керек. Қожаңдап «қуамын» деген жігіттерге Құрманғазы ұлықсат етпейді. Өзі домбырасын алып сол арада бір күй шертеді. Құрманғазының сырына әбден қанған Төремұрат күйшінің қасына ешкімді жібермей, әбден домбырасын аяқтап болғанда ғана өзі барып: – «Жиенжан, бұл арада тағы бір нәрсе туып қалды білем, атын қойдың ба?» – деп сұрайды. Сонда Құрманғазы біраз кідіріп, қуанған емес, күйінгендей келбетпен: – Нағашыеке, жаралының бәрі жаралы, жанның бәрі бірдей, өмір үшін күресте кімге оқ дарымайды? Біздің тұсымызда жаралы жан жалғыз киік пе? Атпайын-ақ деп едім, сіздің мына бір жігіттеріңіздің қыздырма сөзімен аттым. Анау ақсап кеткен киіктей жаралыларға арнадым бұл күйімді. Аты – «Ақсақ киік» депті дейді.

Құрманғазы_Ақсақ_киік_ор_Сағын_Жалмыш.mp32.17 MB

kgd.gov.kz/ru/content/vseobshchee-deklarirovanie-1-2 Білдей бір комитет 2,2 миллион қазақстандықтың ЖСН-ын жариялай салған. Әлі тұр сайтында. Куәлік нөмірі мен телефон нөмірін қоспағанына таңым бар. Мына постта ЖСН арқылы білуге болатын ақпарат жазылыпты. Бұл бер жағы ғана( https://t.me/thehodlcommunity/538

Болат Омарәлиев: Атақы комазитор Нұрғиса Тілендиевтің сан қырлы суреттері менде жетеді. Мына суретте Нұрғиса "Әлқисса" күйін
Болат Омарәлиев: Атақы комазитор Нұрғиса Тілендиевтің сан қырлы суреттері менде жетеді. Мына суретте Нұрғиса "Әлқисса" күйін тартып отыр. 🔗 Facebook

Осы туы жақсы еді 🔗 Instagram

Repost from Dots Foto
IMG_2231.JPG2.16 MB

❌ сөз бостандығы ⁉️ свобода слова ✅ сөз еркіндігі Адамның сөзі, ойы, әрекеттері еркін болады.

Eva Stories деген инстаграмда түсірілген веб-сериал бар. Ева деген жөйіт (еврей) қыз соғыс кезінде бастан кешкенін, жөйіт халқының тауқыметін сториске түсіріп жариялайды. "Инстаграм сол уақытта болса қалай болар еді?" дегендей ғой. Хайлайттарын қарап шығыңыз, бір миллиардер жөйіттің демеуімен үлкен продакшн түсірген жоба: instagram.com/eva.stories Содан шабыт алған болуы керек, біздің Зәмзә деген замандасымыз instagram.com/gulnaz.stories деген жобаны жариялап жатыр. Мұнда ол Алматыға оқуға түсіп, Желтоқсан оқиғасына қатысқан қыздың бастан кешкендерін көрсетеді. Жазылайық, лайк басайық, қолдайық.

Өз бағасын алмаған, тыңдалым саны 100 мыңға да жетпеген, әйбат қазақша әндерді жинап қойдым https://open.spotify.com/playlist/3jW3WOgS6ZHWEZVxd3FK04?si=65358502eea14eb9

+2
2000-шы жылдары Bangor деген бэнд болған. Әндерінің өңдеуіне мән берсең, сол уақыт үшін сұмдық деңгей. Бізге R&B мен арт-рок жанрларын әкелген Орда сосын осы топ болар.

Repost from Dots Foto
+2
IMG_1636.JPG8.86 KB