en
Feedback
moon

moon

Open in Telegram

напоминание для себя и для верующих🌙

Show more
561
Subscribers
No data24 hours
No data7 days
No data30 days
Posts Archive
moon
561

moon
561
Ислам_в_Европе_в_Америке_в_Китае_Уверовал_изучив_искусственн.m4a96.74 MB

moon
561
Всё_что_мы_любим_это_иман_намаз_никях_садака_Jah_Khalib_Расу.m4a106.99 MB

moon
561
PODCAST_1_ЗАЩИТА_ОТ_КОЛДОВСТВА_ПОРЧА_СГЛАЗ_БЕЛАЯ_МАГИЯ_АБДУЛ.m4a98.43 MB

moon
561
Подкаст_5_jastar_neke_otbasy_toi_Жарқын_Мырзатай.m4a68.92 MB

moon
561
Подкаст_6_Намазға_кел_Ұстаз_Елдос_Жұмаділда_Қыран_Төкеш_mihr.m4a91.06 MB

moon
561
Успех_и_помощь_в_делах_Молитва_дуа_пророка_Мусы_мир_ему_Нума.m4a28.94 MB

moon
561
НЕ_УСЛОЖНЯЙТЕ_ИСЛАМ_зал_апплодировал_Нуман_Али_Хан.m4a37.97 MB

moon
561
Ислам_и_Эго_Пройдите_тест_на_высокомерие_Нуман_Али_Хан_rus_s.m4a46.31 MB

moon
561
Repost from Nurbakhyt Aidosuly
Байкот тізім.pdf

moon
561
photo content

moon
561
photo content
+9

moon
561
Шейх Абдулла Сиражуддинге бір шәкірті: «Жүрек тыныштығыңыздың сыры неде?» деп сұрақ қойды. Сол кезде ол: «Басыма қуаныш келсе, дәретімді алып, Аллаға шүкір ете намазымды оқыдым. Басыма қайғы келсе, дәретімді алып, Алладан сабыр сұрадым. Егер не істеу керектігін білмей қалсам, дәретімді алып, истихара оқып, Алладан қайырлысын сұрадым. Өмірімнің барлығы да осы бір үш істің арасында ғана болды: шүкір, сабыр және дұға» деп жауап берді.

moon
561
Күніге оқып жүрген “Ықылас” сүресіндегі “Аллаһус Самад” сөзінің мағынасы неде? “Сомәд” сөзі – араб тілінен тура аударғанда “басқалар Оған мұқтаждығын білдіретін” деген мағынаны білдіреді. Мұң-мұқтажыңызды тек Аллаға айтуға тырысыңыз. Алла ол – әс-Самад. Адамдардан қажетіңізді сұрасаңыз, олар сізге ашуланады. Алла керісінше, құлы Одан қажеттілігін сұрамаса Ол құлына ашуланады.

moon
561
Суфиән әс-Сәуридің қанатты сөздер жиынтығы📚 Бұл сөздер “Сиәр әғләм ән-нубәлә” кітабының 7-томынан алынған. Маған Алла Елшісінен ﷺ қандай да бір хадис жеткен болса, онымен тіпті бір мәрте болсын амал еттім. Бұрындары мал-дүние жеккөрінішті болатын. Ал қазір ол – мүміндердің қалқаны. Адам біреудің ас табағына қол сұқса, соған әрдайым бағынышты болады. Болмыстарыңды хадиспен әсемдеңдер! Алайда (жасап жатқан кей нәпсіге жағар амалдарыңды) хадиспен әсемдеп көрсетпеңдер. Ілім иесінің молшылықта болуын қалаймын. Өйткені, әрбір бәлекет те, адамдардың ащы тілі де оған өте тез жетеді. Егер төрт-түлік мал, өлім жайлы сендер білетін нәрселерді білер болса, онда ешқашан да семіз мал жемес едіңдер. Жылаудың он түрі бар. Соның біреу ғана Алла үшін. Қалған тоғызы одан басқа істер үшін болады. Егер Алла үшін жылына тіпті бір мәрте жыласаң, оның өзі жеткілікті болар еді. Ниетім болмаса да, ілім ізденіп бастадым. Одан соң Алла мені жақсы ниетпен ризықтандырды.

moon
561
Алладан жүрегімді маған тиесілі емес нәрсеге байламауын сұрап отырып мынадай ой келді: ал ойланып қарасаң, саған не тиесілі? ештеңе! барлық мүліктің иесі Алла емес пе?

moon
561
“Рухани қыр” бес уақыт намаздан бөлек, ең кемі: * Күніне 1-2 бет құран. (Егер түпнұсқада құран оқи алмасаңыз, үйіңізге ең жақын мешіттен құран үйреніп немесе YouTube желісінде тегін құран дәрістерін тыңдап, ұстазға тексертіп алыңыз. * Күніне ең кемі 70 истиғфар (“Астағфирулла” деген ғана сөз) * 10 салауат (Аллаһумма салли ғәлә Мухаммад) уақыт өте көбейте берсеңіз болады. * Бір күн дәріс, бір күн уағыз. Кезек-кезек. (Бір күн тәпсір-хадис яки фиқһ немесе сира сабағы болса, екінші күн уағыз) * Таңғы-кешкі зікірлер. (Бұларды ұмытсам күн-түнім берекесіз өтетініне көзім жетті. 100% гарантиямен айтамын) #рухани_қыр

moon
561
“Жаттау қабілетін шыңдауға 10 өсиет📚” Автор: Бәдр ибн Али 1. Алланы әрдайым зікір етіп жүру. Бұл екі нәрсемен болады: ниет жаңарту; күнделікті уирдқа дауамды болу. (Бұған дәлел ретінде Кәһф сүресінің 24, әр-Рағд сүресінің 28-аятын келтіріп өткен) 2. Күнәлардан алыс болу. (Абдулла ибн Мәсғуд: “Адам ілімін ұмытса, күнәсі себепті ұмытты деп есептеймін”. [Бәйһәқи “Мәдхол📚]) [Талақ 4, Бақара 282 аятын келтірді] 3. Білгеніңе амал ету [Мәриәм сүресінің 76-аятын қараңыз] (“Білгенімен амал етпеген адам ешқашан ғалым болмайды”. [Ахләқ әл-ғуләмә📚]) 4. Ақылды шынықтыру (Яғни, әрдайым естіген білген сөздерін, жазып түртіп алудың орнына, кейде сол сәтте ақ жаттап алуға тырысу. Бұған дәлел шөлді жердегі бәдәуилер болатын. Оларды жазып сызатын құрал болмағандықтан, не естісе де жаттап алуға ғана ұмтылатын) 5. Хадис яки ғалымдар сөзін бір емес, бірнеше мәрте жазу. (Ибн Мәрзуқ әл-Һарауи имам Термизидің хадис жинағын 6 рет толық жазып шыққан. Әбул Фадл Мақдиси екі сахихты, Әбу Дәуд-ибн Мәжә сунанын 10 нан аса мәрте жазып, 1000 ға жуық том еңбекті қолмен жазып шыққан) 6. Қайталау (Ғалымдардан: “Ілімді бір сағат зерттеп қайталау – түні бойы құлшылық қылғаннан хайырлы”. Жаныңда бірге қайталайтын досың болғандығы дұрыс. Исхақ ибн Рахуия Ахмад ибн Ханбал, Яхья ибн Мәғиндермен хадисті 2-3 әртүрлі тізбегін еске алып қайталайтын болған) 7. Жатталғанды әрдайым басқаларға айта жүру 8. Байланыстырып жаттау. Мысалға: “Әбу Ханифа мен Абдул Мәлик ибн Журәйж Имам Шафиғи туылған жылы қайтыс болды. Яғни, һижри 150жыл. Имам әш-Шафиғи, Әбу Дәуд, Әшһәб, Хасан ибн Зияд барлығы да 204-жылы қайтыс болды. Сол жылы имам Муслим дүниеге келді”,-деген секілді мысалдармен. 9. Зейінді арттыратын тағамдарды жеу (Мейіз, зәмзәм, жаңғақ) 10. Уақытты жүйеге келтіру Қосымша ибн әл-Жәузидің “әл-Хасс ъәлә хифзил ғилм📚”, имам әз-Зәһәбидің “Тәзкиратул хуффаз📔” кітаптарын оқысаңыз болады. #архив

moon
561
Сағид ибн әл-Мусайиб деген табиғин ғалым айтады (Алла рахымына алсын): “Бірде түн қарайғанда мешітке бардым. Менен басқа ешкім жоқ болған соң алдымда ұзақ түн бар ғой деп кішкене көз іліп алуды ұйғардым. Бір уақытта арт жағымнан бір дауыс шықты. Қорқып кеттім. Ол дауыс маған: “Әй, жүрегі қорқынышқа толған жан, қорықпа! “Я, Алла, расында сен барлық нәрсені иеленушісің, барлық нәрсеге күші жетушісің. Сен қалаған нәрсе ғана болады” деп айт та, Алладан қалағаныңды сұра” деп айтты. Содан бері осы сөздерді айтып дұға тілесем дұғам қабыл бола беретін болды”. Дұғаның оқылуы: Аллааһумма иннәка мәлиикум муқтадир. Мәә тәшәә-у мин әмрин якуун 📚 Абдулла Сиражуд-Дин, “Мүлік” сүресінің тәпсірі

moon
561
الاخلاق كالارزاق الناس فيها بين غنى و فقير В отношении благого нрава как и в отношении удела человека, люди делятся на богатых и бедных. Жақсы мінез-құлық ризық сияқты, адамдар бұл тұрғыда да бай кедей болып бөлінеді.