en
Feedback
Үйде жатпа!

Үйде жатпа!

Open in Telegram

Оқы, ойла, дамы! Үйде жатпайтын, тірлік жасағысы келетін, өсетін жастарға арналған. • Мамандық алу немесе бизнесті ашу туралы әңгімелер #үйдежатпағандар • Өмірде пайдалы кеңестер #қазынакеңес • Қазақстанда бизнес қалай жасалды #көшпенділерэкономикасы

Show more
9 998
Subscribers
No data24 hours
-577 days
-22630 days
Posts Archive
💡📰📰📰📰📰📰 Кеш жарық, қыздар мен жігіттер! Назарларыңызға бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз! ✔️ 👀“Отбасы банк” ком
+3
💡📰📰📰📰📰📰 Кеш жарық, қыздар мен жігіттер! Назарларыңызға бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз! ✔️ 👀“Отбасы банк” комиссиясын екі есеге арттырмақ Мәссаған! 😮 🔥“Алмадан бастап картопқа дейін қымбат”. Депутат азық-түлік бағасын сынға алды Ал сіз азық-түлік бағасының қымбаттағанын байқадыңыз ба?🤔 😻2025 жылдан бастап қазақстандықтарға 1,7 трлн теңгеден астам зейнетақы төленген Еңбек министрлігі мәлімдеме жасады📌 🔥УЕФА Қазақстанда екі футбол академиясын салады Жақсы жаңалық екен!😍 👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇 https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-top-3-zha-aly-y-4/ #Қазақстан #Жаңалықтар #Отбасыбанк #комиссия #азықтүлікбағасы #зейнетақы #УЕФА #футбол

💡💡💡💡💡💡💡 Ипотекалық несие бойынша жаңа норма орта жолдан тоқтатылды. Неге? 📌 Екінші тұрғын үй нарығынан пәтер сату немесе сатып алу ойыңызда болса, онда үлгеріп қалыңыз! Өйткені күні кеше банктердің ипотекалық несие беруді жағалай тоқтата бастауына түрткі жаңа норманың күші жойылды. Нақтырақ айтқанда, оны қолданысқа енгізу мерзімі 2025 жылдың 16 маусымынан 2025 жылдың 1 қарашасына дейін шегерілді. 🔎 Жуырда Ұлттық Банк несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемелеріне айтарлықтай қысқарту жүргізді. Соның ішінде ипотекалық несие де бар. Оған сәйкес, екінші деңгейдегі банктер 2025 жылдың 16 маусымынан бастап ипотекалық несиелерді енді 25 емес, 20% жылдық сыйақы мөлшерлемесімен бере бастауы керек еді. Алайда екінші деңгейдегі банктердің көбісі мұндай өзгеріске дайын болмай шықты. ▪️Біріншісі, екінші нарықтан жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 20%-бен ипотекалық несие беруді банктер тиімсіз деп санайды, сондықтан олар мейілінше мұндай өтініштерді қабылдамауға тырысады. Ал бұл екінші нарықтағы пәтерлерді сату кезінде қиындықтар туындайтынын білдіруі мүмкін. ▪️Екіншіден, мұндайда коммерциялық банктер «Отбасы банк» қана ие тұрғын үй құрылыс жинағына қызығуы мүмкін. Яғни, оларға ескі үйлерден гөрі жаңа баспана сатқан әлдеқайда тиімді болуы ықтимал. Енді осы екі тезисті дәлелдеп, басын аша түсейік. ✔️ Бірінші жағдайда, яғни «ескі пәтерлерді банктерге сату неге тиімсіз» дегенге келсек, уақыт өте келе, ұсталған дүниенің құны түседі. Демек, банк кепілдігіндегі жылжымайтын мүлік құнсыздана береді. Бұл сақтандыруды қажет ететін тәуекел ретінде қарастырылады. Сол себепті жаңа норма «күшіне енді» дегенде банктер жапа-тармағай ипотекалық несие шарттарына осы сипатта түзетулер енгізе отырып, оны жаңартуға көшкен болуы мүмкін. Осылайша, банктер үшін ипотеканың өзіндік құны кемінде 18,5-19,5%-ға дейін барады. Сонда банктерге қосымша маржа ретінде небәрі 0,5-1,5% ғана қалады. Бұл – өте төмен пайда. Сондықтан банктер шектеулі әрі қысқа мерзімді ресурстарын мұндай өнімге салуға құлықсыз болады. Оның орнына олар пайыздық мөлшерлемесі жоғары әрі өтімділік тәуекелі мен пайыздық тәуекелді жаба алатын тұтынушылық несиелерге одан сайын басымдық бере бастайды». 🟢 Банктерге ескі пәтерді сату тиімсіз екенін түсіндірдік. Енді олар ипотекалық несие құралын жаңа пәтерлерге қатысты қолданғысы келері ақиқат. Ал бұл жүйеде «Отбасы банк» басымдыққа ие екені белгілі. Екінші себептің жауабы осы арада туындайды. Бұл ретте банктердің әрекет етіп жатқанына Мәжіліс қабырғасында көтерілген мына жайт дәлел. Маусым айының басында Мәжілісте Amanat партиясының атынан депутат Ерболат Сатыбалдин Үкіметке сауал жолдап, екінші деңгейдегі банктерге (ЕДБ) тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысуға мүмкіндік беруді сұрады. Сөйткен ол ұзақ мерзімді ипотекалық қаржыландыру нарығын құру кезінде БЖЗҚ қаражатын пайдалану, сондай-ақ пайыздық мөлшерлемелерді төмендету жайын да қарастыру қажет екенін айтты. Бұл ретте ол rent-to-buy (баспананы кейіннен сатып алу құқығымен жалға алу) жүйесін енгізу идеясын алға тартты. “Мысалы, ай сайынғы 200 мың теңге төлемнің 50 мың теңгесі жинақ ретінде есепке алынады. Осылайша, үш жыл ішінде азамат қаражат жинап қана қоймай, сонымен қатар төлем қабілеттілігін де растайды. Бұл жүйе, әсіресе жастарға, жалғызбасты аналарға және әлеуметтік осал топтағы азаматтарға қолайлы болар еді”, – деп атап өтті Сатыбалдин. 🟢 Екінші деңгейдегі банктерге «Отбасы банк» игеріп отырған алаңға енуге рұқсат беріледі ме, жоқ па, ол жағы әзірге белгісіз. Белгілісі, ипотекаға келгенде банктерді шала бүлінуге түрткі болған жаңа норма кері қайтарылып алынғаны. Нақтысында, оның 2025 жылдың 1 қарашасында іске қосылатыны жарияланды. Бұл ретте Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бірлесіп қабылдаған қаулыда былай делінеді: 👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇 https://zhatpa.kz/kazyna-kenes/ekinshi-t-r-yn-j-nary-ynan-p-ter-satu-nemesesatyp-alu-ojy-yzda-bolsa-lgerip-aly-yz/ Авторы: Кәмшат Тілеухан

💡📆📆📆📆📆 18 маусым 😻18 маусым – Дүниежүзілік үйлесім күні. Адам, табиғат пен ғалам арасындағы тепе-теңдік пен келісім ежелгі грек ойшылдарының өзі толғанған терең тақырып еді. Олар адамның жан дүниесіндегі, әлемдегі қарама-қайшы құбылыстардың өзара үндестікте болуының маңызын атап көрсеткен. Үйлесім – өзіңді танудың, дамудың тұтастығының және өзара құрметтің негізі. Адамның ішкі жан әлемі мен сыртқы ортамен үндес өмір сүруі – рухани тепе-теңдіктің, тыныштық пен сенімнің бастауы. Барша оқырманымызға үйлесімдікте өмір сүруді тілейміз! 🫡2006 жылы 18 маусымда таңғы 4:44-те Байқоңыр ғарыш айлағынан Қазақстанның алғашқы байланыс спутнигі – “KazSat-1” ұшырылды. Ол телехабар тарату, байланыс орнату және деректерді жіберу мақсатында жасалды. Бұл тарихи оқиғаға Қазақстан мен Ресей президенттері арнайы қатысып, ел тарихындағы жаңа белестің куәсі болды. Ең бастысы – бұл спутникті басқару жұмыстары толығымен қазақстандық мамандардың қолына тапсырылды. Алайда 2009 жылы орын алған техникалық ақаулардан кейін спутник орбита зиратына көшірілді. Оның орнын 2011 және 2014 жылдары ұшырылған “KazSat-2” және “KazSat-3” сынды келесі буын аппараттары басты. Бүгінде бұл спутниктер табысты жұмыс істеп жатыр. 🔥Бүгін балалар арбасының пайда болған күні. Балалар арбасы алғаш рет 1733 жылы Англияда алты баланың әкесі — Девоншир герцогіне арналып жасалды. Күйме оған бекітілген понилердің арқасында қозғалды. Ал бір ғасырдан кейін америкалық өнертапқыш Уильям Ричардсон арбаның құрылымын жетілдіріп, оны ыңғайлы әрі басқаруға оңай етіп жасап шықты. Өзінің жаңа туындысын ол 1889 жылдың 18 маусымында ресми түрде тіркеді. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін туылым көрсеткіші күрт өскендіктен, бала арбасына деген сұраныс та артты. Арзан әрі қолжетімді болуы үшін пластмасса мен болат қоспаларын қолдану өндіріс процесін жеңілдетіп, арбаны көпшілікке қолжетімді етті. 👀18 маусымда өмірге келген атақты адамдар. Бүгін The Beatles тобының негізін қалаушы, Грэмми сыйлығының 16 дүркін иегері және MBE сэр Пол Маккартни 83 жасқа толды. Ол бірнеше рет Гиннестің рекордтар кітабына ең табысты музыкант әрі композитор ретінде енгізілді. Сонымен қатар өнер иесі 1,3 миллиард доллар байлығымен әлемдегі ең бай рок-музыкант болып келеді. Бүгін ресейлік эстрада әртісі, әзілкеш, актер, тележүргізуші, Алла Пугачеваның күйеуі Максим Галкин 49 жасын атап өтеді. 2022 жылы ол әйелі және балаларымен Израильге кетіп, Ресейдің Украинадағы әрекеттеріне қарсы шықты. Содан бері ол концерттерден тапқан ақшаның бір бөлігін украиндық қорға аудара бастады. Осылайша Максим Ресейдегі барлық жарнамалық келісімшарттар мен концерттерден қол үзіп қалды. Сізге қай өнер иесі ұнайды: Пол Маккартни немесе Максим Галкин? #Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #руханитепетеңдік #алғашқықазақстандықспутник #балаарбасыныңөнертабысы #Туғанкүндер #Танымалтұлғалар #ПолМаккартни #МаксимГалкин

💡📰📰📰📰📰📰 Баршаға сәлем, қымбатты оқырман! Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз📍 👀Доллар бағ
+3
💡📰📰📰📰📰📰 Баршаға сәлем, қымбатты оқырман! Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз📍 👀Доллар бағасы тағы көтерілді Биржадағы күндізгі сауда тоқтатылды😶 🫡Қазақстан Қытайға 1,5 мың киік сыйламақ Мәссаған! Кейінгі уақытта елімізде киік саны көбейіп кеткені туралы айтылып жүр еді. Енді көрші елге сыйға тартпақ екен📌 👏Қазақ баласы Еуропаның ең үздік физигі атанды Керемет! Құтты болсын!🔥😍 👥Елімізде 16 млн адамның жеке дерегі таралып кетті Министрлік мәлімдеме жасады📍 👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇 https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-e-ma-yzdy-zha-aly-tary-104/ #Қазақстан #Жаңалықтар #Доллар #Қытай #киік #Еуропа #еңүздікфизик #жекедерек

💡💡💡💡💡💡💡 Әр қазақ оқуы тиіс ТОП-5 тарихи кітап Қазақ халқының өткені — ұлт рухының, болмысымыздың, бүгініміздің алтын арқауы. Назарларыңызға әр қазақ оқуы тиіс бес тарихи шығарманы ұсынамыз. 1️⃣ Көшпенділер “Көшпенділер” – қазақ әдебиетіндегі ең ауқымды тарихи эпопеялардың бірі. Авторы — Ілияс Есенберлин. Үш кітаптан тұратын бұл трилогия (“Алмас қылыш”, “Жанталас”, “Қаһар”) XV–XIX ғасырлар арасындағы Қазақ хандығының қилы тағдырын баяндайды. Шыңғыс ханнан бастап Кенесарыға дейінгі тарихи тұлғалар, хандықтардың құрылуы, ел үшін жанын берген батырлар мен сөз бастаған жыраулардың бейнесі – барлығы осы эпопеяда шебер суреттелген. Есенберлин бұл еңбекті партиялық цензураның қыспағында жүріп жазып шыққанымен, қазақ рухын оятқан, елдік сананы жандандыруға үлес қосқан шедевр қалдырды. 2️⃣ Алтын орда Тарихи тереңге бойлаған бұл трилогияда түркі өркениетінің ұлы кезеңі – Алтын Орда дәуірі сипатталады. Романда ел тағдырын, мемлекет іргесінің қалануын, ұлы даладағы билік пен бірліктің күрделі жолын көркемдікпен өрнектеген. Есенберлин бұл туындысында тек өткенді баяндап қоймай, ұлт болмысы мен рухын жаңғырту жолында жазушылық жауапкершілікпен қалам тербеген. 3️⃣ Қан мен тер Әбдіжәміл Нұрпейісовтың аталған трилогиясы — халық пен уақыттың тынысын тап басып бейнелеген күрделі шығарма. Үш кітаптан тұратын роман («Ымырт», «Сергелдең», «Күйреу») Арал өңіріндегі балықшы ауыл өмірі арқылы кеңестік жүйенің ауыр көлеңкесін, қарапайым халықтың тағдыр-талайын терең суреттейді. Автор өзі өскен топырақты шексіз сағынышпен жырлайды. Туған жер, әділет, азат ой, тағдырлы адамдар – бәрі де бұл шығармада шынайы тілмен бейнеленеді. “...Әлі күнге бір бүйірің ауыл өміріне бұрып тұрады. Қанша қашыққа шырқап кетсең де, бойыңдағы бір тамырың туған жеріңнің топырағында бүлк-бүлк етіп соғып жатқандай. Кей күні... сен әлденеге өзек аузында жалғыз үй отырған балықшы шалдың қамыс қосын, жұпыны жиһазын, жалпылдақ шамын есіңс аласың. Өз үйің жайнап тұрса да, саған осынау балық сасыған кішкентай қос ыстық. Қос ішінде, ақ иық қылған ауыр еңбектен болар, жан әкең сілесі қатып шаршаған. Күнге күйген жылтыр қара бетінде қалжыраған ажар бар. Үні де қалжырап ақырын шығады. Сол кезде қара пұшық бала әлдеқайдан жүгіре кеп отырса болғаны, оның әжім беті іштей нұрланып елжіреп қоя береді” – дейді жазушы. 4️⃣ Аласапыран романы “Аласапыран” роман-дилогиясы 1980-1982 жылдары жарияланды. Негізгі кейіпкер – Ораз-Мұхамед сұлтан. Қазақ пен орыс әлемі түйіскен тұста өмір сүрген тарихи тұлғаның тағдыры арқылы сол дәуірдегі саясат, мәдениет, күрделі өзгерістер мен дипломатиялық қатынастар кең ауқымда ашылады. Алайда Ораз-Мұхамед куә болған, ұғынған дүние шындығынан ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы орыс, қазақ қоғамында орын алған қым-қуыт өзгерістерді, күрт бұрылыстар сырын кең де айқын топшылау қиын емес. 5️⃣ Қызыл жебе Бұл роман-трилогия қазақ халқының аяулы ұлы, кеңестік кезеңде әділет пен азаттық үшін күрескен қайраткер Тұрар Рысқұловтың өміріне арналған. Шығарма Тұрардың балалық шағынан бастап, саяси аренадағы күрделі кезеңдерге дейінгі өмірін шынайы суреттейді. Жазушы кейіпкері арқылы халыққа қызмет етудің, әділдік пен адалдықтың құнын ұғындырады. Шығарманың өн бойында кездесетін кейіпкерлердің қай-қайсысының да өзіндік ерекшелігі, мақсат-мүддесі айқын суреттеліп, жазықсыз жапа шеккен жандардың өзара ыстық ықыласы мен достығы әсерлі де нанымды бейнеленеді. Шерхан Мұртазаның халқына өлшеусіз еңбек сіңірген Тұрар Рысқұловты “тірілткен” “Қызыл жебе” роман-эпопеясы ұлттың рухын көтерген бірден бір шығарма.

💡📆📆📆📆📆 17 маусым 👀17 маусымда Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен Дүниежүзілік шөлейттену мен қуаңшылыққа қарсы күрес күні аталып өтеді. Мерекенің мақсаты – орны толмас зардаптарға әкеліп соғатын құрғақшылық мәселелеріне әлемдік қоғамдастықтың назарын аудару. Қуаңшылық – орны толмас экологиялық және әлеуметтік апаттарға әкелетін жаһандық проблема. Қазақстан үшін бұл мәселе ерекше өзекті. Себебі еліміздің климаты — құрлық ішіндегі орналасуына байланысты тым құрғақ әрі континентті. Осыған байланысты ең күрделі әрі қайғылы мысал ретінде Арал теңізінің экологиялық апатын атауға болады. 🗣17 маусымда Дүниежүзілік қоқыс жинаушылар күні аталып өтеді. Бұл күн әлемнің төрт бұрышында тазалық үшін тынымсыз еңбек етіп жүрген адамдардың еңбегіне құрмет көрсетуге арналған. Бүгінде әлемде 4,5 миллиардтан астам адам антисанитарлық жағдайда өмір сүреді. Тұрғын үйлердің айналасындағы қоқыс пен лас орта жұқпалы аурулардың таралуына себеп болып, әсіресе бес жасқа дейінгі балалардың өліміне алып келеді. Әр минут сайын әлемде бір бала қоршаған ортаның ластануы салдарынан көз жұмады. Сондықтан қоқыс жинап, оны қайта өңдеумен айналысатын жандардың еңбегі – тек тазалық емес, адам денсаулығына деген тікелей қамқорлық. Сіз осындай бастамаларды қолдайсыз ба? 📍2011 жылы 17 маусымда Астрахан облысында (РФ) Бөкей хан (1742-1815) кесенесінің құрылысы басталды. Ол Қазақстан тарихына Жайық пен Еділ арасындағы қазақтарды біріктіргег Бөкей Ордасының негізін қалаушы ретінде қалды. Дәл осы Бөкей Ордасында 1841 жылы тұңғыш қазақтың зайырлы мектебі ашылды. Оның түлектері М.Бабаджанов, Ш.Бөкеев, Р.Құрманғалиев, Ш.Жексенбаев және басқа да белгілі қазақ зиялыларының өкілдері болды. Кесене құрылысы Қазақстан мен Астрахан кәсіпкерлері жинаған қаражатқа жүргізіліп, сол жылдың қазан айында аяқталды. 🥸1876 жылы 17 маусымда Ресей империясының Ішкі істер министрлігі украин тіліндегі оқулықтар мен танымал ғылыми кітаптарды басып шығаруға тыйым салды. Бұған император Александр II жарлығы негіз болды. Тыйым салынған ақпараттарды атап айтатын болсақ: 1) шетелден украин тілінде жазылған кітаптарды арнайы рұқсатсыз Ресей аумағына әкелуге болмайды; 2) украин тіліндегі театр қойылымдарын сахналауға және мәтіні украинша жазылған әндердің ноталарын басып шығаруға тыйым салынды; 3) украин тілінде түпнұсқа шығармалар жазуға және шет тілдерінен украиншаға аударуға рұқсат етілмеді; 4) жалпы кез келген кітапты украин тілінде басып шығаруға тыйым салынды; 5) украин әндері орындалатын концерттер ұйымдастыруға жол берілмеді; 6) бастауыш мектептерде украин тілінде сабақ өткізуге тыйым салынды. #Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #Экологиялықмәселелер #Антисанитарлықжағдайлар #Бөкейханкесенесі #Украинкітаптары

💡📰📰📰📰📰📰 Кеш жарық, қыздар мен жігіттер! Назарларыңызға бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз! ✔️ 👀Дүниежүзілік банк
+3
💡📰📰📰📰📰📰 Кеш жарық, қыздар мен жігіттер! Назарларыңызға бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз! ✔️ 👀Дүниежүзілік банк кедейлік шегін жаңартты: Қазақстанда 2,9 млн адам кедей санатына енді Кедейлік шегі өсіпті📍 🗣Парижде Нұрғиса Тілендиевке арналған көрме ашылды Тамаша!😍 📌Оралда қазақстандықтарды 25 млн теңгеге алдаған туристік агент сотталды Алаяқтық әрекеттің жолы кесілді‼️ 🤗Елімізде алдағы күндері 46 градусқа дейін аптап ыстық болады Абай болыңыздар!📌 👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇 https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-top-3-zha-aly-y-3/ #Қазақстан #Жаңалықтар #кедейлікшегі #Париж #НұрғисаТілендиев #ауарайы #туристіккомпания #алаяқтық

💡📰📰📰📰📰📰 Кеш жарық, қыздар мен жігіттер! Назарларыңызға бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз! ✔️ 👀Дүниежүзілік банк
+3
💡📰📰📰📰📰📰 Кеш жарық, қыздар мен жігіттер! Назарларыңызға бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз! ✔️ 👀Дүниежүзілік банк кедейлік шегін жаңартты: Қазақстанда 2,9 млн адам кедей санатына енді Кедейлік шегі өсіпті📍 🗣Парижде Нұрғиса Тілендиевке арналған көрме ашылды Тамаша!😍 📌Оралда қазақстандықтарды 25 млн теңгеге алдаған туристік агент сотталды Алаяқтық әрекеттің жолы кесілді‼️ 🤗Елімізде алдағы күндері 46 градусқа дейін аптап ыстық болады Абай болыңыздар!📌 👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇 https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-top-3-zha-aly-y-3/ #Қазақстан #Жаңалықтар #кедейлікшегі #Париж #НұрғисаТілендиев #ауарайы #туристіккомпания #алаяқтық

💡💡💡💡💡💡💡 Артық ойдан арылудың ең қарапайым әрі тиімді жолы туралы не білеміз? ‼️ Бүгінгі ақпарат ағыны адам санасына жүк, жүрекке уайым, санаға күмән жүктеп жатыр. Әрбірімізде шешілмей жүрген сұрақтар, басталмай қалған істер, іште бүккен ойлар бар. Осындайда санадағы түйткілді тарқатуға көмектесетін ерекше тәсіл бар – ол фрирайтинг әдісі. 🔎 Фрирайтинг – қазақшаға аударғанда “еркін жазу” немесе “еркін хат” деген мағынаны білдіреді. Бұл – қолыңызға қалам алып, ішкі дүниеңізді сүзгіден өткізбей, ашық әрі шынайы түрде ақ қағазға түсіру. Бұл әдіс көп жағдайда психологиялық жеңілдік беріп, нақты шешім табуға жол ашады. 📌 Кімдерге пайдалы? • Бір істі бастағысы келіп, батылдық таппай жүргендерге; • Мәселесіне жауап таппай жүргендерге; • Жаңа идея іздеген шығармашыл жандарға; • Ішкі ойын сыртқа шығара алмай жүрген, эмоционалды тығырықтағы адамдарға; • Шабытын жоғалтқандарға; • Мидағы ауыр ойдан арылғысы келетін кез келген адамға бұл әдіс нағыз көмекші құрал бола алады. 📍Фрирайтингті қалай жазуға болады? 1. Тыныш ортаға жайғасыңыз. Қолға қалам мен таза парақты алыңыз. 2. Оятқышты 20 не 30 минутқа қойыңыз. 3. Ішкі сұрағыңызды анықтаңыз. Мысалы: – «Мен неге алаңдаймын?» – «Қандай бағытқа бет бұруым керек?» – «Мені не бақытты етеді?» 4. Таймер қосылғаннан кейін – жай ғана жаза беріңіз. Ойыңызға келген кез келген дүниені – талғамай, сұрыптамай, тоқтамай қағазға түсіріңіз. 5. Таймер шырылдағанға дейін тоқтамаңыз. Ой келмей жатса – «ештеңе ойыма келмей тұр» деп жазыңыз. Маңыздысы – жазу. 6. Уақыт біткен соң жазғаныңызды оқып шығыңыз. Ішінен маңызды ойларды, қайталанған тіркестерді түртіп алыңыз – бұл сіздің ішкі түйсігіңіздің жауабы болуы мүмкін. 📍Фрирайтингтің басты ережелері: ▪️ Ойланбаңыз – жазыңыз. Қағазға ой сүзгіден өтпей түсуі тиіс. Қателер мен стильге мән берудің қажеті жоқ. ▪️ Шынайы болыңыз. Біреудің пікіріне тәуелді болмай, өз ішкі дауысыңызға құлақ түріңіз. ▪️ Ойыңыз бөлініп кетсе – тоқтамаңыз. Мазасыз ойлардан арылудың бірден-бір жолы – оларды жазып тастау. ▪️ Сөз емес, сөйлеммен жазыңыз. Ойыңыз тұтас ағын секілді ағуы керек. Фрирайтинг – әр адамның ішкі дауысы. Ол сіздің санаңызға жиналған ауыр ойды сыртқа шығарып, маңызды шешімге бір қадам жақындатады. Кейде адамға психолог та емес, кеңесші де емес, тек өзі керек. Осы әдісті күнделікті өміріңізге енгізсеңіз – жауабын таба алмаған сұрақтарыңыз өздігінен тарқай бастайды. #қазынакеңес

💡📆📆📆📆📆 16 маусым 🗣16 маусымда Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен Халықаралық отбасылық ақша аударымы күні аталып өтеді. Әлемде отбасының қамымен басқа елде жұмыс істеп, бас сауғалап жүрген еңбек мигранттарының саны 200 миллионнан асады. Олар ай сайын шамамен 200–300 доллар көлемінде ақша аударып отырады. Бұл өз кезегінде жаһандық деңгейде орасан қаржы ағынын құрайды. 2024 жылы Қазақстанға шетелден 236,8 миллиард теңге аударылған. Ақша аударымдарының басым бөлігі Ресей, АҚШ, Өзбекстан, Оңтүстік Корея мен Түркиядан келген. Ал Қазақстаннан сырт елдерге 1,05 триллион теңге жөнелтілген. Негізінен қаражат Өзбекстан, Ресей, Түркия, Қырғызстан мен Грузияға жіберілген. Сіз ақша аудару жүйесін пайдаланасыз ба? 👀16 маусымда жануарларды қорғаушылар Дүниежүзілік теңіз тасбақалары күнін атап өтеді. Су астында тынысын бес сағатқа дейін тоқтата алатын бұл ғажап тіршілік иелері орта есеппен 100 жыл өмір сүреді. Көптеген тасбақа медузалармен қоректеніп, олардың санын реттеуге көмектеседі. Сондай-ақ олар Жердің магнит өрісін сезіне алады және оны компас секілді пайдаланады. Бұл күн – адам әрекетінен жойылып бара жатқан теңіз тасбақаларының мәселесіне қоғам назарын аудартуға бағытталған. Өткен ғасырда олардың саны 80 пайызға азайған. Сіз осындай экологиялық даталарды қолдайсыз ба? 💪Сонымен қатар бүгін — тарихи сәйкестіктер күні. 1903 жылы дәл осы күні АҚШ-тың Детройт қаласында Генри Форд Ford Motor Company компаниясының негізін қалады. Ол бизнесін дамыту үшін бар болғаны 28 000 доллар алған. Ford – әлемде алғаш болып автокөлік құрастыруда конвейер жүйесін енгізген компания ретінде тарихта қалды. Сол күні Pepsi-Cola сауда белгісі де тіркелді. Бұл сусын алғаш рет 1893 жылы дәріхана иесі Калеб Брэдхэм ойлап тапқан «Брэдтың сусыны» деген атпен сатылған. Кейін 1898 жылы ол «Pepsi-Cola» деп аталды. «Пепсис» сөзі грек тілінен аударғанда «ас қорыту» дегенді білдіреді. Алғашқыда бұл сусын асқазан ауруына қарсы дәрі ретінде ұсынылған. 1961 жылы оның атауы қысқартылып, тек «Pepsi» деген атпен қалды. Қазір бұл бренд – Coca Cola-ның басты бәсекелесі. Сізге қай сусын ұнайды: Pepsi немесе Coca Cola? 👥Бүгін — танымал қос тұлғаның туған күні. 89 жыл бұрын Қазақстандағы геологиялық барлау ісінің негізін қалаушы Орал Ақшолақов (1936-2023) дүниеге келді. Ол Қазақстан мұнай энциклопедиясының және 170-тен астам ғылыми еңбектің авторы. Сонымен қатар еліміздегі бірқатар мұнай-газ кен орындарының алғаш ашылуына тікелей үлес қосқан көрнекті геолог. Бүгін 350 фильмге түскен үнді актері Митхун Чакраборти 75 жас мерейтойын атап өтеді. Өнер иесі көпшілікке “Дискотека” және “Би” музыкалық мелодрамаларындағы рөлімен танымал. Оның “Джими-Джими Ача-Ача” әні 80-ші жылдары супер хит болды және бүгінгі күнге дейін көптеген жерде дәстүрлі ойын түрінде ойнатылады. Ол Алматыда “Азия дауысы” фестиваліне қонақ ретінде шақырылып, өнер көрсетті. Митхун Чакрабортидің қай фильмдерін тамашаладыңыз? #Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #Ақшааударымдары #Экологиялықмәселелер #Алғашқыконвейер #Саудабелгісі #Туғанкүндер #Танымалтұлғалар #ОралАқшолақов #МитхунЧакраборти

💡💫💫💫💫💫💫💫 16-22 маусымға арналған қаржылай жұлдыз жорамал ♈️Апта бойы сіздің ішкі өршіл рухыңыз “Сатып алу” мен “Несие рәсімдеу” батырмаларын шатастырып алуы мүмкін. Әсіресе қызылды-жасылды жеңілдіктер көзге оттай басылып, қалтаңызды қытықтай түседі. Бірақ асығыстық – шайтанның ісі. Бір сәт тоқтап, қаржылай шешімге салқынқандылықпен қараңыз. Ал егер шынымен жолыңыз болсын десеңіз, Жаратқаннан лотереядағы ұтыс нөмірін жүрегіңізге сыбырлай салуын тілеңіз. Өйткені арманға апарар жол күтпеген жерден басталуы мүмкін. ♉️Торпақтар, бұл аптада қаржылай жағдайыңыз махаббат әнін емес, тек алғашқы шумағын ыңылдап айтуы мүмкін. Алайда үмітіңізді үзбеңіз. Жолыңызда шошқа кейіпті ақша жәшігі кезігіп жатса, жанынан бейжай өтіп кетпеңіз. Бәлкім, ол сізге берілген күтпеген мүмкіндік шығар. Ұсақ-түйекке шашыла бермей, көздеген мақсатыңызға ақша жинауды бастаңыз. Арманыңызға жол басталмаса да, ең болмағанда бір кешке дәмі тіл үйірер асқа жол ашылады. ♊️Сіз үшін бұл апта — “алсам ба, алмасам ба” деген іштей тартыстың уақыты. Балмұздаққа қол созсаңыз – диета еске түседі, брокколи таңдасаңыз – тәтті торт елестейді. Қаржыңызды үнемдеу – биылғы басты сынағыңыз болса, тым болмаса айналаңыздағы “ақылшыларға” ақша шығармай-ақ қойыңыз. Өзіңізге сеніңіз – ең дұрыс кеңес ішкі түйсіктен келеді. ♋️Шаяндар, қаржылай интуицияңыз айна-қатесіз дәлдікпен жұмыс істейді. Бұл аптада ақшаны өзіңіз тығып қойған орындардан іздеңіз – жастықтың астынан, ескі сөмкенің түбінен не болмаса күздегі пальто қалтасынан. Сол жерлерден ұмыт қалған тиын емес, жылулық пен күтпеген қуаныш табуыңыз мүмкін. Ақылды Шаян болашаққа тек арман емес, қаражат та жинай біледі. ♌️Арыстандар, байлық сізге бұйырып тұр. Тек сол байлықтың буына алданып, әр күнге жаңа тәж киюге асықпаңыз. Сән мен салтанат шексіз емес – көңіл көтеруге қаражат жұмсағаныңызбен, әмиянды да еркелетуді ұмытпаңыз. Шынайы патша – есепке жүйрік, сезімге ұстамды бола біледі. ♍️Бикештер, сіздің қаржылай тәртіп пен ұқыптылыққа деген ықыласыңыз осы аптада жемісін береді. Тиындарыңыз тіпті әліпби бойынша тізілгендей – бәрі орнында. Бірақ тым шектен шықпаңыз, өзгенің ақшасына көз салып, тағдырын есепке салмаңыз. Нағыз парасат иесі – өз шеңберін түгендеген жан. ♎️Таразылар, бұл аптада сараңдық пен жомарттықтың таразысы жеңіл желмен теңселіп кетуі мүмкін. Жеңілдік атаулы көз қыстырып тұрса да, соңғы тиынды дүкен сөресінде қалдыруға асықпаңыз. Көп жағдайда жеңілдікпен бірге ақыл да сатылып кетуі ғажап емес. Ақша мен тепе-теңдік – сіздің табиғи үйлесіміңіз, оны сақтау – сізге жүктелген міндет. ♏️Сіз бұл аптада қаржылай қырағылығыңызбен таң қалдырасыз. Әр шығын есеппен, әр тиын қадағалауда болады. Дегенмен тым қатайып кетпеңіз: өмір тек есеппен емес, әсермен де өлшенеді. Кейде күліп отырып тапқан пайда – жүрекке дәрі. Ал кездейсоқ табылған ақша – жаңа арманның алғашқы қадамы. ♐️Сауда-саттық сізді өз иіріміне тарта түсуі мүмкін. “Үйге қажет” деп алған заттар арасында жарықпен жанатын глобус пен жағажай қалпағы жайғасып кетпесін. Әмиянды ашпас бұрын – бюджетіңізді ой елегінен өткізіңіз. Ақша жұмсау – бұл да саяхат, тек билетсіз және қайтатын күні белгісіз. ♑️Сіздің үнемшілдігіңіз бұл аптада шошқа-ақша жинағыштың өзін ұялтып жіберуі мүмкін. Жұлдыздар сізге сәттілік тілейді – ақша сізді өзі тауып жатады. Бірақ ол көбіне жеңілдік баллдары мен бонус купондары түрінде келетіні болмаса… ♒️Сіз үшін ақша – шабыттың оты. Қаржыңызды ерекше идеяларға, өзгеше дүниелерге жұмсауға бейілсіз. Бірақ армандар мен нақты табыс арасындағы теңдікті сақтау маңызды. ♓️Балықтар, жарқыраған ұсыныстар мен тәтті уәделерге алданып қалмаңыз. Бар ақшаңызды аквариумға жұмсап жібермеңіз. Сенімсіздік туған сәтте дос-жараннан кеңес сұрау – әлсіздік емес, көрегендік. Қаржылай аптаңыз сәтті өтсін! Табысыңыз еселене берсін! Айта кетейік, ақша әзіл мен көтеріңкі көңіл күйді ұнатады!Бұл жұлдыз жорамал ойын-сауық және кеңес беру мақсатында жасалған. Қаржылай шешімдерді ақылға салып, нақты жағдайларға байланысты қабылдағаныңыз жөн. #Жұлдызжорамал #Апталықжұлдызжорамал #Қаржы #Болжау

💡🎞🎞🎞🎞🎞 Бүгінгі кино шолуымыз “Как приручить дракона” атты фильміне арналады Жіберіп алмаңыз! Осындай қызықты контенттің тұрақты түрде шығып отыруы үшін лайк басып, пікір қалдырып, қолдау көрсетіңіз❤ https://youtube.com/shorts/m-VrwPorZKA?si=-TADrTYYzQ7H3V1 #Какприручитьдракона #фэнтези #семейный #кино #үйдежатпа #фильм #кинообзор #дракон #иккинг

💡📆📆📆📆📆 15 маусым 👩‍⚕️Маусым айының үшінші жексенбісінде Медицина қызметкерлері күні аталып өтеді. Бұл кәсіби мереке 1998 жылы Қазақстан Президентінің Жарлығымен бекітілген. Осы күні Армения, Беларусь, Молдова, Украина және Ресей елдеріндегі медицина қызметкерлері де құттықтаулар қабылдайды. “Медицина” сөзі көне грек тілінен аударғанда “емдеу өнері” дегенді білдіреді. Ал ондай өнерге ие жандар – қай кезде де қоғам үшін аса қажетті адамдар. COVID-19 пандемиясы медицина мен дәрігерлердің қоғамдағы рөлінің қаншалықты маңызды екенін тағы бір дәлелдеді. Егер жақындарыңыздың арасында дәрігерлер болса, міндетті түрде құттықтаңыз! 🗣Маусым айының үшінші жексенбісінде сондай-ақ Халықаралық Әке күні де аталып өтеді. Бұл күннің мақсаты – отбасының асыраушысы ғана емес, бала тәрбиесіне де белсене араласатын әкелердің отбасындағы ерекше рөлін атап өту. Отбасының тірегі саналатын әкенің балалардың психологиялық және физикалық дамуына тигізер ықпалы зор. Әкеңізді бүгінгі күнмен құттықтауды ұмытпаңыз! 👀15 маусымда белсенді өмір салтын ұстанатындар халықаралық серуендеу күнін атап өтеді. Жаяу серуендеу – дене бітімді сақтап қана қоймай, денсаулықты нығайтып, психоэмоционалды күйді теңестіретін тәсіл. Сондай-ақ табиғатпен үндесу жан мен тәннің саулығын қалпына келтіреді. Ғалымдардың зерттеуінше, аптасына үш рет қырық 40 жаяу жүретін адамдардың интеллектуалды қабілеті әлдеқайда жоғары болады екен. Ал сіз жаяу жүргенді ұнатасыз ба? 👥15 маусымда ер адамдардың кемшіліктері күні аталып өтеді. Әйелдердің пікірінше, еркектердің басты кемшілігі: өзімшілдік, жалқаулық, дөрекілік, жалқаулық, көп жағдайда үнсіздік танытуы, тұрмыстық істерге икемсіздігі, қиялының төмен болуы және ішімдікке құмарлығы. Иә, ешбір адам мінсіз болмайды. Алайда бір-бірінің жағымсыз әрекеттері мен кемшіліктеріне шыдай алмаған көптеген ерлі-зайыптының жолы екіге бөлініп жатады. Десе де, бұл кемшіліктер ер адамның жақсы қасиеттерінің қасында түкке тұрғысыз боп қалуы да мүмкін. Еріне деген махаббаты мен құрметі жоғары әрбір әйел даналығының арқасында таңдауы түскен адамын еш ұрыс-керіссіз әрі үйлесімді қарым-қатынаста жақсы жаққа өзгерте алады. Бүгін жұбайыңызға жай ғана оның жақсы адам екенін айтып, жылы сөзіңізді арнаңыз. Осы әрекетті жиі қайталайтын болсаңыз, оның сізге деген қарым-қатынасының өзгергенін байқайсыз. Әрі сіз үшін көп нәрсе жасауға дайын болады. #Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #Медицинақызметкерлерікүні #Әкекүні #Серуендеукүні #Еразаматтардыңкемшіліктері

💡📰📰📰📰📰📰 Ресейлік әнші федералды арна эфирінде қытайлықтарды ренжітті Қызықты болса, біздің видеомызды соңына дейін қарап, лайк басып, парақшамызға тіркеліңіз👍 https://youtube.com/shorts/7bom8PnmZLI #миабойка #жаңалықтар #новости #певица #үйдежатпа #рек #китайцы #қытайлықтар #әнші

💡🎟🎟🎟🎟🎟🎟🎟🎟🎟📆 14-15 маусым күндері Алматы мен Астанада қайда тегін баруға болады? Құрметті оқырман! #Үйдежатпа ұжымы арнайы сіздер үшін осы демалыс күндері Алматы мен Астанада тегін баруға болатын таңдаулы іс-шаралар топтамасын дайындады. Өкінішке қарай, басқа қалалардан нақты мәлімет түспеді. Егер сіз өз қалаңызда өтетін көрмелер мен мәдени іс-шаралардан хабардар болсаңыз, бізбен пікір алаңында бөлісуді ұмытпаңыз. АЛМАТЫ: 🧠"Қиял ойлар" көрмесі Бұл көрмеде ұсынылған туындылар көрерменді өзінің ішкі әлеміне үңілуге, көзге көрінетіннің ар жағындағы нәзік болмысты түйсінуге жетелейді. Әр сурет — қарапайым не күрделі оқиғалардың жан мен санаға әсер ететін тұстарын дәл ұстап, көзге ілінбес мағына мен астарды тереңнен жеткізеді. Сюжеттердің ауқымы — шынайылық, түс және миф аралығындағы кеңістік. Орны: Almaty Gallery, Достық даңғылы, 44 Күні: 14 және 15 маусым, 11:00 – 19:00 👀Ашық аспан астындағы кино көрсетілімі Жаздың нағыз қызған шағы. Аптап ыстықта күндіз серуендеу қиындай түспек. Ал кешкі салқынмен қыдыру сәнге айналмақ. Алайда бұған қамығудың қажеті жоқ — өйткені бұл мезгіл ашық аспан астында кино көруге таптырмас сәт. Жұлдызды аспан астында тек отандық жаңа туындылар көрсетіледі. Ендеше оларды таза ауада көріп, жазғы кешті әсерлі естеліктерге айналдырыңыз. Орны: Жас көрермен театрының алдындағы алаң, Абылай хан даңғылы, 38 Күні: 14 маусым, 19:00 👣GIRLHOOD көрмесі Көрмеге қойылған суреттер әйелдер арасындағы рухани жалғастықты бейнелейді. Суретші туындыларын өзіне ғана тән шеңберге тұйықтамайды, керісінше, жаңа көзқарас көкжиегін ашады. Мұнда бұрыннан берілген өмірлік тәжірибе әр көрерменнің жан дүниесіне жақын, жеке мәнге ие құбылыс ретінде қабылданады. Орналасқан жері: Esentai галереясы, Әл-Фараби даңғылы, 77/8 (Esentai Mall, 3 қабат) Күні: 14 және 15 маусым, 10:00-22:00 🙌“Нүкте мен Сызық” көрмесі Бұл — ұстаз бен шәкірттің, Арыстанбек Шалбаев пен Айша Бақтығұлованың арасында өрбіген шығармашылық диалог. Мұндағы абстракт өнер пішін туралы емес, ішкі күй туралы сыр шертеді. Авторлардың туындылары — ақылмен емес, жүрекпен сезінуге шақыратын, әлемді эмоция арқылы бейнелейтін шығармалар. Нүкте мен сызықтың үйлесімі — түйсік пен қабылдаудың өзіндік тіліне айналған көркем әлем. Өтетін орны: Efes Art Space, Желтоқсан даңғылы, 137 Күні: 14 және 15 маусым, 10:00 – 19:00 🙌“Baqsylyq” көрмесі Бұл көрмеде көрермендер Қазақстанның заманауи өнер өкілдерінің туындылары арқылы Орталық Азия халықтарының қазіргі мәдени мұрасы мен шаманизм ұғымының тарихи-әлеуметтік байланыстарын тамашалай алады. Сондай-ақ қонақтарды сан түрлі тосын өнер нысандары күтеді. Олардың қатарында XVIII ғасырдан бастау алатын көне зергерлік бұйымдар секілді мәдени артефактілер де бар. Өтетін орны: Egin Art Space, Нұрмақов көшесі, 79-үй Күні: 14 және 15 маусым, 12:00 – 17:00 АСТАНА: 👤"QAZAQ CONTENT" көрмесі Көрмеге Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген суретшілердің жұмыстары қойылады. Бұл – стильдік емес, мағыналық үндестікке негізделген экспозиция. Жобаның өзегі – халықтың рухани болмысы мен ішкі әлемін бейнелейтін мазмұн. Бұл – ұлттың өмірбаяны іспетті көркем әңгіме. Өтетін орны: Forte Kulanshi Art Space, Достық көшесі, 8/1 Күні: 14 және 15 маусым, 10:00 - 20:00 Естеріңізге сала кетейік, арнамызда пікір жазып, белсенділік танытқан 5 оқырманға Қазақстанның кез келген қаласынан кино немесе театрға 2 билет (сеанс, күн мен уақытты таңдайсыз) сыйлаймыз немесе кітап сатып алу үшін 10 мың теңгелік сертификат табыстаймыз. Сондай-ақ айдың “ең үздік пікірі” номинациясы да бар. Пікірлер саны мен сапасы бойынша қорытынды әр айдың 1-інде шығарылады. Демалыс күндеріңіз сәтті өтсін! #Алматыафишасы #Астанаафишасы #қайдабарукерек #тегін #ашықаспанастындағыкинокөрсетілімі

💡📆📆📆📆📆 14 маусым 🌝Бүгін — Дүниежүзілік қан доноры күні. 14 маусымда өмірге қауіп төндірмей, қан құюға мүмкіндік беретін қан топтарын ойлап тапқан австриялық дәрігер Карл Ландштайнер (1868–1943) дүниеге келді. Бұл күні ауқымды жиналыстар мен салтанатты концерттер өткізілмейді. Өйткені бұл адам өмірін құтқаруға арналған бастама болып келеді. Донорлар – өмір мен үміттің арасында көпір болып тұрған қарапайым батырлар. Қан қорлары – тек солардың арқасында толығып отырады. Оқырмандарымыздың арасында донорлар болса, сіздерге алғыс білдіреміз! 🔥Бүгін — Халықаралық блогерлер күні. 2004 жылдың 14 маусымында 40 елден 500 адам бірігіп, блогерлердің өз күні болуы тиіс деген шешімге келді. Бүгінде әрбір адамның жеке блогы бар немесе өзіне қызық блогтарды оқып отырады. Олар көп жағдайда жаңа әрі ерекше дүниелерді жариялап отырады. Сәйкесінше, бұл жеке дамуға және жаңалықтардан дер кезінде хабардар болуға көмектеседі. Қазақстандық блогерлерден кімді оқисыз? 👏14 маусымда Халықаралық монша күні де аталып өтеді. Моншаға бару денеге жеңілдік, ал жанға тыныштық пен шабыт сыйлайды. Ежелгі дәуірден бері халқымыз бу мен судың шипалы күшін білген. Оған тарихи ескерткіштер дәлел. Археологтар Қазақстан аумағындағы ежелгі қалаларда қоғамдық моншалар әрқашан көрнекті орындардың қатарында болғанын айтады. Сіз моншаны ұнатасыз ба? 👥14 маусымда саясатқа қатысы бар екі танымал тұлға өмірге келді. 97 жыл бұрын Куба революциясының атақты коменданты Эрнесто Че Гевара (1928-1967) дүниеге келді. Әлемде оның беделіне тең келетін тұлға аз. Ол Латын Америкасының бірнеше елінде революциялық қозғалыстарға қатысып, халық үшін жанын аямаған. Сонымен қатар бүгін миллиардер, АҚШ президенті Дональд Трамп 79 жасқа толды. Президент болмай тұрып Трамп бизнесте үлкен жетістіктерге жетіп, тележүргізуші ретінде де танымал болды. Өткен жылы Республикалық партиядан президенттікке үміткер ретінде демократ Камала Харристі айқын басымдықпен жеңіп, Ақ үйге қайта оралды. Forbes басылымының биылғы дерегі бойынша, оның байлығы 5,1 миллиард долларды құрайды. Сізге қай саясаткер ұнайды: Эрнесто Че Гевара немесе Дональд Трамп? #Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #Доноркүні #Блогерлеркүні #Буменмоншакүні #Туғанкүндер #Танымалтұлғалар #ЭрнестоЧеГевара #ДональдТрамп

💡📰📰📰📰📰📰 Кеш жарық, қыздар мен жігіттер! Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз! ✔️ 👥Алматыда алаяқтықтың
+3
💡📰📰📰📰📰📰 Кеш жарық, қыздар мен жігіттер! Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз! ✔️ 👥Алматыда алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды Абай болыңыздар! ‼️ 👥Қазақстанда жолды бүлдіретін ауыр көліктерді автоматты түрде анықтайтын жүйе енгізіледі Тамаша!👍 👏26–28 маусым аралығында Алматыдағы Республика сарайында “Korea–Kazakhstan Culture and Trade Week” атты ауқымды шара және сауда апталығы өтеді Сіз де барып көріңіз📌 😁Автобуста әйелмен болған жанжалдан кейін қазақстандық жігіт әлемдік модельдік агенттікпен келісімшартқа отырды Мәссаған, керемет мүмкіндік екен🔥 👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇 https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-top-3-zha-aly-y-2/ #Қазақстан #Жаңалық #Алматы #алаяқтық #жол #KoreaKazakhstanCultureandTradеWeek #қазақстандықжігіт #модель

💡🎬🎬🎬🎬🎬🎬🎬🎬🎬🎞 🎬"Тимбилдинг" комедиясы. Компания басшысы қызметкерлерін тауға тимбилдингке алып барады. Бастапқыда көңілді басталған демалыс тамаданың ойыны арқылы күрт өзгереді: әркімге лотерея билеті таратылып, біреуі 680 миллион теңге ұтып алады. Осы сәттен бастап достық пен бірлікке құрылған ұжымда ашкөздік пен қызғаныш өршіп, жайлы кеш — үлкен ақшаның айналасындағы алапат тартысқа, адам жанының қараңғы қырларын ашатын гладиаторлық майданға айналады. Басты рөлдерде: Марат Әміраев, Мирас Исаев, Анна Козлова, Әсел Қостаубаева. Жас рейтингі: 16+ Біздің кино шолу мына жерде: https://youtube.com/shorts/-jnObrA8rMc?si=I2T5Qgh_Y093ydLp 🎬"Как приручить дракона" фантастикасы. Олух аралында баяғыда ұмытылған үрей қайта оянып, викингтер мен айдаһарлардың тағдырына қауіп төндіреді. Осындай сын сағатта тапқыр жас викинг Иккинг пен сирек кездесетін Түнгі қаһар тұқымынан шыққан айдаһар — Беззубиктің достығы екі халықтың да болашағын айқындайтын шешуші күшке айналады. Басты рөлдерде: Мейсон Темз, Нико Паркер. Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=5QrRs2-o6Qs 🎬"Материалистка" мелодрамасы. Люси — кәсіби неке агенті. Ол махаббатты есеппен құруға болады деп ойлайды және бұл істе өзінен асқан маман жоқ екенін жақсы біледі. Алайда өзі әлі күнге дейін жалғыз. Бір күні өмірінде сымбатты миллионер Рэнди пайда болып, оған назар аударады. Артынша, күтпеген жерден бұрынғы сүйіктісі Джон да оралады. Сол кезде Люси шын махаббат ешқандай жоспар мен формулаға бағынбайтынын түсінеді. Басты рөлдерде: Педро Паскаль, Крис Эванс, Дакота Джонсон. Жас рейтингі: 18+ Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=qMjFn6X3wqg 🎬"Торнадо" боевигі. Әкесінен айырылған Торнадо қылмыскерлерден кек алуға бел буады. Банданың ұрлаған алтынын тартып алған ол самурай өнерін жетік меңгерген жауынгер ретінде қылмыстық әлемге қарсы тұрады. Бұл — тек кек емес, әділет үшін басталған күрес. Өмір мен өлім таразыға тартылған шайқаста тірі қалу — жалғыз мақсат. Басты рөлдерде: Мицуки Кимура, Тим Рот. Жас рейтингі: 18+ Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=sXXL65bRFT0 🎬"Жизнь Чака" фантастикасы. Чактың айналасындағы әлем біртіндеп көз алдында құлдырап бара жатқандай. Көшелерде, ғимараттарда оған алғыс айтылған жазбалар пайда бола бастайды. Чак кім? Оның бүкіл әлеммен қандай байланысы бар? Уақыт пен кеңістікке сыймайтын естеліктер, жүректегі терең сезімдер мен өмірдің ұмытылмас сәттері бұл оқиғаны шынайы әрі ерекше етеді. Басты рөлдерде: Том Хиддлстон, Карен Гиллан. Жас рейтингі: 18+ Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=ZPFJYnVaZaU 🎬"Синистер. Из тьмы" қорқынышты фильмі. Швециядағы табиғи қорықта бір әйел із-түзсіз жоғалады. Қорықшы Ангелика бұрынғы жігіті, кинолог Виктордан көмек сұрайды. Олар бірге үңгірлерді зерттеп жүріп, кек алуға құмар рухпен бетпе-бет келеді. Басты рөлдерде: Оскар Скагерберг, Питер Мерлин. Жас рейтингі: 18+ Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=GNdtvJzXCnQ #жаңафильмдер #аптаныңпремьералары #аптаныңпостері #Қазақстанкинотеатрлары #Тимбилдингфильмі #Какприручитьдракона2025

💡📆📆📆📆📆 13 маусым 👏13 маусымда Біріккен Ұлттар Ұйымы бастамасымен халықаралық альбинизм туралы ақпарат тарату күні аталып өтеді. Альбинизмге шалдыққан адамдардың терісі ерекше ақшыл, шашы — қардай аппақ, ал көздері өте ашық түсті болып келеді. Мұндай адамдар әлі күнге дейін қоғамда ерекше көзқарасқа ұшырап жатады. Мәселен, сырт келбеттеріне байланысты олар айналасындағылардың таңданысы мен түсінбеушілігін, тіпті қорқынышын тудырады. Алайда бұл өзгешелік ұзақ әрі мағыналы өмір сүруге кедергі емес. Мұндай жандарға қолдау көрсету, оларды қабылдай білу — қоғамның адамгершілік деңгейін көрсетеді. Сондықтан да альбинизмі бар адамдарға түсіністікпен қарап, олар үшін қолайлы әлеуметтік орта қалыптастыру — бәріміздің ортақ міндетіміз. Сіз осындай бастамаларды қолдайсыз ба? 🙌Бүгін — Халықаралық тігін машинасы күні. 1790 жылы 13 маусымда ағылшын өнертапқышы Томас Сент алғашқы тігін машинасының құрылымына патент алды. Олар бастапқыда қарапайым әрі біршама шектеулі болса да, киім тігетін адамдардың жұмысын едәуір жеңілдетті. Кейінірек Исаак Меррит Зингер есімді өнертапқыш бұл саланың дамуына айрықша үлес қосты — ол тұрмыстық қолданысқа арналған сенімді тігін машиналарын жасап шығарды. Егер таныс тігіншілерді білсеңіз, мерекесімен құттықтап қойыңыз! 👀8 жыл бұрын Димаш Құдайберген 2017 MTV Global Chinese Music Awards байқауында “Шетелдік үздік танымал әнші” номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Байқаудың ресми сайтында дауыс беру 22 мамыр мен 10 маусым аралығында өтіп, жеңімпаздардың есімі 13 маусымда белгілі болды. Димаш “Ең үздік шетелдік танымал әнші” және “Ең танымал жаңа әнші” номинациялары бойынша Азияның 8 танымал әншісімен бәсекеге түсті. Еске салайық, Димаш өзінің жеңіс жолын “Жас қанат 2012” байқауында бас жүлдеден бастаған. 👥13 маусым — екі атақты адамның туған күні. 32 жыл бұрын қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиаданың қола жүлдегері Денис Тен (1983-2018) дүниеге келді. Ол әлем чемпионаттарының жүлдегері, Төрт құрлық чемпионаты мен Азия ойындарының жеңімпазы, халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы және Қазақстанның бес дүркін чемпионы болды. Өкінішке қарай, ол автокөлігінің айнасын ұрлап жатқан қылмыскерлерді тоқтатуға тырысқанда қастандықпен өлтірілді. Алматы қаласында оның құрметіне ескерткіш орнатылған. Сонымен қатар бүгін америкалық актер Крис Эванс 44 жасқа толды. Ол Marvel фильмдеріндегі Капитан Америка рөлімен танымал. Жасы қырықтан асса да, актер 50-ге жуық фильмге түсіп үлгерген. #Күнтізбе #Мереке #Ерекшекүн #Альбинизмтуралыақпарат #Тігінмашинасыныңөнертабысы #ДимашҚұдайберген #Туғанкүндер #Танымалтұлғалар #ДенисТен #КрисЭванс

💡📰📰📰📰📰📰 Баршаға сәлем, қымбатты оқырман! Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз📍 🤩Қазақстанд
+3
💡📰📰📰📰📰📰 Баршаға сәлем, қымбатты оқырман! Назарларыңызға бүгінгі күннің ең маңызды жаңалықтарын ұсынамыз📍 🤩Қазақстанда үй сатып алуда қолма-қол есеп айырысуға тыйым салынады Жаңа заң мақұлданыпты📌 👏Қазақстандық дәрігер ұшақта жолаушының өмірін құтқарып қалды Дәрігердің ерлігі көпшілікке үлгі🙌🏻 👍Жетісу облысында кәсіпкерден 10 миллион теңге бопсалаған блогер сотталды Кейінгі уақытта Қазақстанда блогерлердің бопсалауға байланысты ұсталу деректері жиілеп кетті😨 👀Мәжіліс депутаты банктік шоттардың толық бұғатталуы азаматтарды қиын жағдайға қалдырып жатқанын айтты Сіз не дейсіз?🤔 👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇 https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/b-gingi-k-nni-e-ma-yzdy-zha-aly-tary-103/ #Қазақстан #Жаңалық #үй #қолмақолесепайырысу #дәрігер #ұшақ #банктікшот