cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

Үйде жатпа!

Оқы, ойла, дамы! Үйде жатпайтын, тірлік жасағысы келетін, өсетін жастарға арналған. • Мамандық алу немесе бизнесті ашу туралы әңгімелер #үйдежатпағандар • Өмірде пайдалы кеңестер #қазынакеңес • Қазақстанда бизнес қалай жасалды #көшпенділерэкономикасы

Show more
Advertising posts
10 877
Subscribers
-1724 hours
+1097 days
+5230 days
Posting time distributions

Data loading in progress...

Find out who reads your channel

This graph will show you who besides your subscribers reads your channel and learn about other sources of traffic.
Views Sources
Publication analysis
PostsViews
Shares
Views dynamics
01
Бәріне сәлем! Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️ 1️⃣ Ұлттық университеттерде қытай тілін оқытатын кафедралар құрылады. Қазақстан мен Қытай ғылым және білім саласында бірқатар келісімге келді. Толығырақ Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтып берді. “Бүгін әлемнің назары Астанада деп айтуға болады. ШЫҰ-ға мүше елдердің басшылары елордада жиналып отыр, құрметті қонақтардың қатарында БҰҰ-ның Бас хатшысы Антониу Гутерриш мырза да бар. Кеше Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің елімізге ресми сапары аясында көптеген келісімшартқа қол қойылды. Оның ішінде екі елдің министрлігі білім және ғылым саласы бойынша да келісімге келді. Оған сәйкес біздің жетекші, ұлттық және мемлекеттік университеттерде қытай тілін оқыту үшін арнайы кафедралар құрылады. Бакалавр, магистратура мен докторантурада оқып жатқандарға қытай тілін екінші тіл ретінде ұсынатын боламыз”, - деді Саясат Нұрбек елордада өтіп жатқан “Жоғары білім беру және өндірісті интеграциялау саласындағы ынтымақтастық” атты халықаралық симпозиумда. Бұған не дейсіз?🤔 2️⃣ Алматыда 7 шілде күні сағат 20:00-де Абай алаңында "Аңыз Домбыра" концерті өтеді. Қазақстанда шілденің бірінші жексенбісінде Ұлттық домбыра күні тойланады. Осыған орай Алматыда 7 шілде күні сағат 20:00-де Республика Сарайының алдындағы Абай алаңында "Аңыз Домбыра" концерті өтеді. Алматы әкімдігінің мәліметінше, сахнада Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова, Секен Тұрысбек, Айгүл Қосанова, Асылбек Еңсепов, Шолпан Даржанова, Әбділхамит Райымбергенов, Нұркен Әшіров, Ардақ Балажанова, Нұржан Жанпейісов, "Қоңыр" тобы, "Сазген" фольклорлық-этнографиялық ансамблі, "Салтанат" би ансамблі және т.б. өнер көрсетеді. Танымал күйшілер Кенен Әзірбаев, Төлеген Момбеков, Әсет Бейсеуов, Мейрамбек Жанболатов және т.б. халық әндері мен шығармаларын орындайды. Бұған қоса, шаһар тұрғындары мен қонақтары мерекеге орай ұйымдастырылған мәдени іс-шараларды тамашалай алады Сондай-ақ, қаланың барлық ауданында Ұлттық домбыра күніне арналған бірқатар мәдени іс-шара өтеді: "Алатау ауданында 4 шілде күні сағат 15:00-де Alatau Creative Hub – Алматы кітапханасында Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлескен іс-шара өтеді. Мерекелік бағдарламада шығармашылық ұжымдар сөз сөйлейді. Іс-шараның басты мақсаты-этносаралық қатынастарды нығайту және қазақ мәдениетін насихаттау. Сонымен қатар, 5 шілдеде сағат 11:00-де Мультимедиялық дәстүрлі музыканың орталығында "Қазағымның жүрегінен жаралған, Бабамыздың үнісің сен – домбыра!" концерттік бағдарламасы ұйымдастырылады. Алматыдан болсаңыз, міндетті түрде барып қайтыңыз!😍 3️⃣ Қандастарды қабылдау квотасы 600 адамға ұлғаяды. Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы 600 адамға ұлғаяды. Министрлік қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын қайта бөлу үшін бұйрыққа өзгерістер енгізді. "Министрлік "Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2024 жылға арналған өңірлік квотасын белгілеу туралы" ведомство басшысының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №530 бұйрығына өзгерістер енгізеді. Бұйрықтың жобасы осы жылдың 16 шілдесіне дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында орналастырылған", - деп жазды ведомство. Құжат бойынша жалпыға бірдей белгіленген квота шеңберінде қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы алты жүзге дейін төмендетіліп, соның есебінен қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы 600 адамға ұлғайтылады. Өңірлік квоталарды өзгерту еңбек күші тапшы солтүстік өңірлерге қоныс аударған қандастар санының артуына байланысты қажет болған. Тамаша!👍
5291Loading...
02
💡💡💡💡💡💡💡 Мемлекеттен 1,5 млн теңге грантты қалай алуға болады? 💸 2024 жылы 15 шілдеде бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар алуға екінші ағын бойынша өтінімдерді қабылдау басталады. Грант мөлшері – 400 АЕК (1 476 800 теңге). Бастапқы капитал өз ісін бастау және дамыту үшін қайтарымсыз негізде беріледі. Қарағанды облысы әкімдігі хабарлағандай, екінші ағынға өтінімдерді қабылдау 15-26 шілде аралығында өтеді. 📃 Өтініш беру үшін сізге: * порталда тіркелу; * грант алу шарттарына сәйкестігін тексеруден өту; * бизнес-жоспар шаблонын жүктеп алу, оны толтыру және порталға жүктеу; * өтініш нысанын толтырып, ЭЦҚ кілтімен қол қою қажет. Интернетке немесе компьютерге қол жетімділік болмаған жағдайда, мансап орталықтарының өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында өтініш беруге болады. 📍Бизнес грантына кім ие бола алады: * тіркелген жұмыссыздар; * жеке кәсіпкерлер (тіркеу мерзімі 3 жылға дейін). 📌 Бұл ретте үміткер әлеуметтік санаттардың біріне жатуға тиіс: * мүгедектігі бар адамдар; * "қандас" мәртебесі бар тұлғалар; * өңіраралық қоныс аударушылар; * аз қамтылған отбасы мүшелері; * көп балалы отбасының мүшесі (жұбайы/зайыбы); * мүгедек баланы тәрбиелеп отырған адам (жұбайы/зайыбы); * асыраушысынан айрылу бойынша жәрдемақы алушылар. 🟢 3 жылдан аспайтын мерзіммен "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы сертификаттың болуы міндетті. Мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!👍 #новости #жаңалықтар #елденеболды
8061Loading...
03
💡📆📆📆📆📆 4 шілде 👀1932 жылы 4 шілдеде қазақ қайраткерлерінің бір тобы – Ғабит Мүсірепов, Мансұр Ғатаулин, Мұташ Дәулетқалиев, Емберген Алтынбеков және Қадыр Қуанышев Филипп Голощекинге ашаршылыққа байланысты апаттың ауқымы туралы хат жазды. “Бесеудің хатында” қазақ ауылындағы социологиялық қайта құрулар бүкіл халықтық қасіретке айналып, барлық әлеуметтік топтарды — байларды, орташаларды, кедейлерді қамтығаны, күштеп ұжымдастыру мен отырықшыландыру, алым-салық жинаудағы қиянаттар жұрттың жаппай аштық пен індетке әкеп соққаны баяндалды. Олар “Голощекин партияның ұжымдастыруды жүзеге асыру жөніндегі жалпы бағытын бұрмалады әрі халықтың мал шаруашылығын дамытуға деген ынтасын жойды, бұл мал шаруашылығына деген жеккөрініш туғызды” деп айыптады. 👤4 шілде - Көрінбейтін адам күні. Кейбір фантастика жанкүйерлерінің арманы - Герберт Уэллстің инкогнито (көрінбейтін, құпия) күйге енген әйгілі кейіпкеріне айналу. Бір қызығы, атақты жазушының көркем шығармаларындағы болжамдардың 80%-ы орындалған. Ол сонысымен танымал. 19 ғасырда ол смартфонды, ыдыс жуғышты, орталық жылытуды, кондиционерді, автомобиль өнеркәсібінің дамуын және адамзаттың атомды ыдыратып, бомба жасау қабілетін сипаттады. Осы сәйкестіктерге қарай отырып, болашақта адамды көзге көрінбейтіндей ететін өнертабыс болуы әбден мүмкін. 👨‍🏫1865 жылы 4 шілдеде “Macmillan and Co” баспасында Льюис Кэрролдың “Алиса ғажайыптар елінде” кітабының бірінші басылымы жарық көрді. Бұл ертегі әлі күнге дейін балалар мен ересектер арасында танымалдыққа ие. Кітап абсурд жанрындағы әдебиеттің үздік үлгісінің біріне айналды. Себебі мұнда көптеген математикалық, лингвистикалық және философиялық әзілдер мен тұспалдар пайдаланылған. Оқиға барысы мен құрылымы өнерге, әсіресе фантастикалық жанрға қатты әсер етті. Кітаптың арқасында Алиса есімі танымал болып, оның мотивтері бойынша көптеген фильм түсірілді. Сіз бұл кітапты неше жасыңызда оқыдыңыз? 👥98 жыл бұрын 4 шілдеде қазақтың көрнекті камералық және опера әншісі, актер, ұстаз Ермек Серкебаев (1926-2013) дүниеге келді. Өнер иесі Қазақстанның халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері және көптеген марапаттың иегері. Ол қазақтың атақты “Біздің аяулы дәрігер”, “Тақиялы періште”, “Ән шақырады” фильмдерінде ойнаған. Бірде біреу: “Ермек Серкебаев қазақ әніне фрак кигізді” деді. Ал әнші: “Мен оған лайықты алтын жалатылған жақтау кигіздім” деп жауап берді. Ермек Серкебаев қазақ әуендері мен тақырыптары әсемдігі жағынан итальяндық музыкалық тақырыптарынан кем түспейтінін үнемі айтып жүретін. Ол A-Studio тобының негізін қалаушы Байғали Серкебаевтың әкесі және белгілі скрипкашы Жәмила Серкебаеваның ағасы. #күнтізбе #4шілде #адам
9370Loading...
04
💡📰📰📰📰📰📰 Кеш жарық, қыздар мен жігіттер! Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз✅ 💃 “Жексұрын Мен 4” мультфильмі қазақ тілінде жарыққа шығады. Міне, нәтиже👍😍 💪 Қазақстандық жас спортшы Ангелина Сорокина "Азия балалары" ойындарында "алтын" жеңіп алды. Құтты болсын!👏🏻 💡 Астанада домбыра күніне орай шоу-концерт өтеді. Сіз де рухани серігіп қайтыңыз!👍 👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇 https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/multfilm-koncert-sport-3-shildeni-top-zha-aly-tary/ #жаңалықтар #елденеболды #новости #гадкийя
1 0260Loading...
05
💡🐴🐴🐴🐴🐴🐴🐴🐴🐴🐴 Қазақ тарихындағы ең үлкен сауда алаңдары қай қалаларда болды? 💭 Ұлы Жібек Жолының жандануына байланысты қазақ даласында жаңа қалалар пайда болды. ▪️Ал Отырар, Испиджап, Суяб, Сауран, Тараз сынды үлкен шаһарлар сауда жолының бойында орналасқандықтан тез өркендеді. 🔲 Отырар Қазақстанның ортағасырлық ірі қалаларының бірі. Сырдарияның Арыс өзеніне құяр сағасына таяу орналасқан. Отырар қаласының аты VIII ғасырдан бастап аталғанмен, оның бастапқы тарихы б.з.б. II ғасырда Сырдарияның орта ағысында пайда болған Қаңлы мемлекетінің тарихымен тығыз байланысты. IX ғасырдың ортасынан бастап Отырар Самани әулеті мемлекетінің ықпалында болды. Осы кезеңнен бастап бұл өлкеде сауда-саттық жасау, ғалымдардың «білім қууды көздеген» саяхаттары адамдардың ой-өрісін кеңейтті. Өнердің, ғылым мен колөнер кәсіпшілігінің таралуына ықпалын тигізді. 🔲 Көне Тараз қаласы қазіргі Тараздың орнында болған. Бұл жайындағы алғашқы дерек грек елшісі Земархтың хабарламасында айтылады. Ал 630 жылы Сюань Цзанның жазбасында ірі сауда қаласы ретінде сипатталған. Тараз VII- VIII ғасырда Ұлы Жібек жолында орналасқан сауда және қолөнер орталығына айналған керемет шаһар. Мұнда оңтүстіктің күміс кендері мен терістіктегі қимақтарға баратын керуен жолдары тоғысатын. X ғасырдағы араб географы әл-Макдиси қала жайында былай деп жазды: «Тараз – бақтары көп, халқы тығыз қоныстанған, қамал сыртынан терең орлар қазылған, төрт қақпасы және төңірегінде елді мекені бар ірі бекіністі қала». 🔲 Құлан орта ғасырдағы (VII-XIIғ.) шағын қаланың орны. Жамбыл облысындағы Тұрар Рысқұлов ауданының орталығы Құлан ауылы. Қала туралы алғашқы тарихи деректер VII ғасырдан бастап белгілі. Саяхатшылар Ибн Хордадбек, Құдам қолжазбаларында Құлан Тараз қаласының шығысына таман, Ұлы Жібек жолындағы қала деп көрсетіледі. Әл-Макдиси Құланды 10 ғасырда былай сипаттады: «Күмбезді мешіті бар, мықты қоршалған қамал. Бұл үлкен Тараз жолының бойында орналасқан бекіністі қала». #көшпенділерэкономикасы
1 0651Loading...
06
💡📆📆📆📆📆 3 шілде 👍3 шілде – Халықаралық полиэтилен пакеттерінен бас тарту күні. Бұл қаптар беріктігімен, қолайлығымен, сондай-ақ қарапайымдығы үшін ерекше бағаланады. Бірақ олардың табиғи жағдайда ыдырауы үшін 100-ден 200 жылға дейін уақыт қажет. Заттарды тасымалдау үшін пакет орта есеппен 25 минутқа ғана қажет. Ал полигондарда шіріген полиэтилен пакеттерінің ауаға тарайтын улы заттары экологиялық апатқа әкеліп, адамдарды онкологиялық ауруға шалдықтырады. Бұл эко-күннің мақсаты - қағаз қаптамалар мен қайта пайдалануға болатын сөмкелерді қолдануға шақыру. Сіз осындай бастамаларды қолдайсыз ба? 💼1910 жылы 3 шілдеде Әліби Жангелдиннің дүниежүзіне сапары Мәскеуден басталды. Әлемді шарлаған тұңғыш қазақ саяхатшысы 2 жылда Польша, Австрия-Венгрия, Югославия, Болгария, Түркия, Сирия, Палестина, Мысыр, Абиссиния, Арабия, Месопотамия, Парсы, Үндістан, Сиам, Қытай, Жапония елдерін басып өтті. Әліби Жангелдин (1884-1953) – мемлекет қайраткері, Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауына байланысты күресті ұйымдастырушылардың бірі. Ол туралы бірнеше көркем шығарма жарық көріп, фильм түсірілді. Сіздің қалаңызда Әліби Жангелдиннің есімімен аталған қандай орындар бар? 💪1903 жылы 3 шілдеде Қазақстандағы алғашқы арнаулы орта оқу орындарының бірі – Семей мұғалімдер семинариясы ашылды. Оған Семей, Кереку, Өскемен, Қарқаралы, Ақмола уездерінен 24 бала қабылданды. Кейін Тобылдан, Барнаулдан, Жетісудан студенттер қабылдай бастады. Уақыт өте семинария педагогикалық техникумға, кейін колледжге айналды. Бұл оқу орнында ұлттық зиялы қауымның көрнекті өкілдері: Мұхтар Әуезов, Әлкей Марғұлан, Жүсіпбек Аймауытов, т.б. 👥3 шілдеде өмірге келген атақты адамдар. Бүгін америкалық актер, режиссер, сценарист және продюсер Том Круз 62 жасын атап өтеді. Өнер иесі үш мәрте “Алтын глобус” сыйлығына әрі үш мәрте “Оскарға” үміткер болды. Ол 40-тан астам фильмге түсті. Оның көпшілігі блокбастерлерге айналды. Өткен жылы ол жақын арада фильмнің түсірілімі басталатынын айтты. Түсірілім барысында ол ғарышқа шығуы керек еді. Сонымен қатар бүгін австралиялық журналист және тележүргізуші, Wikileaks сайтының негізін қалаушы Джулиан Ассанж 53 жасқа толды. 2006 жылдан бастап ол тыңшылық жанжалдары мен жоғары деңгейдегі сыбайлас жемқорлық жайлы, әскери қылмыстар және АҚШ дипломатиясының құпиялары туралы материалдарын кең көлемде жариялады. Бұл оқиғадан кейін оған зорлады деген айып тағылып, әлеуметтік желілердегі парақшалары жабылып, банктегі есепшоттары бұғатталып қалды. Жақында ол түрмеде отырған уақытына айырбас ретінде тыңшылық жасады деген кінәсін мойындап, іс ресми түрде жабылды. Том Круздың қай фильмі сізге ұнайды? #күнтізбе #3шілде
1 1651Loading...
07
💡📰📰📰📰📰📰 Бәріне сәлем! Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️ 💼 15 шілдеде бизнес-идеяларды іске асыру үшін 1,5 млн теңге көлемінде гранттар алуға өтінімдерді қабылдау басталады. Мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!👍 👥 Жұмыс іздеп жүрген қазақстандықтардың қалай және қай жерден жұмысқа тіркеле алатыны белгілі болды. Арнайы қосымшалардан жұмыс табуға болады📌 💪 Астаналық жас гимнастшы Ақмарал Ерекешева VIII "Азия балалары" ойындарының үш дүркін жеңімпазы атанды. Жеңіс құтты болсын!😍👏🏻 👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇 https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/biznes-zh-mys-zhe-impaz-2-shildeni-top-zha-aly-tary/ #новости #жаңалықтар #елденеболды
1 1332Loading...
08
💡💡💡💡💡💡💡 Кітапты қалай оқыған дұрыс? 📌 Әр айдың басында үш сұраққа жауап береміз. Тізімдегі сұрақтардың кез келгеніне жауап иә болса, келесі қадамдарға қорықпай өтуге болады. Егер жауап жоқ болса, сұрақты қоюды жалғастыру керек. 📎 Қазір оқығым келетін кітап немесе автор бар ма? 📎 Дәл қазір мен үшін қандай мәселелер маңызды? Өмірімде жақсартқым келетін сала бар ма? 📎 Соңғы кездері мені не қызықтырады? Мен бұл туралы көбірек оқуға дайынмын ба? Бұл сұрақтар ішкі сұранысыңызды қанағаттандыратын кітапты дәл таңдауға, қажеттіліктеріңіз бен қалауларыңызды түсінуге мүмкіндік береді. 🔍 Кітаптарды таңдаудың балама жолдары Сұрақтар кітапты таңдаудың жалғыз жолы емес. Оқуды қызықты саяхатқа айналдырудың тағы төрт әдісін қараңыз. Тізімдерді пайдаланыңыз. Интернетте көптеген беделді библиографиялар бар. Goodreads және Amazon сияқты ресурстар оларды тұрақты негізде құрастырады. Бір тақырыпты, жанрды немесе басқа ортақ мүмкіндіктерді бөлісетін кітаптарды оқыңыз. Мысалы, жыл ішінде тек өмірбаяндарды немесе әйелдер жазған кітаптарды оқыңыз. 📌 Кітаптың 5 критерийдің біріне сәйкес келетініне көз жеткізіңіз. Шарттардың біріне сәйкес келетін кітапты оқыған кезде, оны сызып тастаңыз. Олар: 🔹мұқабасы қызықтырған кітап; 🔹фильмге бейімделген кітап; 🔹марапатталған кітап; 🔹нақты оқиғаларға негізделген кітап; 🔹шет тілінде жазылған кітап; 🔍 Ұсынылған, бірақ оқуға міндетті емес кітап. Оқығыңыз келетін кітапты таңдағаннан кейін, кітапқа шолу жасап, мазмұны мен кіріспесіне қараңыз. Бұл қадамды үнемі орындауға тырысыңыз. Кейде мүмкіндікті пайдаланып, кітапты сіз үшін ештеңе білмейтін нағыз шытырман оқиғаға айналдыру жақсырақ. #қазынакеңес
1 1119Loading...
09
💡📆📆📆📆📆 2 шілде 💼Бүгін Қазақстанда екі кәсіби мереке аталып өтеді. 2 шілде – Қазақстанның радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс әскерлері күні. Қорғаныс министрлігі коронавируспен күрес тәжірибесі әскерлердің осы түріне сұраныстың жоғары екенін көрсетті. “Қос мақсаттағы” мамандар миллиондаған адамның өмірі мен денсаулығын қорғау үшін көтерілді. Сонымен қатар бүгін - Дипломатиялық қызмет күні. Бұл мереке 2009 жылы Президент жарлығымен бекітілген. Қазақстанның дипломатиялық қызметінің біртұтас жүйесін Сыртқы істер министрлігі, оның ведомстволары, шетел мекемелері, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдар құрады. Егер осы мамандықта қызмет ететін таныстарыңыз болса, оларды мерекесімен құттықтауды ұмытпаңыз! 🦮2 шілде - Дүниежүзілік иттер күні. Иттер шамамен 30 000 жылдан бері адамның ең жақын досы болып келеді. Тіпті ол көпшілігінің сүйікті отбасы мүшесіне де айналған. Олардың иелеріне танытқан адалдығы үшін өлеңдер жазылып, әндер шырқалды. Сонымен қатар әсерлі фильмдер де түсірілді. Мысалы, соның ішінде “Хатико” фильмін ерекше атап өтуге болады. Мамандар иттердің сөзбен немесе ыммен білдірілген 250-ге жуық белгіні есте сақтай алатынын алға тартады. Олардың интеллектуалдық дамуы екі жасар баланың деңгейінде. Сізге қай жануар ұнайды: ит немесе мысық? 💪Сонымен қатар бүгін - Дүниежүзілік БҰН күні. 1947 жылы 2 шілдеде Американың Розуэлл қаласының маңындағы шөл далаға беймәлім нысан құлайды. Көпшілік оны өзге ғаламшарлықтар төбе көрсеткен “ұшатын тәрелке” екенін алға тартқан еді. Америкалық барлау қызметтері бұл іс бойынша барлық деректерді жіктегендіктен, бүгінгі күні бұл болжамды растау немесе оған қарсы шығу өте қиын. Бірақ бұл оқиға кеңінен танымал болып, дәл осы уфология ғылымының дамуына серпін болды. Ал бүкіл қоғам екі фронтқа бөлінді: біреулер жат планеталықтардың бар екеніне сенсе, басқалары мұндай деректі үзілді-кесілді жоққа шығарады. Сіз өзге ғаламшарлықтардың бар екеніне сенесіз бе? 👥2 шілде - танымал екі шығармашыл тұлғаның туған күні. Бүгін Қазақстан мен Қырғызстанның халық ақыны Мұхтар Шаханов 82 жасқа толды. Ол 2001 жылы Түркияда түркітілдес елдерден “Әлемнің үздік ақыны” деп танылды. Сондай-ақ 2002 жылы "жазалаушы жадының космоформуласы" поэтикалық романы үшін (Шыңғыс хан алып кеткен құпия) - Калифорния Халықаралық Ғылым, индустрия, білім және өнер академиясының А.Эйнштейн атындағы Алтын медалімен марапатталды. Сонымен қатар бүгін австралиялық актриса әрі кинопродюсер Марго Робби 34 жасын атап өтеді. Өнер иесі "Оскар"сыйлығына екі мәрте үміткер болды. Ол "Отряд самоубийц”, “Волк с Уолл-Стрит”, “Однажды в Голливуде” және т.б. фильмдердегі бірқатар көрнекті рөлімен танымал. 2020 жылы ол әлемдегі ең сұлу әйел атанды. #күнтізбе #2шілде #ит #бұн
1 2551Loading...
10
💡📰📰📰📰📰📰 Кеш жарық, қыздар мен жігіттер! Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз! ✔️ 😎 1 қыркүйектен бастап студенттердің стипендиясы көбейеді. Бектенов үкімет қаулысына қол қойыпты📌 🔍 Қазақстандық оқушылар "Достастық балалары" Х халықаралық мәдени-білім беру форумына қатысып, елді таныстырды. Тамаша! 👍🏻 🎉 Жеңіл атлетикадан Silk Road to Paris турнирінде Қазақстан қоржынына 4 медаль түсті. Құтты болсын! 👏🏻 👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇 https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/turnir-forum-student-1-shildeni-top-zha-aly-tary/ #новости #жаңалықтар #елденеболды
1 2910Loading...
11
Media files
1 3181Loading...
12
Тағы да сәлем қыздар мен жігіттер! Естеріңізге сала кетейік, кімдер комментті көп жазады, солар да киноға тегін билет алады! 1 тамыз күні шілде айында “ең белсенді болған оқырманға” билет табыстаймыз! ‼️‼️‼️‼️‼️‼️‼️‼️‼️‼️‼️ Егер бүгін біреу билет ұтып алмаса, уайымдамаңыз, біз билеттерді әр жұма сайын таратамыз. Арнамыздағы ақпаратты қадағалап отырыңыз. Келесі жолы сұрақтарға бірінші болып жауап бересіз! Бізде тағы бір жақсы жаңалық бар! Ең белсенді оқырмандарымызды ынталандыруды жөн көрдік. Әр айдың соңында біз ең көп коммент жазған 3 жеңімпазды анықтаймыз, оларға кез келген қаладағы кез келген фильмге 2 кинотеатр билеті беріледі. Шарт - біздің жазбамыз шыққаннан кейін екі күннен кешіктірмей пікірлер қалдыру керек. Бізді мақтаудың қажеті жоқ, біз әрқашан объективті сынды қабылдаймыз. Біз өз тарапымыздан сіздерді пайдалы ақпаратпен байытуға уәде береміз. Жақын арада оқырмандарымызға киноға, музыкаға арналған жаңа бөлімдер сыйлаймыз. Сонымен, ең белсенді комментаторларға арналған жаңа байқау басталды, оның қорытындысын 1 тамыз шығарамыз. Коммент жазыңыздар! Бүгін біз маусым айында белсенділік танытқан оқырмандарымызды марапаттаймыз! Шарттарымыз бойынша 3 жеңімпаз анықталды. Оларға кез-келген қаладағы кез-келген фильмге 2 кинотеатр билеті беріледі. Жеңімпаз мамыр айындағы комментарийлер саны бойынша анықталды. Пікірлер ұпайлық жүйе бойынша бөлінді👇🏻 1. Смайлик үшін - 1 балл 2. Қысқаша жазылған пікір - 2 балл 3. Толық пікір - 3 балл Сонымен, қараша айындағы жеңімпаздарымыз: 1️⃣ Палымбетова 2️⃣ @Inkara83 3️⃣ @nazirkulovaaa (Кестеде толық мәліметтер берілген.) 1 шілдеден бастап шілде айының комментерін санауды бастаймыз. Ең үздік комментарий үшін @dilay_01 оқырманымызға тағы да 2 билет бергіміз келеді. Шілде айында бізде 4 жеңімпаз болады. Қаладан тыс жерде тұратын және кинотеатрға немесе театрға бара алмайтындар үшін де мүмкіндіктер бар. Ол кезде ұтқан билет сомасындағы балама жүлде табыстай аламыз. Ескерту: ❗️ 1 посттың астындағы 2 пікірден артық саналмайды. ❗️Комментарийда спам жасамаңыз, ол үшін сізді блоктайтын боламыз. Құрметпен, "Үйде жатпа!" командасы☑️
1 3261Loading...
13
💡😎😎😎😎😎 Әлемге әйгілі Dyson компаниясының жетістік тарихы туралы не білеміз? 📌 Dyson – Малайзия, Сингапур, Филиппин және Ұлыбританияда инженерлік және сынақ орталықтары бар жаһандық технологиялық компания. Мұнда бүкіл әлем бойынша 14 000-нан астам адам жұмыс істейді, оның ішінде 6 000 инженер мен ғалым бар. Қазіргі уақытта Dyson алты негізгі бағыт бойынша технологияларды әзірлейді: сымсыз және сымды шаңсорғыштар, климаттық бақылау құрылғылары, Dyson Airblade қол кептіргіштері, жарық диодты жарықтандыру және шашқа арналған өнімдер - Dyson Supersonic шаш кептіргіші, Dyson Corrale түзеткіш және Dyson Airwrap сәндеу құралы. 📍Дайсон жайлы не белгілі? Компанияның өнімдері әлемнің 85 елінде сатылады. Мәсмелен, кейбір өндірістік және басқа бөлімшелері орналасқан Оңтүстік-Шығыс Азияда олардың саны артып келеді. Дайсон халықаралық командаларды тарта отырып, қатты денелі батареялар, жоғары жылдамдықты электр қозғалтқыштары, бейне жүйелер, машиналық оқыту технологиялары және жасанды интеллект саласындағы жаңа технологияларды дамыту бойынша ауқымды жоспарларды жүзеге асыруда. 🔍 Дайсонның Малмесберидегі, Уилтширдегі, Ұлыбританиядағы 27 гектарлық зерттеу орталығында 2017 жылдың қыркүйегінде ашылған Дайсон технологиялық институты орналасқан. Компания елдегі инженерлер тапшылығын шешу үшін Ұлыбританияның жоғары біліміне 31 миллион фунт стерлинг инвестиция тартуда. Дайсон Технология Институтындағы төрт жылдық тегін бағдарлама алғашқы екі жылда инженерлік негіздерін қамтиды. Үшінші және төртінші жыл ақылы жұмыспен қатар электронды және механикалық бөлшектерді жобалауға арналған. Ол Dyson компаниясының ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық бөлімшесінде жетекші инженерлер мен ғалымдармен бірлесе отырып, шынайы өнімдерді жасауды қамтиды. 🖋️ Джеймс Дайсон оқиғасы Джеймс Дайсон (1947 жылы 2 мамырда дүниеге келген) - әйгілі британдық өнертапқыш, Dyson компаниясының негізін қалаушы және идеялық шабыттандырушы. Сэр Джеймс Дайсон Ұлыбританияның шығысындағы шағын провинциялық Норфолк қаласында туып-өскен. Болашақ өнертапқыш Ұлыбританиядағы Бям Шоу атындағы өнер мектебінде қарапайым білім алды, оның негізгі қызмет бағыттарының бірі жиһаз дизайны болды. Оқуды аяқтағаннан кейін Джеймс Корольдік өнер колледжіне (Ұлыбритания) оқуға түсіп, онда ол көп уақытын өнеркәсіптік дизайн саласындағы білім алуға және дағдыларын дамытуға арнады. Джеймс Дайсонның білім алғаннан кейінгі бірінші жұмыс орны жергілікті Rotok инжинирингтік компаниясы болды, онда оның бірінші жобасы – Sea Truck – жабдықталмаған теңіз жағалауына байлана алатын жоғары жылдамдықты жүк кемесі жүзеге асырылды. Осы кезеңде Дайсон Джереми Фраймен жұмыс істеді, одан дизайнға Эдисондық көзқарасты қабылдады: Томас Эдисон сияқты Джеймс бір прототипті бірінен соң бірін жасап, үнемі жаңа идеялар мен шабыт көздерін іздеуді әдетке айналдырады. Оның іздеу жұмыстары кейде бірнеше жылға созылатын. Джеймс Дайсон үшін шабыт көзі әрқашан белгілі бір мәселенің шешімін табуға деген ұмтылыс болды. Оның келесі өнертабысы пластикалық корпусы бар арба және дөңгелектің орнына доп болды. Тапқырлардың бәрі қарапайым: оның аналогтарынан айырмашылығы, Джеймс жасаған арба борпылдақ топыраққа көмілмеді және металл жиектерімен заттарды сызбады. Инженер өміріндегі бетбұрыс 1979 жылы орын алды, Джеймс шаңсорғышының сөмкесі кірмен бітеліп қалғандықтан нашар жұмыс істей бастағанын байқайды. Шаңсорғыштар пайда болған 100 жыл ішінде технологияның бұл негізгі кемшілігі түзелмеген еді. Джеймс Дайсон бар өнімдердің кемшіліктерінсіз балама технология жасауға шешім қабылдады. Бұған бірінші қадам циклондық сепаратордың жұмыс принципін пайдалану болды. Ең алдымен Дайсон шаңсорғышты бөлшектеп, оны картоннан жасалған шұңқырмен жабдықтады. Нәтижесінде құрылғы мата шаң жинағышы бар дәстүрлі шаңсорғышқа қарағанда жақсы жұмыс істейді #мотивация
1 1642Loading...
14
💡📆📆📆📆📆 1 шілде 🤓1994 жылы 1 шілдеде егемен Қазақстанның тарихында маңызды оқиға болды. Аталмыш күні Талғат Мұсабаев ғарышқа ұшты. Ол өзімен бірге ғарышқа Қазақстанның туын, бір уыс жерінің топырағын және барша мұсылмандардың қасиетті кітабы Құранды алып кетті. Ал 1994 жылы 4 қарашада ол Жерге оралды. Мұсабаев ғарышқа тұңғыш аттанған қазақ болды. Қазақ ғарышкерлерінің қайсын білесіз? 🤩1643 жылы 1 шілдеде қазақ халқының Жоңғар шапқыншылығына қарсы ерлік үшін күресен Орбұлақ шайқасы болды. Бұл шайқаста Жәңгір хан мен Жалаңтөс батыр бастаған қазақтар Батыр Қонтайшының қалың әскерін талқандады. Жоңғарлардың Қазақ хандығын басып аламыз деген жоспары іске аспай, жеңіліс табады. 1993 жылы Орбұлақ шайқасы болған жерге мемориалдық ескерткіш орнатылды. 🤩1994 жылы 1 шілдеде Алматыда қазақ батыры Райымбек бейітінің басына кесене ашылды. Райымбек Түкеұлы (1705-1785) - қазақтарды жоңғар басқыншыларынан азат ету кезінде аты аңызға айналған күрескер әрі Абылай хан қолбасшыларының бірі. Кесене ерекше пішінге ие. Оның жанына Райымбек батырды жерлейтін кезде орын таңдаған түйенің мүсіні орнатылған. Адамдар кесенеге азат етуші жауынгердің рухына тағзым ету үшін ғана емес, киелі жер болғандықтан да келеді. Яғни, адамдар дұға етіп, денсаулық сұрайды. Сонымен қатар жас жұбайлар той күні келіп, құран бағыштайды. 😎1 шілде - күннен қорғайтын көзілдіріктің пайда болған күні. Түтін кварцты линза аксессуарын ежелгі Қытайда куәгерлер мен айыпталушылардан көздерін жасырғысы келген сот орындаушылары қолданған. Күннен қорғайтын көзілдіріктің алғашқы өнеркәсіптік өндірісі Францияда жүзеге асты. Наполеон оны Африкада әскери жорық жүргізу кезінде арнайы өз әскеріне тапсырыс берді. Көзілдірік әйнегі күйемен жабылып, оның үстіне лак жағылды. 1929 жылы Polaroid компаниясы ультракүлгін сәулелерден қорғайтын "авиатор" тәрізді линзаларды ұсынды. Осы уақыттан бастап көзілдірік ешқашан сәннен кетпейтін аксесуарға айналды. Сіз күннен қорғайтын көзілдірік тағасыз ба? #күнтізбе #1шілде #тарих #күн
1 3001Loading...
15
💡👍👍👍👍👍 💪 Салмақ және масса қосатын топ 3 жаттығу Ол қандай жаттығулар? Қызықты болса, біздің видеомызды соңына дейін қарап, лайк басып, парақшамызға тіркеліңіз👍 https://youtube.com/shorts/Lq25amq8_Q4 #спорт #қазақтар #жаттығу #лайфхак #зал #мышцы #казахстан #брусья #упражнения #вес #үйдежатпа #тренер
1 3532Loading...
16
💡🎞🎞🎞🎞🎞 🚗 Бүгінгі кино шолуымыз “Родной Қырғызша” атты комедия фильміне арналады. Жіберіп алмаңыз! Осындай қызықты контенттің тұрақты түрде шығып отыруы үшін лайк басып, пікір қалдырып, қолдау көрсетіңіз❤ https://youtube.com/shorts/HMgmVN3TfLM #комедия #роднойқырғызша #соседи #қазақстан #жұлдыздар #көрші #кино #актер #үйдежатпа #поездка #қырғызтан #фильм
1 4040Loading...
17
💡📆📆📆📆📆 30 маусым 📱30 маусым - Дүниежүзілік әлеуметтік желі күні. Бұл мерекенің пайда болуы кездейсоқ емес. Өйткені әлеуметтік желілер сандық кеңістікте көп уақыт өткізетін заманауи адамдардың өмірінде маңызды рөл атқара бастады. Әлемдегі әрбір адам әлеуметтік желіге күніне орта есеппен 144 минут жұмсайды екен. Сіз әлеуметтік желісіз бір күн өмір сүре аласыз ба? ✨Бүгін Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен Халықаралық астероидтар күні аталып өтуде. 1908 жылы 30 маусымда Сібірге Тунгус метеориті құлады. Жарылыстың күші атом бомбасындай болды. Себебі дауысы мыңдаған шақырым жерге дейін естілді. Бұл күннің мақсаты астероидпен соқтығысудың қауіптілігі және осындай жағдайда қолданылатын шаралар туралы халықты хабардар етуге арналған. Қазақтың ең атақты метеориті Аягөз маңында 1840 жылы құлаған. Оның салмағы 2,8 келі. Ол “Қаракөл” деп аталды. 👀30 маусымда әлемде қызықты екі оқиға орын алды. 1894 жылы Лондонда әйгілі Tower Bridge көпірі ашылды. Оның құрылысын жүргізу барысында 8 жыл бойы 400-ден астам жұмысшы еңбек етті. Осы жылдар ішінде Тауэр көпірі Биг-Бенмен қатар Лондонның басты көрікті жерлерінің біріне айналды. Сонымен қатар 1905 жылы 30 маусымда Альберт Эйнштейн “Қозғалыстағы денелердің электродинамикасы туралы” мақаласында арнайы салыстырмалылық теориясының негізін қалады. Ол өткен ғасырдың басында әлем туралы жалпы қабылданған идеяларды өзгертті. Бұл әлі күнге дейін ғалымдардың санасы мен жүрегін толғандырады. 👥30 маусымда өмірге келген атақты спортшылар. Бүгін әлемдегі ең атақты спортшы Майкл Фелпс 39 жасқа толды. Ол 23 дүркін Олимпиада және 26 дүркін әлем чемпионы. Сондай-ақ бірнеше дүркін әлем рекордшысы атанды. Осы жетістіктері үшін оған “Балтимор оғы” және “Ұшатын балық” атағы берілді. Сонымен бірге бүгін бокс тарихындағы ең атақты жауынгерлердің бірі Майк Тайсон 58 жасқа толды. Ол күні бүгінге әлі дейін алып күшке ие әлемдік рекордтардың иесі. Ауыр салмақтағы ең жас әлем чемпионы (20 жас 144 күн); ең жас абсолютті әлем чемпионы (21 жаста) және т.б. Спортшы ислам дінін ұстанып, өзіне арабтың Малик Абдул Азиз деген есімін алды. Спортпен шұғылданыңыз және жаңа рекорд орнатыңыз! #күнтізбе #30маусым #метеорит #спорт
1 4711Loading...
18
💡🎞🎞🎞🎞🎞 Бүгінгі кино шолуымыз “Octagon” атты драма фильміне арналады. Жіберіп алмаңыз! Осындай қызықты контенттің тұрақты түрде шығып отыруы үшін лайк басып, пікір қалдырып, қолдау көрсетіңіз❤ https://youtube.com/shorts/G93d2Rp3QGc #драма #Octagon #октагон #қазақстан #жұлдыздар #күрес #кино #актер #үйдежатпа #mma #чемпионат #фильм
1 5071Loading...
19
💡🎬🎬🎬🎬🎬🎬🎬🎬🎬🎞 Құрметті оқырмандар! #Үйдежатпа ұжымы арнайы сіз үшін осы демалыс күндері Алматы мен Астана қалаларында тегін баруға болатын іс-шаралар топтамасын дайындап қойды. Ал басқа қалалардан ақпарат болмағандықтан, сен өз өңіріңде болатын қызықты іс-шараларды пікірде бөлісе аласың. АЛМАТЫ: 💫"Сеулдің сүйкімділігі” көрмесі Көрме өнер мен өмір салтында үйлесім тапқан Оңтүстік Корея астанасы Сеулдің тарихы мен мәдениетін, дәстүрлі мұрасын көрсетеді. Сонымен қатар мұнда 100-ден астам бірегей экспонаттар, оның ішінде дәстүрлі киімдер мен тұрмыстық заттар, Сеул қалалық тарих мұражайының қорындағы кітаптар мен тарихи құжаттар қойылады. Орны: Almaty museum, Қабанбай батыр көшесі, 132 Күні: 29 және 30 маусым, 10:00 – 19:00 🎭"Иллюстрация өнері – оқығанды түсіну кілті” көрмесі "Ұлар" галереясы ҚР Суретшілер одағымен бірлескен қайырымдылық жобасы – Алматы суретшісі Сұлтанбаева Сабинаның көрмесіне шақырады. Орны: "Ұлар" галереясы, Панфилов көшесі 92 Күні: 29 маусым, 12:00-19:00 🏠"Dom fest" фестивалі Мұнда сізді дизайнерлер, суретшілер, музыканттар, актерлер, режиссерлер, шығармашылық қолөнершілер, эко-белсенділер және гастро-сиқыршылар қауымдастығы күтеді. Бағдарлама кестесінде асықтар мен және классика чемпионаты, шеберлік сабақтары, жанды музыка, шығармашылық жәрмеңке, музыкалық барахолка, театр және спектакль ұсынылады. Орны: Бәрібаев көшесі, 36 Күні: 30 маусым, 10:00-18:00 🌸"Тыныш бөлме" көрмесі Бұл көрмеде әр адам тұрмыстық әрі гендерлік зорлық-зомбылықпен күресудің және зардап шеккендерді қолдаудың маңызы туралы ойлана алады. Мұнда ұсынылған әр жұмыста журналистердің нақты материалдарына сілтемелер көрсетілген. Астарлы әрі жасырын дүниені көріп-есту үшін көрмеге қосылыңыз. Орналасқан жері: Efes Art Space, Керемет ш/а, д. 3/1 Күні: 29 және 30 маусым, 10:00-19:00 🌚"Үлкен нәрселер кішкентай дүниеде" көрмесі Көрме екі ай бойы өткен арт-резиденцияның нәтижелерін ұсынады, онда ортақ жобада жұмыс істеу үшін бес қатысушы таңдалды: Ассоль Сас, Шефа Надуралиева, Луиза Джапкаева, Ярослава Тищенко, Татьяна Тұранова және Дарья Мороз. Орналасқан жері: Oner Corner галереясы, Шевченко көшесі, 51 Күні: 29 және 30 маусым, 14:00-21:00 🎨Еламан Мұқтарханның It’s a full time job being non-binary жеке көрмесі Суретші өз жұмыстарында сексуалдық, гендерлік және саясатқа қатысты мәселелерді қарастыра отырып, болмысын өнер арқылы зерттейді. Орны: Egin Art space, Нұрмақов көшесі, 79 Күні: 29 және 30 маусым, 12:00-20:00 АСТАНА: 👀Светлана Руденконың “Менің басымдағы қоқыс” жеке көрмесі Көрменің мақсаты - шығармашылықтың алуан түрлілігі мен жан-жақтылығын көрсету. Көрме негізгі үш блокты қамтиды: кескіндеме, иллюстрация және жиһаз. Шығармалар шашыраңқы көрінеді әрі хаос сезімі де сезіледі. Бірақ мұқият мән беріп қарасаңыз, олардың бір-бірімен үйлесетінін байқайсыз. Орны: Sal Seri галереясы, Гейдар Әлиев көшесі, 10/1 Күні: 29 Маусым, 10:00 – 20:00 🧠Шахмат әуесқойлары клубы Мұнда олар көңіл көтеру үшін ойнайды, ал ойын деңгейі маңызды емес, қатаң ережелер жоқ. Бұл кездесулер көбірек зияткерлік демалысқа ұқсайды. Бастысы өзіңізбен бірге шахматыңызды алып келуіңіз керек. Орны: "Buno" кофеханасы, Керей-Жәнібек хандар даңғылы, 14/2 Күні: 29 маусым, 16:00 🌱Лейла Махаттың "MENMIN" атты жеке көрмесі Қазақтың атақты суретшісі туындыларында өткен мен бүгінді ұштастыра отырып, дүниетанымның көркемдік тұжырымдамасын қалыптастырады. Көрмеде өнер иесінің соңғы екі жылда салған суреттері ұсынылады. Орны: Forte Kulanshi Art Space, Достық көшесі 8/1 Күні: 29 және 30 маусым, 10:00 - 20:00 Еске сала кетейік, әр жұма сайын арнамызда өткізілетін викторинадан Қазақстанның кез келген жерінен тегін кино билеттерін ұтып алуға мүмкіндік бар! Сонымен қатар белсенділік танытып, көп пікір жазатын 3 оқырманымызға айына бір рет кино билетін сыйлаймыз. Ендеше демалыс күндеріңіз сәтті өтсін!
1 9516Loading...
20
💡📆📆📆📆📆 29 маусым 🌱29 маусым – Халықаралық өнеркәсіптік дизайн күні. Бұл - адам өміріне сан алуан эстетикалық ләззат әкелетін, өз туындыларын ойлап тауып қана қоймай оны сәтті жүзеге асыра алатын шығармашылық адамдарының мерекесі. Әсіресе, қазіргі таңда осы мамандардың заманауи көліктер мен жабдықтарды құрастыруда еңбек нәтижелерін көру қуаныш сыйлайды. 📱2007 жылы 29 маусымда құны 499 доллар болатын алғашқы iPhone сатылымы басталды. Стив Джобс оны үш құрылғының қосындысы ретінде ұсынды. Атап айтатын болсақ, “сенсорлық басқаруы бар кең экранды iPod”, “революциялық ұялы телефон” және “серпінді интернет коммуникатор”. Қазіргі кездегідей бұл уақытта да сатылым басталар алдында мыңдаған адам кезекке тұрды. Ал Time журналы оны “Жыл өнертабысы” деп атады. Егер сізде де iPhone смартфоны болса, комментарийге лайк басып кетіңіз. 👃Маусымның соңғы сенбісінде аллергиямен ауыратындар Халықаралық Амброзияға қарсы күнін атап өтеді. Амброзия тозаңы аллергияға, астмаға, ринитке және басқа респираторлық ауруларға бейім адамдардың бойында теріс реакция тудырады. Қазақстанда жусан мамыр айында пайда болып, қазан айының соңына дейін гүлдейді. Бұл өсімдік өзінің қуатты тамыр жүйесімен топырақты ылғал мен қоректік заттардан айырып, ауыл шаруашылығына да үлкен зиян келтіреді. Күнді өткізудегі мақсат – адамдар үшін де, экожүйе үшін де қауіпті осы арамшөппен күреске қоғамның назарын аудару. Сізге жусан иісі ұнай ма? 👥29 маусым - екі жазушының туған күні. 124 жыл бұрын көрнекті француз эссеисті, гуманист ақын және кәсіби ұшқыш Антуан де Сент-Экзюпери (1900-1944) дүниеге келді. Оның жарқын өмірбаянының көптеген сәттері әдеби дарынының дамуына түрткі болды. Жазушының ең танымал шығармасы – “Кішкентай ханзада” әңгіме-ертегісі. Антуан де Сент-Экзюпери “Жауынгерлік Франция” қатарында соғысып жүріп, кезекті бір жау аумағына барлау рейсінен қайтып оралмайды. Бүгін қазақ жазушысы, ТМД Журналистер конфедерациясы сыйлығының лауреаты Қайнар Олжай 66 жасқа толды. Ол халық арасында танымал көптеген ТВ-бағдарламалар мен “Бірінші” тарихи-деректі телевизиялық фильмінің авторы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері 4 кітап шығарды. #күнтізбе #29маусым #дизайн #айфонщ
1 6670Loading...
21
💡📰📰📰📰📰📰 Кеш жарық, қыздар мен жігіттер! Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз! ✔️ 🤩 Қазақстандағы ең үлкен футбол аренасы Шымкентте салынады. Жаңа нысанды екі жыл ішінде - 2026 жылдың ортасына қарай аяқтау жоспарлануда😍 ‼️ Алматы ботаникалық бағы тағы да уақытша жабылады. Құлаққағыс📌 🥳 8,5 мыңға жуық қазақстандыққа арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды. Тамаша!👍 👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇 https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/futbol-t-lem-park-28-mausymny-top-zha-aly-tary/ #новости #жаңалықтар #елденеболды
1 6350Loading...
22
Тағы да сәлем қыздар мен жігіттер! Естеріңізге сала кетейік, кімдер комментті көп жазады, солар да киноға тегін билет алады! 1 шілде күні маусым айында “ең белсенді болған оқырманға” билет табыстаймыз! ‼️‼️‼️‼️‼️‼️‼️‼️‼️‼️‼️ Егер бүгін біреу билет ұтып алмаса, уайымдамаңыз, біз билеттерді әр жұма сайын таратамыз. Арнамыздағы ақпаратты қадағалап отырыңыз. Келесі жолы сұрақтарға бірінші болып жауап бересіз! Бізде тағы бір жақсы жаңалық бар! Ең белсенді оқырмандарымызды ынталандыруды жөн көрдік. Әр айдың соңында біз ең көп коммент жазған 3 жеңімпазды анықтаймыз, оларға кез келген қаладағы кез келген фильмге 2 кинотеатр билеті беріледі. Шарт - біздің жазбамыз шыққаннан кейін екі күннен кешіктірмей пікірлер қалдыру керек. Бізді мақтаудың қажеті жоқ, біз әрқашан объективті сынды қабылдаймыз. Біз өз тарапымыздан сіздерді пайдалы ақпаратпен байытуға уәде береміз. Жақын арада оқырмандарымызға киноға, музыкаға арналған жаңа бөлімдер сыйлаймыз. Сонымен, ең белсенді комментаторларға арналған жаңа байқау басталды, оның қорытындысын 1 шілде шығарамыз. Коммент жазыңыздар!
1 3190Loading...
23
Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз🥳
1 3810Loading...
24
Сұрақтар 3: 1)22 маусым дүниеге келген танымал адамдар? 2)Қай жылы Ұлы Жібек жолы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енді? 3)Полиция күні қашан?
1 2320Loading...
25
Сұрақтар 2: 1)Эклер күні қашан? 2)23 маусым дүниеге келген танымал адамдар? 3)Сезім күні қашан?
1 1640Loading...
26
Сұрақтар 1: 1)Ұлы Отан соғысы басталған күн қашан? 2)Соңғы аптадағы кино шолулар? 3)Қашан Алматы циркінің ұжымы құрылды?
1 1460Loading...
27
‼️‼️💡❓❓❓❓❓‼️‼️ Кез-келген викторинадан ұту жолын тауып алатын өте пысық оқырмандарымыз бар 😄 Оқырмандарымыз әділдік сұраған соң, жаңа форматта өткізуді жөн көрдік☑️ Сол себепті, шарттар біршама өзгерді. Сағат 18:00-де, 18:10-да, 18:20-да 3 пост шығады (3 түрлі сұрақтары бар). Әр посттың астында бірінші болып жауап берген қатысушымыз жеңіске жетеді. Егер біздің арнамызды мұқият оқып жүрсең, барлық сұраққа дұрыс жауап бере аласың. Сәттілік! Шарт: ✅Тез әрі дұрыс жауап жазу. ✅Біздің инстаграм парақшамызға тіркелу. https://instagram.com/uidezhatpa?utm_medium=copy_link ЕСКЕРТУ! Жауап есептелмейтін жағдайлар: 1. Өз жауабыңның астына инста-аккаунтыңды жазып кетпеген кезде; 2. Жауап өзгертілген жағдайда; 3. Соңғы айда викторина жеңімпазы атанған жағдайда;
1 2710Loading...
28
💡🎬🎬🎬🎬🎬🎬🎬🎬🎬🎞 🎬"Октагон" спорттық драмасы. Фильм өмірден өз орнын іздеп, кәсіби спорт әлеміне, әсіресе, ММА әлеміне енуге талпынған жас қазақ балуанының өмірін баяндайды. ММА-ға бас сұққан спортшы бұл жерден махаббатын ғана емес, сонымен бірге биік мақсатын да табады. Фильм көрермендерге аралас жекпе-жек әлеміне ену арқылы спорттың адам өмірін қалай өзгертетінін, оны түрлендіретінін және оның шынайы мақсатын табуға көмектесетінін көруге мүмкіндік береді. Басты рөлдерде: Қабдолдаев Арнур, Пирназаров Шерхан, Жарылқасинов Мұрат, Тастанбекова Дәмели. Жас рейтингі: 18+ Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=cGh0PGxYp1c 🎬"Родной Қырғызша" комедиясы. Бақыт пен Қаныкей бала күтіп жүр. Тұңғыштары өмірге келетіндіктен, уайымға да салынады. Осылайша көршілері Катя мен Сапар өздерімен бірге туған жері Таласқа туыстарына сапарға аттануды ұсынады. Бақыт бұны қаламайды. Дегенмен Қаныкейдің қиналып жүргенін көріп, амалсыздан келіседі. Олар жолға шығады. Алайда жарты жолға келгенде ғана Сапардың атасының жерлеуіне бара жатқанын біледі. Оның үстіне жолды қысқарту үшін Қазақстан арқылы өту керек. Бұның бәрі Бақытқа ұнай қоймайды. Бірақ бұл алда болатын жағдайлармен салыстырғанда бұл кішкентай нәрсе еді. Басты рөлдерде: Қалипа Таштанова, Бақыт Османқанов, Тәуекел Мүсілім, Олжас Абай. Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=LdZpyo_jvrs 🎬"Сны космонавта" отбасылық драмасы. Геннадийдің немересі шыққан тегіне күмән келтірмегенімен, атасының фантастикалық әңгімелеріне, соның ішінде ата-анасы жерді зұлым жат ғаламшарлықтардан қорғайтын ғарышкерлер екеніне сенеді. Осы оқиғалардан шабыттанған Альтаир ғарышкер ретінде ғарышқа аттанып, ата-анасына қосылуды армандап, жарқын қиял әлемін жасайды. Басты рөлдерде: Мирзадинов Тагир, Токарев Михаил, Шыңғыс Капин. Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=kdgkETmfmOQ 🎬"Горизонты: Часть 1" вестерні. Фильм ауқымды тарихи оқиғалар аясында өмірдің 15 жыл кезеңін қамтитын “отбасы, махаббат және достық” тарихына негізделген. Басты рөлдерде: Кевин Костнер, Сэм Уортингтон. Жас рейтингі: 18+ Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=es8quG6mJY8 🎬"Драйвер" боевигі. Мотокросс чемпионы және бұрынғы әскери қызметкер Джек ақша тауып, інісінің лайықты болашағын қамтамасыз ету үшін жүк жеткізу жұмысына орналасады. Басты рөлдерде: Оливер Джексон-Коэн, Дженна Коулман. Жас рейтингі: 18+ Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=Mij-dKYkqTw 🎬"Подарок" отбасылық комедиясы. Бала данышпан отбасылық мұраны пайдалана отырып, уақытты басқара алатынын біледі. Көп ұзамай ол аға-әпкесімен бірге ата-анасын татуластыру үшін өткенге оралады. Басты рөлдерде: Шон Балентин, Джейден Беттс. Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=KO4kCwSZNOs 🎬"Любовь и пёсики" мелодрамасы. Кішкентай терьер Бобби Би мен сұлу ши-тцу Дзё-Дзё бір-біріне ессіз ғашық, бірақ олардың иелері тіпті бір-бірін танымайды. Бір отбасы болу үшін олардың басын қосуға тура келеді. Ал кедей ветеринар мен сүйкімді тұтынушы ше? Басты рөлдерде: Фэн Шаофенг, Бекстияр Гүлназер. Жас рейтингі: 16+ Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=23tIMYK-acI 🎬"Опасные воды" қорқынышты фильмі. Британдық Виргин аралдары. Колледждегі бес дос екінші дүниежүзілік соғыста апатқа ұшырап, жақында белгілі болған кемеге сүңгіп, үлкен ақ акулалардың құрсауында қалады. Басты рөлдерде: Ким Спирман, Джек Парр.Жас рейтингі: 18+ Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=G9aDlm_PekU 🎬"Тихое место: День первый" қорқынышты фильмі. “Тыныш жер” франшизасының преквелі. Мұнда басқа галактикадан біздің ғаламшарымызға табан тіреген өлім құбыжықтарының пайда болуы туралы баяндалады. Олар қандай да бір жолмен дыбыс шығарғандардың барлығын өлтіреді. Басты рөлдерде: Лупита Нионго, Джимон Хонсу. Жас рейтингі: 16+ Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=9moI-IjWxjw
1 3971Loading...
29
Бүгін сағат 18:00-де әдеттегідей сіздер үшін кинотеатр билеттерінің ұтыс ойынын өткіземіз. Естеріңізге сала кетейік, бізде әдеттегідей 3 жеңімпаз болады. Сондай-ақ, викторинаның барлық қатысушылары Instagram желісінде бізге жазылуы керек https://instagram.com/uidezhatpa?utm_medium=copy_link Ақпаратты біздің арнадан қадағалаңыз! Біз кейде қитұрқы сұрақтар қоямыз. Мұқият оқып отырыңыздар. Бәріңе сәттілік! Құрметпен, Uide zhatpa командасы
1 1500Loading...
30
💡📆📆📆📆📆 28 маусым 📱Бүгін - Қазақстанда Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні. 1991 жылы 28 маусымда Қазақстанда БАҚ туралы алғашқы заң қабылданды. Бұған дейін кәсіби мереке 1870 жылы 10 мамырда алғашқы қазақ тілді "Түркістан уәлаятының газеті" шыққан күні аталып өтті. Бірақ кейін бұл газетті “қазақ даласын отарлауды насихаттап жүрген” Ресей үкіметі қаржыландырып отырғаны белгілі болды. Егер таныс журналистерді білсеңіз, оларды кәсіби мерекесімен құттықтап қойыңыз! 🫂28 маусымда “шынайы құшақтау” күні де аталып өтеді. Ғалымдар адамдар арасындағы жақын байланыс қауіпсіздік пен ішкі тепе-теңдік сезіміне жетуде өте маңызды роль атқаратынын айтады. Психологтар ұзақ өмір сүру үшін күніне 4 мәрте құшақ, деннің саулығы үшін 8 мәрте құшақ және интеллектуалды даму мен жеке өсу үшін 12 құшақ қажет деп санайды. Бұл күннің мақсаты – виртуалды әлемде көп уақыт өткізетін адамдардың назарын жан-жарына, ата-ана мен балаға деген сүйіспеншіліктің көрінісі ретінде тактильді байланыстардың маңыздылығына аудару. 👌1997 жылы 28 маусымда Майк Тайсон Эвандер Холифилдтің құлағынан тістеп алды. Бүкіл әлем тамашалаған жекпе-жекте бокстан бұрынғы әлем чемпионы Майк Тайсон чемпиондық титулды қорғап жатқан Эвандер Холифилдті бетіне басын тигізгені үшін ашуланып, құлағынан тістеп алады. Жекпе-жек тоқтатылады, бірақ Тайсонға ескерту жасалғаннан кейін төреші жарысты жалғастыруға рұқсат береді. Осылайша Тайсон қарсыласының құлағының бір шетін жұлып алған еді. Осыдан кейін Тайсон тағы да ереже бұзып, жекпе-жек тоқтатылады. Тайсон жарыстан шеттетіліп, оған 3 миллион доллар көлемінде айыппұл салынады. 2009 жылы танымал телешоуда Тайсон Холифилдтен кешірім сұрады. Өз кезегінде ол “Темір” Майкты кешіріп, қабылдады. Ұлы Тайсонның бұл ерсі әрекетін мына жерден көре аласыз https://www.youtube.com/watch?v=zKPMVex-UKk 👥28 маусым өмірге келген танымал тұлғалар. 312 жыл бұрын француз философы, жазушысы, ағартушылық дәуірінің ойшылы Жан-Жак Руссо (1712-1778) дүниеге келді. Ол сентиментализмнің ең көрнекті өкілі. Жазушы “табиғатқа қайта оралуды” уағыздап, толық әлеуметтік теңдік орнатуға шақырды. Сонымен қатар бүгін әлемдегі ең бай адам Илон Маск 53 жасқа толды. Ол SpaceX негізін қалаушы, бас директоры әрі бас инженері; Tesla инвесторы, бас директоры; The Boring Company, Neuralink және OpenAI негізін қалаушы. Өткен жылы ол Twitter-ді сатып алды. Оның байлығы 1 маусымда 192 миллиард долларды құрады. Илон Масктың туған күніне қандай жылы лебізіңізді білдіресіз? #күнтізбе #28маусым #құшақтасу #телефон
1 4391Loading...
Бәріне сәлем! Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️ 1️⃣ Ұлттық университеттерде қытай тілін оқытатын кафедралар құрылады. Қазақстан мен Қытай ғылым және білім саласында бірқатар келісімге келді. Толығырақ Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтып берді. “Бүгін әлемнің назары Астанада деп айтуға болады. ШЫҰ-ға мүше елдердің басшылары елордада жиналып отыр, құрметті қонақтардың қатарында БҰҰ-ның Бас хатшысы Антониу Гутерриш мырза да бар. Кеше Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің елімізге ресми сапары аясында көптеген келісімшартқа қол қойылды. Оның ішінде екі елдің министрлігі білім және ғылым саласы бойынша да келісімге келді. Оған сәйкес біздің жетекші, ұлттық және мемлекеттік университеттерде қытай тілін оқыту үшін арнайы кафедралар құрылады. Бакалавр, магистратура мен докторантурада оқып жатқандарға қытай тілін екінші тіл ретінде ұсынатын боламыз”, - деді Саясат Нұрбек елордада өтіп жатқан “Жоғары білім беру және өндірісті интеграциялау саласындағы ынтымақтастық” атты халықаралық симпозиумда. Бұған не дейсіз?🤔 2️⃣ Алматыда 7 шілде күні сағат 20:00-де Абай алаңында "Аңыз Домбыра" концерті өтеді. Қазақстанда шілденің бірінші жексенбісінде Ұлттық домбыра күні тойланады. Осыған орай Алматыда 7 шілде күні сағат 20:00-де Республика Сарайының алдындағы Абай алаңында "Аңыз Домбыра" концерті өтеді. Алматы әкімдігінің мәліметінше, сахнада Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова, Секен Тұрысбек, Айгүл Қосанова, Асылбек Еңсепов, Шолпан Даржанова, Әбділхамит Райымбергенов, Нұркен Әшіров, Ардақ Балажанова, Нұржан Жанпейісов, "Қоңыр" тобы, "Сазген" фольклорлық-этнографиялық ансамблі, "Салтанат" би ансамблі және т.б. өнер көрсетеді. Танымал күйшілер Кенен Әзірбаев, Төлеген Момбеков, Әсет Бейсеуов, Мейрамбек Жанболатов және т.б. халық әндері мен шығармаларын орындайды. Бұған қоса, шаһар тұрғындары мен қонақтары мерекеге орай ұйымдастырылған мәдени іс-шараларды тамашалай алады Сондай-ақ, қаланың барлық ауданында Ұлттық домбыра күніне арналған бірқатар мәдени іс-шара өтеді: "Алатау ауданында 4 шілде күні сағат 15:00-де Alatau Creative Hub – Алматы кітапханасында Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлескен іс-шара өтеді. Мерекелік бағдарламада шығармашылық ұжымдар сөз сөйлейді. Іс-шараның басты мақсаты-этносаралық қатынастарды нығайту және қазақ мәдениетін насихаттау. Сонымен қатар, 5 шілдеде сағат 11:00-де Мультимедиялық дәстүрлі музыканың орталығында "Қазағымның жүрегінен жаралған, Бабамыздың үнісің сен – домбыра!" концерттік бағдарламасы ұйымдастырылады. Алматыдан болсаңыз, міндетті түрде барып қайтыңыз!😍 3️⃣ Қандастарды қабылдау квотасы 600 адамға ұлғаяды. Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы 600 адамға ұлғаяды. Министрлік қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын қайта бөлу үшін бұйрыққа өзгерістер енгізді. "Министрлік "Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2024 жылға арналған өңірлік квотасын белгілеу туралы" ведомство басшысының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №530 бұйрығына өзгерістер енгізеді. Бұйрықтың жобасы осы жылдың 16 шілдесіне дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында орналастырылған", - деп жазды ведомство. Құжат бойынша жалпыға бірдей белгіленген квота шеңберінде қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы алты жүзге дейін төмендетіліп, соның есебінен қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы 600 адамға ұлғайтылады. Өңірлік квоталарды өзгерту еңбек күші тапшы солтүстік өңірлерге қоныс аударған қандастар санының артуына байланысты қажет болған. Тамаша!👍
Show all...
👍 5 2🔥 1
💡💡💡💡💡💡💡 Мемлекеттен 1,5 млн теңге грантты қалай алуға болады? 💸 2024 жылы 15 шілдеде бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар алуға екінші ағын бойынша өтінімдерді қабылдау басталады. Грант мөлшері – 400 АЕК (1 476 800 теңге). Бастапқы капитал өз ісін бастау және дамыту үшін қайтарымсыз негізде беріледі. Қарағанды облысы әкімдігі хабарлағандай, екінші ағынға өтінімдерді қабылдау 15-26 шілде аралығында өтеді. 📃 Өтініш беру үшін сізге: * порталда тіркелу; * грант алу шарттарына сәйкестігін тексеруден өту; * бизнес-жоспар шаблонын жүктеп алу, оны толтыру және порталға жүктеу; * өтініш нысанын толтырып, ЭЦҚ кілтімен қол қою қажет. Интернетке немесе компьютерге қол жетімділік болмаған жағдайда, мансап орталықтарының өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында өтініш беруге болады. 📍Бизнес грантына кім ие бола алады: * тіркелген жұмыссыздар; * жеке кәсіпкерлер (тіркеу мерзімі 3 жылға дейін). 📌 Бұл ретте үміткер әлеуметтік санаттардың біріне жатуға тиіс: * мүгедектігі бар адамдар; * "қандас" мәртебесі бар тұлғалар; * өңіраралық қоныс аударушылар; * аз қамтылған отбасы мүшелері; * көп балалы отбасының мүшесі (жұбайы/зайыбы); * мүгедек баланы тәрбиелеп отырған адам (жұбайы/зайыбы); * асыраушысынан айрылу бойынша жәрдемақы алушылар. 🟢 3 жылдан аспайтын мерзіммен "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы сертификаттың болуы міндетті. Мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!👍 #новости #жаңалықтар #елденеболды
Show all...
👏 2👌 2👍 1 1
💡📆📆📆📆📆 4 шілде 👀1932 жылы 4 шілдеде қазақ қайраткерлерінің бір тобы – Ғабит Мүсірепов, Мансұр Ғатаулин, Мұташ Дәулетқалиев, Емберген Алтынбеков және Қадыр Қуанышев Филипп Голощекинге ашаршылыққа байланысты апаттың ауқымы туралы хат жазды. “Бесеудің хатында” қазақ ауылындағы социологиялық қайта құрулар бүкіл халықтық қасіретке айналып, барлық әлеуметтік топтарды — байларды, орташаларды, кедейлерді қамтығаны, күштеп ұжымдастыру мен отырықшыландыру, алым-салық жинаудағы қиянаттар жұрттың жаппай аштық пен індетке әкеп соққаны баяндалды. Олар “Голощекин партияның ұжымдастыруды жүзеге асыру жөніндегі жалпы бағытын бұрмалады әрі халықтың мал шаруашылығын дамытуға деген ынтасын жойды, бұл мал шаруашылығына деген жеккөрініш туғызды” деп айыптады. 👤4 шілде - Көрінбейтін адам күні. Кейбір фантастика жанкүйерлерінің арманы - Герберт Уэллстің инкогнито (көрінбейтін, құпия) күйге енген әйгілі кейіпкеріне айналу. Бір қызығы, атақты жазушының көркем шығармаларындағы болжамдардың 80%-ы орындалған. Ол сонысымен танымал. 19 ғасырда ол смартфонды, ыдыс жуғышты, орталық жылытуды, кондиционерді, автомобиль өнеркәсібінің дамуын және адамзаттың атомды ыдыратып, бомба жасау қабілетін сипаттады. Осы сәйкестіктерге қарай отырып, болашақта адамды көзге көрінбейтіндей ететін өнертабыс болуы әбден мүмкін. 👨‍🏫1865 жылы 4 шілдеде “Macmillan and Co” баспасында Льюис Кэрролдың “Алиса ғажайыптар елінде” кітабының бірінші басылымы жарық көрді. Бұл ертегі әлі күнге дейін балалар мен ересектер арасында танымалдыққа ие. Кітап абсурд жанрындағы әдебиеттің үздік үлгісінің біріне айналды. Себебі мұнда көптеген математикалық, лингвистикалық және философиялық әзілдер мен тұспалдар пайдаланылған. Оқиға барысы мен құрылымы өнерге, әсіресе фантастикалық жанрға қатты әсер етті. Кітаптың арқасында Алиса есімі танымал болып, оның мотивтері бойынша көптеген фильм түсірілді. Сіз бұл кітапты неше жасыңызда оқыдыңыз? 👥98 жыл бұрын 4 шілдеде қазақтың көрнекті камералық және опера әншісі, актер, ұстаз Ермек Серкебаев (1926-2013) дүниеге келді. Өнер иесі Қазақстанның халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері және көптеген марапаттың иегері. Ол қазақтың атақты “Біздің аяулы дәрігер”, “Тақиялы періште”, “Ән шақырады” фильмдерінде ойнаған. Бірде біреу: “Ермек Серкебаев қазақ әніне фрак кигізді” деді. Ал әнші: “Мен оған лайықты алтын жалатылған жақтау кигіздім” деп жауап берді. Ермек Серкебаев қазақ әуендері мен тақырыптары әсемдігі жағынан итальяндық музыкалық тақырыптарынан кем түспейтінін үнемі айтып жүретін. Ол A-Studio тобының негізін қалаушы Байғали Серкебаевтың әкесі және белгілі скрипкашы Жәмила Серкебаеваның ағасы. #күнтізбе #4шілде #адам
Show all...
4👌 2👍 1👏 1🫡 1
💡📰📰📰📰📰📰 Кеш жарық, қыздар мен жігіттер! Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз✅ 💃 “Жексұрын Мен 4” мультфильмі қазақ тілінде жарыққа шығады. Міне, нәтиже👍😍 💪 Қазақстандық жас спортшы Ангелина Сорокина "Азия балалары" ойындарында "алтын" жеңіп алды. Құтты болсын!👏🏻 💡 Астанада домбыра күніне орай шоу-концерт өтеді. Сіз де рухани серігіп қайтыңыз!👍 👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇 https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/multfilm-koncert-sport-3-shildeni-top-zha-aly-tary/ #жаңалықтар #елденеболды #новости #гадкийя
Show all...
👌 7 1🔥 1🤩 1
💡🐴🐴🐴🐴🐴🐴🐴🐴🐴🐴 Қазақ тарихындағы ең үлкен сауда алаңдары қай қалаларда болды? 💭 Ұлы Жібек Жолының жандануына байланысты қазақ даласында жаңа қалалар пайда болды. ▪️Ал Отырар, Испиджап, Суяб, Сауран, Тараз сынды үлкен шаһарлар сауда жолының бойында орналасқандықтан тез өркендеді. 🔲 Отырар Қазақстанның ортағасырлық ірі қалаларының бірі. Сырдарияның Арыс өзеніне құяр сағасына таяу орналасқан. Отырар қаласының аты VIII ғасырдан бастап аталғанмен, оның бастапқы тарихы б.з.б. II ғасырда Сырдарияның орта ағысында пайда болған Қаңлы мемлекетінің тарихымен тығыз байланысты. IX ғасырдың ортасынан бастап Отырар Самани әулеті мемлекетінің ықпалында болды. Осы кезеңнен бастап бұл өлкеде сауда-саттық жасау, ғалымдардың «білім қууды көздеген» саяхаттары адамдардың ой-өрісін кеңейтті. Өнердің, ғылым мен колөнер кәсіпшілігінің таралуына ықпалын тигізді. 🔲 Көне Тараз қаласы қазіргі Тараздың орнында болған. Бұл жайындағы алғашқы дерек грек елшісі Земархтың хабарламасында айтылады. Ал 630 жылы Сюань Цзанның жазбасында ірі сауда қаласы ретінде сипатталған. Тараз VII- VIII ғасырда Ұлы Жібек жолында орналасқан сауда және қолөнер орталығына айналған керемет шаһар. Мұнда оңтүстіктің күміс кендері мен терістіктегі қимақтарға баратын керуен жолдары тоғысатын. X ғасырдағы араб географы әл-Макдиси қала жайында былай деп жазды: «Тараз – бақтары көп, халқы тығыз қоныстанған, қамал сыртынан терең орлар қазылған, төрт қақпасы және төңірегінде елді мекені бар ірі бекіністі қала». 🔲 Құлан орта ғасырдағы (VII-XIIғ.) шағын қаланың орны. Жамбыл облысындағы Тұрар Рысқұлов ауданының орталығы Құлан ауылы. Қала туралы алғашқы тарихи деректер VII ғасырдан бастап белгілі. Саяхатшылар Ибн Хордадбек, Құдам қолжазбаларында Құлан Тараз қаласының шығысына таман, Ұлы Жібек жолындағы қала деп көрсетіледі. Әл-Макдиси Құланды 10 ғасырда былай сипаттады: «Күмбезді мешіті бар, мықты қоршалған қамал. Бұл үлкен Тараз жолының бойында орналасқан бекіністі қала». #көшпенділерэкономикасы
Show all...
👌 5🤩 1
💡📆📆📆📆📆 3 шілде 👍3 шілде – Халықаралық полиэтилен пакеттерінен бас тарту күні. Бұл қаптар беріктігімен, қолайлығымен, сондай-ақ қарапайымдығы үшін ерекше бағаланады. Бірақ олардың табиғи жағдайда ыдырауы үшін 100-ден 200 жылға дейін уақыт қажет. Заттарды тасымалдау үшін пакет орта есеппен 25 минутқа ғана қажет. Ал полигондарда шіріген полиэтилен пакеттерінің ауаға тарайтын улы заттары экологиялық апатқа әкеліп, адамдарды онкологиялық ауруға шалдықтырады. Бұл эко-күннің мақсаты - қағаз қаптамалар мен қайта пайдалануға болатын сөмкелерді қолдануға шақыру. Сіз осындай бастамаларды қолдайсыз ба? 💼1910 жылы 3 шілдеде Әліби Жангелдиннің дүниежүзіне сапары Мәскеуден басталды. Әлемді шарлаған тұңғыш қазақ саяхатшысы 2 жылда Польша, Австрия-Венгрия, Югославия, Болгария, Түркия, Сирия, Палестина, Мысыр, Абиссиния, Арабия, Месопотамия, Парсы, Үндістан, Сиам, Қытай, Жапония елдерін басып өтті. Әліби Жангелдин (1884-1953) – мемлекет қайраткері, Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауына байланысты күресті ұйымдастырушылардың бірі. Ол туралы бірнеше көркем шығарма жарық көріп, фильм түсірілді. Сіздің қалаңызда Әліби Жангелдиннің есімімен аталған қандай орындар бар? 💪1903 жылы 3 шілдеде Қазақстандағы алғашқы арнаулы орта оқу орындарының бірі – Семей мұғалімдер семинариясы ашылды. Оған Семей, Кереку, Өскемен, Қарқаралы, Ақмола уездерінен 24 бала қабылданды. Кейін Тобылдан, Барнаулдан, Жетісудан студенттер қабылдай бастады. Уақыт өте семинария педагогикалық техникумға, кейін колледжге айналды. Бұл оқу орнында ұлттық зиялы қауымның көрнекті өкілдері: Мұхтар Әуезов, Әлкей Марғұлан, Жүсіпбек Аймауытов, т.б. 👥3 шілдеде өмірге келген атақты адамдар. Бүгін америкалық актер, режиссер, сценарист және продюсер Том Круз 62 жасын атап өтеді. Өнер иесі үш мәрте “Алтын глобус” сыйлығына әрі үш мәрте “Оскарға” үміткер болды. Ол 40-тан астам фильмге түсті. Оның көпшілігі блокбастерлерге айналды. Өткен жылы ол жақын арада фильмнің түсірілімі басталатынын айтты. Түсірілім барысында ол ғарышқа шығуы керек еді. Сонымен қатар бүгін австралиялық журналист және тележүргізуші, Wikileaks сайтының негізін қалаушы Джулиан Ассанж 53 жасқа толды. 2006 жылдан бастап ол тыңшылық жанжалдары мен жоғары деңгейдегі сыбайлас жемқорлық жайлы, әскери қылмыстар және АҚШ дипломатиясының құпиялары туралы материалдарын кең көлемде жариялады. Бұл оқиғадан кейін оған зорлады деген айып тағылып, әлеуметтік желілердегі парақшалары жабылып, банктегі есепшоттары бұғатталып қалды. Жақында ол түрмеде отырған уақытына айырбас ретінде тыңшылық жасады деген кінәсін мойындап, іс ресми түрде жабылды. Том Круздың қай фильмі сізге ұнайды? #күнтізбе #3шілде
Show all...
7👍 2🤩 1👌 1
💡📰📰📰📰📰📰 Бәріне сәлем! Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️ 💼 15 шілдеде бизнес-идеяларды іске асыру үшін 1,5 млн теңге көлемінде гранттар алуға өтінімдерді қабылдау басталады. Мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!👍 👥 Жұмыс іздеп жүрген қазақстандықтардың қалай және қай жерден жұмысқа тіркеле алатыны белгілі болды. Арнайы қосымшалардан жұмыс табуға болады📌 💪 Астаналық жас гимнастшы Ақмарал Ерекешева VIII "Азия балалары" ойындарының үш дүркін жеңімпазы атанды. Жеңіс құтты болсын!😍👏🏻 👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇 https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/biznes-zh-mys-zhe-impaz-2-shildeni-top-zha-aly-tary/ #новости #жаңалықтар #елденеболды
Show all...
🤩 4👍 1👌 1
💡💡💡💡💡💡💡 Кітапты қалай оқыған дұрыс? 📌 Әр айдың басында үш сұраққа жауап береміз. Тізімдегі сұрақтардың кез келгеніне жауап иә болса, келесі қадамдарға қорықпай өтуге болады. Егер жауап жоқ болса, сұрақты қоюды жалғастыру керек. 📎 Қазір оқығым келетін кітап немесе автор бар ма? 📎 Дәл қазір мен үшін қандай мәселелер маңызды? Өмірімде жақсартқым келетін сала бар ма? 📎 Соңғы кездері мені не қызықтырады? Мен бұл туралы көбірек оқуға дайынмын ба? Бұл сұрақтар ішкі сұранысыңызды қанағаттандыратын кітапты дәл таңдауға, қажеттіліктеріңіз бен қалауларыңызды түсінуге мүмкіндік береді. 🔍 Кітаптарды таңдаудың балама жолдары Сұрақтар кітапты таңдаудың жалғыз жолы емес. Оқуды қызықты саяхатқа айналдырудың тағы төрт әдісін қараңыз. Тізімдерді пайдаланыңыз. Интернетте көптеген беделді библиографиялар бар. Goodreads және Amazon сияқты ресурстар оларды тұрақты негізде құрастырады. Бір тақырыпты, жанрды немесе басқа ортақ мүмкіндіктерді бөлісетін кітаптарды оқыңыз. Мысалы, жыл ішінде тек өмірбаяндарды немесе әйелдер жазған кітаптарды оқыңыз. 📌 Кітаптың 5 критерийдің біріне сәйкес келетініне көз жеткізіңіз. Шарттардың біріне сәйкес келетін кітапты оқыған кезде, оны сызып тастаңыз. Олар: 🔹мұқабасы қызықтырған кітап; 🔹фильмге бейімделген кітап; 🔹марапатталған кітап; 🔹нақты оқиғаларға негізделген кітап; 🔹шет тілінде жазылған кітап; 🔍 Ұсынылған, бірақ оқуға міндетті емес кітап. Оқығыңыз келетін кітапты таңдағаннан кейін, кітапқа шолу жасап, мазмұны мен кіріспесіне қараңыз. Бұл қадамды үнемі орындауға тырысыңыз. Кейде мүмкіндікті пайдаланып, кітапты сіз үшін ештеңе білмейтін нағыз шытырман оқиғаға айналдыру жақсырақ. #қазынакеңес
Show all...
👍 11🤩 1👌 1
💡📆📆📆📆📆 2 шілде 💼Бүгін Қазақстанда екі кәсіби мереке аталып өтеді. 2 шілде – Қазақстанның радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс әскерлері күні. Қорғаныс министрлігі коронавируспен күрес тәжірибесі әскерлердің осы түріне сұраныстың жоғары екенін көрсетті. “Қос мақсаттағы” мамандар миллиондаған адамның өмірі мен денсаулығын қорғау үшін көтерілді. Сонымен қатар бүгін - Дипломатиялық қызмет күні. Бұл мереке 2009 жылы Президент жарлығымен бекітілген. Қазақстанның дипломатиялық қызметінің біртұтас жүйесін Сыртқы істер министрлігі, оның ведомстволары, шетел мекемелері, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдар құрады. Егер осы мамандықта қызмет ететін таныстарыңыз болса, оларды мерекесімен құттықтауды ұмытпаңыз! 🦮2 шілде - Дүниежүзілік иттер күні. Иттер шамамен 30 000 жылдан бері адамның ең жақын досы болып келеді. Тіпті ол көпшілігінің сүйікті отбасы мүшесіне де айналған. Олардың иелеріне танытқан адалдығы үшін өлеңдер жазылып, әндер шырқалды. Сонымен қатар әсерлі фильмдер де түсірілді. Мысалы, соның ішінде “Хатико” фильмін ерекше атап өтуге болады. Мамандар иттердің сөзбен немесе ыммен білдірілген 250-ге жуық белгіні есте сақтай алатынын алға тартады. Олардың интеллектуалдық дамуы екі жасар баланың деңгейінде. Сізге қай жануар ұнайды: ит немесе мысық? 💪Сонымен қатар бүгін - Дүниежүзілік БҰН күні. 1947 жылы 2 шілдеде Американың Розуэлл қаласының маңындағы шөл далаға беймәлім нысан құлайды. Көпшілік оны өзге ғаламшарлықтар төбе көрсеткен “ұшатын тәрелке” екенін алға тартқан еді. Америкалық барлау қызметтері бұл іс бойынша барлық деректерді жіктегендіктен, бүгінгі күні бұл болжамды растау немесе оған қарсы шығу өте қиын. Бірақ бұл оқиға кеңінен танымал болып, дәл осы уфология ғылымының дамуына серпін болды. Ал бүкіл қоғам екі фронтқа бөлінді: біреулер жат планеталықтардың бар екеніне сенсе, басқалары мұндай деректі үзілді-кесілді жоққа шығарады. Сіз өзге ғаламшарлықтардың бар екеніне сенесіз бе? 👥2 шілде - танымал екі шығармашыл тұлғаның туған күні. Бүгін Қазақстан мен Қырғызстанның халық ақыны Мұхтар Шаханов 82 жасқа толды. Ол 2001 жылы Түркияда түркітілдес елдерден “Әлемнің үздік ақыны” деп танылды. Сондай-ақ 2002 жылы "жазалаушы жадының космоформуласы" поэтикалық романы үшін (Шыңғыс хан алып кеткен құпия) - Калифорния Халықаралық Ғылым, индустрия, білім және өнер академиясының А.Эйнштейн атындағы Алтын медалімен марапатталды. Сонымен қатар бүгін австралиялық актриса әрі кинопродюсер Марго Робби 34 жасын атап өтеді. Өнер иесі "Оскар"сыйлығына екі мәрте үміткер болды. Ол "Отряд самоубийц”, “Волк с Уолл-Стрит”, “Однажды в Голливуде” және т.б. фильмдердегі бірқатар көрнекті рөлімен танымал. 2020 жылы ол әлемдегі ең сұлу әйел атанды. #күнтізбе #2шілде #ит #бұн
Show all...
👍 4👌 3 2
💡📰📰📰📰📰📰 Кеш жарық, қыздар мен жігіттер! Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз! ✔️ 😎 1 қыркүйектен бастап студенттердің стипендиясы көбейеді. Бектенов үкімет қаулысына қол қойыпты📌 🔍 Қазақстандық оқушылар "Достастық балалары" Х халықаралық мәдени-білім беру форумына қатысып, елді таныстырды. Тамаша! 👍🏻 🎉 Жеңіл атлетикадан Silk Road to Paris турнирінде Қазақстан қоржынына 4 медаль түсті. Құтты болсын! 👏🏻 👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇 https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/turnir-forum-student-1-shildeni-top-zha-aly-tary/ #новости #жаңалықтар #елденеболды
Show all...
🔥 4👍 3😍 2👌 1
Choose a Different Plan

Your current plan allows analytics for only 5 channels. To get more, please choose a different plan.