en
Feedback
Essizdik is the New Black!

Essizdik is the New Black!

Open in Telegram

ақын, саясаттанушы және ...whoever you want me to be.

Show more
1 323
Subscribers
No data24 hours
-57 days
-1430 days
Posts Archive
ҚОШ БОЛ, ОҚЫРМАН! Осыдан тура 7 жыл бұрын, 2019 жылдың 24 ақпан күні Essizdik is the new black! арнасы дүниеге келді. Мен ол кезде 19 жасар жас жігіт едім, ол кезде заман да, адам да басқа еді. Қазір кейбір бұрынғы оқырманым біреудің анасы, жақсы жерде қызмет етіп жүрген салмақты жігіт болды. 7 жыл бұрын ең алғаш пікір жазып, дауысчатқа қатысып, ең бірінші рет “Құтжол!” – деген адамдарды әлі танимын. Сондықтан, 7 жыл бойы бірге болған оқырмандарға алғыс айтамын: бар болыңдар, нар болыңдар. Мүмкіндік болса, Құтжол ағаларыңның өлеңін оқып, құтжолша адал ғұмыр кешіңдер. Жалғыз Отанымыз – Қазақстанға қиянат жасамаңдар. Әйтпесе, өзім үшін, бір адамға пайдам тисе, бір жастың бойы түзелсе, бір оқырманның ойында бір шумақ өлеңім қалса, бұдан артық бақыт жоқ! Осымен жеті жылға созылған саяхатымыз аяқталды: Essizdik is the New Black! өз өмірін тоқтатты. Essizdik is Dead. Ізгі ниетпен, арна иесі Мирхан (Құтжол).

Санжар Боқаев саясатты қойып, АҚШ-қа көшіп кеткен екен. Осыған орай, екі жағымды инсайт айтуға болады. 1. Негізі ағылшынша R әрпі, как раз қазақша Р-ға тілі келмейтін адам үшін керемет мүмкіндік. Bottle of Water десе де, нэйтив па деп қаласың. 2. Қазақстанның ауа тазарып қалды. Нәгөнай “оппозиция” кетіп жатса, көңіл-күйім жақсарып қалады.

Осы өлеңге жазылған керемет ән де бар. https://youtu.be/I68LzzK0PbI?si=Nv_rrdKoRiTv3i2K

*** Жолықтым саған, оңымнан самал ескен-ді, Қорықтым содан, биіктеу екен мәртебең. Ұмыттым бәрін, ұмыттым шулы кештерді, Ұмытылды бүкіл жарты әлем. Махаббат шіркін осынша жаным тез бе еді, Күркіреп күндей өте шықты ғой көктемім. Бейкүнә менің жанымда тұрып, өзгені, Армандағаның не еткенің? Сол бір досты енді менен де гөрі жақын қыл, Мөлдір кештерді еске алып бұзба ойыңды. Жатақханаңа жетектеп апаратын кіл, Жолыма нүкте қойылды.
Жарасқан Әбдіраш

Доғар! Сенің өмір жолыңа Мыналар саған серік пе?! Келесі қадам кезекте, Еркем менің, ерікпе!
😭

photo content

Білуімше, концерт деген сөзі кәнсерт деп жазу үшін де белгілі бір қазақи далбандық қажет. Қазақ тілінің гармониясының бұзылуының өзі де кез келген тілге тән тірі процесс. Сондықтан, машина бар кезде ат арбамен жүрмейтініміз сияқты, қазіргі қалыптасқан ережені қолданған жөн деп білемін.

Сәйкесінше, объективизм бойынша Аристотель айтқандай “А дегеніміз А-ға ғана тең”. Барлығын ақылдың жібімен өрбіту қажет: эмоцияның логикасы болмайды.

Өмірдің тасқын ағысынан кеп секірмес бұрын жағаға. Ниеттің жібін ақылмен саба: Қыратқа өзен аға ма?! Болмыстың болмас-болары барын күрсініс етіп ауаға дем алмас бұрын, ойланып көрші: аспанға жаңбыр жауа ма?! Ұққанын біліп, ұқпастан қорқып, ақылың келіп «Жоқ!» – деді. Тірліктің көмірқышқылын жұтып, шығарып үйрен оттегі. // 2024.

Бұл “Атлант Расправил Плечи” деген романынан үзінді. Бұл кітапты үшінші мәрте қолыма алуға тура келді. Оқып отырған абзац осы жолы ғана көзіме ерекше ілінді. Оған бірден бір себеп абзац идеясының әлдебір жазған өлеңіммен үндес болуы.

Қараңғы бөлме ішінде қайғыны көрмес үшін де көзімді жұмып жаттым көп. Қорқынышты еңсеріп, жүректің жайын тексеріп, тамырымнан бастым дөп. дүрс-дүрс-дүрс зұлмат белгі шақырған жойқын, мұңды, тентек теңіз жіберген толқын сынды жүректің қағысы бейімсіз. Барлығын тек жүрек біледі, күресу – тиімсіз. Ол біледі не көріп, не өткенін, не естіп, не кешкенін, не келіп, не кеткенін. қай күз бен қай көктемін жол бойы ұмытқанын. кім кетіп ызғар сыйлап, кім келіп жылытқанын... маңызды естелік пен ойлардың бәрібірі. қараңғы бөлме және жүректің қағыс үні. дүрс-дүрс-дүрс... / / Үзінді. Теңіз, Наурыз, 2024

Саған Ұлы Бостандық көз салмай ма, Босағасын бейнеттің аттағандай, Жалғанның әрбір тірі жиһанкезі, Жабылып Есіміңді жаттағандай..?
2026.

Саған Ұлы Үнсіздік жолықпай ма, Көп ішінен боқ сөзді ұқпайтындай, Әлдібір децибелдің еміс-еміс, Толқыны мен жойқыны жұқпайтындай..?
2026.

Саған Ұлы Тыныштық кезікпей ме, Жібегін ой жібіңнің үзбейтіндей, “Сәлем” – деп сөз мазасын алмай ешкім, “112” тек қана іздейтіндей..?
2026.

Ойға барсам – ой теңіз, Қырға барсам – қой семіз, Өтіп кетті-ау біздерден Қайран жастық он сегіз. "Той базар" халық әні

Video message00:45

То, что вне возможности выбора, находится вне сферы морали.
A.R.

*** Өз-өзіңнен сұрай берме, қайта-қайта неге деп. Мағына жоғын білсең егер, істі жасап не керек?! Бұны орысша «xуйня» дейді. ...ал, қазақша айтпайын. Бірақ, «xуйня» болып тұрад' өміріңде әрдайым. Бұған бағын, бұны түсін, жаман жағын ойлама – көңіл бөлме айналада болып жатқан «xуйняға». 29 сәуір / 2019 / жатақxана / 02:07

Video message00:46