Essizdik is the New Black!
前往频道在 Telegram
1 174
订阅者
无数据24 小时
-107 天
-2530 天
帖子存档
YouTube Premium отбасымызда орын босап жатыр, жарнамасыз, экранды өшіріп қойып ляззатанып жата берем десеңіз, айына бар-жоғы 1100 теңге. Бүгін қосылсаңыз да болады.
19 11月, 13:46
20 11月, ~11:10
Сағатына 160 шақырым жүре алатын Stadler вагондары, ҚТЖ жол тораптарының тозуына байланысты 60 шақырыммен жүреді екен.
14 11月, 11:43
Нені сүйдім, дүниеде неден күйдім,
Қазысы оның арым мен бір-ақ Құдай.
Абай
Как я любил, за что страдал,
Тому судья лишь бог да совесть!
Лермонтов
13 11月, 10:36
Біреу өлеңдеріңізді сүйіп оқимын дегенде өзімді осы әқә сияқты сезініп кетем
🥹
10 11月, 13:40
Сазгердің DISCO деген белдеуде қазақша романс айтып отырғаны таза постмодерн, негізі.
22 10月, 09:44
Әке-шешемнен кейін, итім Құтжол тұрады дейді.
Көруге кеңес беремін, түсінген адамға терең сөз айтты.
https://youtu.be/DHYOxgYQ5k0?si=Tysps0manTn-kLeZ
21 10月, 12:28
Әйтпесе, үкіметке де A, B, C, D демей ақ, А, Ә, Б, В деп бөлу керек еді.
21 10月, 09:37
Жарасқан Әбдіраштың өлеңдерін оқып тұратыным рас. Ертерек бірнеше өлеңін бөліскенім де есімде.
Соңғы жаңалықтарға байланысты, тағы бір өлеңі есіме түсіп кетті.
“Біздің елде үшеуі (ана, әке, бала) де кәделі” – дейді.
Алфавиттің А тұрады басында, Әрқашанда Ә тұрады қасында, Байқадың ба? Б тұрады үшінші, Ал осының сыры неде? Түсінші: А деген ол – Аналар ғой, ардақты, Ә деген ол – Әкелер ғой, салмақты. Б деген ол – Балалар ғой әдемі, Біздің елде Үшеуі де кәделі… Алшақ кетпей, Сондықтан да расында, Тұрады олар Алфавиттің басында!..
21 10月, 09:35
Нұрқаділовтың Назарбаевқа жазған хатынан, 2004 жыл:
Но не вся молодежь так хочет жить. Среди них есть очень много талантливых детей разного направления. Вот Вы — вчерашний «ПТУшник», росли почти как сирота, я — сирота, мать — уборщица, Вы очень молодым выросли до большого руководителя и стали Президентом, я тоже не жалуюсь на судьбу, тоже проработал начальником. Теперь стоит вопрос, Вы можете гарантировать, что сегодняшний очень талантливый, но очень бедный, молодой человек может повторить наш путь?
19 10月, 13:42
Сәкен Сыбанбай:
Гауһар Әлімбекова қарындас-досым айтады:
«Бірде бір жас әнші қыз хабарласты: «Әпке, сіздің «Жазығым не?» деген әніңізді айтқым кеп жүр, рұқсат бересіз бе?» – деп.
– Жақсы, – дедім дейді.
Арада апта өтпей әлгі қыз қайта звандапты:
– Гауһар әпке, мына ақыныңыз онша емес екен!
– Неге?
– Кей сөздері түсініксіз.
– Ойбай-ау, Сабырхан Асанов деген – кезінде Шәмшімен дос болған керемет ақын ғой. Несі түсініксіз?
– Біртүрлі сөздері бар. Мәселен, мына сөзді қайта өзгертуге болмай ма? Мен студиядамын қазір...
– Қандай сөз?
– «Жыртық бас» деген сөзі онша келіңкіремей тұр да. Соны ауыстырсақ қалай?
– Шырақжан-ау, ондай сөз жоқ сияқты еді ғой, қайталап айтшы!
– Міне, қазір... «Жүрегіңнің ЖЫРТЫҚ БАС сырын ұғып...» деген жері ше. Ұят емес пе? Қайдағы жыртық бас?
Гауһардың күлуге де шамасы келмей қалса керек:
– Шіркін-ау, айтпай-ақ қойшы түсінбесең. Ол – «Жүрегіңнің ЖҰРТ ҰҚПАС сырын ұғып...» еді ғой! – депті де, айтуға тыйым салыпты.
19 10月, 10:11
