en
Feedback
данышпан қарға

данышпан қарға

Open in Telegram

уикипедияға ұқсайтын бала

Show more
669
Subscribers
No data24 hours
-17 days
-930 days
Posts Archive
Пропаганда әсерінде отырғандарыңды түсінген кездерің болды ма? Ресей - Украинаға басып кірген сәтте ақпараттық ашаршылықтың кесірінен Нехта мен Уніан деген проукраиндық телеграм арналарға жазылып алып, осы күнге дейін соғыс жайлы хабарларды солардан біліп отырдым. Тек өткен күзде РФ Украинаның төрт облысын өзіне қосып алғанын білгенде бір-ақ ес жидым: "Білә, орктар деп жүрген армия мынанша территорияны қашан жаулап алып үлгерген? Мен ондай жаңалық оқымаған сияқты едім ғой" деп қалдым. Шынымен, мен бір пропагандадан қашам деп екіншісіне тұтылып қалыппын. Содан бері барынша ақпараттық салада баланс ұстауға тырысып келем. Тіпті радикал фемилер деп batyrjamal-дың, тек Барсаны ұлықтайды деп Mundo Deportivo-ның арналарынан шығып кету ойымнан бас тарттым. Бірақ әлі де нәтиже толық емес сияқты. Ал мәселелерге объектив қарайм деп РФ телеграм арналарына жазылуға әлгі жерім шыдамай жүр. Олардың пропаганда машинасы енді сұмдық. Адам жейтін машина. Ал сен өзіңді қаншалықты ақпараттық пропаганда құрбанымын деп есептейсің?

Асылтай айтып ед. бірде қақаған қыста Экспоның ауласында коньки тебуге студенттерді апарыпты. сөйтсе, қасындағы ғимараттан Назарбайып шыққан кезде сол жаққа қарап қалып жатса, адамдар жүрген болуы керек екен. яғни бос жатқан болмауы керек екен. қарамауы да мүмкін, бірақ қарап қалып жатса бақытты адамдар коньки теуіп жатқан болуы керек екен

«Әлем есінен адасты» деген - бос сөз. Әлем - орнында. Заман да салыстармалы түрде тыныш. Адамзат тарихында ешқашан дәл бүгінгідей бейбіт, мамыражай заман болмаған. Тек, адамзат тарихында болмаған ақпарат ағыны ғана бар. Тіпті соғыстың өзін онлайн көріп отырған уақытта айналадағы кез-келген конфликт - тынышсыздық белгісі боп көрінетін иллюзия ғана. Тап бүгін Қытай - Тайуанға басып кірсе де, Ресейде қанды революция басталса да, Сербия - Косовоға әскер кіргізсе де, Иран - бір елге соғыс жарияласа да, тіпті осының бәрі бір сәтте болған күннің өзінде де осы пікірімнен айнымайм.

Гоу, осы сөздердің қазақша баламасы:

Қазақ тілінің иммунитеті дегенде, құлдық комплексіміз ұстамай осы жапондар сияқты жаңа сөздерді бетіне қарамай бейімдей беруді түсінуіміз керек. Macdonald's - Makudo Narudo Google - Guguro Toilet - Toiletto т.с.с.

Өмірде «қалауыңыз білсін» деген сөзді көп қолданам, негізі. Өйткені «маған похуй» деп айту кішкене мәдениетсіздік енді 🙂

Кеше көптен көріспеген курстасыммен «адамзатта таңдау бар ма?» деген сұрақты талқылаймыз деп бүкіл бір туған күн кешін дискуссияға айналдырдық. Тап 4 сағат отырыппыз. Ерте ғасырлардан бері адамзаттың «өмірдің мәні» деген сұраққа жауабы сияқты, түбінде сол бұрынғы парадоксқа келіп тоқтадық: «адамда таңдау бар, бірақ тағдырың бәрібір алдын-ала жазылып қойған. Онда ол таңдау ма, таңдау емес па?» Бұл жолы әңгімемізге тамызық ретінде нейробиологтардың эксперименттерін алдық, бұдан 3 жыл бұрын кванттық физиканың, дәлірегі Бор мен Айнстайнның сөзшатысының айналасында болған. Осылай қарап отсам, адамзат осы концепцияға о баста, бәлкім миллион жылдар алдын келіп қойған сияқты. Өмір мәні мен мазмұны туралы болуы мүмкін сценарийлердің бәрі де атам заманнан бар: атеизм, Құдайға сену, детерминизм, агностицизм, экзистенциализм т.с.с. Тек 21 ғасырда адамдар сенудің форматын ғана өзгертумен шұғылданып жүр, ал идея – баяғы. Осыған қарап, мүмкін адамзаттың миына берілген максимум мүмкіндік осы ғана шығар деп ойладым. Екеуміз де бүкіл Әлемге тек бір ғана ортақ универсал ғылым – физика деген тоқтамға келдік және физик екендігімізді мақтан тұтып еміреніп жылап алдық. Илон Маск неге Марсты отарлауға асығып жатыр деген сұраққа жауап іздемедік, себебі жауабын білетін ек: ол үлкен масштабта ойланатын адам. Егер өзгеғаламшарлықтар бар болса, олар да өсуге, барынша Әлемді отарлауға тырысады, сол кезде біз қолымызды мұрнымызға тығып отырып қалмайық деп уайымдайды ол. Сондықтан да оның Украинадағы соғысқа қатысты пікірлері «қайтсеңдер де соғысты тоқтатыңдар, басқа жұмыстарың жоқ па» дегенге келеді. Әлгі туиттердегі скандалға толы сауалнамасы да сол үшін. Бірақ, бұған – комлпекске булыққан, есесін жібергісі келмейтін майда-шүйде адамзат ортан терек көрсеткені де бәрімізге мәлім. Кейде егер шынымен Мұхаммед пайғамбар да дәл сондай Ғаламдық масштабта ойлана алатын гений болса, замандастары оның көзіне қалай көрінгені күлкілі болған шығар деп ойлайм. Тіпті, былай ойлап қарасаң, қазіргі күнгі «ол араб болған, барлық нәрсе араб тілінде» деген сияқты контраргументтер де – оның көзімен қарағанда комплексшіл, мән-мағынасы жоқ мыжыңмен айналысатын адамдардың сөзіндей көрінеді. Оған ол тілдің өркендегінің наққа керегі жоқ қой, мысалы; тіпті хат танымайтын адам. Жер бетіндегі адамдардың дифференциясына әсер ететін факторлардың бәрі де – комплексшілдерден шығатыны түсінікті сияқты болды. Кейінірек, Жасанды Интеллект туралы сөз қозғай беріп едік, жанымызда смартфонымыз болғаны үшін артық ауыз сөз айтуға қорықтық. Смартфонның камерасы деген сол Дәжжалдың жалғыз көзі болмай немене? Айтпақшы, осы әңгіменің бәрі «Рик пен Мортидың» жаңа маусымын талқылаудан басталды. Қараңдар сендер де, офигенный мультфилм.

photo content

Айсұлтанның «Қаш» этнохоррор фильміне талдаманы Дәуреннің ютуб арнасынан тамашалаңыздар: https://youtu.be/PrRNtXMBe0M

Неге журналистиканы таңдамадың деген жауыр сұрақ қоятын әрбір адамға мен Юрий Дудьтың осы бір әңгімесін қайталап беруден жалықпаймын: "Бала күнімде футболды сүйетінмін. Тым құрығанда қақпашы болсам екен дейтінмін, бірақ тордың алдына қойып қойған картоп толтырылған қап болудың да мағынасы жоқ болатын. Оның үстіне, көп ауырдым. Сол үшін, мамандық таңдағанда аздап іргелес мамандықпер айналысқым келді. Ал, Ресейдегі - проститутциядан кейінгі ең қолжетімді мамандық - журналистика болатын. Солай, бұл салаға осылай келдім". upd: Егер, Ресей деген сөзді Қазақстанға ауыстырсақ, бұдан түк өзгермес еді.

Бүгін осы және басқа да әдемі әндердің авторы, сазгер, продюсер - Арман Дүйсенов 48 жасында өмірден өтті. Хитмен емес еді, жұлдызды ортада да көп жүрмейтін, гений де емес еді. Дегенмен сондай ақжарқын, профессионал әрі керемет ұстаз еді. Иманы салауат болсын! Жаратқан жарылқасын.

"Орысша сөйлейтін қытайлар" Қазақтарды бұдан да дәл сипаттайтын сөйлемді әлі кездестірмедім.

Жақында неміс әлеуметтік желісінде "Scholzing" (Шольцтану, орыс. - шольничать) деген жаңа сленг пайда болды. Мағынасы - бірнә
Жақында неміс әлеуметтік желісінде "Scholzing" (Шольцтану, орыс. - шольничать) деген жаңа сленг пайда болды. Мағынасы - бірнәрсені жасауға уәде беріп алып, сосын сол істі жасамау үшін барын салып жүретін адам. Жаңа сөз - Германия канцлері Олаф Шольцтің Украинаға әскери көмек берем деп, енді уәдесінен қашып жүрген әдетінен кейін пайда болды. Германияның бұрыңғы канцлері - Ангела Меркельдің де атында ғажап сленг бар: "Merkeln" (Меркельдікке салыну, Меркельдену). Мағынасы - бар проблеманы барынша елемей, оны шешуді үздіксіз кейінге қалдыра беру. Мемлекет басшысы болу туралы не түсінейін деп едіңдер, сендер?

ЗОБЫРЗАМАН: АБАЙ ЖОЛЫ & ЗОМБИ Үш күндiк жолдың бүгiнгi, соңғы күнiне шәкiрт бала барын салды. Күнұзын аттан да түспей, өзге жүргiншiлерден оқ бойы алда отырған. Іздегені зобырлар болса керек. Қолындағы қаруы — жапон кусаригамасы — орақтың сабына жалғанған басында темір түйіні бар ұзын шынжыр. Ол сирек кездесетін жезгек деген металдан құйылған-тын. Зобырларға қарсы ең тиімді қару. Арттағылар – Байтас пен жорға Жұмабай: – Мына баланың ауылға асығуын-ай! – Сорлы бала қыстай iш құста болып қалған-ау, – деседi. Жорға Жұмабайдың тақымында кестені бар — шынжырына темір түйін байланған қара шоқпар. Байтастың да аяғының басына iлген ұзын семсері барды. Тақырбұлақ тұсына келгенде Байтастар баланы ескертті: – Ендi бiзден кетпе! Анау Есембайдың жырасын бiлесiң ғой! Зобыр жатады...– дедi. – Сенi мен бiздi манадан көрiп отыр! "Қоқырақтап жалғыз шабатын неме екен, түсiрiп, басын жұлып әпкел өзiнiң!"– дейдi де, саған үстіңе қарғып секіріп, ақсиған азуларымен бас сүйегіңе шап бергенде, миыңды бір-ақ ағызып, ішіп алады. Басың қисайып, тілің салақтап, зобырға айналып кетесің. – дедi Жұмабай да. – Е, сендер ше? Сендер берiп жiбересiңдер ме? – Ойбай, бiзде не қауқар бар? Бiз екеу-ақ. – Олар самсаған сары қол. Бұл Есембайда ұдайы зобыр жатады. Тек бiздi өзiмiздiң елдiң адамы деп аман қалдырмаса, жер жаман, – деп Жұмабай шошыта сөйлегiсi келедi. Бұл баланың қытығына тиді. – Әйтеуiр сендерден дәрмен жоқ екен, ендеше бiрге жүрдiм не, жеке жүрдiм не? Ал кеттiм!– деп, соқтырта жөнелдi. Содан жаңағы қауiптi деген Есембайға жеткенше, артына бiрде-бiр қараған жоқ. Ылғи жапа-жалғыз шауып отырды. Жолдың бұл тұстары ылғи белес-белес болатын. Жұрт жайлауға қарай көшкенде елсiз боп қалатын жер. Зобыр сай, жасырын жыралары да бар. Жұмабай әбден болмаған соң: – Қап мынаның баласы! «Мен бөрiнiң бөлтiрiгiмiн» деп келедi-ау! Қой, не де болса қалмайық ендi. Байтас, жүр! – деп шаба жөнелдi. Белге шығып алып шауып келе жатып қарағанда, бала көрiнбедi. Белдiң ойына қарай құлай бергенде, жорға Жұмабай арт жағынан, сол иығы тұсынан тасырлатып кеп қосылған бiр дүсiрдi есiттi. Дәл Есембай биiгiнiң тұсы. Және дәл Есембай жырасының өзi екен. «Әй, кәпiр, содан қосылған болды-ау. Баланы алып, бiздi баққан екен-ау!» — деп ақ көк атты тепкiлей бердi. Артына қорқақтай қарап, шала бұрылып, көз қиығын тастап көрдi. – Мас көзiңдi, мас! — деп, әзiрейiлдей төнiп келе жатқан бiрдеңе. Әр секіргенде екі құлашқа қарғып, қос аяғымен шауып келеді. Артынан тағы бірнешеуі көрінеді. Бұл өңiрдегi күндiз шабатын зобырлардың әдетi. Байтаста үн жоқ, өз бетiмен зымғап барады. Қолды болса, болатын жорға Жұмабай. Ендi не де болса жанды қармайын деп, тақымындағы кестеніне жабысты. Соны суыра берiп: "Әй, анау да көк желкеден тістейді-ау!" – деп жасқаншақтап келе жатыр едi. Ойлағандай-ақ, зобыр кестенді жөндеп суыртпады. Тақымынан толық шығарып алғанша бастырмалатып кеп, аттың сауырынан жуан тырнақтарымен шап бергені. Жұмабай тартысуға да қорғаншық, шабуға да мүгедек болып қалды… Жарқ еткен сәуле бір сәтке көздің қырын шалып ұшты. Сәуле созылған бойы жезгек шынжырға айналды да, зобырдың басына тура тиіп, миын шашып түсірді… Жұмабай бұрылып қалса, қапталда Абай шауып келеді, қолындағы кусаригамасы шыр айнала зулап, ауаны шарпып жатыр. — Жұмеке, байқаңыз! — деген айқаймен Абай оның артындағы зобырларға қарай баса жөнелді. — Мен қалған үшеуін алам'! Жорға Жұмабай “Кестенімнің қуатын енді көресіңдер” дегендей Найманкөкті артқа күрт бұрып, ыршып секірген, денесі бозарған зобырға кестенін сермеп қалды. Жаяу басқан құбыжықтың ессіз, қызыл ала көзіне көзбен тірелген Жұмабай оның сол иығына сап қалып, үш айналдыра аунатты. Мұндай жеңіл соққыларға басыла қоймайтын зобыр ырылдап, орнынан атып тұрды. Сілекей көпірген, шірінді жиналған аузымен арсылдап, енді атыла бергенде, басы Жұмабайдың кестенімен кездесті. Қыс бойы Аxмет Риза академиясында кусаригама қолдану өнерін толық меңгерген Абай зобырларды жақындатпастан екеуін жайратып салды. Байтас шауып жетем' дегенше, Жұмабай үшіншісін кестенмен бас сүйегін талқандады. Миклухо Мақылай. Teńiz Group шедеврлерінен.

Repost from concertzaal
В небе над Турцией появилась облачное «НЛО» В городе Бурса зафиксировали крайне редкое явление — линзовидное облако. Такой статичный волнообразный узор в небе очевидцы зачастую принимают за НЛО, а читатели новостей за компьютерную графику. Бурса находится у подножия горного хребта, что усиливает это явление.

В мире столько кокаина, а ты суёшь свой нос в мои дела

photo content
+8

кетчуп қосылған шындық
кетчуп қосылған шындық

Біздің махаббатты сала алмайды Миядзаки