904
Subscribers
-224 hours
-97 days
-3330 days
Posts Archive
904
Әлеуметтік желіде “Рамазан айының аяқталуымен” таралған видеоларды көріп көңіл күйлеріңізді түсірмеңіздер.
💐Рамазан айы аяқталса да, Алланың мейірім есігі,тәубе есігі, рахым есігі жабылмады. Біздің соңғы демімізге дейін жабылмайды.
«Дәм-тұзың таусылып, ажал жеткенге дейін Раббыңа құлшылық ет»[Хижр сүресі 99].
Асылында, мұсылманның нағыз рамазаны енді басталды. Бойыңызға сіңірген ізгі қасиеттерді дамытып, қалыптастырған әдеттеріңізді өміріңіздің бір бөлшегі етіңіз🤝
904
Repost from Абылай Кенжалы
Бүгін Рамазанның соңғы тақ түні. Бәлкім бүгінгі түн – қадір түні. Дұға қыл.
904
Repost from Абылай Кенжалы
Өзіңді әрдайым басқалармен салыстырудың қатері көп.
Өзіңді басқамен салыстырып, өзіңді жоғары санасаң – тәкәппарлық.
Өзіңді төмен санасаң – Алланың саған берген нығметтеріне күпірлік болып кетуі ықтимал.
Өзіңді ешкіммен салыстырма. Біреуге бірнәрсе дәлелдеуге тырыспа. Алла әр адамды дара тұлға етіп жаратты. Өзіңді тек кешегі өзіңмен ғана салыстыра біл.
#архив
904
Repost from Абылай Кенжалы
Бәлкім он секунд қана уақыт алатын бір дұға – өміріңді түбегейлі өзгертіп жіберуі мүмкін.
#дәл_қазір_дұға_қыл
904
Бүгін сондай түн…
Сіз білмейтін ең ғажайып тағдырлар жазылатын, сіз күтпеген сүйіншілермен сүйіншілейтін, күтпеген ризық пен рахым түсетін түн…💚
https://youtube.com/playlist?list=PLl17fp2CvSGZ8ZAKKDvh99R6Ut_Rp2M8E
Үстін бассаңыз, құлаққа құлаққап тағып,басқа әлемге енуге мүмкіндік
904
Сіздер мен біздерге берілген Ұлы нығметтің бірегейі,өзгеруге және күнәларымызға кәффарат болатын түнді құлшылықпен өткізуді нәсіп етсін!😊🤲🏻
904
Repost from men❤️🩹
💗
жер бетіне періштелердің ұлысы болған Жәбірейіл (а.с) түсетін түні жүрекжарды дұғаңды жасырып қалма…
жүздеген жылдар бойы өмір сүрген, құлшылық қылған басқа қауымдарды сауап тұрғысынан бір-ақ түнде қуып жетуге мүмкіндік бар.
ең хайырлы, ең көркем тағдыр сұра.
қадір түнінің қадірін сезіну жүректің халіне байланысты. кішірей, мұқтаж бол, жалбарын.
түннің маңызы күндізіне де байланысты, жүрегіңді қазірден дайында.
904
Repost from Beisenali Olzhas
Маңызды!
Кім қадір түнін көрген болса, ол оны басқалардан жасыру керек. «Раддул мухтар», 3/513
Себебі, басқалар қадір түнін өтіп кеткенін білсе, үміттері үзіліп, құлшылық жасауларын тоқтатуы мүмкін.
904
Бүгін ең әдемі түннің бірі - Тағдыр(Қадір) түні болуы мүмкін болған түн.
Жиі-жиі дұға жасап, Алладан осы әлемдегі және мәңгілік әлемдегі барлық жақсылықтарды сұраңыз.
Ауырлатпаңыз,жеңілдетіңіз🩵
904
Әл-Бари болған,Раббым✨
Алладан әрдайым Өзінің көркем есімін көрсетіп,есте сақтап жүруге сондай көркем белгілер сұрасақ болады. Сол белгілерді,жағдаяттарды көріп,сезген сайын иман мен біліміміз артады екен✨
Ал оны көре білетін көз және түсініп,ойлана білетін терең білім сұраймыз🤲🏻
