АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
Open in Telegram
Ақтөбе облысы білім басқармасының ресми Telegram-каналы Официальный Telegram-канал Управление образования Актюбинской области
Show more960
Subscribers
-224 hours
-177 days
-4630 days
Posts Archive
⚜️ КӘСІПКЕРЛЕР НАЗАРЫНА
2026 жылғы 10 – 18 қыркүйек аралығында Мәртөк ауданы бойынша балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардан мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға өтініштер https://darabala.kz платформасында қабылданады.
⚜️145 жас педагог Ақтөбе облысының ауыл мектептеріне жұмысқа орналасты
👩🏫Жаңа оқу жылы басталғалы бері Ақтөбе облысының мектептеріне білім беруге және балалардың қабілетін дамытуға дайын 145 жас маман жұмысқа орналасты.
Жас педагогтер өңірдің барлық аудандарына бөлінді. Олардың ішінде білім беру ұйымдарына ең көп маман Әйтеке би ауданында – 36, Мәртөк ауданында – 19 педагог келді.
📊Ақтөбе облысының басқа да аудандарындағы мектептер жас мамандармен толықты. Байғанин ауданындағы мектептерге 15 жас мұғалім, Темір ауданына – 14 маман, Қарғалы ауданына 13 педагог жұмысқа орналасты. Мұғалжар және Ойыл аудандарының әрқайсысына 12 маманнан келді. Сонымен қатар, Алға ауданында 8 жас педагог, Ырғыз ауданында 7 маман, Қобда ауданында 6 мұғалім және Шалқар ауданында 3 жас маман еңбек жолын бастады.
Жалпы 145 жас маман ауылдық жерлердегі білім беру ұйымдарында кәсіби қызметін бастады. Олар педагогтер қатарын толықтырып, алған білімдері мен кәсіби құзыреттерін білім беру үдерісінде тиімді қолдануда.
+3
⚜️Ақтөбе облысының білім беру ұйымдарында «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру жалғасуда
Ақтөбе облысының білім беру ұйымдарында қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға, құқық бұзушылықтың алдын алуға және оқушылардың құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясындағы іс-шаралар жалғасуда.
🏫Осы бағыттағы жұмыстар аясында Ақтөбе қаласындағы №8 орта мектепте жаңадан тағайындалған 100-ден астам сынып жетекшісіне арналған қалалық семинар-практикум өтті. Кездесудің негізгі мақсаты – жас педагогтердің кәмелетке толмағандар арасындағы буллинг, жанжалдар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға дайындығын арттыру.
+4
⚜️Ақтөбе мектептерінде инклюзивті қолдау көрсететін заманауи кабинеттер ашылуда
«Самұрық-Қазына» қорының арнайы жобасы аясында Ақтөбе қаласындағы №40 жалпы білім беретін орта мектепте оқушыларға инклюзивті қолдау көрсету кабинеті ашылды.
✅Бастаманың негізгі мақсаты — ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға тең мүмкіндіктер жасау және олардың қоғамға бейімделуіне қолдау көрсету.
Кабинетте дефектолог, логопед және психолог мамандардың жеке жұмыс істеуіне арналған арнайы аймақтар қарастырылған. Сондай-ақ заманауи тренажерлар мен қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған емдік дене шынықтыру (ЛФК) кабинеті жұмыс істейді.
🧩Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында арнайы құрал-жабдықтармен жабдықталған, сазбалшықпен жұмыс істеуге арналған нағыз қыш шеберханасы да жасақталған.
Қазіргі таңда мектепте 1616 оқушы білім алады. Оның ішінде 32 бала ерекше білім беру қажеттіліктеріне ие және қажетті қолдаумен қамтылған.
+3
⚜️Ақтөбе облысында білім беру саласындағы мемлекеттік сатып алу мәселелері талқыланды
Ақтөбе облысында білім беру ұйымдарындағы мемлекеттік сатып алу рәсімдерін заң талаптарына сәйкес ұйымдастыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне арналған жиын өтті.
🏫Іс-шараға 400-ден астам білім беру ұйымдарының басшылары – мектеп директорлары, колледж директорлары, сондай-ақ аудандық және қалалық білім бөлімдерінің басшылары мен жауапты мамандары қатысты.
Жиын барысында мемлекеттік сатып алу саласындағы қолданыстағы заңнама талаптары, сатып алу рәсімдерін ұйымдастырудың негізгі қағидаттары және тапсырыс берушілер тарапынан жіберілуі мүмкін құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері талқыланды.
✅Іс-шараның негізгі мақсаты – білім беру ұйымдарының басшылары мен мемлекеттік сатып алуға жауапты мамандардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сатып алу рәсімдерінің ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол бермеу.
+4
⚜️Ақтөбе облысында білім саласының өзекті мәселелері талқыланды
Білім саласының өзекті мәселелері бойынша кеңес Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Жолдас Батырханның төрағалығымен өтті.
Кеңеске білім басқармасының басшысы Бұлбұл Күзембаева, Ақтөбе облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, Төтенше жағдайлар департаменті, облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының өкілдері, сондай-ақ қалалық және аудандық білім бөлімдерінің басшылары қатысты. Жалпы кеңеске офлайн форматта 15, ZOOM платформасы арқылы 20 адам қатысты.
🖌️Кеңес барысында білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қолайлы орта қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Жекелей алғанда, қатысушылар оқу орындарының санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігін, өрт қауіпсіздігі қағидаларының сақталуын, жаңа білім беру нысандарының құрылыс барысы мен оларды жаңа оқу жылы қарсаңында пайдалануға беруді, сондай-ақ ұйымдардың инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуін қарастырды.
⚜️Ақтөбе облысының мектептерінде стоматологиялық кабинеттер жұмысын бастады
Ақтөбе облысының білім беру ұйымдарында өсіп келе жатқан ұрпақтың денсаулығын сақтауға бағытталған стоматологиялық кабинеттер жұмыс істей бастады. Осындай заманауи кабинеттердің бірі 2 011 оқушы білім алатын № 21 мамандандырылған гимназия базасында ашылды.
🧑🔬Енді мектеп оқушылары жоспарлы профилактикалық тексеруден оқу процесінен қол үзбей, тікелей білім беру мекемесінің өзінде өте алады. Сонымен қатар, кенеттен тіс ауырған жағдайда оқушылар алғашқы көмек алу үшін маманға жедел түрде жүгіне алады.
Кабинеттердің ашылуы балалардың денсаулығын нығайту бойынша ауқымды жұмыстың бір бөлігіне айналды. Өңірде 2025–2028 жылдарға арналған «Болашаққа – сау тістермен» Жол картасын іске асыру жалғасуда. Жобаның басты мақсаты — балалардағы ауыз қуысы ауруларының алдын алу мен оларды ерте анықтауды мүмкіндігінше қолжетімді әрі жүйелі ету.
⚜️Отбасылық құндылықтар оқушылар назарында
Алға ауданындағы №2 Маржанбұлақ орта мектебінде Отбасы күніне орай оқушылар мен «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпазы Бисалиевтер отбасының кездесуі өтті.
♻️Кездесудің негізгі мақсаты – оқушылар арасында отбасылық құндылықтарды дәріптеу, үлкенге құрмет пен кішіге ізет көрсету, ұрпақтар сабақтастығын насихаттау.
👵🏼Іс-шара барысында Бисалиевтер отбасы өздерінің отбасылық дәстүрлері мен өмірлік тәжірибелері туралы айтып, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Оқушылар отбасы мүшелері арасындағы өзара сыйластық, қолдау және жауапкершіліктің маңызы туралы пікір алмасты.
Кездесу барысында отбасы құндылықтарын сақтау мен нығайтудың маңызына ерекше назар аударылды. Отбасы – баланың тұлға ретінде қалыптасып, рухани-адамгершілік құндылықтарды бойына сіңіретін негізгі орта.
🎥Ақтөбе облысының мектептерінде стоматологиялық кабинеттер ашылуда
Ақтөбе облысында 2025–2028 жылдарға арналған «Болашаққа – сау тістермен» Жол картасын іске асыру жалғасуда. Жоба аясында балаларға ауыз қуысы ауруларының алдын алу және оларды ерте анықтау мүмкіндігін қолжетімді ету мақсатында мектептердің өзінде стоматологиялық кабинеттер ашылуда.
Жалпы, оқушы саны 1000-нан асатын 59 мектепте стоматологиялық кабинет ашу жоспарланған. 2025 жылы 14 мектепте кабинет ашылса, 2026 жылы тағы 15 кабинет ашу жоспарлануда.
Жыл басынан бері профилактикалық стоматологиялық тексеруден 7 847 оқушы өтті.
+4
⚜️ «Келешек мектебінің» оқушылары табиғатты зерттеп, жасыл болашақты қалыптастыруда
🌏Ақтөбе қаласындағы №82 «Келешек мектебінде» «Таза Қазақстан» бастамасы аясында 150-ге жуық оқушының қатысуымен табиғатты қорғау, көгалдандыру және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған ауқымды тәжірибелік жоба ұйымдастырылды.
Бұл күні оқушылар барқытгүл тұқымдарын келесі маусымға сақтау үшін жинап, раушан гүлдерінің қураған бөліктерін алып, өсімдік түптерін қопсытты. Канна мен раушан гүлдеріне қажетті тыңайтқыштар себіліп, өсімдіктердің қысқы кезеңге дайындалуына жағдай жасалды.
🌳Іс-шараның ерекшелігі – оқушылардың табиғатты қорғау жұмыстарын еңбекпен ғана шектемей, зерттеу арқылы ұштастыруы. Білім алушылар мектеп ауласындағы жасыл желектер мен гүлзарлардың жағдайына мониторинг жүргізіп, топырақтың ылғалдылығын зерттеді, мектеп аумағындағы биоалуантүрлілікті танып-білу мақсатында гербарий дайындады.
+2
⚜️Ақтөбелік педагог авторлық бағдарламасын халықаралық фестивальде таныстырады
Ақтөбе қаласындағы №49 «Думан» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі Индира Назарова өзінің авторлық әзірлемесін халықаралық деңгейде таныстыруға мүмкіндік алды.
👩🏫Педагог балалардың шығармашылық қабілеттері мен дағдыларын мультфильм жасау арқылы дамытуға бағытталған «Мультстудия “Живые кадрики”» атты авторлық бағдарламасын әзірлеген.
Индира Назарова дайындаған материалдар республикалық сарапшылардың қарауына ұсынылып, жоғары бағаланды. Іріктеу қорытындысы бойынша педагог IV Халықаралық педагогикалық шеберлік фестиваліне қатысуға шақырту алды.
🌏Іс-шара 1-3 қазан аралығында Беларусь Республикасының Минск қаласында мұғалімдер мен білім беру қызметкерлерінің IX съезі аясында өтеді.
Халықаралық фестивальге қатысу ақтөбелік педагогке өз тәжірибесін түрлі елдердің әріптестерімен бөлісіп, балалармен жұмыс істеуде қолданатын авторлық әдістемелерін таныстыруға мүмкіндік береді.
+1
🔵Қазақстанда Отбасы күніне арналған апталық басталды
📌Қазақстанда 7-13 қыркүйек аралығында өтетін Отбасы күніне арналған апталық басталды. Елімізде Отбасы күні дәстүрлі түрде қыркүйектің екінші жексенбісінде аталып өтеді.
Апта бойы еліміздің өңірлерінде отбасы құндылықтарын дәріптеуге, отбасындағы қарым-қатынас мәдениетін дамытуға және саналы ата-ана болудың маңызын түсіндіруге бағытталған ақпараттық, танымдық және қоғамдық іс-шаралар өтеді.
Апталықтың әр күні жеке тақырыпқа арналады. Бағдарлама ұрпақтар сабақтастығы, саналы түрде отбасын құру, бала денсаулығы мен қауіпсіздігі, отбасы берекесі және ата-ана мен баланың бірге уақыт өткізуі секілді маңызды тақырыптарды қамтиды.
Сондай-ақ әлеуметтік желілерде «Отбасымыздың бір күні» ұранымен жалпыұлттық #Otbasym2026 челленджі өтеді.
+4
🦷 Ақтөбе облысының мектептерінде стоматологиялық кабинеттер ашылуда
📌 Ақтөбе облысында 2025–2028 жылдарға арналған «Болашаққа – сау тіспен» Жол картасын іске асыру жалғасуда. Жоба аясында мектептерде стоматологиялық кабинеттер ашылып, ауыз қуысы ауруларының алдын алу және оларды ерте кезеңде анықтау жұмыстары оқушылардың білім алатын жерінде жүргізілуде.
Жалпы облыс бойынша оқушы саны 1000-нан асатын 59 мектепте стоматологиялық кабинет ашу жоспарланған.
2025 жылы мұндай кабинеттер 14 мектепте ашылды: оның 12-сі - Ақтөбе қаласында, 2-еуі - аудан орталықтарында орналасқан. 2026 жылы тағы 15 кабинет ашу жоспарлануда. Оның ішінде 12-сі Ақтөбе қаласындағы, 3-еуі аудан орталықтарындағы мектептерде ашылады.
Жыл басынан бері 7 847 оқушы профилактикалық стоматологиялық тексеруден өткен. 1 719 баладан жеңіл және орташа дәрежедегі кариес анықталыпты. Стоматологиялық мәселелер анықталған жағдайда балаларға қажетті медициналық сүйемелдеу көрсетіліп, әрі қарай ем алу бойынша ұсынымдар беріледі.
⚜️Ақтөбеде студенттерге еңбек кітапшалары табысталды
Ақтөбеде дуальды оқыту жүйесі бойынша білім алып жатқан Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжінің студенттеріне еңбек кітапшалары табысталды.
🧑🎓4-курс студенттеріне «Самұрық-Қазына» АҚ атынан еңбек кітапшалары мен естелік сыйлықтарды Қордың Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов салтанатты түрде табыстады. Олардың қатарында теміржол саласының болашақ мамандары бар.
Салтанатты шара Ақтөбе теміржол вокзалында өтті. Оған Ақтөбе облысының әкімі Асхат Берлешұлы Шахаров қатысып, студенттерді еңбек кітапшаларын алуымен құттықтап, кәсіби жолдарына сәттілік тіледі.
👮♀️Еңбек кітапшасының табысталуы студенттердің оқу кезеңінде өндірістік тәжірибеден өтіп, еңбек қызметіне ерте араласуына мүмкіндік беретін дуальды оқыту жүйесінің практикалық маңызын көрсетеді.
🏫Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжінің тұрақты серіктестерінің бірі – Ақтөбе сигнализация және байланыс дистанциясы.
+2
⚡️«Адал азамат»: 2 мыңнан астам мектепте бірыңғай тәрбиелік орта қалыптастырылады
✍🏻 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының қолданыс аясын кеңейту жөніндегі тапсырмасына сәйкес еліміздің мектептерінде бірыңғай тәрбиелік орта қалыптастыру жұмыстары жүргізілуде. Білім беру кеңістігі арнайы әзірленген брендбук негізінде мазмұндық және көрнекі материалдармен толықтырылып жатыр.
🎨Мектептерді безендіруде «Адал азамат» бағдарламасының негізгі құндылықтары, Жаңа Конституцияның нормалары мен құндылықтары, «Таза Қазақстан» идеялары, ұлы тұлғалардың тағылымды сөздері, сондай-ақ Қазақстанның табиғаты мен көрікті жерлерін танытатын бейнелер қамтылған.
🌱Бұл жұмыс «Адал азамат» құндылықтарын оқушылардың күнделікті ортасына енгізуге, олардың бойында азаматтық жауапкершілік пен отаншылдықты, заңға бағыну мәдениетін және қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыруға бағытталған.
🎥В системе ТиПО Актюбинской области готовят специалистов по обслуживанию лифтов и эскалаторов.
С нового учебного года в Актюбинском строительно-техническом колледже началась подготовка специалистов по новому для региона направлению — специальности «Лифтовое хозяйство и эскалаторы».
Новая специальность открыта в рамках государственного образовательного заказа. На 2026–2027 учебный год по этому направлению выделено 45 грантов: 20 из них — для выпускников 9 классов, 25 — для выпускников 11 классов.
Образовательная программа ориентирована прежде всего на формирование практических навыков. Студенты освоят электротехнику, автоматизированные системы управления, техническую диагностику оборудования, а также современные методы выявления и устранения неполадок лифтов и эскалаторов.
В процессе обучения особое внимание уделяется соблюдению требований охраны труда и техники безопасности. Эксплуатация и техническое обслуживание такого оборудования требуют высокой квалификации и строгого соблюдения установленных правил.
