cookie

نحن نستخدم ملفات تعريف الارتباط لتحسين تجربة التصفح الخاصة بك. بالنقر على "قبول الكل"، أنت توافق على استخدام ملفات تعريف الارتباط.

avatar

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

Ақтөбе облысы білім басқармасының ресми Telegram-каналы Официальный Telegram-канал Управление образования Актюбинской области

إظهار المزيد
مشاركات الإعلانات
915
المشتركون
+424 ساعات
+27 أيام
-230 أيام
أرشيف المشاركات
Photo unavailableShow in Telegram
⚡️⚡️⚡️ 4️⃣8️⃣0️⃣ түлек «Алтын белгі» алды 📎 2024 жылы 11 сыныпты 9236 түлек аяқтады. Оның ішінде 480 түлек «Алтын белгі» төсбелгісімен марапатталды, ал 663 түлек жалпы орта білім туралы үздік аттестат алды.
إظهار الكل...
БАСҚАРМА БАСШЫСЫ МӘРТӨК АУДАНЫНЫҢ МЕКТЕПТЕРІН АРАЛАДЫ ⚡Басқарма басшысы Жайық Сұлтан Кеңсахара орта мектебінің жай-күйімен танысты. 150 орынды мектеп 1967 жылы салынған. Мектептің ішкі сылағы түсіп, инженерлік жүйелері тозған. 💬– Өңірдегі білім ордаларын күрделі жөндеуден өткізу - уақыт күттірмейтін іс. Балаларымызға қолайлы жағдай жасау үшін бар күшімізді салуымыз керек. Аудандағы тозығы жеткен білім ошақтарын толық тексеріп, қысқа мерзімде ұсыныс беруді тапсырамын, – деді Жайық Сұлтан. ✅ Айта кетсек, 2020 жылдың наурыз айында «АқтөбеГенстрой» ЖШС Кеңсахара орта мектебіне техникалық тексеру жүргізді. Алдағы уақытта 100 орындық жаңа мектеп салу жоспарлануда.
إظهار الكل...
00:54
Video unavailableShow in Telegram
17.47 MB
Photo unavailableShow in Telegram
ХРОМТАУЛЫҚ ОҚУШЫ - «АБАЙ ОҚУЛАРЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ ⚡️ «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 10-13 маусым күндері Абай облысы, Абай ауданы, «Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешенінің базасында жалпы білім беру ұйымдарының 8-11-сынып оқушылары арасында ХХҮ республикалық «Абай оқуларын» өткізді. 📍Мақсаты - қазақ халқының әдеби мұрасын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық қазақ әдебиетін оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, Абай мен Шәкәрім шығармаларындағы эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиетті насихаттау, ұлылар поэзиясына, ұлттың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. 🥈Республикалық қорытынды кезеңге Ақтөбе облысынан 6 дарынды оқушы 6 номинация бойынша қатысты: «Сөз өнеріндегі Ұлы Абай бейнесі» номинациясы бойынша №3 Хромтау орта мектебінің 10-класс оқушысы Нұрайым Аманғос II дәрежелі дипломмен марапатталды. Құттықтаймыз! #Ақтөбеоблысыбілімбасқармасы @oqu_agartu_ministrligi @rspc_daryn
إظهار الكل...
#Repost @zhubanov.university with @let.repost • • • • • • 📌 Болашақ талапкерлер назарына! Толығырақ ақпаратты: Қабылдау комиссиясы Телефон:   +77767861285; +77785509195 Whats App: +77475183583 🖇️ Мекен-жай: Ә.Молдағұлова, 34Б 📌 Внимание будущим абитуриентам! Подробнее: Приемная комиссия Телефон:   +77767861285; +77785509195 Whats App: +77475183583 🖇️ Адрес: А.Молдагулова, 34Б
إظهار الكل...
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА МЕДИАЦИЯНЫ ДАМЫТУ: МЕДИАЦИЯ ЖӘНЕ БІЛІМ ОРДАЛАРЫНДАҒЫ ДАУ-ЖАНЖАЛДАРДЫ ШЕШУ» ТАҚЫРЫБЫНДА КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ Бүгін «Қазақстан Республикасында медиацияны дамыту: Медиация және білім ордаларындағы дау- жанжалдарды шешу» тақырыбында конференция өтті. Конференцияға «Халықаралық келіссөздер академиясы» Қауымдастығы» ЗТБ төрағасы Сабыржан Қалмұхамбетов, «Халықаралық келіссөздер академиясы» Қауымдастығы» ЗТБ сарапшысы, Астана қаласы заң консультанттары палатасының жетекшісі Ислам Болатов, мектеп медиациясына жауапты әдіскерлер, мектеп психологтері қатысты. Шарада медиацияны қолданудың маңызды аспектілері, «Қазақстан Республикасындағы медиацияны дамыту» республикалық жобасының барысы, медиаторларды мемлекеттік қолдау шаралары және медиацияны дамыту мақсатында жасалып жатқан жаңа тұжырымдама жобасы, білім беру ұйымдарындағы дау-жанжалдарды шешу жолдары талқыланды. Сондай-ақ, спикерлер медиация тәртібімен шешілген істерде татуластыру рәсімдерін қолдану тәжірибелерімен бөлісті.
إظهار الكل...
ЕҢ ҮЗДІК АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ 🥇 2023-2024 оқу жылындағы жалпы білім беру пәндері бойынша оқушылар арасындағы ресубликалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне 590 білім беру ұйымынан 1636 оқушы қатысты. Оның ішінде 191 оқушы ауыл мектептерінен, олар жалпы қатысушылардың 11,6% құрайды және бұл өткен жылымен салыстырғанда, 2%-ға көп. 📎 2023-2024 оқу жылында ауыл мектептерінің 9-11(12) сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың 65 жеңімпазы олимпиаданың қорытынды кезеңіне қатысушылар қатарына қосылды. 📌 Олимпиада қорытындысы бойынша 16 оқушы жүлделі орындарға ие болды, бұл ауыл мектептерінен келген қатысушылардың көрсеткіш сапасының 24 пайызын құрады. Нәтижесінде республикадағы ең үздік 14 ауыл мектебінің тізімі жасалды. Сол тізімге Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы №7 жалпы орта білім беретін мектебі енді. Құттықтаймыз!
إظهار الكل...
📲 Аттестат о среднем образовании будет доступен в Еgov Mobile 💬 Перечень цифровых документов пополнился аттестатом об основном среднем и общем среднем образовании. Он будет доступен в новом сервисе «Bilim» в мобильном приложении eGovMobile, передает пресс-служба Минпросвещения Казахстана. «Начиная с этого года аттестаты выпускников школ будут доступны в цифровом формате. Для этого в мобильном приложении eGovMobile необходимо пройти на новый сервис «Bilim», где в разделе «Мои дети» будут доступны цифровые документы несовершеннолетних для родителей или законных представителей», — отметила и.о. директора департамента цифровизации Майра Маралбаева. 📌 Напомним, месяц назад Министерством просвещения РК был запущен новый сервис «Bilim» в мобильном приложении eGovMobile, который включает несколько разделов, содержащих информацию об образовании, цифровые документы и др. Годом ранее в приложении стали доступны дипломы колледжей с QR-кодом. Фотоиллюстрация ИИ
إظهار الكل...
📲 Орта білім туралы аттестат Egov Mobile қосымшасынан беріле бастады 💬 Цифрлық құжаттардың қатары негізгі орта және жалпы орта білім туралы аттестатпен толықты. Ол енді eGovMobile мобильді қосымшасындағы «Bilim» жаңа қызмет көрсету сервисінде қолжетімді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі. «Осы жылдан бастап мектеп түлектері аттестаттарын цифрлық нұсқада ала бастайды. Ол үшін eGovMobile мобильді қосымшасындағы «Bilim» сервисіне өту керек, мұнда «Менің балаларым» бөлімінде ата-аналар мен заңды өкілдері үшін кәмелетке толмаған балалардың құжаттары қолжетімді болады», - дейді цифрландыру департаменті директорының міндетін атқарушы Майра Маралбаева. 📌 Естеріңізге сала кетейік, осыдан бір ай бұрын ҚР Оқу-ағарту министрлігі eGovMobile мобильді қосымшасында «Bilim» жаңа сервисін іске қосқан болатын. Мұнда білім туралы мәліметтер, цифрлық құжаттар берілген бірнеше бөлім бар. Ал бір жыл бұрын қосымшада колледж дипломдары QR-кодпен беріле бастады. Жасанды интеллект фотоиллюстрациясы
إظهار الكل...
КЕЗЕКТІ РЕСМИ КЕЗДЕСУ ӨТТІ ⚡ Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжі базасында Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі «SES» (Senior Experten Service, Германия) неміс экономикалық қорының өкілдерімен кезекті ресми кездесу өтті. 👥 Кездесуге қала дәрігерлері, білім беру ұйымдарының психологтары, әлеуметтік педагогтер қатысты. 📝 Дәріскерлер қатысушыларға «Ерте жастағы балалардың психикалық және психологиялық дамуы мәселелері», «Стрессті түзету және басқару» тақырыптарында дәрістер оқыды. ✅ Шара соңында спикерлермен пікір алмасып, сұрақтарға жауаптар берілді.
إظهار الكل...
АҚТӨБЕЛІК ОҚУШЫ - АЗИЯ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ҚОЛА МЕДАЛЬ ИЕГЕРІ 🇲🇾 Малайзияның Кампар қаласында физикадан Халықаралық Азия олимпиадасы өз мәресіне жетті. Онда әлемнің 27 елінен 212 оқушы бақ сынасты. Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының 11- сынып оқушысы Артур Ким қола медаль иеленді. 🏆 Қазақстан құрамасы бір күміс, алты қола медальға және бір мақтау грамотасына ие болды. 🇰🇿 Артур Иран мемлекетінде 21-29 шілде аралығында өтетін Халықаралық физика Олимпиадасына жолдама алды.
إظهار الكل...
ℹ️ Постановка ребенка на очередь в детсад: перечень необходимых документов 💬 Постановка на очередь детей дошкольного возраста для направления в дошкольные организации – государственная услуга, которая оказывается управлениями и отделами образования, для получения которой родитель или законный представитель ребенка направляет заявление и документы через веб-портал «электронного правительства» или объекты информатизации. 📎 Для этого необходимы следующие документы: • заявление в форме электронного документа;• электронная копия заключения психолого-медико-педагогической консультации для детей с ограниченными возможностями (при наличии);• электронная копия документа врача-фтизиатра при постановке на очередь в санаторные ДО. 📎 Услугополучатели, которым места в ДО предоставляются вне очереди или в первоочередном порядке, должны предоставить дополнительные документы: • электронную копию справки, выданной с места работы военнослужащего или сотрудника специальных государственных органов, правоохранительных органов, правоохранительных органов, фельдъегерской службы заверенную подписью уполномоченного лица и печатью (действительна в течение месяца со дня выдачи);• справку с места работы педагога, медицинского работника, заверенную подписью руководителя организации и печатью (действительна в течение месяца со дня выдачи). 📎 При оказании государственной услуги по зачислению детей в дошкольную организацию требуются следующие документы: • заявление по форме;• карта профилактических прививок формы № 065/у;• справка формы № 052-2/у «Паспорт здоровья ребенка»;• справка формы № 027/у;• электронная копия заключения психолого-медико-педагогической консультации для детей с ограниченными возможностями (при наличии); • электронная копия справки, выданной с места работы военнослужащего или сотрудника специальных государственных органов, правоохранительных органов, заверенная подписью уполномоченного лица и печатью (действительна в течение месяца со дня выдачи);• справка с места работы педагога, медицинского работника заверенная подписью руководителя организации и печатью (действительна в течение месяца со дня выдачи). 📌 Сведения о документах, удостоверяющих личность, о свидетельстве о рождении ребенка, сведения, подтверждающие первоочередное получения направления в ДО, услугодатели получают из соответствующих государственных информационных систем. Фотоиллюстрация ИИ
إظهار الكل...
ℹ️ Баланы балабақшаға кезекке қою: қажетті құжаттар тізімі 💬 Мектепке дейінгі жастағы баланы балабақшаға кезекке қою мемлекеттік қызмет болып табылады. Оны білім беру бөлімдері мен басқармалары жүзеге асырады, ол үшін ата-ана немесе баланың заңды өкілі «электронды үкімет» веб-порталы немесе ақпараттандыру нысандары арқылы өтініші мен құжаттарын жолдайды. 📎 Ол үшін келесі құжаттар қажет: • электронды құжат нысанындағы өтініш; • мүмкіндігі шектеулі балалар үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы (бар болған жағдайда); • санаториялық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына кезекке қою үшін фтизиатр-дәрігер берген құжаттың электронды көшірмесі. 📎 МДҰ-ға кезектен тыс немесе бірінші кезектегі тәртіппен қызметті алушылар қосымша тапсырады: • әскери қызметкердің немесе арнаулы мемлекеттік орган, құқық қорғау органдары, фельдъегерлік байланыс қызметкерінің жұмыс орнынан берілген, мөр басылған және уәкілетті тұлғаның қолы қойылған анықтаманың электронды көшірмесі (берілген күннен бастап бір ай ішінде жарамды); • ұйым басшысының мөрімен және қолымен расталған педагогтің, медициналық қызметкердің жұмыс орнынан анықтама (берілген күннен бастап бір ай ішінде жарамды). 📎 Балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету кезінде келесі құжаттар талап етіледі: • нысан бойынша өтініш; • № 065/е нысанды профилактикалық екпелердің картасы; • 052-2/у нысандағы «Бала денсаулығы паспорты»; • № 027/е нысанындағы анықтама; • психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысының (мүмкіндігі шектеулі балалар үшін) (болған жағдайда) электронды көшірмесі; • әскери қызметшінің немесе арнаулы мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының қызметкерінің жұмыс орнынан берілген, уәкілетті адамның қолымен және мөрімен расталған анықтаманың электронды көшірмесі (берілген күннен бастап бір ай ішінде жарамды); • ұйым басшысының мөрімен және қолымен расталған педагогтің, медициналық қызметкердің жұмыс орнынан анықтама (берілген күннен бастап бір ай ішінде жарамды). 📌 Жеке басын куәландыратын құжаттар, баланың туу туралы куәлігі туралы мәліметтер, МДҰ-ға бірінші кезекте жолдама алуды растайтын мәліметтер тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынады. Жасанды интеллект фотоиллюстрациясы
إظهار الكل...
📌 АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА! ⚡️ ⚡️ ⚡️ 📌 ВНИМАНИЮ РОДИТЕЛЕЙ!
إظهار الكل...
АУЫЛ БАЛАЛАРЫНЫҢ ДЕМАЛЫСЫ 🏕️Ақтөбе облысының «Шұғыла» қала сыртындағы лагерінде "Қазақстан халқына " қорының "QH Жаздық жолдама" жобасы аясында ауыл оқушылары демалуда. 👫Жалпы аталған лагерде облысымыздың 383 баласы демалады. 💐Барлық балаларға жақсы және көңілді демалыс тілейміз! #JazJoldama2024 #qazaqstanhalqyna
إظهار الكل...
Қазақстандық оқушылар физикадан Азия олимпиадасына (APhO) қатысуда 🇲🇾 Малайзияның Кампар қаласында 3-10 маусым аралығында APhO физикадан Азия олимпиадасы өтуде. Оған әлемнің 28-ден астам елінен оқушылар қатысуда. ✅ Физикадан Азия олимпиадасы – Азия-Тынық мұхиты аймағындағы елдердің мектеп оқушылары арасында физикадан 2000 жылдан бері жыл сайын өткізілетін бірегей зияткерлік жарыс. 👥 Қазақстан құрамасының мүшелері: ⏺️ Марғулан Нұрсағатов – Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 11 сынып оқушысы; ⏺️ Досжан Бисимби – Алматы қаласының «Мирас» халықаралық мектебінің 12 сынып оқушысы; ⏺️ Артур Ким – Ақтөбе облыстық дарынды жасөспірімдерге арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы; ⏺️ Амир Пшенбаев – Астана қаласының дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы; ⏺️ Нұрбол Закир – Атырау облыстық №1 «Білім-инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы; ⏺️ Ілияс Қазымбек – Астана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 11 сынып оқушысы; ⏺️ Нұрасыл Барлыбаев – Атырау облыстық №1 «Білім-инновация» лицей-интернатының 10 сынып оқушысы; ⏺️ Бекасыл Елубай – Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушысы. 🧑🏻‍🏫 Құрама команда жетекшілері: ⏺️ Самат Мақсұтов – PhD докторы, SDU доценті; ⏺️Нұрдәулет Қаласов – PhD докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы. 📎 Атап өтсек, 2023 жылы өткен физикадан Азия олимпиадасында Қазақстан құрама командасы 1 алтын, 2 қола медаль және 2 Құрмет грамотасымен марапатталды.
إظهار الكل...
01:39
Video unavailableShow in Telegram
"Таза қала - таза жағалау" акциясы
إظهار الكل...
31.80 MB