en
Feedback
Қарағанды соттары

Қарағанды соттары

Open in Telegram

♦️Қарағанды облысы соттарының ресми парақшасы ♦️Официальная страница судов Карагандинской области Сайт https://krg.sud.kz/ Instagram https://www.instagram.com/krgsoty Facebook https://www.facebook.com/krgsoty

Show more
465
Subscribers
No data24 hours
-17 days
+730 days
Posts Archive
⚖️Суд освободил водителя от ответственности из-за заботы матери-инвалиде ▪️Бухар-Жырауским районным судом Карагандинской области рассмотрено дело об административном правонарушении в отношении Т. по ч.3 ст.596 КоАП. ▪️Судом установлено: 04 мая 2026 года Т., управляя автомобилем марки «Ваз 21110», двигаясь на 42 километре автодороги «Караганда-Аягоз-Бугаз-Тарбагатай», на участке дороги, обозначенном знаком «Обгон запрещен», совершил обгон транспортного средства, при этом выехал на полосу, предназначенную для встречного движения. Вина Т. доказана его признательными показаниями и другими материалами дела. ▪️Решение по делу: Санкция ч.3 ст.596 КоАП предусматривает лишение права на управление транспортными средствами на срок шесть месяцев. Вместе с тем, в соответствии со ст. 64-1 КоАП при малозначительности совершенного административного правонарушения судья, уполномоченный рассматривать дела об административных правонарушениях, может освободить лицо, совершившее административное правонарушение, от административной ответственности, ограничившись устным замечанием. Учитывая сложившуюся ситуацию, что Т. осуществляет уход за матерью, являющейся инвалидом первой группы, за которой он осуществляет полный уход, также, что транспортное средство является единственным источником дохода, на котором он возит мать на лечение, его материальное положение, характер и обстоятельства совершения административного правонарушения, суд, признав совершенное правонарушение малозначительным, освободил его от административной ответственности, ограничившись устным замечанием. Производство по делу прекращено на основании статьи 742 КоАП. Постановление суда вступило в законную силу. Пресс-служба Бухар-Жырауского районного суда Карагандинской области

⚖️Сот мүгедектігі бар анасына күтім жасауына байланысты жүргізушіні жауаптылықтан босатты ▪️Қарағанды облысының Бұқар жырау аудандық соты ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабының 3-бөлігі бойынша Т. қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы істі қарады. ▪️Сот анықтағаны: 2026 жылғы 4 мамырда Т. «ВАЗ 21110» маркалы автокөлікті басқарып, «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз-Тарбағатай» автожолының 42-шақырымында, «Басып озуға тыйым салынады» жол белгісі орнатылған учаскеде көлік құралын басып озып, қарсы бағыттағы қозғалысқа арналған жолаққа шыққан. Т.-ның кінәсі өзінің кінәсін мойындаған түсініктемелерімен және іс бойынша жинақталған басқа да материалдармен дәлелденді. ▪️Іс бойынша шешім: ӘҚБтК-нің 596-бабының 3-бөлігінің санкциясы алты ай мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруды көздейді. Сонымен бірге, ӘҚБтК-нің 64-1-бабына сәйкес жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтың маңызы болмашы болған кезде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген судья, ауызша ескертумен шектеле отырып, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамды әкімшілік жауаптылықтан босатуы мүмкін. Т. бірінші топтағы мүгедектігі бар анасына толық күтім жасайтынын, сондай-ақ автокөлік оның жалғыз табыс көзі болып табылатынын және аталған көлікпен анасын емделуге апаратынын, оның материалдық жағдайын, әкімшілік құқық бұзушылықтың сипаты мен жасалу мән-жайларын ескере отырып, сот жасалған құқық бұзушылықты болмашы деп танып, Т.-ны әкімшілік жауаптылықтан босатты және ауызша ескертумен шектелді. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзу ӘҚБтК-нің 742-бабының негізінде тоқтатылды. Қаулы заңды күшіне енді. Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық сотының баспасөз қызметі

Из справки: На форуме председателей верховных судов стран БРИКС и стран-партнеров, прошедший в Нью-Дели (Индия), приняло участие представители 16 стран. 9 стран-участниц БРИКС: Бразилия, Китай, Египет, Эфиопия, Индонезия, Иран, РФ, ЮАР и ОАЭ. 7 стран партнеров: Беларусь, Боливия, Казахстан, Малайзия, Таиланд, Уганда и Узбекистан. В этом году форум проходил под председательством Индии.   Обсуждены основные темы: искусственный интеллект в судебной системе, международный арбитраж и медиация, исполнение арбитражных решений и устойчивое развитие.

Цифровизация правосудия Казахстана вызвала интерес на форуме БРИКС ▪️Делегация Верховного Суда Казахстана во главе с Председателем Асламбеком Мергалиевым по приглашению высшего судебного органа Индии совершила рабочий визит в Нью-Дели, где состоялся форум председателей верховных судов стран с быстро развивающейся экономикой (БРИКС) и его партнеров.   ▪️В составе делегации – председатель Павлодарского областного суда Серик Толегенов.   ▪️Председатель ВС РК Асламбек Мергалиев, выступая на форуме, отметил особое значение первого участия Казахстана в мероприятии в статусе страны-партнера БРИКС. По его словам, расширение формата объединения создает дополнительные возможности для укрепления международного судебного взаимодействия и обмена опытом. ▪️Казахстан представил участникам форума ключевые результаты судебной модернизации, ориентированной прежде всего на повышение стандартов защиты прав человека и доступности правосудия. Среди них переход к модели «сплошной кассации» и создание трех самостоятельных кассационных судов, обеспечивших безусловный доступ к пересмотру судебных актов. ▪️Отдельное внимание уделено цифровой трансформации правосудия: 95% документов поступают в электронном виде, более 80% участников участвуют в процессах дистанционно.   ▪️Судьи применяют в работе цифровые помощники на базе искусственного интеллекта для анализа материалов и судебной практики, алгоритмы автоматического рассмотрения отдельных категорий бесспорных дел, сократившие срок их рассмотрения с одного дня до одной минуты. Параллельно развивается институт экстерриториальной подсудности.   ▪️Представленные Казахстаном решения вызвали интерес участников форума. Одним из факторов, усиливших внимание к казахстанскому опыту, стали результаты рейтинга БРИКС «Верховенства права»: Казахстан занял в нем почетное третье место. ▪️В ходе обсуждений зарубежные коллеги высказали предложения о дальнейшем обмене опытом и проведении предстоящих встреч с более глубокой проработкой вопросов, связанных с цифровизацией, искусственным интеллектом и современными механизмами отправления правосудия.   ▪️А.Мергалиев подтвердил готовность Казахстана делиться практическими наработками в сфере судебных IT-решений, медиации и административной юстиции.   ▪️Интерес к казахстанскому опыту получил продолжение и в рамках двусторонних встреч, проведенных на полях форума.   ▪️С Председателем Верховного Суда РФ Игорем Красновым обсуждены вопросы двустороннего сотрудничества, цифровизации правосудия и взаимодействия на международных площадках. ▪️Подтверждена поддержка Казахстаном инициативы о председательстве ВС РФ в совещании председателей верховных судов стран – членов ШОС в 2027–2028 годах, а также присоединения к решению о придании Российскому государственному университету правосудия им. В.Лебедева статуса базовой организации СНГ.   ▪️И.Краснов отметил достижения Казахстана в IT-модернизации судебной системы, включая развитие сервиса «Судебный кабинет», а также интерес российского юридического сообщества к статье А.Мергалиева в журнале «Судья».   ▪️Стороны подтвердили готовность подписать Программу сотрудничества верховных судов двух стран на два года в рамках предстоящего официального визита Председателя ВС РФ в Астану.   ▪️На встрече с Председателем Верховного Суда Индии Сурьей Кантом отмечен устойчивый характер договорно-правовой базы двустороннего сотрудничества. Приоритетными направлениями определены регулярный обмен опытом в сфере искусственного интеллекта, цифрового правосудия и повышения квалификации судейских кадров.   ▪️А.Мергалиев пригласил С.Канта посетить Казахстан с официальным визитом.

Анықтама: Нью-Дели қаласында (Үндістан) өткен БРИКС елдері мен серіктес мемлекеттердің жоғарғы соттары төрағаларының форумына 16 елдің өкілдері қатысты. БРИКС-ке мүше 9 мемлекет: Бразилия, Қытай, Мысыр, Эфиопия, Индонезия, Иран, Ресей Федерациясы, Оңтүстік Африка Республикасы және Біріккен Араб Әмірліктері. 7 серіктес мемлекет: Беларусь, Боливия, Қазақстан, Малайзия, Таиланд, Уганда және Өзбекстан. Биыл форумға Үндістан төрағалық етті. Форум барысында мынадай негізгі тақырыптар талқыланды: сот жүйесіндегі жасанды интеллект, халықаралық төрелік және медиация, төрелік шешімдерді орындау және орнықты даму.

Қазақстанның сот төрелігін цифрландыруы БРИКС форумында қызығушылық тудырды ▪️Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Асламбек Мерғалиев бастаған делегация Үндістанның жоғары сот органының шақыруымен Нью-Дели қаласына жұмыс сапарымен барды. ▪️Онда экономикасы қарқынды дамып келе жатқан елдердің (БРИКС) және оған серіктес мемлекеттердің жоғарғы соттары төрағаларының форумы өтті. Делегация құрамында Павлодар облыстық сотының төрағасы Серік Төлегенов те болды. ▪️ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы Асламбек Мерғалиев форумда сөйлеген сөзінде Қазақстанның БРИКС-ке серіктес ел мәртебесінде бұл іс-шараға алғаш рет қатысуының ерекше маңызын атап өтті. Оның айтуынша, бірлестік форматының кеңеюі халықаралық сот ынтымақтастығын нығайтуға және тәжірибе алмасуға қосымша мүмкіндіктер береді. ▪️Қазақстан форумға қатысушыларға ең алдымен адам құқықтарын қорғау стандарттарын және сот төрелігінің қолжетімділігін арттыруға бағытталған сот жүйесін жаңғыртудың негізгі нәтижелерін таныстырды. ▪️Олардың қатарында «жаппай кассация» моделіне көшу және сот актілерін қайта қарауға сөзсіз қолжетімділікті қамтамасыз еткен үш дербес кассациялық соттың құрылуы бар. ▪️Сот төрелігін цифрлық трансформациялауға да ерекше назар аударылды. Қазіргі таңда құжаттардың 95%-ы электрондық түрде түседі, ал процеске қатысушылардың 80%-дан астамы сот процестеріне қашықтан қатысады. Судьялар материалдар мен сот практикасын талдау үшін жасанды интеллект негізіндегі цифрлық көмекшілерді, сондай-ақ даусыз істердің жекелеген санаттарын автоматты түрде қарауға арналған алгоритмдерді қолданады. ▪️Бұл технологиялар аталған істерді қарау мерзімін бір күннен бір минутқа дейін қысқартуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, экстерриториялық соттылық институты да дамып келеді. ▪️Қазақстан ұсынған шешімдер форумға қатысушылардың қызығушылығын тудырды. Қазақстанның тәжірибесіне деген назарды арттырған факторлардың бірі БРИКС-тің «Құқық үстемдігі» рейтингісінің нәтижелері болды. Қазақстан бұл рейтингте құрметті үшінші орынға ие болды. ▪️Талқылаулар барысында шетелдік әріптестер тәжірибе алмасуды одан әрі жалғастыру және алдағы кездесулерде цифрландыру, жасанды интеллект және сот төрелігін жүзеге асырудың заманауи тетіктеріне қатысты мәселелерді неғұрлым тереңірек қарастыру жөнінде ұсыныстар білдірді. ▪️А.Мерғалиев Қазақстанның сот саласындағы IT-шешімдер, медиация және әкімшілік сот төрелігі бағыттарындағы практикалық тәжірибесімен бөлісуге дайын екенін растады. ▪️Қазақстанның тәжірибесіне деген қызығушылық форум аясында өткен екіжақты кездесулер барысында да жалғасын тапты. ▪️Ресей Федерациясы Жоғарғы Сотының Төрағасы Игорь Красновпен екіжақты ынтымақтастық, сот төрелігін цифрландыру және халықаралық алаңдардағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. ▪️Қазақстан тарапының 2027–2028 жылдары ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің жоғарғы соттары төрағалары кеңесіне РФ Жоғарғы Сотының төрағалық етуі туралы бастаманы, сондай-ақ В. Лебедев атындағы Ресей мемлекеттік сот төрелігі университетіне ТМД-ның базалық ұйымы мәртебесін беру туралы шешімге қосылуды қолдайтыны расталды. ▪️И.Краснов Қазақстанның сот жүйесін IT-тұрғыдан жаңғырту бағытындағы жетістіктерін, оның ішінде «Сот кабинеті» сервисінің дамуын атап өтті. Сондай-ақ Ресейдің заңгерлік қоғамдастығының А.Мерғалиевтің «Судья» журналында жарияланған мақаласына қызығушылық танытып отырғанын айтты. ▪️Тараптар РФ Жоғарғы Соты Төрағасының Астанаға алдағы ресми сапары аясында екі елдің жоғарғы соттары арасындағы екі жылдық ынтымақтастық бағдарламасына қол қоюға дайын екендерін растады. ▪️Үндістан Жоғарғы Сотының Төрағасы Сурья Кантпен кездесуде екіжақты ынтымақтастықтың шарттық-құқықтық базасының тұрақты сипаты атап өтілді. Жасанды интеллект, цифрлық сот төрелігі және судьялар құрамының біліктілігін арттыру салаларында тұрақты тәжірибе алмасу басым бағыттар ретінде айқындалды. ▪️А.Мерғалиев С.Кантты Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.

‼️ Қарағанды облыстық соты хабарлайды ‼️ 🔹 Қазіргі уақытта жаңа ақпараттық базаға көшу жұмыстарына байланысты деректерді көшіру және жүйені техникалық баптау жүргізілуде. 🔹 Осы кезеңде Қарағанды облыстық сотының ақпараттық жүйесінде кейбір ақпаратты алу және өңдеу мүмкіндіктері уақытша шектелуі ықтимал. 🔹 Техникалық жұмыстардың уақытша сипатта екенін ескере отырып, қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Түсіністік танытқандарыңызға рақмет! ‼️ Карагандинский областной суд сообщает ‼️ 🔹 В настоящее время в связи с переходом на новую информационную базу проводятся работы по переносу данных и технической настройке системы. 🔹 В данный период в информационной системе Карагандинского областного суда возможны временные ограничения доступа к отдельным функциям, связанным с получением и обработкой информации. 🔹 Просим с пониманием отнестись к временным ограничениям. Приносим извинения за доставленные неудобства и благодарим за понимание!

⚜️Председатель Карагандинского областного суда посетил ряд судов с рабочим визитом 🔸Председатель Карагандинского областного суда Галым Кулекеев посетил ряд судов с рабочим визитом. 🔸В рамках рабочего визита посещены Саранский, Шахтинский и Темиртауский городские суды, а также Абайский районный суд и районный суд №2 Бухар-Жырауского района. 🔸Г. Кулекеев встретился с судьями и работниками судов, обсудив вопросы организации работы судов, повышения качества и доступности правосудия, цифровизации судопроизводства, а также материально-технического и организационного обеспечения. В ходе встреч внимание было уделено актуальным вопросам, возникающим в работе, и путям их решения. 🔸В рамках рабочего визита председатель Карагандинского областного суда Галым Кулекеев также провел личный прием граждан. Граждане смогли задать интересующие их вопросы, изложить свои обращения и предложения. По затронутым вопросам даны соответствующие разъяснения в рамках действующего законодательства. 🔸По итогам визита определены задачи, направленные на дальнейшее совершенствование работы судов, повышение качества и доступности правосудия, а также усиление защиты прав и законных интересов граждан.

⚜️Қарағанды облыстық сотының төрағасы бірқатар соттарға жұмыс сапарымен барды 🔸Қарағанды облыстық сотының төрағасы Ғалым Құлекеев бірқатар соттарға жұмыс сапарымен барды. 🔸Жұмыс сапары барысында Саран, Шахтинск, Теміртау қалалық, Абай және Бұқар жырау ауданының №2 аудандық соттарының қызметімен танысты. 🔸Ғ. Құлекеев судьялар мен сот қызметкерлерімен кездесіп, соттардың жұмысын ұйымдастыру, сот төрелігінің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, сот ісін жүргізуді цифрландыру, сондай-ақ материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. Кездесулер барысында жұмыста туындайтын өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдарына назар аударылды. 🔸Жұмыс сапары аясында Қарағанды облыстық сотының төрағасы Ғалым Құлекеев азаматтарды жеке қабылдады. Азаматтар өздерін толғандырған мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, өтініштері мен ұсыныстарын жеткізді. Көтерілген мәселелер бойынша қолданыстағы заңнама шеңберінде тиісті түсініктемелер берілді. 🔸Сапар қорытындысы бойынша соттардың қызметін жетілдіруге, сот төрелігінің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды күшейтуге бағытталған міндеттер айқындалды.

⚖️Судом рассмотрено дело по факту угрозы взрыва газового баллона ▪️Шахтинским городским судом Карагандинской области рассмотрено административное дело в отношении гражданина С., угрожавшего устроить взрыв в жилом доме (ст.ст.667 ч.1, 434 ч.2 КоАП). ▪️Что установлено судом: 02.09.2026 года гражданин С. находясь в состоянии алкогольного опьянения, угрожал произвести взрыв газового баллона. На законные требования прибывших сотрудников отдела полиции открыть дверь, правонарушитель ответил отказом, выражаясь при этом нецензурной бранью. В связи со сложившейся угрозой на место происшествия была вызвана команда службы по чрезвычайным ситуациям, включая специалистов для эвакуации граждан. Спустя некоторое время гражданин С. самостоятельно открыл дверь, при задержании оказал неповиновение сотрудникам полиции. Пострадавших среди гражданского населения нет. Вина С. полностью подтверждаются протоколом об административном правонарушении, показаниями свидетелей, а также иными доказательствами, исследованными в судебном заседании. ▪️Постановление суда: Санкция ч.1 ст.667 КоАП предусматривает штраф в размере тридцати месячных расчетных показателей либо административный арест на срок до пятнадцати суток. Санкция ч.2 ст.434 КоАП предусматривает привлечение к общественным работам на срок от шестидесяти до ста часов либо административный арест на срок от пятнадцати до тридцати суток. При наложении административного взыскания суд учел характер совершенного административного правонарушения, личность виновного, в том числе его поведение до и после совершения правонарушения, обстоятельством смягчающим ответственность за административное правонарушение признано раскаяние виновного. Постановлением суда от 03 сентября 2026 года С. признан виновным в совершении административных правонарушений, по ст.434 ч.2 КоАП назначено – 15 суток административного ареста, по ст.667 ч.1 КоАП назначено – 1 сутки ареста, окончательно назначено 16 суток административного ареста. Установлены особые требования сроком на 3 месяца к поведению правонарушителя С.: запрещено употребление алкогольных напитков, наркотических средств, психотропных веществ, возложена обязанность являться в отдел полиции города Шахтинск для профилактической беседы три раза в месяц. Постановление суда не вступило в законную силу. Пресс-служба Шахтинского городского суда

⚖️Газ баллонын жару қаупін төндіру фактісі бойынша іс қаралды ▪️Қарағанды облысының Шахтинск қалалық сотында тұрғын үйде жарылыс ұйымдастырамын деп қорқытқан азамат С.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды ( ӘҚБтК-нің 667-бабының 1-бөлігі, 434-бабының 2-бөлігі). ▪️Сотта анықталғаны: 02.09.2026 жылы азамат С. мас күйінде газ баллонын жарып жіберемін деп қорқытқан. Полиция қызметкерлері келіп, одан есікті ашуды заңды түрде талап еткен кезде, құқық бұзушы бас тартып, балағат сөздер айтқан. Туындаған қауіпке байланысты оқиға орнына шұғыл қызметтер тобы, соның ішінде тұрғындарды эвакуациялау жөніндегі мамандар шақырылған. Біраз уақыттан кейін азамат С. есікті өз еркімен ашқан, ұстау кезінде ол полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсеткен. Бейбіт тұрғындар арасында зардап шеккендер болған жоқ. С.-ның кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, куәгерлердің көрсетулерімен және сот отырысында қаралған өзге де дәлелдемелермен толық дәлелденді. ▪️Сот қаулысы: ӘҚБтК-нің 667-бабының 1-бөлігінің санкциясы отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуды не он бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуды көздейді. ӘҚБтК-нің 434-бабының 2-бөлігінің санкциясы алпыс сағаттан жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуды не он бес тәуліктен отыз тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуды көздейді. Әкімшілік жаза тағайындау кезінде сот жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтың сипатын, кінәлінің жеке басын, оның ішінде құқық бұзушылық жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлқын ескерді, әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты жеңілдететін мән-жай ретінде кінәлінің жасаған әрекетіне өкінуі танылды. 2026 жылғы 3 қыркүйектегі сот қаулысымен С. әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін кінәлі деп танылды, ӘҚБтК-нің 434-бабының 2-бөлігі бойынша оған 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы, ал ӘҚБтК-нің 667-бабының 1-бөлігі бойынша 1 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды, түпкілікті 16 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды. Құқық бұзушы С.-ның мінез-құлқына 3 ай мерзімге ерекше талаптар белгіленді: алкогольдік ішімдіктерді, есірткі құралдарын және психотроптық заттарды пайдалануға тыйым салынды, сондай-ақ профилактикалық әңгімелесу өткізу үшін Шахтинск қаласының полиция бөліміне айына үш рет келу міндеті жүктелді. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ. Шахтинск қалалық сотының баспасөз қызметі