Қарағанды соттары
Ir al canal en Telegram
♦️Қарағанды облысы соттарының ресми парақшасы ♦️Официальная страница судов Карагандинской области Сайт https://krg.sud.kz/ Instagram https://www.instagram.com/krgsoty Facebook https://www.facebook.com/krgsoty
Mostrar más443
Suscriptores
Sin datos24 horas
-17 días
+130 días
Archivo de publicaciones
⚖️Суд взыскал ущерб, причиненный затоплением нежилого помещения
▪️Специализированным межрайонным экономическим судом Карагандинской области рассмотрено гражданское дело по иску индивидуального предпринимателя Н. к ТОО «Б.» о взыскании материального ущерба, упущенной выгоды и компенсации морального вреда.
▪️Истец указала, что в результате затопления принадлежащего ей нежилого помещения канализационными стоками был причинен материальный ущерб. По мнению истца, причиной произошедшего стало ненадлежащее исполнение ответчиком обязательств по обслуживанию системы водоотведения. В связи с этим были заявлены требования о взыскании материального ущерба в размере 1 510 000 тенге, упущенной выгоды в размере 2 000 000 тенге, компенсации морального вреда в размере 500 000 тенге, а также судебных расходов.
▪️Ответчик иск не признал, мотивируя тем, что причиной аварийной ситуации стал засор в дворовом колодце, расположенном за пределами зоны его эксплуатационной ответственности.
▪️Судом установлено, что между сторонами был заключен договор на оказание эксплуатационных услуг по обслуживанию сетей водоотведения и их аварийно-техническому обслуживанию.
▪️Материалами дела подтверждены факт возникновения засора в системе водоотведения и последующее затопление нежилого помещения истца.
▪️В ходе судебного разбирательства установлено, что истец своевременно уведомил обслуживающую организацию о возникновении подпора в системе водоотведения. Несмотря на поступившее обращение и выезд аварийной бригады, причина засора своевременно выявлена и устранена не была, что привело к затоплению помещения и причинению ущерба.
Размер причиненного ущерба подтвержден заключением специалиста и ответчиком не оспаривался.
▪️Оценив представленные доказательства в их совокупности, суд пришел к выводу о наличии причинно-следственной связи между ненадлежащим исполнением ответчиком договорных обязательств и наступившими для истца неблагоприятными последствиями.
В соответствии с пунктом 1 статьи 350 Гражданского кодекса должник, нарушивший обязательство, обязан возместить кредитору причиненные убытки.
▪️Суд пришел к выводу об отказе в удовлетворении требования о взыскании упущенной выгоды, поскольку истцом не представлены достаточные доказательства, подтверждающие реальное неполучение доходов вследствие действий ответчика.
Учитывая, что спор возник из договорных имущественных правоотношений, то предусмотренные законом основания для возмещения морального вреда отсутствовали.
Решением суда иск удовлетворен частично.
С ТОО «Б.» в пользу ИП Н. взысканы материальный ущерб и судебные расходы.В удовлетворении требований о взыскании упущенной выгоды и компенсации морального вреда отказано.
Постановлением судебной коллегии по гражданским делам Карагандинского областного суда решение суда первой инстанции оставлено без изменения.
Пресс-служба
специализированного межрайонного
экономического суда Карагандинской области
⚖️Сот тұрғын емес үй-жайдың су басуы салдарынан келтірілген залалды өндіріп берді
▪️Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында жеке кәсіпкер Н-ның «Б.» ЖШС-іне материалдық залалды, алынбай қалған пайданы және моральдық зиянды өтеу туралы талап қоюы бойынша азаматтық іс қаралды.
▪️Талап қоюшы оған тиесілі тұрғын емес үй-жайдың кәріздік сарқынды сулармен су басуы нәтижесінде материалдық зиян келтірілгенін көрсетті. Талап қоюшының пікірінше, орын алған жағдайдың себебі жауапкердің су бұру жүйесіне қызмет көрсету жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамауы болып табылады. Осыған байланысты 1 510 000 теңге мөлшерінде материалдық залалды, 2 000 000 теңге мөлшерінде алынбай қалған пайданы, 500 000 теңге мөлшерінде моральдық зиянды, сондай-ақ сот шығындарын өндіріп алу туралы талаптар қойылды.
▪️Жауапкер талапты мойындамады, оның уәжіне сәйкес, апаттық жағдайдың себебі оның пайдалану жауапкершілігі аймағынан тыс орналасқан ауладағы құдықтағы бітелу болған.
▪️Сот тараптар арасында кәріз желілерін пайдалануға беру қызметтерін көрсету және оларды авариялық-техникалық қызмет көрсету туралы шарт жасалғанын анықтады.
▪️Іс материалдарымен кәріз жүйесінде бітелудің орын алғаны және соның салдарынан талапкердің тұрғын емес үй-жайын су басқаны расталған.
▪️Сот талқылауы барысында талапкердің кәріз жүйесіндегі кері қысымның туындағаны туралы қызмет көрсетуші ұйымды уақтылы хабардар еткені анықталды. Арыз түскеніне және авариялық бригаданың шыққанына қарамастан, бітелудің себебі уақтылы анықталмай, жойылмаған, бұл өз кезегінде үй-жайдың су басуына және залал келтірілуіне әкеп соққан.
Келтірілген залалдың мөлшері маманның қорытындысымен расталған және жауапкер тарапынан даулауға алынбаған.
▪️Ұсынылған дәлелдемелерді жиынтығында бағалай келе, сот жауапкердің шарттық міндеттемелерді тиісінше орындамауы мен талапкер үшін туындаған қолайсыз салдарлар арасында себептік-салдарлық байланыс бар деген қорытындыға келді.
Азаматтық кодекстің 350-бабы 1-тармағына сәйкес, міндеттемені бұзған борышкер кредиторға келтірілген залалды өтеуге міндетті.
Сот талапкердің жауапкердің әрекеттері салдарынан нақты кіріс алмауын дәлелдейтін жеткілікті айғақтар ұсынылмағандықтан, жіберіп алған пайданы өндіріп алу туралы талапты қанағаттандырудан бас тарту туралы қорытындыға келді.
Даудың шарттық мүліктік қатынастардан туындағанын ескере отырып, моральдық зиянды өтеу үшін заңда көзделген негіздер болмаған.
▪️Сот шешімімен талап қою ішінара қанағаттандырылды.
ЖШС «Б.»-дан ЖК Н.-ның пайдасына материалдық залал және сот шығындары өндірілді.
Жоғалған пайданы және моральдық зиянды өндіру туралы талаптарды қанағаттандырудан бас тартылды.
Қарағанды облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылды.
Қарағанды облысының мамандандырылған
ауданаралық экономикалық сотының
баспасөз қызметі
⚖️Суд взыскал алименты на обучение
▪️Балхашским городским судом Карагандинской области рассмотрено гражданское дело по иску В. к Х. о взыскании алиментов обучение.
▪️Истец указала, что является студенткой высшего учебного заведения, обучается по очной форме и находится на материальном обеспечении матери. В связи с достижением совершеннолетия выплата алиментов, ранее взысканных с ответчика, была прекращена. Полагая, что в период обучения нуждается в материальной поддержке, истец просила взыскать с отца алименты в размере 33 МРП ежемесячно до достижения ею возраста 21 года.
▪️Ответчик иск не признал, ссылаясь на наличие обязательств по содержанию двух несовершеннолетних детей, а также на несогласие с представленным расчетом расходов истца. По его мнению, часть заявленных расходов не была подтверждена надлежащими доказательствами. Кроме того, ответчик указал, что истец получает государственную стипендию и имеет возможность проживания в общежитии учебного заведения.
▪️Судом установлено, что истец является дочерью ответчика и обучается в высшем учебном заведении по очной форме обучения. В связи с обучением она не имеет возможности самостоятельно обеспечивать себя в полном объеме и несет расходы, связанные с проживанием, питанием, приобретением одежды и учебных принадлежностей.
▪️В соответствии с пунктами 2 и 3 статьи 141 Кодекса Республики Казахстан «О браке (супружестве) и семье» содержание на детей, обучающихся по очной форме обучения в организациях среднего, технического и профессионального, послесреднего и высшего образования до достижения ими возраста двадцати одного года, при отсутствии соглашения об уплате алиментов взыскивается в судебном порядке в твердой денежной сумме.
При определении размера алиментов суд учел материальное и семейное положение сторон, наличие у ответчика других иждивенцев, получение истцом стипендии, а также необходимость сохранения прежнего уровня материального обеспечения дочери.
▪️Решением суда с ответчика в пользу истца взысканы алименты на период обучения в размере 20 МРП ежемесячно, до достижения 21 года. В удовлетворении остальной части исковых требований отказано.
Судебный акт не был обжалован и вступил в законную силу.
Пресс-служба
Балхашского городского суда
Карагандинской области
⚖️Сот оқу шығындарын өтеуге алимент өндірді
▪️Қарағанды облысы Балқаш қалалық сотымен В.-ның Х.-дан оқуына байланысты алимент өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық істі қарады.
▪️Талап қоюшы өзінің жоғары оқу орнының студенті екенін, күндізгі оқу нысаны бойынша білім алып жатқанын және анасының материалдық қамтамасыз етуінде екенін көрсетті. Кәмелетке толуына байланысты бұған дейін жауапкерден өндірілген алимент төлемдері тоқтатылған. Оқу кезеңінде материалдық қолдауға мұқтаж екенін негізге ала отырып, талап қоюшы әкесінен 21 жасқа толғанға дейін ай сайын 33 АЕК мөлшерінде алимент өндіріп беруді сұраған.
▪️Жауапкер талапты мойындамай, өзінің екі кәмелетке толмаған баланы асырау жөніндегі міндеттемелері бар екенін, сондай-ақ талап қоюшы ұсынған шығындар есебімен келіспейтінін көрсетті. Оның пікірінше, мәлімделген шығындардың бір бөлігі тиісті дәлелдемелермен расталмаған. Бұдан бөлек, жауапкер талап қоюшының мемлекеттік стипендия алатынын және оқу орнының жатақханасында тұру мүмкіндігі бар екенін атап өтті.
▪️Сот істі қарау барысында талап қоюшының жауапкердің қызы екені және жоғары оқу орнында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатыны анықталды. Оқуымен байланысты ол өзін толық көлемде өз бетінше қамтамасыз ету мүмкіндігіне ие емес және тұру, тамақтану, киім-кешек пен оқу құралдарын сатып алуға байланысты шығындар көтереді.
▪️Қазақстан Республикасы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 141-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балаларды жиырма бір жасқа толғанға дейін асырауға арналған қаражат, алимент төлеу туралы келісім болмаған жағдайда, сот тәртібімен тұрақты ақшалай сома түрінде өндіріп алынады.
Алимент мөлшерін айқындау кезінде сот тараптардың материалдық және отбасылық жағдайын, жауапкердің басқа да асырауындағы адамдардың бар екенін, талап қоюшының стипендия алуын, сондай-ақ қызын бұрынғы материалдық қамтамасыз ету деңгейін сақтап қалу қажеттігін ескерді.
▪️Сот шешімімен жауапкерден талап қоюшының пайдасына оқу кезеңіне 20 АЕК мөлшерінде, 21 жасқа толғанға дейін ай сайын алимент өндірілді. Талап қоюдың қалған бөлігінде қанағаттандырудан бас тартылды.
Сот актісіне шағым берілмеген және заңды күшіне енді.
Қарағанды облысы
Балқаш қалалық сотының
баспасөз қызметі
Repost from Aqorda 🇰🇿
✍️ Мемлекет басшысының Жарлығымен Асламбек Амангелдіұлы Мерғалиев Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы лауазымына тағайындалды.
✍️ Указом Главы государства Мергалиев Асламбек Амангельдинович назначен Председателем Верховного Суда Республики Казахстан.
t.me/aqorda_resmi
⚜️Состоялся региональный экспертный форум «Жаңа Конституция – Әділетті Қазақстанның негізі»
🔷Сегодня в Доме дружбы города Караганды состоялся региональный экспертный форум «Жаңа Конституция – Әділетті Қазақстанның негізі».
🔷В мероприятии приняли участие аким Карагандинской области Ермаганбет Болекпаев, руководители государственных органов, депутаты маслихатов, представители общественных объединений, экспертного сообщества и молодежи.
🔷В ходе форума председатель Карагандинского областного суда Ерден Арипов выступил с докладом на тему «Роль судебной системы в защите прав и свобод граждан в условиях реализации Народной Конституции».
🔷В своем выступлении председатель областного суда отметил, что вступление в силу новой Конституции ознаменовало новый этап развития правовой системы страны. Он подчеркнул, что независимое, справедливое и эффективное правосудие является ключевой гарантией обеспечения конституционных прав и свобод человека.
🔷Особое внимание было уделено вопросам реализации конституционных принципов в правоприменительной практике, значению института административной юстиции в защите прав граждан при разрешении споров с государственными органами, повышению качества судебных актов, а также дальнейшей цифровизации судебной системы.
🔷В рамках форума участники обсудили роль Конституции в жизни общества, вопросы обеспечения верховенства закона, укрепления правового государства и защиты прав и свобод граждан.
⚜️«Жаңа Конституция – Әділетті Қазақстанның негізі» атты өңірлік сарапшылар форумы өтті
🔷Бүгін Қарағанды қаласындағы Достық үйінде «Жаңа Конституция – Әділетті Қазақстанның негізі» атты өңірлік сарапшылар форумы өтті.
🔷Іс-шараға Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, мемлекеттік органдардың басшылары, мәслихат депутаттары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, сарапшылар мен жастар қатысты.
🔷Форум барысында Қарағанды облыстық сотының төрағасы Ерден Әріпов «Халықтық Конституцияны іске асыру жағдайында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы сот жүйесінің рөлі» тақырыбында сөз сөйледі.
🔷Өз сөзінде сот төрағасы Жаңа Конституцияның күшіне енуі еліміздің құқықтық жүйесінің дамуына жаңа серпін бергенін атап өтті. Ол Конституцияда бекітілген адам құқықтары мен бостандықтарын тиімді қорғауда тәуелсіз әрі әділ сот төрелігінің шешуші рөл атқаратынын айтты.
🔷Сөз барысында Конституция қағидаттарын құқық қолдану тәжірибесінде іске асыру, әкімшілік әділет институтының азаматтардың мемлекеттік органдармен арадағы дауларды шешудегі маңызы, сот актілерінің сапасын арттыру және сот жүйесін одан әрі цифрландыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
🔷Форум жұмысы аясында қатысушылар Конституцияның қоғам өміріндегі рөлін, заң үстемдігін қамтамасыз ету, құқықтық мемлекетті нығайту және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың өзекті мәселелерін талқылады.
⚖️Суд рассмотрел спор о месте захоронения и установке
надмогильных сооружений
▪️Бухар-Жырауским районным судом Карагандинской области рассмотрено гражданское дело по иску Ж. к М. об обязании произвестидемонтаж ограды и надгробной плиты, установленных на месте захоронения.
▪️Истец указала, что после смерти матери в ноябре 2024 года организовала ее захоронение на кладбище «Курлыс». Впоследствии на предполагаемом месте захоронения были установлены фундамент, ограда и надгробная плита с данными другого умершего лица. По утверждению истца, указанные сооружения были установлены ответчиком, который отказался их демонтировать добровольно.
В связи с этим истец просила суд обязать ответчика демонтировать ограду и надгробную плиту, а также взыскать судебные расходы.
▪️Ответчик иск не признала, указав, что спорное место захоронения принадлежит ее сестре.
▪️Согласно заключению эксперта по судебно-экспертному молекулярно-генетическому исследованию подтверждено биологическое родство между ответчиком и захороненной женщиной, чей фрагмент кости представлен на исследование. На основании полученных генетических данных биологическое родство этой же женщины, в отношении истца исключается.
▪️Исследовав представленные сторонами доказательства, суд пришел к выводу об отсутствии оснований для удовлетворения иска. В нарушение требований статьи 72 ГПК истцом не представлены допустимые доказательства, достоверно подтверждающие факт захоронения ее матери именно на спорном участке кладбища.
В связи с чем, решением суда в удовлетворении иска отказано.
Вместе с тем в ходе рассмотрения дела судом выявлены нарушения в деятельности ГУ «Аппарат акима Уштобинского сельского округа Бухар-Жырауского района», выразившиеся в ненадлежащем контроле за соблюдением правил погребения и организации ухода за местами захоронений. В связи с этим судом вынесено частное определение в адрес уполномоченного органа для принятия мер по устранению выявленных нарушений и недопущению их в дальнейшем.
▪️Апелляционная коллегия оставила решение суда без изменения, жалобу истца без удовлетворения.
Пресс-служба Карагандинского областного суда
⚖️Сот жерлеу орны және қабір үсті құрылыстарын орнату мәселесіне қатысты дауды қарады
▪️Қарағанды облысының Бұқар жырау аудандық соты Ж.ның М-ға жерлеу орнында орнатылған қоршау мен құлпытасты тақтасын жөндеу міндеті туралы талап-арызы бойынша азаматтық істі қарады.
▪️Талап қоюшының айтуынша, анасы 2024 жылғы қараша айында қайтыс болғаннан кейін оны «Құрылыс» зиратына жерлеген. Кейіннен болжамды жерлеу орнына іргетас, қоршау және басқа қайтыс болған адамның деректері жазылған құлпытас орнатылғаны анықталған. Талап қоюшының мәлімдеуінше, аталған құрылыстарды жауапкер орнатқан және оларды өз еркімен бұзудан бас тартқан.
Осыған байланысты талап қоюшы соттан жауапкерді қоршау мен құлпытас тақтасын бұзуға міндеттеуді, сондай-ақ сот шығындарын өндіріп беруді сұрады.
▪️Жауапкер талап арызды мойындамай, даулы жерлеу орны өзінің әпкесіне тиесілі екенін көрсетті.
▪️Сот-сараптамалық молекулалық-генетикалық зерттеу бойынша сарапшының қорытындысына сәйкес, жауапкер мен сүйек үлгісі зерттеуге ұсынылған жерленген әйелдің арасында биологиялық туыстық бары расталған. Алынған генетикалық деректер негізінде аталған әйелдің талап қоюшымен биологиялық туыстығы жоқ екендігі анықталған.
▪️Тараптар ұсынған дәлелдемелерді зерттей отырып, сот талап арызды қанағаттандыруға негіз жоқ деген қорытындыға келді.
▪️Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 72-бабы талаптарын бұза отырып, талапкер өз анасының дәл осы даулы зират учаскесіне жерленгенін нақты растайтын жарамды әрі сенімді дәлелдемелерді ұсынбаған.
Осыған байланысты сот шешімімен талап арызды қанағаттандырудан бас тартылды.
Сонымен қатар, істі қарау барысында сот Бұқар-Жырау ауданы Үштөбе ауылдық округі әкімінің аппараты қызметінде жерлеу қағидаларының сақталуын және жерлеу орындарын күтіп-ұстауды ұйымдастыруды бақылаудың тиісінше жүргізілмегені түріндегі заң бұзушылықтарды анықтады. Осыған байланысты сот анықталған заң бұзушылықтарды жою және олардың алдағы уақытта қайталануына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау үшін уәкілетті органның атына жеке ұйғарым шығарды.
▪️Апелляциялық сот алқасы бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырып, талап қоюшының шағымын қанағаттандырусыз қалдырды.
Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі
Repost from ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫ
🎥 Жоғарғы Сот Төрағасы Павлодар облысының судьялар корпусымен кездесті
🎥 Председатель Верховного Суда встретился с судейским корпусом Павлодарской области
Repost from ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫ
Председатель Верховного Суда встретился с судейским корпусом Павлодарской области
◾️ Председатель Верховного Суда Асламбек Мергалиев в ходе рабочей поездки в Павлодарскую область встретился с судейским корпусом региона.
◾️В мероприятии приняли участие Руководитель Судебной администрации Наиль Ахметзакиров, судьи региона и работники судов.
◾️Вначале с докладами выступили председатели судебных коллегий Мурат Солтыбаев, Марат Дайкенов и Мади Рысбеков, а также председатель областного суда Серик Толегенов.
◾️А.Мергалиев, выступая перед участниками встречи, рассказал о ключевых направлениях развития судебной системы, уделив особое внимание вопросам укрепления доверия общества, противодействия коррупции, соблюдения профессиональной этики и повышения качества судебного администрирования.
◾️Говоря о высоком уровне общественного доверия к судам, который, по данным Бюро национальной статистики, составляет 63,2%, он подчеркнул, что оценка граждан является одним из ключевых индикаторов эффективности государственных институтов.
Заслужить доверие людей непросто, а сохранить его ещё сложнее. Любая судебная ошибка остро воспринимается обществом и оказывает влияние на репутацию всей судебной системы», - отметил Председатель ВС.◾️ Особое внимание было уделено конституционным реформам, которые стали важным этапом развития правового государства. ◾️ Они усилили механизмы защиты прав и свобод граждан, повысили ответственность судов за обеспечение верховенства права и соблюдение конституционных гарантий. Также подчеркнута важность электорального периода и необходимость оперативного, объективного и беспристрастного рассмотрения обращений и споров, связанных с избирательным законодательством. ◾️Председатель ВС выразил уверенность в том, что профессионализм судей, приверженность принципам независимости и законности позволят достойно выполнить стоящие перед судебной системой задачи, способствуя дальнейшему укреплению общественного доверия и обеспечению стабильности в обществе. ◾️В завершение состоялась торжественная церемония награждения. ◾️Медалью «Мінсіз қызметі үшін» I степени награжден председатель судебной коллегии по административным делам областного суда Мади Рысбеков; медалью «Сот жүйесінің ардагері» - судьи в отставке Кулжан Кунадилова, Роза Имантаева и Каламкас Темирова; медалью «Сот жүйесінің үздігі» - председатель Щербактинского районного суда Сакен Садуакас. ◾️Почетной грамотой Председателя Верховного Суда отмечена судья специализированного межрайонного суда по делам несовершеннолетних Махаббат Ахметбекова. Благодарностью Председателя Верховного Суда - председатель Актогайского районного суда Асель Аскарова.
Repost from ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫ
Жоғарғы Сот Төрағасы Павлодар облысының судьялар корпусымен кездесті
◾️ Жоғарғы Сот Төрағасы Асламбек Мерғалиев Павлодар облысына жұмыс сапары барысында өңірдің судьялар корпусымен кездесті.
◾️ Іс-шараға Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров, өңірдің судьялары мен сот қызметкерлері қатысты.
◾️Іс-шара барысында сот алқаларының төрағалары Мұрат Солтыбаев, Марат Дайкенов және Мәди Рысбеков, сондай-ақ облыстық соттың төрағасы Серік Төлегенов баяндама жасады.
◾️А.Мерғалиев кездесуге қатысушылардың алдында сөйлеген сөзінде қоғамның сенімін нығайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, кәсіби этиканы сақтау және сот әкімшілігінің сапасын арттыру мәселелеріне ерекше назар аудара отырып, сот жүйесін дамытудың негізгі бағыттары туралы айтты.
◾️Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша 63,2% құрайтын соттарға деген қоғамдық сенімнің жоғары деңгейі туралы айта отырып, ол азаматтарды бағалау мемлекеттік институттардың тиімділігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылатынын атап өтті.
Адамдардың сеніміне ие болу оңай емес, оны сақтау одан да қиын. Кез келген сот қатесін қоғам ауыр қабылдайды және бүкіл сот жүйесінің беделіне әсер етеді», – деп атап өтті ЖС Төрағасы.◾️Құқықтық мемлекет дамуының маңызды кезеңіне айналған конституциялық реформаларға ерекше назар аударылды. Олар азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін күшейтті, соттардың құқықтың үстемдігін қамтамасыз ету және конституциялық кепілдіктерді сақтау жауапкершілігін арттырды. ◾️Сондай-ақ сайлау кезеңінің маңыздылығы және сайлау заңнамасына байланысты өтініштер мен дауларды жедел, объективті және бейтарап қарау қажеттілігіатап өтілді. ◾️ЖС Төрағасы судьялардың кәсібилігі, тәуелсіздік пен заңдылық қағидаттарына адалдығы сот жүйесінің алдында тұрған міндеттерді лайықты орындауға мүмкіндік беретініне, қоғамдық сенімді одан әрі нығайтуға және қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге ықпал ететініне сенім білдірді. ◾️Кездесу соңында салтанатты марапаттау рәсімі өтті. ◾️І дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен облыстық соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Мәди Рысбеков; «Сот жүйесінің ардагері» медалімен – отставкадағы судьялар Күлжан Құнәділова, Роза Имантаева және Қаламқас Темірова; «Сот жүйесінің үздігі» медалімен – Шарбақты аудандық сотының төрағасы Сәкен Сәдуақас марапатталды. ◾️Жоғарғы Сот Төрағасының Құрмет грамотасымен кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Махаббат Ахметбекова, ЖоғарғыСот Төрағасының Алғысымен – Ақтоғай аудандық сотының төрағасы Әсел Асқарова марапатталды.
