en
Feedback
1 262
Subscribers
No data24 hours
No data7 days
No data30 days
Posts Archive
Әйеліңе көрсетуге болмайтын 11 мәміле! 1- Ешуақытта әйеліңе үйдегі қызметші ретінде қарама! Керісінше, ол сенің үйіңдегі құтты қонағың, ата-анаңа және туған-туыстарыңа қызмет етсе, Алладан сауап үміт етіп қызмет етеді. 2- Бұрынғы өміріңдегі қыздарың жайлы ешқашан айтушы болма! Мейлі, ол бәріне түсіністікпен қарайтындай кейіп танытса да, сенің өткен өміріңде әйеліңнен өзге қыздарыңның болуы - келешекте де болуы мүмкін деген күмәнға әкеледі. 3- Өздеріңнің жеке істеріңе ата-анаңды және жанұяңды араластырма! Қандай да бір нәрсені қаласаң, араға ешкімді салмай, өзің түсіндіріп, талап ет. 4- Араларыңда болған күлкілі болсын, қайғылы болсын, ешқандай жағдайды жанұяңа жеткізбе. 5- Денесіндегі яки жүзіндегі қандай да бір кемшілікті әзілдеп болсын бетіне баспа! Әйелдер - ондайды шынайы қабылдайды. 6- Мейлі, сен үшін ата-анаң, әпке-қарындастарың әйеліңнен абзал болса да, (ата-анам сенен артық! Әпке-қарындасым сенен абзал!) деуші болма! Ол нәрсе, бекерге араны суытады. 7- Әйеліңнен көрген қандай да бір жағымсыз істі оңдау үшін; ата-анаңды, не әпке-қарындасыңды араағайындыққа шақырма! Өз мәселеңді өзің шеш! 8- Ешқашан тоқал алу жайлы, ажырасу жайлы әзілдеме! 9- Егер қателесіп, қатесін түсініп жақсы мәміле, жақсы тағаммен көңіліңді аулауға тырысып жатса, оны артық кіналап, қысым жасама; өйткені, онсыз да іштей қатты қиналады. 10- Кинодағы яки сырттағы қандай да бір әйелді - одан сұлу деме! Тіпті, өзі сенен: Қайсымыз әдеміміз? - деген сұрақ қойса да, сен үшін әрқашан бірінші - өз әйелің екенін ұғындыр! 11- Оның істеген тамағын - анаңның, әпке-қарындасыңның, келін-жеңгелеріңнің тамағымен салыстырма! #Әке_өсиеті #Суретке_қарап_есіме_түсіп_кетті

Күндердің сұлтаны Рамазан айында түндердің ұлысы Қадір түні қарсаңында Құран секторының ұйытқы болуымен Талас ауданында Жамбыл облыстық Құран кәрімнен сайыс өтті. Анарбай әулеті және "RIZYQ Mubarak" қоғамдық қорының атсалысуымен өткен "Құран түскен құтты ай" атты жарысқа жасөспірімдер қатысты. Шараға әділқазы ретінде Жамбыл облысындағы Құран секторының жетекшісі Бірлік Амангелді арнайы барып қатысты. Құран сайысы 1 пара және 15 сүре бойынша жасалды. Көп ішінен озық шыққандар анықталып, жүлделі орындармен марапатталды. 1 пара бойынша: 1 орын - Қалықов Ердан, Қордай ауданынан 2 орын - Жандарұлы Юсуф, Тараз қаласынан 3 орын - Мырзагелді Нурислам "Һибатулла Тарази" мешіті Жарты пара яғни 15 сүре бойынша: 1орын - Аян Дүйсенбі, "Тамды" ауылдық мешіті 2 орын - Асылжан Сауранбек, "Қаратау Қажы би " мешіті 3 орын - Мейіржан Дүйсенбі, "Тамды" ауылдық мешіті. Бірлік Амангелді жастарды ынталандыру мақсатында насихат айтып, Талас ауданының бас имам мен қари жүлдегерлерді сыйлықтармен марапаттады. Ақерке БЕКҚҰЛОВА "Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөзі

photo content
+6

+4
IMG_4722.JPG2.39 KB

Талас ауданы, Қаратау қаласы, “ Қаратау Қажы би” мешітінің бас имамы, Жұбатқанов Жалғас Дүйсенбайұлының ұйымдастыруымен мың айданда қайырлы болған “Қадір түні” өз деңгейінде ойдағыдай өтті. Алдын ала жоспарланған осынау қадірлі іс-шараның жоғары деңгейде өтуі ләзім болса керек. Осыған орай, мешітке келген жамағатқа сұрақ-жауаптар ұйымдастырылып, сыйлықтар таратылды. Өз кезегінде ғибратты видеороликтер көрсетіліп, қадір түнін асыға күткен халықтың ішкі сағынышпен, астасқан сезімдерінн үн қосты десек артық айтқан болмаспыз. Ауданның бас имамы уағыз-насихатын айтып, Қадір түнінде құлшылықтарға қатты мән беруіміз жайында айтты. Сонымен қатар, “Ризық Мүбарак” қайырымдылық қоры атынан жамағатқа бағалы сыйлықтар сыйланды. Осы орайда Қадір түнін қадірлей күткен, кештің өтуіне ат салысқан барша бауырларға алғыс айтамыз! 5нен 6-сәуірге қараған түні “Қаратау Қажы би” мешітіндегі “Қадір түнінен” естелік бейне есеп. “100 теңгеге ауызашар “ науқаны бойынша 100 кісіге ауызашар және 150 кісіге сәресі берілді. @talas_dinnasihat @rizyq.kz @talas_akimat @talas_rop @talas_sport_otdel @talas.densaulyk @talastynysy1934 @talas_madeniet @talas_zhastary @zhkkhtalas @adaldyq_alany_talas @talas_maslikhat @amanattalas @talas_volonter @kktob_ @jalgasjubatqanov

IMG_4592.MP42.55 MB

photo content

❗️Қазіргі уақытта ауызашарға 100 мың теңгедей жиналды! ❗️ 100-ақ ТЕҢГЕГЕ АУЫЗАШАР «Расулулла (ﷺ) айтады: «Оразашыны тамақтандырған ораза ұстағанның сауабын алады. Әрi бұл ораза ұстаушының сауабы кемiтiлмейдi» Сіз бен біз болып алдағы рамазан айында ауызашар беру ниетіндеміз 🤗 Нақты уақытын рамазан айының ішінде жариялаймыз ин ша Алла Ең кемі 100 тг (қанша аударамын десеңіз өз еркіңіз) қаржыңызды аударып ауызашар беремін десеңіз 👇🏻👇🏻👇🏻 💳KASPI GOLD 8747 913 67 52 ЕРЛАН Т. КАРТА НОМЕРІ : 4400 4301 5635 3218 Ауызашар бойынша ұсыныс сұрақтармен what’s app 8747 913 67 52 🤳

photo content

Ассалаумағалейкум құрметті бауырлар! Алдында Мекке қаласында міскін, жолаушы, қажы кісілерді тамақтандырамыз деп қаржы жиналған болатынбыз! Алланың қалауымен 78 адамға тағам алып берілді. Өздеріңіз білетіндей Меккеде жасалған сауап 100 мың еселенетіндіктен, ин ша Алла 78х100 000 = 7 800 000 адамды тамаштандырғандай сауап жазылады ин ша Алла! Алла барша осы іске атсалысқан кісілерге үлкен сауаптан жазсын! 🤲🏻😊

Дамира әпкеміз жалғызбасты ана. 4 баласын жеткізем деп денсаулығына қарамаған 2 бүйрегі ауырады, инсульт алған. Үлкен ұлы мен қызы интернатта оқиды. Одан кейінгі қызы Балжан 2 жаста кішісі Ұлбосын 8 айлық ботақан. 2 бөлмелі мына времянкада тұрады, іші суық, дым условиясы жоқ. Газ су жоқ, көмірмен пеш жағып үй жылытады. Үйдің арендасы айына 30 мың төлейді. Осы кісілердің үйлі болуына спонсор іздейміз! Шамамен 8-9 миллион қаражат қажет! Осы видеоның таралуына атсалысып жіберіңіз! Самолетикті басыңыз!☝🏻 Біздің есеп-шотымыз:👇 🔻KASPI GOLD: 4400 4301 5635 3218 🔻KASPI TEL : 8 747 913 6752 🔻Ерлан Т💳 @rizyq.kz

https://pay.kaspi.kz/pay/u1nd7spn 👆🏻Осы сілтеме арқылы қорымызға үлес қоса аласыз!😊👍

photo content
+2