cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

Advertising posts
1 286
Subscribers
No data24 hours
-17 days
-1530 days

Data loading in progress...

Subscriber growth rate

Data loading in progress...

Әйеліңе көрсетуге болмайтын 11 мәміле! 1- Ешуақытта әйеліңе үйдегі қызметші ретінде қарама! Керісінше, ол сенің үйіңдегі құтты қонағың, ата-анаңа және туған-туыстарыңа қызмет етсе, Алладан сауап үміт етіп қызмет етеді. 2- Бұрынғы өміріңдегі қыздарың жайлы ешқашан айтушы болма! Мейлі, ол бәріне түсіністікпен қарайтындай кейіп танытса да, сенің өткен өміріңде әйеліңнен өзге қыздарыңның болуы - келешекте де болуы мүмкін деген күмәнға әкеледі. 3- Өздеріңнің жеке істеріңе ата-анаңды және жанұяңды араластырма! Қандай да бір нәрсені қаласаң, араға ешкімді салмай, өзің түсіндіріп, талап ет. 4- Араларыңда болған күлкілі болсын, қайғылы болсын, ешқандай жағдайды жанұяңа жеткізбе. 5- Денесіндегі яки жүзіндегі қандай да бір кемшілікті әзілдеп болсын бетіне баспа! Әйелдер - ондайды шынайы қабылдайды. 6- Мейлі, сен үшін ата-анаң, әпке-қарындастарың әйеліңнен абзал болса да, (ата-анам сенен артық! Әпке-қарындасым сенен абзал!) деуші болма! Ол нәрсе, бекерге араны суытады. 7- Әйеліңнен көрген қандай да бір жағымсыз істі оңдау үшін; ата-анаңды, не әпке-қарындасыңды араағайындыққа шақырма! Өз мәселеңді өзің шеш! 8- Ешқашан тоқал алу жайлы, ажырасу жайлы әзілдеме! 9- Егер қателесіп, қатесін түсініп жақсы мәміле, жақсы тағаммен көңіліңді аулауға тырысып жатса, оны артық кіналап, қысым жасама; өйткені, онсыз да іштей қатты қиналады. 10- Кинодағы яки сырттағы қандай да бір әйелді - одан сұлу деме! Тіпті, өзі сенен: Қайсымыз әдеміміз? - деген сұрақ қойса да, сен үшін әрқашан бірінші - өз әйелің екенін ұғындыр! 11- Оның істеген тамағын - анаңның, әпке-қарындасыңның, келін-жеңгелеріңнің тамағымен салыстырма! #Әке_өсиеті #Суретке_қарап_есіме_түсіп_кетті
Show all...

03:08
Video unavailableShow in Telegram
Күндердің сұлтаны Рамазан айында түндердің ұлысы Қадір түні қарсаңында Құран секторының ұйытқы болуымен Талас ауданында Жамбыл облыстық Құран кәрімнен сайыс өтті. Анарбай әулеті және "RIZYQ Mubarak" қоғамдық қорының атсалысуымен өткен "Құран түскен құтты ай" атты жарысқа жасөспірімдер қатысты. Шараға әділқазы ретінде Жамбыл облысындағы Құран секторының жетекшісі Бірлік Амангелді арнайы барып қатысты. Құран сайысы 1 пара және 15 сүре бойынша жасалды. Көп ішінен озық шыққандар анықталып, жүлделі орындармен марапатталды. 1 пара бойынша: 1 орын - Қалықов Ердан, Қордай ауданынан 2 орын - Жандарұлы Юсуф, Тараз қаласынан 3 орын - Мырзагелді Нурислам "Һибатулла Тарази" мешіті Жарты пара яғни 15 сүре бойынша: 1орын - Аян Дүйсенбі, "Тамды" ауылдық мешіті 2 орын - Асылжан Сауранбек, "Қаратау Қажы би " мешіті 3 орын - Мейіржан Дүйсенбі, "Тамды" ауылдық мешіті. Бірлік Амангелді жастарды ынталандыру мақсатында насихат айтып, Талас ауданының бас имам мен қари жүлдегерлерді сыйлықтармен марапаттады. Ақерке БЕКҚҰЛОВА "Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөзі
Show all...
01:58
Video unavailableShow in Telegram
Талас ауданы, Қаратау қаласы, “ Қаратау Қажы би” мешітінің бас имамы, Жұбатқанов Жалғас Дүйсенбайұлының ұйымдастыруымен мың айданда қайырлы болған “Қадір түні” өз деңгейінде ойдағыдай өтті. Алдын ала жоспарланған осынау қадірлі іс-шараның жоғары деңгейде өтуі ләзім болса керек. Осыған орай, мешітке келген жамағатқа сұрақ-жауаптар ұйымдастырылып, сыйлықтар таратылды. Өз кезегінде ғибратты видеороликтер көрсетіліп, қадір түнін асыға күткен халықтың ішкі сағынышпен, астасқан сезімдерінн үн қосты десек артық айтқан болмаспыз. Ауданның бас имамы уағыз-насихатын айтып, Қадір түнінде құлшылықтарға қатты мән беруіміз жайында айтты. Сонымен қатар, “Ризық Мүбарак” қайырымдылық қоры атынан жамағатқа бағалы сыйлықтар сыйланды. Осы орайда Қадір түнін қадірлей күткен, кештің өтуіне ат салысқан барша бауырларға алғыс айтамыз! 5нен 6-сәуірге қараған түні “Қаратау Қажы би” мешітіндегі “Қадір түнінен” естелік бейне есеп. “100 теңгеге ауызашар “ науқаны бойынша 100 кісіге ауызашар және 150 кісіге сәресі берілді. @talas_dinnasihat @rizyq.kz @talas_akimat @talas_rop @talas_sport_otdel @talas.densaulyk @talastynysy1934 @talas_madeniet @talas_zhastary @zhkkhtalas @adaldyq_alany_talas @talas_maslikhat @amanattalas @talas_volonter @kktob_ @jalgasjubatqanov
Show all...
03:30
Video unavailableShow in Telegram
Photo unavailableShow in Telegram