cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

Qazaqstan.tv

⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз, 📢Айтар жаңалығыңыз, ⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса, ❗️Онда бізге жіберіңіз. Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз. @qazaqstantvshare_bot

Show more
Advertising posts
55 203Subscribers
-11524 hours
-6047 days
+1 77530 days
Posts Archive
👮‍♂️Шымкентте жалған полицейлер ұсталды Үш ер адам полиция қызметкерлерінің атын жамылып, тұрақты түрде ақша бопсалаумен айналысқан. Олар «қорғауға» аламыз деп, тұрғындардан ай сайын төлем талап еткен. Күдіктілердің бірінен полиция қызметкерінің жалған қызметтік куәлігі тәркіленді. Ал екіншісі алаяқтық үшін бұрын сотталған. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олар 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. ✈️ @qazaqstantv
Show all...
👍 1
🏡«Наурыз» жаңа тұрғын үй бағдарламасының шарттары қандай? – Алғашқы жарна — 20%-дан бастап. – Мөлшерлеме: аз қамтылған отбасылар үшін 7%, қалғандары үшін 9%. – Несие мерзімі 19 жыл. Қатысушы соңғы 5 жылда тұрғын үйге байланысты операциялар жасамауы керек. Несиенің максималды сомасы Астана мен Алматы қалалары үшін 36 млн, ал өзге өңірлер үшін 30 млн теңге. Өтінімдер 30 маусымға дейін қабылданады.
Show all...
🤝 4 2
Қазгидромет: Мамыр айында Қызылорда облысының Қармақшы ауданында құрғақшылық болады Елдің қалған аймақтарында ылғалдану жағдайы нормаға жуық болады деп күтілуде.
«Қазақстанда құрғақшылықтың бірден бір себебі территорияның 25 пайызы шөл дала. Біздің климат құрғақшылық болуға бейім»,-дейді«Қазгидромет» РМК инженер-синоптигі Мақпал Ботаева.
Show all...
😱 8
Алматы әуежайында есірткі қолданған ұшқыш ұсталды «Air Astana» әуекомпаниясының баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде ұшқыш 23 сәуірде бортқа жолаушы ретінде мінген деп жазылған. Қазір полицейлер соталды тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Ал қызметкер жұмыстан уақытша шеттетілді. @qazaqstantv
Show all...
😱 10🌚 3👍 1
Ресейден келген тасқын су Батыс Қазақстандағы Қамыс-Самара көлдеріне жіберілді Су ресурстары министрлігінің мәліметінше, 20 жыл су келмеген көлдерге Ресейден ойысып келген 30 млн теше метр су құйылған. Бұдан бөлек, соңғы жылдары кеуіп қалған Еділсор, Жылтыркөл, Бірқазан, Саркөл, Салтанат көлдеріне су жіберіледі.
Show all...
👍 16 5
📣🎒 Барлық қазақстандық мектептерде оқу жылының аяқталуына арналған бірыңғай сынып сағаты өтеді 2023-2024 оқу жылын 3,8 млн-нан астам оқушы аяқтайды, оның 186 мыңы мектеп түлектері. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 📆 Биылғы оқу жылының ұзақтығы 34 аптаны құрайды, оқу 25 мамырда аяқталады. 📌 11 (12) сынып түлектеріне аттестат тапсыру және ерекше үлгідегі «Алтын белгімен» марапаттау 19-22 маусым аралығында мектептердегі барлық емтихан аяқталғаннан кейін өтеді. ❗️ 9-11 сынып түлектерінің қауіпсіздігін және емтихандарға сапалы дайындығын қамтамасыз ету мақсатында ақша жинауға, салтанатты іс-шаралар, банкеттер ұйымдастыруға және автомобильдермен шығуға тыйым салынады. 💬 @qazaqstantv
Show all...
👍 13 2 2😎 1
«Шаруалар егін егуге үлгермеуі мүмкін» Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында депутат Арман Өтеғұлов мәлімдеді.
«Су басқан жерлер астық егетін өңірлерге тиесілі болғандықтан, көктемгі егіс науқанын дұрыс өткізуге қатысты сұрақтар туындап отыр. Қазірдің өзінде егін салу мерзімінің ұзарып кету қаупі бар. Ал бау-бақша, көкөніс өсірушілердің, саяжай серіктестіктерінің жағдайы өте нашар. Жедел деректер бойынша Ақтөбе, Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облыстарында 200 тоннаға жуық тұқым қоймаларын су басқан»,- деді депутат.
Сондай ақ, Сенатор мал шаруашылығының шығыны мен аса қауіпті инфекциялардың пайда болу қаупі туралы мәселелерді көтерді. @qazaqstantv
Show all...
2😱 2👍 1😭 1
💬 Қандастарға берілетін квота санын көбейту керек - Дархан Қыдырәлі
«Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген «Ата жолы» картасының мүмкіндіктері заңды түрде бекітілуі тиіс. Бұл қарта этникалық қазақтарға берілетін «қандас» мәртебесімен теңестірілуі керек»,- деді Сенат отырысында депутат Дархан Қыдырәлі.
Сонамыне қатар депутат солтүстікке қоныс аудару бағдарламасына батыс өңірін де қосуды ұсынды. 💬 @qazaqstantv
Show all...
👍 20😍 1
Қанат Нұров Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалды Бұл қызметті атқарған Рустам Жүрсінов лауазымынан босатылды. @qazaqstantv
Show all...
1
🏡«Наурыз» ипотекалық бағдарламасына өтінім қабылдау басталды Несиенің пайыздық мөлшерлемесі аз қамтылған отбасылар үшін 7, өзгелер үшін 9. Бастапқы жарна үй құнының 20 процентінен кем болмауы тиіс. Қарыз 19 жылға беріледі. Қатысушы соңғы 5 жылда тұрғын үйге байланысты операциялар жасамауы керек. Несиенің максималды сомасы Астана мен Алматы қалалары үшін 36 млн, ал өзге өңірлер үшін 30 млн теңге. Өтінімдерді қабылдау 30 маусымға дейін жалғасады. @qazaqstantv
Show all...
👍 8 1
📌Қазақстанда бірнеше жаңа жол белгісі бекітілді 1 мамырдан бастап ҚР СТ 1412-2017 «Жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдары» ұлттық стандартына өзгерістер мен толықтырулары қолданысқа енеді.   «ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті мен ҚР СИМ ТРМК Қазақстан стандарттау және метрология институты әзірлеген осы өзгерістер жолдардағы қауіпсіздікті арттыруға және жол қозғалысының барлық қатысушыларына қолайлылықты қамтамасыз етуге бағытталған», — делінген хабарламада. @qazaqstantv
Show all...
👀 1
💰Қазақстан халқы Ассамблеясы су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға 770 млн теңгеге гуманитарлық көмек берді
«Тасқын басталғаннан бері Қазақстан халқы Ассамблеясы белсенді әрі үйлесімді жұмыс істеп жатыр. Оған бүкіл ел куә. Жұртқа жан-жақты көмек беру үшін дереу Ассамблеяның республикалық және аймақтық штабтары құрылды. «Жүректен жүрекке» деген ауқымды акция жүргізіліп жатыр. Апат аймақтарына 1500 тоннадан астам азық-түлік және ең қажетті тауарлар жолданды. Оның жалпы сомасы шамамен 770 миллион теңге болды», - деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ассамблеяның «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясында.
Show all...
1
🏠 Су тасқыны: Қостанай облысында 303 үй қалпына келтіруге жарамайды Жалпы аймақта 672 үйді су басқан. 9226 тұрғын құтқарылды. 1114 тұрғын үйді тексеруге өтініш түскен. Бағалау комиссиясы 864 тұрғын үйге тексеріс жүргізді. 303 үй қалпына келтіруге келмейді. Облыс бойынша 1720 адам 635 млн теңгеге әлеуметтік көмек алды. 📞 Су тасқынына қатысты кез келген мәселе бойынша кеңес алу үшін штабқа хабарласуға болады: Облыстық қоғамдық штаб - 8 701 233 10 36, 54-74-09 Қостанай қалалық қоғамдық штаб - 8 707 433 62 01 Арқалық қалалық қоғамдық штаб - 8 777 107 34 16 Амангелді ауданының қоғамдық штабы - 8 777 779 71 12 Жангелдин ауданының қоғамдық штабы - 8 705 311 99 78
Show all...
👍 3😱 2😍 1
Құлсарыда қоғамдық штаб тұрғындарға көмек көрсетіп жатыр Азаматтар несие мен ипотека төлемдерін кейінге қалдыру, тұрғын үй үшін өтемақы төлеу, бір реттік материалдық көмек, үйлерді жөндеу, қалпына келтіру және басқа мәселелер бойынша консультация алып жатыр. Жалпы бұл жерде 16 маман бар. Соңғы мәлімет бойынша 3461 отбасыға 100 Айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде материалдық көмек берілген. Жалпы сома 1 млрд 277 млн теңге. @qazaqstantv
Show all...
👍 4🥱 1
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясы сессиясында сөйлеген сөзінен
Show all...
👍 2👏 1
🇰🇬Қырғызстанның 3 өңірінде төтенше жағдай жарияланды Бұл туралы елдің Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. Сәуірдің 20-сынан бастап бірнеше күн толассыз жаңбыр жауған. Осы аралықта 50-ге жуық сел тіркелген. Салдарынан 200-ден астам тұрғын үй мен 300 аула, бірнеше мектеп пен әлеуметтік нысандар су астында қалды. Табиғи апат құрбандары бар. Бірақ әзір нақты саны белгісіз. Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. @qazaqstantv
Show all...
😱 7👍 3🤯 1
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен халықтар арасында бейбiтшiлiктi, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға, мемлекеттік тілді дамытуға сiңiрген еңбегi үшiн ▪️Астана қаласы Қайырбеков атындағы №2 мектеп мұғалімі Шнайдер Елизавета Александровна ІІ дәрежелі «Достық» орденімен; ▪️«Қазақстан украиндарының радасы» бірлестігінің төрағасы Тимощенко Юрий Евгениевич, мемлекет және қоғам қайраткері Ахмадиев Мурат Абдуреимович, «Дустлик» Қазақстан өзбектерінің этномәдени қауымдастығы төрағасының орынбасары Шарипов Хасан Халматович «Ел бірлігі» орденімен; Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысымен марапатталды.
Show all...
Атырау облысындағы Жайық өзенінде су деңгейі 7 сантиметрге көтерілді Аймақтағы жедел штабтың соңғы ақпаратына сәйкес, Индербор кентіндегі бекетте су 604 см-ге жеткен. Жайықтың Махамбет кентінің гидропостындағы су тәулік ішінде 6 см-ге дейін жоғарылаған. Ал Жайықтың Батыс Қазақстан облысындағы аумағында судың түсуі байқалады. Бөгеттерді нығайту, биіктету жұмыстары әлі жалғасып жатыр. @qazaqstantv
Show all...
СҚО-да су тасқынынан зардап шеккен жандарға арналған қоғамдық штаб жұмыс істейді Ұйым өкілдері арасында депутаттар, жастар, партия мүшелері, дін қызметкерлері, заң және қаржы саласының мамандары бар. 📞 Облыс азаматтары су тасқынына қатысты кез келген мәселе бойынша кеңес алу үшін штабқа хабарласа алады: 8 (7152) 46-95-17, 46-44-74.
Show all...
Оралда үй жануарларын эвакуациялау жүріп жатыр Батыс Қазақстан облысындағы 2-саяжай аумағында ТЖД және Республикалық жедел-құтқару жасағы қызметкерлері тұрғындардың өтініші бойынша құжаттары мен үй жануарларын қауіпсіз жерге көшіріп жатыр. @qazaqstantv
Show all...
😍 4👍 3🤝 2 1
💰Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккендердің 2 мыңға жуығы өтемақы алды Төлем сомасы - 638 млн 862 мың теңге. Жалпы аймақта 2451 үй су астында қалған. Оның ішінде 1112 жеке тұрғын үй, 1339 саяжай үйлері бар. Өңірде 595 жаңа үй салу жоспарланған. Табиғи апаттан зардап шеккендердің материалдық шығынын өтеу бойынша құрылған арнайы комиссия 2953 өтінішті қабылдады. 222 отбасыға 455,6 млн сомасында шығын өтелді. 💬 @qazaqstantv
Show all...
👍 2
⚡️1 мамырдан бастап «Наурыз» атты жаңа ипотека бағдарламасы іске қосылады Оны іске асыруға 8 жыл ішінде 1,7 триллион теңге жұмсалады. Соның нәтижесінде 70 мыңға жуық отбасы баспаналы болады. Бұл туралы Президент Қазақстан халқы Ассамблеясының отырысында айтты. @qazaqstantv
Show all...
👍 13 1
⚡️Азаматтардың мүлкін сақтандыру жүйесін жетілдіру жолдарын қарастыру қажет - Президент Мемлекет басшысы дамыған елдерде алапат апаттан келген шығынның басым бөлігін сақтандыру компаниялары өз мойнына алатынын айтты. Ол үшін экономика мен қаржы жүйесін одан әрі дамытып, қоғамда тиісті мәдениет қалыптастыру керектігін атап өтті. @qazaqstantv
Show all...