cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

Qazaqstan.tv

⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз, 📢Айтар жаңалығыңыз, ⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса, ❗️Онда бізге жіберіңіз. Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз. @qazaqstantvshare_bot

Show more
Advertising posts
55 160Subscribers
-11524 hours
-6047 days
+1 77530 days
Posting time distributions

Data loading in progress...

Find out who reads your channel

This graph will show you who besides your subscribers reads your channel and learn about other sources of traffic.
Views Sources
Publication analysis
PostsViewsSharesViews dynamics
01
Ерлан Қарин: Мемлекеттік наградаларды атақты тұлғалардың атымен атау тәжірибесі көптеген елде бар Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Telegram парақшасында Президент қол қойған «Мемлекеттік наградалар туралы заңына өзгерістер енгізу туралы» заңға қатысты пікір білдірді. «Енгізілген түзетулерге сәйкес, «Айбын» орденінің дәрежелеріне аты аңызға айналған батырларымыз – Сағадат Нұрмағамбетовтің, Бауыржан Момышұлының және Рақымжан Қошқарбаевтың есімін беру көзделген. Атырауда өткен Ұлттық Құрылтай отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Айбын» орденінің дәрежелеріне ұлт батырларының есімін беруді ұсынды. Сондай-ақ Президент Талдықорғандағы әскери авиабазаға Кеңес Одағының екі мәрте батыры Сергей Луганскийдің есімін беру туралы мәселе көтерді. Бұл бастамалар келесі жылы 80 жылдығы атап өтілетін ортақ жеңіске өлшеусіз үлес қосқан соғыс және еңбек ардагерлеріне жасалған шексіз құрметтің белгісі. Бұл – Ұлттық құрылтайда көтерілген бастамаларды жүзеге асыру аясында қабылданған үшінші заң», – деп жазды Ерлан Қарин. @qazaqstantv
6050Loading...
02
Алматыда 3 адамның өмірін қиған автобус апаты: Сот үкімі шықты Сот Дархан Ахметжановты 8 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады. Еске салайық, оқиға былтыр желтоқсанда болды. Жолаушы жүргізушіні жұдырықпен ұрды. Бұдан соң автобус көшедегі адамдарға соғылды. 3 адам көз жұмды, 4 адам жарақат алды. @qazaqstantv
1 5081Loading...
03
БҚО-ғы қоғамдық штаб тасқын судан зардап шеккен тұрғындарға коммуникациялық және түсіндіру жұмыстарын жүргізеді 📲Орал қаласындағы қоғамдық штаб: 8 701 569 92 24
10Loading...
04
Құлсары қаласында тасқыннан зардап шеккендермен тұрақты жұмыс істейтін қоғамдық штаб құрылды Мақсаты - өңірді қайта қалпына келтіру, тұрғындарды қолдау және ақпарат алуын қамтамасыз ету. Штаб құрамына 16 мүше сайланды. Қала тұрғындары су тасқынына қатысты кез келген мәселелер бойынша кеңес алу үшін, соның ішінде қауіпсіздік шаралары мен инфрақұрылымды қалпына келтіру бойынша ақпарат алу үшін штабқа хабарласа алады. 📱Атырау облысындағы қоғамдық штаб: 8 701 522 04 08
1 9061Loading...
05
Маңғыстауда Құлсарыдан эвакуацияланған тұрғындар үшін қоғамдық штаб жұмыс істейді Штаб су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға жан-жақты қолдау білдіріп, қауіпсіз жерге орналастырып, құқықтық көмек беріп және мүгедек жандар мен жүкті әйелдерге жағдай жасайды. Қоғамдық штаб құрамында Мәслихат депутаттары, барлық саяси партиялардың төрағалары және үкіметтік емес ұйым өкілдері мен қоғам белсенділері бар. 📱Маңғыстау облысындағы қоғамдық штаб: 8 777 001 30 10
1 6420Loading...
06
Тасқыннан зардап шеккен кәсіпкерлердің шығынын өтеу тәртібі бекітілді Жоғалған мүлік пен бүлінген тауарлардың құны және зақымданған ғимараттарды қалпына келтіруге қажетті қаржы өтеледі. Жоғалған тауарлардың құны көтерме баға бойынша беріледі. Ал бүлінген мүліктің өтемақысын алу үшін меншік құқығын растайтын құжат болуы керек. Өтелетін құн мөлшерін аймақтық комиссия немесе қор комиссиясы анықтайды. Өтініш келіп түскен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде қаралады.
1 8840Loading...
07
Ақтөбелік жастар баспанасы суға кеткен қарияға көмекке келді Шығанақ Берсиев атындағы жоғары аграрлық-техникалық колледжінің 20 студенті бүгін Сақтаған Шаймұхановтың үйіне келді. Еңбек ардагерінің баспанасы Қарғалы өзенінің жағасында орналасқан. Су тасыған кезде көлігі мен тұрмыстық бұйымдарын қауіпсіз жерге шығарып үлгермеген. «Жасыл ел» жасағының мүшелері барлық дүние-мүлікті тысқа шығарып, баспананың ішін жинауға қолғабыс етіп жатыр.
1 4920Loading...
08
Ел бойынша 12 мыңнан аса отбасы мемлекеттік қолдауға ие болды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен тасқыннан зардап шеккендерге залал орнын толтыру бойынша жұмыстар жалғасып келеді. Бүгінде өңірлік комиссияларға 21 мыңнан астам өтінім қалдырған. 12 мыңнан аса отбасы 369 200 теңге мөлшерінде біржолғы төлем алды. Мал шығыны бойынша өтемақы көлемі 211 млн 500 мың теңгеге жеткен. Тасқыннан зардап шеккен өңірлердегі 3 800-ден аса тұрғын үй тексеріліп, оның 2 мыңнан астамында бағалау жұмыстары жүргізілді.
1 5640Loading...
09
Батыс Қазақстанда 10 қоғамдық штаб жұмыс істеп жатыр Олар халыққа өтемақыларын алу бойынша түсіндіру шараларын жүргізуде. Аймақ бойынша құрылған 10 штабтың төртеуі Орал қаласында, ал қалған алтауы Бөрлі, Теректі, Сырым және Бәйтерек сынды аудандарда орналасқан. Құрамына 11 маман кіретін штаб түрлі сала мамандарынан құралған.
1 6590Loading...
10
❗️Абай облысындағы орман өрті оқшауланды
1 7431Loading...
11
«Семей орманы» аумағында өрт шықты Жанып жатқан аймақ батпақты жерде орналасқан. Өртті сөндіруге Абай облысы ТЖД және орман шаруашылығы күштері жұмылдырылды. Өрттің ауданы нақтыланып жатыр.
1 7520Loading...
12
Солтүстік Қазақстанда 159 қоғамдық штаб жұмыс істеп тұр Қоғам белсенділері, кәсіпкерлер мен еріктілер күн сайын тұрғындармен кездесіп, заңгерік кеңес беріп, гуманитарлық көмек көрсетуде. Облыста 3,5 мыңға жуық үйді су басты. 14 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. Олардың мыңға жуығы эвакуациялық пункттер мен уақытша баспаналарда тұрып жатыр. Қоғамдық штабтар құрылғалы облыс орталығында 120-дан астам кездесу ұйымдастырылып, 6 мыңға жуық адамға кеңес берілген. @qazaqstantv
1 9891Loading...
13
Атырауда қоқыс полигондары қоршалып жатыр Аумақтың ұзындығы 2 шақырымнан асады. Қазір жұмыстың екінші кезеңі басталды. Бұған 40-тан аса әскери қызметші мен мекеме жұмысшылары тартылған. Ал қалада тасқынға қарсы бөгеттердің 92 пайызы аяқталды. Бүгін су деңгейі 428 смге жеткен. Жайық өзенінің көтерілуіне байланысты жағалауды нығайту әлі де жалғасуда. Оған 764 арнайы техника, 7 мыңға жуық адам жұмылдырылған. @qazaqstantv
1 9721Loading...
14
✔️Тасқыннан зардап шеккен 12 мыңнан астам отбасы мемлекеттік қолдауға ие болды - Үкімет Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға шығынды өтеу жұмыстары жалғасып жатыр, бұл Үкіметтің қатаң бақылауында. Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және бірқатар облыс тұрғындары арнайы құрылған өңірлік комиссияларға тиісті өтініш беріп жатыр. Бүгінге дейін 21 658 өтінім қабылданған. 26 сәуірдегі жағдай бойынша 12 642 отбасы 100 АЕК мөлшерінде 4,5 млрд-тан астам теңге көлемінде біржолғы төлем алды. Шығын болған мал басы үшін берілетін төлем көлемі 211,5 млн теңгеге жетті. ▪️Бүгінгі таңда зардап шеккен өңірлерде 3871 тұрғын үй тексеріліп, 2230 нысанда бағалау жұмыстары жүргізілді. 468 үйде жөндеу жұмыстарын жүргізуге 645 млн-нан астам теңге қаражат бөлінді. ▪️Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстарында 49 отбасыға қираған баспананың орнына үйлер мен пәтерлер берілді. @qazaqstantv
2 3660Loading...
15
🇺🇸АҚШ-та TikTok-қа тыйым салатын заң қабылданды Ақ үй басшысы қоғамда үлкен тартыс тудырған даулы құжатқа қол қойды. Жаңа ереже бойынша әлеуметтік желі иесі қытайлық ByteDance компаниясы 9 ай ішінде қосымшаны Америкалық компанияға сатуы міндет. Талап орындалмаған жағдайда Америка аумағында желіні қолдануға толық тыйым салынады. Tiktok – АҚШ-та 170 миллион қолданушысы бар өте танымал әлеуметтік желі. @qazaqstantv
2 4201Loading...
16
🇰🇿🇧🇪Бельгиядағы қазақстандықтар су тасқынынан зардап шеккендерге қаржылай көмек береді Қазақстанның Бельгиядағы елшілігінің қолдауымен қазақ студенттерінің қауымдастығы диаспора мүшелерімен бірігіп қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырды. Брюссельдегі KU Leuven университетінің ғимаратында өткен жәрмеңкеде ұлттық тағамдар, әшекей бұйымдар, қазақы кәдесыйлар саудаланды. Сатылымнан түскен қаражат қазақстандық қорларға аударылады. @qazaqstantv
2 2380Loading...
17
⚡️ТЖМ: Қызыл судың басым бөлігі Батыс Қазақстан облысынан Атырауға ауысып жатыр Төтенше жағдай министрлігі хабарлауынша, Батыс Қазақстан облысында жағдай тұрақты. Жайық өзеніндегі су деңгейі біртіндеп төмендеп келеді. Өңірде су тасқыны салдарын жою бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Маңғыстау, Қарағанды облыстарынан келген құтқарушылар БҚО-дан Атырау облысына жөнелтілді. Өңірде су тасқынының екінші толқыны қаупі сақталуда. @qazaqstantv
2 2940Loading...
18
«Біз біргеміз» жалпыұлттық телемарафоны Бірлік күні қарсаңында алғаш рет 10 республикалық телеарнаның тікелей эфирінде «Біз біргеміз» жалпыұлттық телемарафоны өтеді. Телемарафонның басты кейіпкерлері –  табиғи апат кезеңінде батылдық танытып, өз өмірі мен денсаулығын қауіп-қатерге тіге отырып қызметі мен азаматтық борышын абыроймен атқарған қазақстандықтар. Олардың қатарында құтқарушылар, медицина қызметкерлері, әскери қызметшілер, еріктілер, кәсіпкерлер мен сын сағатта жұдырықтай жұмылып, ынтымақ пен бірліктің үлгісін танытқан ел тұрғындары бар. 📺 «Qazaqstan», «Хабар», «Jibek Joly», «Еуразия бірінші арнасы», «КТК», «31 арна», «Atameken Business», «Astana TV», «7 арна» және «Almaty TV» телеарналарының 5 сағаттық тікелей эфирінде тасқын басқан аумақты көзбен көріп, табиғи апаттан зардап шеккен тұрғындарының жан тебірентер оқиғалары, табиғи апат аймақтарынан репортаждар беріледі. 🔗 Сондай-ақ телемарафонда ресми орган өкілдері өңірлердегі апат салдарын жою және қалпына келтіру жұмыстары мен азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету, инфрақұрылымды қалпына келтіру, материалдық шығындарды өтеу жөніндегі мемлекет қабылдап жатқан шаралар туралы есеп береді. «Біз біргеміз» телемарафонында Қазақстанның 8 өңірінен: Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар және Жамбыл облыстарынан тікелей қосылым ұйымдастырылады. 📢📢 Шараның онлайн трансляциясы 10 телеарнаның ресми сайттарында, Facebook және YouTube желілерінде жүргізіледі. Марафон материалдары http://t.me/bizbirgemiz_marathon Telegram-арнасында жарияланады. 📆 Өтетін күні: 30 сәуір 2024 жыл ⏰ Өтетін уақыты: 17:00 – 22:00
4 0473Loading...
19
❄️Қар, жаңбыр, бұршақ: 26 сәуірге арналған ауа райы болжамы Қазгидромет мәліметінше, еліміздің шығысында түнде қар жауып, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр, бұршақ түседі, таулы аймақтарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Қатты жел соғады. Республика бойынша жел күшейеді. Елдің батысында, солтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. @qazaqstantv
2 7492Loading...
20
👮‍♂️Шымкентте жалған полицейлер ұсталды Үш ер адам полиция қызметкерлерінің атын жамылып, тұрақты түрде ақша бопсалаумен айналысқан. Олар «қорғауға» аламыз деп, тұрғындардан ай сайын төлем талап еткен. Күдіктілердің бірінен полиция қызметкерінің жалған қызметтік куәлігі тәркіленді. Ал екіншісі алаяқтық үшін бұрын сотталған. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олар 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. ✈️ @qazaqstantv
2 9890Loading...
21
🏡«Наурыз» жаңа тұрғын үй бағдарламасының шарттары қандай? – Алғашқы жарна — 20%-дан бастап. – Мөлшерлеме: аз қамтылған отбасылар үшін 7%, қалғандары үшін 9%. – Несие мерзімі 19 жыл. Қатысушы соңғы 5 жылда тұрғын үйге байланысты операциялар жасамауы керек. Несиенің максималды сомасы Астана мен Алматы қалалары үшін 36 млн, ал өзге өңірлер үшін 30 млн теңге. Өтінімдер 30 маусымға дейін қабылданады.
3 4523Loading...
22
Қазгидромет: Мамыр айында Қызылорда облысының Қармақшы ауданында құрғақшылық болады Елдің қалған аймақтарында ылғалдану жағдайы нормаға жуық болады деп күтілуде. «Қазақстанда құрғақшылықтың бірден бір себебі территорияның 25 пайызы шөл дала. Біздің климат құрғақшылық болуға бейім»,-дейді«Қазгидромет» РМК инженер-синоптигі Мақпал Ботаева.
3 3120Loading...
23
Алматы әуежайында есірткі қолданған ұшқыш ұсталды «Air Astana» әуекомпаниясының баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде ұшқыш 23 сәуірде бортқа жолаушы ретінде мінген деп жазылған. Қазір полицейлер соталды тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Ал қызметкер жұмыстан уақытша шеттетілді. @qazaqstantv
3 4130Loading...
24
Ресейден келген тасқын су Батыс Қазақстандағы Қамыс-Самара көлдеріне жіберілді Су ресурстары министрлігінің мәліметінше, 20 жыл су келмеген көлдерге Ресейден ойысып келген 30 млн теше метр су құйылған. Бұдан бөлек, соңғы жылдары кеуіп қалған Еділсор, Жылтыркөл, Бірқазан, Саркөл, Салтанат көлдеріне су жіберіледі.
3 5921Loading...
25
📣🎒 Барлық қазақстандық мектептерде оқу жылының аяқталуына арналған бірыңғай сынып сағаты өтеді 2023-2024 оқу жылын 3,8 млн-нан астам оқушы аяқтайды, оның 186 мыңы мектеп түлектері. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 📆 Биылғы оқу жылының ұзақтығы 34 аптаны құрайды, оқу 25 мамырда аяқталады. 📌 11 (12) сынып түлектеріне аттестат тапсыру және ерекше үлгідегі «Алтын белгімен» марапаттау 19-22 маусым аралығында мектептердегі барлық емтихан аяқталғаннан кейін өтеді. ❗️ 9-11 сынып түлектерінің қауіпсіздігін және емтихандарға сапалы дайындығын қамтамасыз ету мақсатында ақша жинауға, салтанатты іс-шаралар, банкеттер ұйымдастыруға және автомобильдермен шығуға тыйым салынады. 💬 @qazaqstantv
3 5856Loading...
26
«Шаруалар егін егуге үлгермеуі мүмкін» Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында депутат Арман Өтеғұлов мәлімдеді. «Су басқан жерлер астық егетін өңірлерге тиесілі болғандықтан, көктемгі егіс науқанын дұрыс өткізуге қатысты сұрақтар туындап отыр. Қазірдің өзінде егін салу мерзімінің ұзарып кету қаупі бар. Ал бау-бақша, көкөніс өсірушілердің, саяжай серіктестіктерінің жағдайы өте нашар. Жедел деректер бойынша Ақтөбе, Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облыстарында 200 тоннаға жуық тұқым қоймаларын су басқан»,- деді депутат. Сондай ақ, Сенатор мал шаруашылығының шығыны мен аса қауіпті инфекциялардың пайда болу қаупі туралы мәселелерді көтерді. @qazaqstantv
3 2102Loading...
27
💬 Қандастарға берілетін квота санын көбейту керек - Дархан Қыдырәлі «Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген «Ата жолы» картасының мүмкіндіктері заңды түрде бекітілуі тиіс. Бұл қарта этникалық қазақтарға берілетін «қандас» мәртебесімен теңестірілуі керек»,- деді Сенат отырысында депутат Дархан Қыдырәлі. Сонамыне қатар депутат солтүстікке қоныс аудару бағдарламасына батыс өңірін де қосуды ұсынды. 💬 @qazaqstantv
2 9231Loading...
28
Қанат Нұров Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалды Бұл қызметті атқарған Рустам Жүрсінов лауазымынан босатылды. @qazaqstantv
2 6310Loading...
29
🏡«Наурыз» ипотекалық бағдарламасына өтінім қабылдау басталды Несиенің пайыздық мөлшерлемесі аз қамтылған отбасылар үшін 7, өзгелер үшін 9. Бастапқы жарна үй құнының 20 процентінен кем болмауы тиіс. Қарыз 19 жылға беріледі. Қатысушы соңғы 5 жылда тұрғын үйге байланысты операциялар жасамауы керек. Несиенің максималды сомасы Астана мен Алматы қалалары үшін 36 млн, ал өзге өңірлер үшін 30 млн теңге. Өтінімдерді қабылдау 30 маусымға дейін жалғасады. @qazaqstantv
2 7427Loading...
30
📌Қазақстанда бірнеше жаңа жол белгісі бекітілді 1 мамырдан бастап ҚР СТ 1412-2017 «Жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдары» ұлттық стандартына өзгерістер мен толықтырулары қолданысқа енеді.   «ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті мен ҚР СИМ ТРМК Қазақстан стандарттау және метрология институты әзірлеген осы өзгерістер жолдардағы қауіпсіздікті арттыруға және жол қозғалысының барлық қатысушыларына қолайлылықты қамтамасыз етуге бағытталған», — делінген хабарламада. @qazaqstantv
610Loading...
31
💰Қазақстан халқы Ассамблеясы су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға 770 млн теңгеге гуманитарлық көмек берді «Тасқын басталғаннан бері Қазақстан халқы Ассамблеясы белсенді әрі үйлесімді жұмыс істеп жатыр. Оған бүкіл ел куә. Жұртқа жан-жақты көмек беру үшін дереу Ассамблеяның республикалық және аймақтық штабтары құрылды. «Жүректен жүрекке» деген ауқымды акция жүргізіліп жатыр. Апат аймақтарына 1500 тоннадан астам азық-түлік және ең қажетті тауарлар жолданды. Оның жалпы сомасы шамамен 770 миллион теңге болды», - деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ассамблеяның «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясында.
1 2150Loading...
32
🏠 Су тасқыны: Қостанай облысында 303 үй қалпына келтіруге жарамайды Жалпы аймақта 672 үйді су басқан. 9226 тұрғын құтқарылды. 1114 тұрғын үйді тексеруге өтініш түскен. Бағалау комиссиясы 864 тұрғын үйге тексеріс жүргізді. 303 үй қалпына келтіруге келмейді. Облыс бойынша 1720 адам 635 млн теңгеге әлеуметтік көмек алды. 📞 Су тасқынына қатысты кез келген мәселе бойынша кеңес алу үшін штабқа хабарласуға болады: Облыстық қоғамдық штаб - 8 701 233 10 36, 54-74-09 Қостанай қалалық қоғамдық штаб - 8 707 433 62 01 Арқалық қалалық қоғамдық штаб - 8 777 107 34 16 Амангелді ауданының қоғамдық штабы - 8 777 779 71 12 Жангелдин ауданының қоғамдық штабы - 8 705 311 99 78
2 5422Loading...
33
Құлсарыда қоғамдық штаб тұрғындарға көмек көрсетіп жатыр Азаматтар несие мен ипотека төлемдерін кейінге қалдыру, тұрғын үй үшін өтемақы төлеу, бір реттік материалдық көмек, үйлерді жөндеу, қалпына келтіру және басқа мәселелер бойынша консультация алып жатыр. Жалпы бұл жерде 16 маман бар. Соңғы мәлімет бойынша 3461 отбасыға 100 Айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде материалдық көмек берілген. Жалпы сома 1 млрд 277 млн теңге. @qazaqstantv
2 4891Loading...
34
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясы сессиясында сөйлеген сөзінен
7581Loading...
Ерлан Қарин: Мемлекеттік наградаларды атақты тұлғалардың атымен атау тәжірибесі көптеген елде бар Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Telegram парақшасында Президент қол қойған «Мемлекеттік наградалар туралы заңына өзгерістер енгізу туралы» заңға қатысты пікір білдірді. «Енгізілген түзетулерге сәйкес, «Айбын» орденінің дәрежелеріне аты аңызға айналған батырларымыз – Сағадат Нұрмағамбетовтің, Бауыржан Момышұлының және Рақымжан Қошқарбаевтың есімін беру көзделген. Атырауда өткен Ұлттық Құрылтай отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Айбын» орденінің дәрежелеріне ұлт батырларының есімін беруді ұсынды. Сондай-ақ Президент Талдықорғандағы әскери авиабазаға Кеңес Одағының екі мәрте батыры Сергей Луганскийдің есімін беру туралы мәселе көтерді. Бұл бастамалар келесі жылы 80 жылдығы атап өтілетін ортақ жеңіске өлшеусіз үлес қосқан соғыс және еңбек ардагерлеріне жасалған шексіз құрметтің белгісі. Бұл – Ұлттық құрылтайда көтерілген бастамаларды жүзеге асыру аясында қабылданған үшінші заң», – деп жазды Ерлан Қарин. @qazaqstantv
Show all...
1
Алматыда 3 адамның өмірін қиған автобус апаты: Сот үкімі шықты Сот Дархан Ахметжановты 8 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады. Еске салайық, оқиға былтыр желтоқсанда болды. Жолаушы жүргізушіні жұдырықпен ұрды. Бұдан соң автобус көшедегі адамдарға соғылды. 3 адам көз жұмды, 4 адам жарақат алды. @qazaqstantv
Show all...
😭 6👍 3 3 1
БҚО-ғы қоғамдық штаб тасқын судан зардап шеккен тұрғындарға коммуникациялық және түсіндіру жұмыстарын жүргізеді 📲Орал қаласындағы қоғамдық штаб: 8 701 569 92 24
Show all...
Құлсары қаласында тасқыннан зардап шеккендермен тұрақты жұмыс істейтін қоғамдық штаб құрылды Мақсаты - өңірді қайта қалпына келтіру, тұрғындарды қолдау және ақпарат алуын қамтамасыз ету. Штаб құрамына 16 мүше сайланды. Қала тұрғындары су тасқынына қатысты кез келген мәселелер бойынша кеңес алу үшін, соның ішінде қауіпсіздік шаралары мен инфрақұрылымды қалпына келтіру бойынша ақпарат алу үшін штабқа хабарласа алады. 📱Атырау облысындағы қоғамдық штаб: 8 701 522 04 08
Show all...
👍 3
Маңғыстауда Құлсарыдан эвакуацияланған тұрғындар үшін қоғамдық штаб жұмыс істейді Штаб су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға жан-жақты қолдау білдіріп, қауіпсіз жерге орналастырып, құқықтық көмек беріп және мүгедек жандар мен жүкті әйелдерге жағдай жасайды. Қоғамдық штаб құрамында Мәслихат депутаттары, барлық саяси партиялардың төрағалары және үкіметтік емес ұйым өкілдері мен қоғам белсенділері бар. 📱Маңғыстау облысындағы қоғамдық штаб: 8 777 001 30 10
Show all...
2
Тасқыннан зардап шеккен кәсіпкерлердің шығынын өтеу тәртібі бекітілді Жоғалған мүлік пен бүлінген тауарлардың құны және зақымданған ғимараттарды қалпына келтіруге қажетті қаржы өтеледі. Жоғалған тауарлардың құны көтерме баға бойынша беріледі. Ал бүлінген мүліктің өтемақысын алу үшін меншік құқығын растайтын құжат болуы керек. Өтелетін құн мөлшерін аймақтық комиссия немесе қор комиссиясы анықтайды. Өтініш келіп түскен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде қаралады.
Show all...
3🤝 3
Ақтөбелік жастар баспанасы суға кеткен қарияға көмекке келді Шығанақ Берсиев атындағы жоғары аграрлық-техникалық колледжінің 20 студенті бүгін Сақтаған Шаймұхановтың үйіне келді. Еңбек ардагерінің баспанасы Қарғалы өзенінің жағасында орналасқан. Су тасыған кезде көлігі мен тұрмыстық бұйымдарын қауіпсіз жерге шығарып үлгермеген. «Жасыл ел» жасағының мүшелері барлық дүние-мүлікті тысқа шығарып, баспананың ішін жинауға қолғабыс етіп жатыр.
Show all...
👍 2🤝 2
Ел бойынша 12 мыңнан аса отбасы мемлекеттік қолдауға ие болды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен тасқыннан зардап шеккендерге залал орнын толтыру бойынша жұмыстар жалғасып келеді. Бүгінде өңірлік комиссияларға 21 мыңнан астам өтінім қалдырған. 12 мыңнан аса отбасы 369 200 теңге мөлшерінде біржолғы төлем алды. Мал шығыны бойынша өтемақы көлемі 211 млн 500 мың теңгеге жеткен. Тасқыннан зардап шеккен өңірлердегі 3 800-ден аса тұрғын үй тексеріліп, оның 2 мыңнан астамында бағалау жұмыстары жүргізілді.
Show all...
🙏 2😐 2👍 1

👍 6
❗️Абай облысындағы орман өрті оқшауланды
Show all...
👍 9😭 8